Барлық тапсырмалар жиынтығы ІІ тарау. Тұлғаның қалыптасуы



Дата07.02.2022
өлшемі17,43 Kb.
#92593
Байланысты:
bb


Қабдығалиева Жауқазын
КИП2-19
Барлық тапсырмалар жиынтығы
ІІ тарау. Тұлғаның қалыптасуы
2- тапсырма
Төменде берілген сөздер мен сөзтіркестерін пайдаланып рухани бай адамның портретін жасаңыз. кіршіксіз, қалтқысыз, әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды, бай, жаны әсем, адамгершілігі жетілген, ержүрек, саналы, ізгі, беделді, борыш, міндет, парызына адал.
Тақырып 2.2 Мінез-құлықты тәрбиелеу
«Жақсы мінез – жан сұлулығы»
Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.
«Бес саусақтың бәрі бірдей емес» демекші, адамдар да мінезіне байланысты әртүрлі болады: біреулер ісіне байыпты, сабырлы болса, енді біреулері тез ашуланшақ болады. Кейбіреулері сырт адамның айтқанын жүрегіне жақын қабылдаса, енді басқалары тіпті құлақ аспай жүре береді. Дегенмен біз әлеуметке байланысты мінезімізді де ұстай білуіміз керек деп есептеймін. «Мінез - жанның айнасы», - демекші, мәдениеттің түп төркіні бойымыздағы мінезде жатыр. Адамның мәдениет деңгейін кез келген ортада аңғаруға болады. Мәдениеттің ең биігінде тұру үшін, өзіңді рухани жағынан тәрбиелеу керек. Яғни, бұл - өзін-өзі тану. Адамдар сырт көзге әдемі көрініп, іште жат қылық пен қыңыр мінезін сақтайды. Осы екеуін шамаң келсе таразының басында тең ұстау өз қолыңда. Жинақы киімің, әдемі мінезің мәдениеттің алғашқы сатысының бірі деуге болады. Сенің жақсы адам екендігіңді көрсететін мінезің. Мінезді бір қалыпты ұстау - мәдениет. Мәдениетті болу аса көп нәрсені талап етпейді. Оған тек жайдары мінез бен жинақылық керек. Адам өзін неғұрлым терең таныған сайын, мінез бен мәдениет деңгейі жоғарылай түседі. Қорытындылай келе, жақсы мінезді болуға тырысуымыз керек және көркем мінезді адамдардан үлгі алуымыз қажет деп ойлаймын. Өйткені мінезі жақсы адамның өмірі де жақсы болмақ және ондай адам айналасындағы адамдарға, тіпті еліне үлкен септігін тигізе алады. Сондықтан, Алаштың ұлы тұлғасы Әлихан Бөкейханов: «Ұлтына, жұртына қызмет ету - білімнен емес, мінезден» деп айтқан. Әрине, кемшіліксіз адам болмайтыны рас. Меніңше, адамның бойында жаман мінезі болатын болса, оны түзетуге болады деп ойлаймын. Ол туралы Абай «Абай: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», – дейді. Яғни, «Мінезді түзетуге болмайды» деген қате пікір. Демек, өз боймыздағы жаман мінездірді жойып, тек жақсы мінездірімізді шыңдап, көркем мінез иесі болуға тырысумыз қажет.
Тақырып 2.1. Тұлғаның адамгершілік негіздері
«Рух асқақтығы – адамдық белгісі»
Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр.Батырлықтың, шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ал ұлтына игілік әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа биім, өресі биік адамның ғана қолынан келмек. Сырттан келетін, елді әлсірететін, ең соңында елді тәуелсіздіктен айыратын нәрселерге тарихтағы қазақ жастарының рухани деңгейімен қарсы тұруы, ауызбіршіліктің, білімі арқылы саясаты мен тәжірибесі күшті жаумен иығын теңестіре білуінде. Бұл жаста болса қазақтың ұл, қыздарының заманынан қалмай болашақты зерделеп, ұлттық мүдде деңгейінде ойланған деңдеңгейін көрсетеді.Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Өмірге ширыққан адам елге жаны ашитын, бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар игілігін елге арнайды. Бұлар жеке адамды қоғаммен, бүтін бір ұрпақты ұлттық негізімен біріктіреді. Бұлардан қол үзген адам рухан жаңғырудың биігіне жете алмайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі плюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды»Туған жерін ұмытпайтын адам туған елін қадірлейді. Елді қадірлеу туған жердің рухын бойға сіңіріп өсуден басталған. Сондықтанда елде туып, елде тұрып елге жаны ашымаған адам зиялылар қатарында болған емес. Зиялылықтың бірінші шарты адамның туған жерге, халыққа және ұлт болашағына деген шынайы жанашрылығынан бастау алмақ.Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухан жаңарудың түп қазығы, ұлттың негізі арқылы жеке адамның, халықтың, елдің уақыт талабына сай ізденуі, еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар бағалап, қатар қорғай алған қоғам ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына, еліне игілік әкелетін дүниелерді қалыптастырады.


ӨМІР – ТАНЫМНЫҢ КӨЗІ
Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқып, оларды «әлеуметік-биологиялық қажеттіліктер», «рухани қажеттіліктер» тобына іріктеп, жіктеп жазыңыз.
Рухани:ар-ұждан, жақсы мен жаманды ажырата білу, жалпыадамзаттық құндылықтар, парыз, ізгілік, жауапкершілік, еркіндік, өмірдің мәні, бақыт, абырой, ар-ұят, теңдік, сүйіспеншілік, ақиқат.
Материялдық:баспана, киім-кешек, тамақ, ұрпақ қалдыру, материалдық қажеттіліктер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет