21-билет
ХІV- ХV ғғ. қазақ жеріндегі діни-наным сенімдері (ислам, шамандық)
«Невада-Семей» және «Азат» қозғалысының себептері мен мақсаты.
Кестені толтырыңыз:1950 –1960 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстан экономикасының дамуы.
ХІV- ХV ғғ. қазақ жеріндегі діни-наным сенімдері (ислам, шамандық)
Ата-бабамыздың тарихында бақсылық ерекше орын алған. Бақсылық – шаман дінінің осы күнге дейін жеткен сарқыны. Бақсы деп өзге тылсым әлеммен байланыс орнатып, ондағы түрлі рухтармен байланыс жасай алатын адамды айтқан. Бақсылар «әулиелерді» «аруақтарды», «періштелерді» шақырып, олармен тілдесе алады, адамның жаулары – дәу,пері,шайтан, албасты, жын, марту, тағы басқа мен күреседі деген сенімде болған. Бақсыларға тән ерекше қасиеттердің бірі – емшілік (тәуіпшілік). Бақсылардың бәрі қобыз тартып, зікір салып, түрлі емдер жасайды. Оның қамшысы тиген адамның денесіне кірген шайтандар қашып, барлық сырқатынан құлан-таза жазылып кетеді деп сенген.
Бақсылардың өткенді біліп, болашақты болжау қасиетті болады. Олар аруақтар шақыру, қойдың жауырының падалану, құмалақ ашу арқылы болашақты болжаған, өткенді көре білген, адамның ойы оқи алатын болған.
Халық арасында есімі ұмытылмаған әйгілі бақсылар болған. 14 ғасырда жасаған Салттық бақсы туралы ел ішінде талай жырлар мен аңыз-әңгімелер қалды. Себебі – бүкіл Дешті Қыпшақта одан өткен білгір бақсы болған жоқ.
Ислам халық арасында кең етек алып, шаман мәдениеті мен бақсылық өнерін ығыстырғанмен, олардың намым-санімдерінде шаман дінінің (тәңіршілдік) ізі сақталып қалды.
Ислам діні қазақ жеріне ҮІІІ ғасырдан бастап ене бастады. Ислам, алдымен Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жеріне таралды. Х ғасырда ислам діні Қарахандар мемлекетінің ресми дініне айналды. мұсылмандық: сүннит, шииттік болып екіге бөлінеді. қазақ жеріне сүнниттік бағыт тараған. мұсылмандық этикасының қазақ жеріне таралуына ә-Фараби ат-Түрки, әл-Жаухари, Исхан әл-Фараби, әл-Қимани, Бақырғани, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Қожа Ахмет Иасауи т.б. еңбет етті.
Ислам діні – қазақ халқын мұсылмандық мәдениетке жақындастырып, ғылым-білімнің, әдебиеттің дамуына да оң әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |