Өз білімін тексеру сұрақтары
1. Ағымдағы активтер аудитінде қандай объекттер тексеріледі?
2. Ақшалай қаржылар қалай тексеріледі?
3. Кассалық операциялардың аудиті қалай ұйымдастырылады?
4. Кассадағы ақшаларды түгендеуді жүргізу тәртібі қандай?
5. Банк операцияларының аудиті қалай жүргізіледі?
6. Ұзақ мерзімді активтердің аудиті
1. Материалды емес активтердің аудиті.
2. Негізгі құралдардың аудиті.
3.Ұзақ мерзімді активтердің тозуының амортизациясының аудиті.
1. Материалды емес активтердің аудиті.
Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен (есептен) шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.
Аудитор бұл обьектілерді тексергенде 38 ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары,) ҚР-ның «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық-нормативтік актілерді басшылыққа алады.
Ең алдымен, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік обьектілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау-тапсыру актілері, бұл обьектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі (1-кесте).
Обьектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың анықтығы мен материалдық емес активтердің (МЕА) құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескергені жөн:
А) жарғы капиталына санаткерлік (интеллектуалдық) меншік салынған жағдайда тараптардың (құрылтайшы) келісімдері бойынша;
Ә) бұл обьектілерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;
Б) басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде сараптама жолымен.
Кесте-7. Материалды емес активтер аудитінің бағдарламасы
Аудит (процедурасы)
|
Акпараттың шығу көздері
|
1
|
2
|
Баланс көрсеткіштері Бас кітабінің мәліметтеріне МЁА бойынша сәйкестігін тексеру
|
Баланс. 2710,2720 шоттар бойынша Бас кітап.
|
Баланс көрсеткіштерінің Бас кітабінің мәліметтеріне МЕА бойынша сәйкестігін тексеру
|
Бас кітап, есеп регистрлері, 12,10 журнал-ордерлер, «МЕА амортизациясы сомасын есептеу» әзірлеме кестесі және бастапқы құжаттар
|
1
|
2
|
Кәсіпорынның бұл объектіге мен-шіктілік құқығын растайтын МЕА бар екендігі туралы алғашқы құжаттарды тексеру
|
Патент, лицензия, авторлық куәлік, сызба (схема), жоба, үлгі, лицензиялық келісім-шарттар мен кеміту туралы келісім-шарттар, ас рецептурасы, геологиялық карталар және т.б.
|
Түскен МЕА бағалаудың дұрыстығын тексеру
|
Келісім-шарттық бағалардың хаттама-лары, сату-сатып алу шарттары, аудиторлық қорытынды, сарапшылардың қорытындысы және т.б.
|
МЕА кіріске алу есебіндегі көрсе-тудің дұрыстығын тексеру
|
Қабылдау-тапсыру актісі, 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8 журнал-ордерлері, Бас кітап
|
МЕА амортизациясын есептеудің дұрыстығын тексеру
|
«Материалдық емес активтердің амортизациясының сомасын есептеу» әзірлеме кестесі, 10 журнал-ордер
|
МЕА істен шығару есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру
|
Қабылдау-тапсыру актісі, 10 журнал-ордер
|
МЕА түгендеу корытындыларындағы шоттарда көрсетудің дұрыстығын тексеру
|
Түгендеу (инвентарлық) тізімдемесі (опись), салыстыру ведомосі, түгендеу актісі, 12 журнал-ордер
|
МЕА қатысты салықтарды есептеу мен есептің дұрыстығын тексеру
|
Салықтар бойынша есеп айырысулар, 5,8 журнал-ордерлер
|
Белгіленуі мен атқарылатын функцияларына байланысты материалды емес активтер үш негізгі топқа бөлінеді:
1. Санаткерлік меншік.
2. Мүліктік құқықтар.
3. Кейінге қалдырылған шығындар.
