Диафрагмалық-қабырға демін дамытуға арналған жаттығулар.
Жаттығу А. Иық белдігінің бұлшық еттерін босатып, ішіңізге жайлап мұрын арқылы ауа сорыңыз. Иығыңыз, бұғанаңыз қозғалмауы керек, бірақ тыныс алу кезінде қарынның бұлшықеттері мен төменгі қабырғаның аралық бұлшықеттері жұмыс жасайды. Осы жаттығуды жүйелі түрде орындай отырып, аралас демді жаттықтыруға болады.
Жаттығу Ә. «Гүлдер дүкені». Тіке тұрасыз. Бақылау үшін сол қолыңызды қарынға, оң қолыңызды қабырғаңызға қойыңыз. П-фффф деп сыртқа дем шығарыңыз. Енді ішке тыныс алғанда гүлді иіскеп отырғандай елестетіңіз. Дем алу – қысқа, дем шығару – ұзағырақ.
Жаттығу Б. «Май шам». Қағаз тілімін (жалпақтығы – 2-3 см, ұзындығы – 7-10 см) алып, оны май шам деп елестетіп, оған үріңіз. Ол сізден әрі қарай майысады. Бұл – «жалын». Егер сіздің деміңіз бірқалыпты болса, қағаз бір бағытта майысады. Ал деміңіз қалыпсыз болса, қағаз біресе көтеріледі, біресе қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |