1917жылы Қазақстандағы саяси партиялар,қозғалыстар мен ұйымдар
Либераль-демократиялық
Социал-демокартиялық
Жастар қозғалыстары
Тыл жұмысына қатысқандар қозғалысы
1.Кадеттер
1.Эсерлер
1. «Жас қазақ»
1. «Қара жұмысшылар одағы»
2.Алаш
2.Меньшевиктер
2. «Талап»
2. «Арбакештер ұйымы»
3.Большевиктер
3. «Жас азамат»
4. «Үш жүз»
4. «Демократияшыл оқушы жастар кеңесі»
20-билет Неолит, энеолит дәуірлеріндегі өнер.
1989 жылғы Қарағанды мен «Жаңаөзен» оқиғалары.
Кестені толтырыңыз:Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстаның дамуы
Неолит, энеолит дәуірлеріндегі өнер Еңбек құралдарынан қыспа түзету техникасын жетілдірумен қатар тас өңдеудің жалтырата тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты жаңа технол. әдістері қалыптасты. Аңшылықтан мал өсіруге, терімшіліктен егіншілікке көшу орын ала бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы адам баласын осы салаларға қатысты жаңа еңбек құралдарын (дәнүккіш, келі, келсап, кетпен, т.б.) жасауға, оның сипатын сапа жағынан жетілдіруге итермеледі. Бұрынғыдай тастан және сүйектен жасалған құралдар кеңінен пайдаланылды және қыш ыдыстар кеңінен тарады. Қыш ыдыстардың шығуы дәнді дақылдарды сақтауға, пайдалануға көп мүмкіндік берді. Мәдени-шаруашылық белгілері жөнінен Неолит мәдениеттері екі топқа бөлінеді: 1) егіншілік пен малшылық; 2) аңшылық пен балық аулау. Соңғы топтағылар табиғаттан дайын өнімді алып пайдаланса, алдыңғы топтағылар өнімді тікелей өндіру арқылы алды. Әлеуметтік жағынан алғанда Неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды. Тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылғанын Еуразиядағы Неолит заманына жататын көптеген археол. мәдениеттер де айғақтайды. Кейінгі Н-те жіп иіру мен тоқымашылық шықты. Егіншілік дамыған аймақтарда ежелгі мемлекеттер қалыптаса бастады. Микролиттік индустрия кеңінен өрістеді. Микролиттер жебе ұштары мен қыстырма құралдар жасауға жұмсалды: сүйек немесе ағаш саптың ұзына бойындағы қуыстарға ондаған ұсақ микролиттер тау балауызы, қара май, битум арқылы бекітілді. Мұндай құралдар әсіресе тері өңдеуге, егін оруға пайдаланылды. Халық саны артып, қоғамда демогр. ахуал жақсара түсті. Қатынас құралдары дамыды. Адамдардың отырықшылыққа көшкенін көлемі әр түрлі баспаналар да айғақтайды. Баспаналардың бүкіл ұжымға не жеке отбасына арнап салынуы адамдардың қауым болып өмір сүргендігін аңғартады. Этнол. мағлұматтар Неолиттік тайпаларда аналық-рулық құрылыс үстем болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ мәдени-тұрмыстық жаңалықтар адамның дүниеге деген көзқарастарын түбірімен өзгертті. Табиғат күштеріне, анаға табыну орын алды. Бұған Неолит заманындағы өнерден хабар беретін тасқа түскен бедерлер, әйелдердің мүсіндері дәлел болады. Неолитте адамзат өмірінде болған өзгерістерді саралай келе, Г.Чайльд осы дәуірге қатысты “неолиттік төңкеріс” терминін енгізді. Қазақстан аумағынан, негізінен алғанда Солтүстік Қазақстаннан әзірше неолиттік бірнеше қабір табылды. Кабірлердің бірде-біреуінің жер бетінде сыртқы белгілері жоқ. Барлык молаларда сүйектермен бірге жебелердің табылуы бабаларымыздың аң аулаумен айналысып қана қоймай, соғыс жанжалдарына жиі түсіп тұрғанын да көрсетеді. Қабірлерде керамика өте аз, ал кейбіреулерінде ол мүлде жоқ. Железинка ауылы жанындағы қабір бойынша (Пеньки түрағынан 100 шақырым) неолит дәуіріндегі жерлеу ғұрпы туралы мейлінше толық пікір айтуға болады10. Мола, сірә, рулық ұйымдағы ерекше дәрежелі әйелдікі болса керек. Сәндік заттардың, еңбек құралдарының көптігі, оның үстіне жерлеудің күнге табынуға байланысты ерекше ғұрпы осыны көрсетеді. Ондай әдет бойынша өлік кремацияланатын болған. Бұл жолы өлік толық өртелмеген; денесінің қалған мүрдесі өлген адамның заттарымен бірге молаға көмілген; ол заттардың ішінде бас киімге тағылған, шеті ұсақ кертпешелермен сәнделген, орақ тәрізді сүйек каптырма, жыртқыш андардың тістері, қауашақтан жасалған ірі моншактар тізілген алқа бар. Мейлінше сәнделген киіммен бірге молаға еңбек құралдары (шот, сүйек біз), аңшылық құралдары (найзалардың, жебелердің тастан және сүйектен жасалған ұштары) және балшыктан жасалған, құты тәріздес, түбі домалақ, кішкене үш ыдыс салыныпты. Сол жерден құланның екі топайы табылды; бұлар қызыл жосамен боялған, бұл түс ежелгі адамдардың ұғымынша өртеу, отқа табыну рәсімін білдірген.
Энеолиттік дәуір мал шаруашылыгы басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Мұнда табиғи-экологиялық орта мүлде басқаша және оны игеру үшін адам ең оңай жолмен жүре отырып, бейімделудің басқа жолын тандап алды. Бұл жолда тас индустриясы кері кете қойған жоқ, керісінше бұрынғысынан да жогары деңгейге көтерілді. Адам тасты өндеудің (тесу, өздігінен қайралатын балталар, мінсіз аэродинамикалык түрдегі найзалардың ірі ұштары, оймалау және т. б.) мүмкіндіктерін ақырына дейін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар өндірістік-шаруашылық (соның ішінде керамикалық және сүйек) саймандарының түр-түрін де шамадан тыс кеңейтті. Рас, бұл уақытта қалақша-қыстырма индустрия өз мәнін жоғалтқан еді. Энеолит дәуірінде климат ылғал болды. Сол арқылы ірі сүткөректілер санының белсенді түрде табиғи өсуіне, көбеюіне мінсіз жағдай жасалды. Бұл кезде мұнда жылқы да осындай болды. Бүл түрдің экологиялық, тепе- тендікті бұзбай күрт көбеюі, аң аулайтын алқап көлемінің бөлінісіне шаққанда оның мөлшерінің ұлғаюы басқа үрдістерді өмірге келтірді. Аңшылық ұжымдардың өздері көшіп жүретін аумақты кысқарту, ал кейде оны толық тоқтату есебінен өз алқаптарының көлемін кеміткені былай тұрсын, сонымен бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырлана да білді. Тарылган аң аулау алқаптарындағы тұтынылатын биомассаның орнын толықтыру өз төлінің табиғи өсу есебінен ғана емес, сонымен катар аңшылардан босаған аумақтардан табындардың ағылып келуі есебінен де жүзеге асып отырды. Ботай мәдениеті. Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жаныңдағы коныс- тын атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайык- Ертіс өзендері аралығының) далалык энеолитін сипаттайды және мерзімі б. з. б. Ill — II мынжылдыктармен белгіленеді. Демек, ол бір мыңжыл болған. Ботай мәдениетінің калыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін кұратан тайпалар катысты. Оның калыптасу барысына Шығыс Каспий маңы өңірі мен Оңтүстік Оралдың сыртгай ықпал жасатаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В. Зайберт ашты". В.Н. Логвин, С. Қалиева оның батыстық нұсқасын, терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде баска мәдениеттің ыкпалы айқын аңғарылады және оның кейбір ескерткіштері б. з. б. IV мыңжылдықпен белгіленетін алдыңғы энеолит дәуіріне жатуы ықтимал. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында — Бестамақ, Түздыкөл-1, Ливановка, Қүмкешу, Қожай, Дүзбай-3; Көкшетау облысында Ботай, Красный Яр, Васильков-4 қоныстары ашылды; барлығы жиырмадан астам қоныс белгілі. Қоныстар әдетте шағын дала өзендері: Торғайдын, Терісакқанның, жоғарғы Тобылдың, Обаганның, Шагалалының, Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 гектарға жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болып табылады. Ол шамамен 200 жылды — б. з. б. XXIV — XXII ғасырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 түрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңгы кезенде салынғаны аныкталды. Негұрлым ертеректегі құрылыс кезендерінде салынган тұрғын үйлердің қалдықтары соңғыларын салу кезінде жойылып жіберілген. Ертедегі ауылдың кұрылыстары өте тығыз болған: тұрғын жайлар көбінесе бір-біріне жалғасып, өзінше бір топ кұрып жатқан. Мұндай томаға-тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30-га дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байкауға болады: ені 4—8 м болатын, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін параллель көшелердің екі жағына кейде 15—16 үйден салынған. Тұрғын жайлар былайша салынған. Терендігі 1 метрге дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жететін 4—3 бұрыш түрінде шұңқыр қазылған. Қазу кезінде шығарылган балшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген. Осылайша салынған қабырғаларга төбесі тарыла беретін шеген түрінде баганалар қаланған. Жасаған күмбез бұтақтармен және шым қабаттарымен жабылып, бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылган. Кіретін есік кабырғада ойық түрінде калдырылып, оның сыртында шағын дәліз болған. Ішінде, ортадағы шұңкырда ошақ орналасқан. Ошақ пен есік арасы — шаруашылықка арналган орын, төрде — ұйықтауға арналган жер. Әдетте қабырганың бүйір жагынан азық- түлік сақтау үшін шұнкыр қазылады. Тобылдағы құмдауыт топырақта кұрылыс сипаты біршама өзгеше: кабыргаларының агаштан салынуы ықтимал. Өндірістік-шаруашылык саймандар алуан түрлі тастардан, сазбалшықтан, сүйектен жасалды. Құрал-саймандар түрғындардың шаруашылық жағдайы күрделі болғанын көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналган ілгектер жылкының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Тас токпақтар, пышактар, қанжарлар, боластар, жебелердің, сүңгілердің, най- залардың ұштары аң аулаумен байланысты құралдар. Шанышқылар балық аулау кәсібін көрсетеді. Тұрғын жайлар салу кезінде ағаш ендейтін кептеген аспаптар: балталар, шотгар, қашаулар, керткіштер, жоңғыштар, кескіштер, пышақтар, қырғылар пайдаланған. Тас пен сүйек өндеу едәуір жетілдірілген, ал оларсыз сапалы еңбек кұралдарын дайындау мүмкін емес еді. Қосалқы саймандар арасында шой балғалар, ретушерлер, балғалар, түрпілер, шакпақтастан жасалған бұрғылар, кескіштер, қалақшалар бар. Тері өндеу ісінде қырғыштар, қырнауыштар, пышақтар, кескіштер, жоңғыштар, жұмсарту үшін сүйек келілер, түрпілер және теріні тегістеуге арналған тегістегіштер қажет болды. Тігін керек-жарақтарының арасында инелер, тескіштер, біз бар. Ши тоқу үшін сүйек ілмектер, жіп иіру үшін ұршықбастар кажет болды. Керамика өндірісінде келсаптар, үгіткіштер, жылтыратқыштар, мейлінше әр түрлі қалыптар іске қосылды. Көптеген сүйек саптар мен тастан жасалған тестер табылды. Олжалар жиынтығында сондай-ақ діни нанымдық заттар, бойтұмарлар, әсемдік заттар да бар. Мезолит дәуірінде қару- жарақ ретінде садақ пен жебені жасау аң аулау әдістерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Бұрынғы қамау тәсілі аркылы аң аулау жеке-дара аң аулау тәсілімен ауыстырылды. Ұжымда ерлердің рөлі біртіндеп арта түсті. Адамдар шаруашылықтың жаңа түрлерін, оның ішінде, жануарларды қолға үйретуді игере бастады.