Санаткерлік (интеллектуалдық) меншіктің объектілері мыналар: патенттер, лицензиялар, пайдалы үлгілер (модельдер), жаңалықтар, өнер тапқыштар, өндірістік үлгілер, ЭЕМ (электронды есептегіш машиналар) үшін бағдарламалар, сараптау жүйелері, «ноу-хау», «гудвилл», сауда белгілері, фирмалық атаулар, қызмет ету белгілері, авторлық және басқа аралас құқықтар.
Мүлік пайдалану жөнінде мына құқықтар жатады: табиғат ресурстарын (жер қойнауын, минералды қазбалармен т.б.) жер телімдерін (учаскелерін), мүліктің әрқилы түрлерін және т.с.с.
Кейінге қалдырылған шығындарға мыналар жатады:
а) ұйымдастыру шығыстары;
ә) ғылыми-зерттеу жұмыстары;
б) тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме.
Алайда 38 ҚЕХС сәйкес ақшалай емес материалдық емес баптар бойынша шығындар сол болған есепті кезең шығысы ретінде танылады:
1) бухгалтерлік есептің басқа стандарттарына сәйкес атқарылатын материалды емес баптарға жатпаса;
2) оны тану белгілері (критерийлері) мен анықтамасына сай келетін материалдық емес актив құнының бөлігін құраса.
Материалдық емес активті тексергенде мынадай жағдайларға назар аударған жөн:
1.«Гудвилл» (Гфб) - фирма бағасы (іскерлік бедел) - әдетте дамыған елдерде біртұтас мүліктік-қаржылық кешен (МҚК) ретіндегі фирманың құны мен олардың актив құны (АҚ) арасындағы айырманы сипаттайтын құндық категория:
Гфб=МҚК-АҚ. (1)
ҚР бухгалтерлік есеп жүйесінде «Гудвилл» (Гоф) заңды түрде әзірге аукционнан және конкурс бойынша жекешелендіру процесі үшін қолданылады. Осыған байланысты отандық фирма (ОФ) иелікке алатын баланстық қүны (БҚ) мен сатылымдық бағасы (СБ) арасындағы айырма ретінде белгіленді:
Гоф=СБ-БҚ. (2)
3. Азаматтың санаткерлік (интеллектуалды) және іскерлік жақтары, оның ішінде біліктілігі мен еңбекке деген қабілеті одан алынып, басқа адамға берілуі мүмкін емес болғандықтан, материалдық емес актив болып танылмайды.
4. Материалдық емес активтер объектісінің бар екендігі құжат түрінде ресімделді ме? Есепке алынатын материалдық емес активтің кез келген объектісі оны елестетуге болатындай объективті түрде көрінуі тиіс. Мысалы, егер жерді пайдалану құқығы енгізілсе, онда бұл құқықты есепке алу үшін белгіленген заңнамалық тәртіпке («Жер учаскесіне меншік құқығын беретін акт») сәйкес ресімделуге тиісті, кәсіпорынның пайдалануына берілу фактісі мен жер учаскесіне құрылтайшылық құқықты растайтын тиісті құжаттама болып табылады.
5. Талап-құқығына ие болу, пайдалы үлгілерге, өндірістік үлгілерге кұқықтарды алу Патенттік ведомоствада тіркелуге тиісті лицензиялық келісім-шарттармен расталуға тиісті:
а) «ноу-хауды» иелікке алуды көрсету үшін кәсіпорын оны көрсету мен сипаттауға хұқығы болуы керек;
ә) тауарлық белгіні немесе қызмет көрсету белгісін сатып алу Патенттік ведомоствада тіркелген иелік жасау туралы шартта тұжырымдалуы тиіс. Мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, әсіресе, ұлттық тағам мейрамханаларында тағам мәзірі, ал геологиялық барлау кәсіпорындарында -геологиялық есеп, карта және материалдар түрінде ұсынылған жер қойнауы туралы геологиялық немесе басқа ақпарат жарғылық капиталына салым бола алады.
6. Материалды емес активтер құнының бастапқы бағасы дұрыс көрсетілді ме? Ол мынадай түрде айқындалады:
а) жарғы капиталына салымдар жағдайында — тараптардың келісімі бойынша;
ә) басқа заңды және жеке тұлғалардан ақы төлеп иелікке алу мен кәсіпорында объектілерін құру жағдайында - іс жүзінде нақты жасалған иелікке алу (құру) және бұл объектілерді әзірлік деңгейі жағдайына келтіру (ҚҚС-сыз және арнайы салықтар) бойынша шығындарға негізделеді;
б) басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алуда -сараптау жолымен.
7. Пайдаланушыларда аталмыш объектінің патентін алу фактісін растайтын құжаттамасы бар ма? Кәсіпорынға МЕА түсуі МЕА-1 қабылдау-тапсыру актісі бойынша, ОС-1 негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісіне ұқсас пішінде (формада) ресімделеді.
8. Материалдық емес активтердің объектілері кәсіпорынның баланс есебінен дұрыс шығарылды ма?
9. Материалдық емес активтер объектілерге тозу дұрыс есептелді ме? Амортизациялық аударымының мөлшері жалпы ережеге сәйкес бастапқы құн мен пайдалы қызмет мерзіміне (бірақ кәсіпорынның іс-әрекеті мерзімінен аспауы тиіс) негізделіп есептелген нормалар бойынша ай сайын анықталуы тиіс. Пайдалы қызмет ету мерзімі болып қолданылатын объектілердің пайда немесе кәсіпорынға басқадай тиімділік әкелетін уақыты саналады. Пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау мүмкін емес жағдайда немесе қиынға түскенде материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар нормасы 10 жылға деп есептеліп, белгіленеді. Материалдық емес активтердің кейбір түрлері бойынша амортизация мүлдем есептелмейді. Бұлар - құны уақыт өте келе кемімейді, не болмаса пайдалануына қарай пайдасы азаймайды деген сенімділігі бар активтер. Әлемдік тәжірибеде мұндай активтерге «ноу-хау» құқығы, тауарлық белгілер және т.б. жатады.
10. Материалдық емес активтердің синтетикалық және аналитикалық есебі дұрыс жүргізіле ме:
а) 2700 бөлімшесі шоттарында лицензиялық келісімдер, бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, басқадай МЕА бойынша;
ә) материалдық емес активтерді салым шоттарына Д-т 2710 шоттарына және К-т 5110 шоттарына (5100 «Төленбеген капитал» бөлімшесіне) жарғы капиталына енгізгенде;
б) заңды және жеке тұлғалардан материалды емес активтерді алғанда және кіріске алғанда төлемге дейін Д-т 2710 шоттарымен және «Еншілес (тәуелді) ұйымдарға берешек» К-т 3390 шоттары; сондай-ақ К-т 3310, 1010 және 1030 шоттары бойынша көрсетіледі.
11. Есептің журнал-ордерлік түрінде материалды емес активтердің амортизациясын есептеуге: 2730 «Материалдық емес активтердің амортизациясы - лицензиялық келісімдер», «Материалдық емес активтердің амортизациясы - бағдарламамен қамтамасыз ету», «Материалдық емес активтердің амортизациясы - патенттер», «Материалдық емес активтердің амортизациясы - ұйымдастыру шығындары» шоттары кіреді.
12. Материалды емес активтердің амортизациясы шоттары бойынша бухгалтерлік корреспонденциялар дұрыс жасалды ма?
1З. Материалды емес активтердің синтетикалық және аналитикалық есебі мен олардың тозу мәліметтері Бас кітаптағы және басқа бухгалтерлік регисторларға жазбалармен сәйкес пе?
14. Материалды емес активтерді жасау бойынша барлық шығыстар «Аяқталмаған құрылыс» шотында «Материалдық емес активтерді жасау бойынша шығыстар» аралық шотында шоғырланады.
15.Субъектінің ұйымдастырушылық шығыстары шыққан шығыстардың нақтылы құнымен Д-т «Ұйымдастыру шығындары» шотында К-т ақша қаражаттары, жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысу шоттарында көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |