Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны


Құрманғазы Сағырбайұлы - ұлы композитор, күйші



бет39/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары

Құрманғазы Сағырбайұлы - ұлы композитор, күйші
Қазақтың аса ұлы күйшісі, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлының қызылқұрт ру бұтағынан. Құрманғазы жастайнынан ән күйге әуес болып, Дәулеткерей күйшімен сырлас, өнерпаз ортада өседі. Ол Бөкей Ордасының атақты халық сазгерлері Байбақты, Байжұма, Соқыр Есжан, Шеркештің күйлерін үйреніп, орындаушылық шеберлігін шыңдайды. Есейе келе, домбырашы, күйшілікті арнайы өнерге айналдырды. Ұлы күйшінің бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күрес жолына өтті. Домбырасын қару еткен Құрманғазы азаттық үшін күресті өмірінің бір арқауы деп қарады.
Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі «Кішкентай» шаруалар көтерілісінің жетекшісі исатай Тайманұлына арналған. «Ақбай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан», «Адай» сияқты күйлерінде азам өмірді аңсаған халықтың үміті, өмір тартысы, езушілерге қарсы өшпендігі суреттелген. Сазгердің «Сарыарқа» атты туындысы еркіндікті аңсаған халықтың жеңілмес кейпін, адамның көз алдына алып келеді. Осы шығарма арқылы туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас қайратын сипаттайды.
Шығармаларының ішінде би күйлері де бар: «Қызыл қайың», «Балбырауын».жала жабылып, ол Орал мен Орынбор абақтысында отырған.
1880 жылдары Астрахан маңындағыСахмаға бір жола қоныс аударады. Маңына шәкірттері Дина, Ерғали Есжанұлы, Меңдіғали Сүлейменұлы т.б. топтасады. 60 тан аса күйлері сақталған. Қабірі Астрахан обл (Ресей) «Құрманғазы төбе» деп аталатын жерінде.


Алаш Орда мен Түркістан (Қоқан) автономиялары идеяларының жүзеге аспау себебі
Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Россия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:

  • Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;

  • Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;

Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Ұлттық-терр. қазақ автоном. мемлекетін құруда съезд делегаттары бірауыздылық танытқанымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемл. құрылым ретінде жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді. Бүкілқазақтық 2-съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт. қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық, жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды рөл атқарды.
Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет