Апта 4
Дәріс №7
А) Тақырып: Қоғамдық ғылымдар бойынша библиографиялық ақпарат көздері.
Қоғамдық ғылымдар бойынша арнайы ақпараттық орталықтардың қызметі (ИНИОН, Әмбебап және салалық кітапханалар)
Ағымдық библиографиялық ақпарат көздері, олардың түрлері, қолданылуы.
В) Мақсаты: Қоғамдық ғылымдар бойынша библиографиялық ақпарат көздерін қарастыру.
С) Негізгі сұрақтар:
1. Қоғамдық ғылымдар бойынша арнайы ақпараттық орталықтардың қызметі
2. Ағымдық библиографиялық ақпарат көздері, олардың түрлері, қолданылуы
Мазмұны: 1) Ағымдық библиографиялық ақпарат көздері. Қоғамдық ғылымдар саласы бойынша ақпарат тұтынушылар- оқырмандар ең алдымен, жаңа әдебиеттерді қажет етеді. Сондықтанда қоғамдық – саяси тақырыптағы ағымдағы библиографиялық құралдарының сан түрлі жүйесі қалыптасқан. Оны құрастыруда арнаулы ақпараттық орталықтар, универсальды және салалы кітапханалар, қоғамдық – саяси мерзімді басылымдардың редакциялары қызмет істейді.
Ағымдағы библиографиялық құралдар, ғылыми қызметкерлер мен жоғары мектептің оқытушыларын, мамандарды ағымдағы библиографиялық ақпараттармен қамтиды. Олардың алғашқы: 1) тобы – библиографиялық көрсеткіштер мен жаңа әдебиеттердің тізімдері. Олар жеке басылым болып немесе мерзімді, жалғасты басылымның беттерінде жарияланады. Жеке басылып шығарылған ағымдық библиографиялық көрсеткіштер – баспа басылымдарын толығымен қамтиды және қоғамдық ғылымдар жөніндегі ағымдық библиографиялық жүйесінің негізі болып саналады.
2) тобы – реферативті басылымдар, бұлар тек ғана қоғамдық – саяси әдебиеттің ең басты бөлігімен жасалады.
3)тобы – ғылыми – аналитикалық шолулар, бұл топтағы құралдар ағымдық, ретроспективті әр тарихи сипаттағы шолулар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |