Семинар 3. Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері.
Мақсаты: мұғалімнің вербальды емес мінез-құлық ерекшеліктерін ұғынуға көмектесу, қарым-қатынастың вербальды емес құралдары көмегімен өз қатынасын көрсету дағдысын қалыптастыру.
Жоспар
Театр және педагогикалық өнердегі жалпы және жеке ерекшеліктер.
Театр және педагогика өнеріндегі ықпал ету құралдары.
Педагогтың мимикасы және пантомимикасы.
Жас мұғалімдердің бойындағы кемшіліктер.
Мимикалық және пантомимикалық мәнерлілікті дамыту жаттығулары.
Тапсырма А. Баланың көңіл-күйін анықтау. Әртүрлі эмоционалдық бағыттағы фотосуреттерден қандай м2имиканы, қимылдарды анықтауға болады.
Тапсырма Б. Ішкі монолог. Адамның сыртқы бейнесіне қарай олтырып, оның і2шкі дүниесіне сипаттам беру. Сезімдер менойлар әлемін түсіне білу. Дауыстап адамның ішкі монологын ойластыр.
Тапсырма В. Нақты «тітіркендіргішке» жалпы мимикалық жауап беру жаттығулары.
Сіз жазыр отырсыз. Бір кезде есік ашылды. Сіз басыңызды көтеріп, кірген адамға таңдана, ренжи, ашулана, сұраулы, кекете, қуана қарайсыз.
Ж2үргізуші амандасты: «Қайырлы күн!». Сіз салқын, бейтарап, қуана, таңдана, ұнатпай, достықпен, күте, ашулана жауап бересіз.
Ситуация. Оқушы мұғалім үстелінің жанында тұрып: «Мен үй тапсырмасын орындамадым!» дейді. Сіздің жауабыңыз: «Әрі қарай не болатынын күтемін, көмектесемін, таңданамын – неге әзір емессің, таңданамын – бұл қашанға дейін қайталана береді, маған бәрібір, ренжимін, сөгемін және т.б.»
Тапсырма Г. Мұғалім әңгімесі.
Әңгімені жүргізу тиімділігі мына талаптарға тәуелді:
Логикалық-лингвистикалық талаптар: сұрақтарды дұрыс қисынды қоя білу,әңгіменің бөліктері арасындағы мазмұнды «көпірлердің» болуы, сөйлеудің оптимальды жылдамдығы, орфоэпиялық дұрыстығы, дикцияның нақтылығы, логикалық екпіндердің күші.
Психологиялық талаптар: мұғалімнің жақсы жағымды үні,орынды әзілдің болуы, мұғалімнің байсалдығы,өзін-өзі ұстауы, сенімділігі, оқушыларға сөзбен, мимикамен, қимылмен қолдау көрсете білуі, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алуы, оқушылардың білімін бақылау және мотивті түрде бағалау іскерлігі.
Педагогикалық талаптар: сұрақ қою, проблемді сұрақтар қою, сыныпқа сұрақ қоя білу, сұрақшалардың болуы, қорытынды жасау іскерлігі, көрнекілікті қолдану іскерлігі – тақтаға жазу, иллюстрация, ОТҚ.
Тапсырма: Студенттермен белгілі бір тақырыпта әңгіме өткізу.
Семинар 4. Мұғалім сөзі ақпарат тарату құралы ретінде. Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы.
Достарыңызбен бөлісу: |