Барлығы – 135 сағат



бет5/10
Дата22.08.2017
өлшемі1,76 Mb.
#23998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

СӨЖ мазмұны; Домбыра аспабында аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді, шығармаларды қайталау. Бас буындағы ля-си-до дыбыстарымен жаттығу,домбыраның құлағын теріс бұрауға жаттығу, күйді ойнап жаттығу. берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау.Ілме қағыс-сұқ саусақпен төмен, бармақ және сұқ саусақпен жоғары қағылатын қағыс. Тұтпа қағыс- қағыстан соң немесе қағыстан бұрын ішекті саусақтармен тұтып қағу.Жаттығулар ойнау.Күймен – шығарма орындаудағы аппликатуралық ерекшеліктерді ажырата білу.

29 апта

1 кредит сағат

43 практикалық сабақ



Тақырып: М. Әубәкіров «Жас екпін»

Практикалық сабақ мазмұны : «Жас екпін» - жеке жоспарлы арнайы концерттік шығарма. Автор шығармада – жастық шақты, құбылмалы да жігерлі, еш нәрседен қаймықпайтын қайсарлықты көрсете білген. Шығарманың бірден жоғары нүктеден басталуы да біріншіден, мазмұнына байланысты, екіншіден, бұл күй дәстүріміздің сиректеу кездесетін нұсқасы.Өте тез екпін, триольді қағыстар құбылмалы динамикалық бояулар күрделі үш бөлімді шығарманың мазмұнын аша түседі.

Әдебиет: К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 116-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Шығарма желісі тез екпінмен басталады. Екінші бөлім нәзіктік, сыршылдық әуенімен түрленеді. Автордың бұл жерде алға қойған мақсаты алынған тақырыпты дамыта отырып, орындаушының орындаушылық шеберлігін, техникасын кең түрде қолданады. Екі бөлімнен кейін каденция, жаңғырықты дыбыс (флажолет) әдісін қолданады. Каденция негізгі бөлімге қайта оралып, үшінші бөлімге жалғасады. Бастапқы екпінде бір тыныста шығарма бітеді.

СӨЖ мазмұны; Шығармадағы аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді, шығармаларды қайталау. Берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау.Ілме қағыс-сұқ саусақпен төмен, бармақ және сұқ саусақпен жоғары қағылатын қағыс. Жаттығулар ойнау.Күймен – шығарма орындаудағы аппликатуралық ерекшеліктерді ажырата білу.

СОӨЖ

44 практикалық сабақ



Тақырып: Орынша «Байжұма»

Практикалық сабақ мазмұны : А. Затаевич өзінің «Қазақтың 500 әні мен күйі» деген атақты еңбегінде «Байжұма» күйін «Масленица» деп сипаттайды.Бұл қате пікір. «Байжұма» тобын жанр деп айтуға болады. Себебі, Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш, Мақаш, Қоңырша, Дина, Әлікейлердің «Байжұмалары» бір-бірінен күй мінезі тұрғысынан алшақ тұрғанымен, оларда әуеннің тууы, өрбуі, кеудеге шығуы тұрғысынан қарайтын болсақ бір логика бар.Орыншаның аталмыш күйі өте екпінді, ажарлы, аударылып-төңкерілген, шалт, көркемдік шешімдерге бай күй. Бұл «Байжұма» батыс күй дәстүрінің жауһары деуге лайық туынды.

Әдебиет: А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке» - 1997ж., 24-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Күйді өз бетінше үйреніп, орындауға дағдылану. Күймен танысу барысында оның авторы, өмір сүрген дәуірі, музыкалық тілінің стилистикалық және орындалу ерекшеліктері жөнінде, туындының мазмұны, характері, сюжеті, негізгі екпіндері, құрылысы мен позициясымен танысу. Күйде әуелі бас буын, ортаңғы буын, содан соң кіші, үлкен сағаларды, ал пьесада фразаларды, сөйлемдерді жеке – жеке ойнап жаттыққан жөн. Техникалық қиын тұстары арнайы жаттығулар арқылы меңгеріледі.
СӨЖ мазмұны: Күйдің аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді, шығармаларды қайталау. Берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау. Жаттығулар ойнау.

30 апта

1 кредит сағат

45 практикалық сабақ



Тақырып: Әшімтай «Қоңыр қаз»

Практикалық сабақ мазмұны : Бұл күй негізінен қазіргі Жезқазған, Балқаш өңірінде ерекше мәшһүр болған. Күй батыр құс – қоңыр қаз жайында сыр шертеді. Бұл күйді алғаш жеткізуші Мағауия Хамзин.

Әдебиет: : А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке» - 1997ж., 34-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Күйде қоңыр қаз образын домбыра әуенін қолдану арқылы берген.Басында дыбыс үстіңгі ішектер бірлігінде, тұтпа, пунктирлі ритм айқындаушы мағынаға ие болады. Олар қоңыр қаз дауысына еліктеу сияқты құраушы характерін береді. Күйдің әуендік жүйесі қарапайым, ол сиқырлы – салттық мағынадағы қайталанып отыратын интонациялардан құралады. Бұл күйдің ерекшелігі - теріс бұрау құрылымда шығарылуы.

СӨЖ мазмұны: Күйдің аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді, шығармаларды қайталау. Берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау. Тұтпа қағысқа жаттығу.


31 апта

1 кредит сағат

46 практикалық сабақ



Тақырып: Нотаны бірден оқып ойнау.Сейтек «Белшешпе»

Практикалық сабақ мазмұны : Күйді жан-жақты біліп, талдап есте сақталатындай дәрежеде қарапайым тілде түсіндіре білудің маңызы зор. Күйді үйренгенде көңіл бөлетін жағдайлар: түсініктеме, күйді толығымен ойнау, қиын жерлеріне көбірек тоқталу, қиын тұстарын игеру жолдарын түсіндіру, есебінен қателеспей нақты ойнату.

Әдебиет: Б. Каракулов «Асыл мұра» Алматы – «Өнер» 70-73 беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Домбыра аспабында екі қол үндестігі болуы үшін көптеген жаттығулар жасау керек. Үзбей ойнау, кесіп-кесіп, сыпыртып ойнау т. б. тәсілдер нотаны жүргізіп ойнау арқылы және домбырадағы шартты белгілер арқылы жүзеге асады

СӨЖ мазмұны: Күйдің музыкалық көркемдік тұрғысынан, оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеру, автордың ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн. Күйді тұтас басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп саралау қажет. Ал оның орындау әдістерін, саусақ кестесін, қағыстарын, қиын тұстарын дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау керек.

СОӨЖ

47 практикалық сабақ



Тақырып: Қ. Ахмедияров «Алтын ұя»

Практикалық сабақ мазмұны : «Алтын ұя» вальс ырғағында , жан сезімді ғанибетке бөлейтін әсем әуен. Басынан аяғына дейін ырғағы сақталады. Тақырып сазды, қарапайым, көңілге тез қонады. Осы әсем саз күйдің өн бойына нәр бере, параллельді терциялармен, өзгеше жаңа мәнермен орындалады.

Әдебиет: Қ . Ахмедияров «Шынар» , Дайк – Пресс , Алматы – 1999 жыл.79 – бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Күйдің қиын тұстарына алдын-ала жаттығулар, жай екпінде нотадан оқу керек. Нотадан оқығанда, көзбен жобалау, алыс перне аралықты тұстарын анықтап алу, динамикалық жобаларын анықтау, саусақ кестесі мен қағыс қарымын жобалау керек. Сабақ өту барысында бірден практикалық жүйеде іске асырылады.

СӨЖ мазмұны: Қағыс қағу мәнерімен жаттығу . Екі ішекте кезек теріліп орындалатын күй саздарын бағытына қарай ажырату.Күйдің әуендік құрылымы мен ырғақтық өлшем – есептеулері аса еркіндікті қаламайтындығын ескеру. Күйді ойнап жаттығу.


32 апта

1 кредит сағат

48 практикалық сабақ



Тақырып: Нотаны бірден оқып ойнау.Дәулеткерей «Қарабас топан»

Практикалық сабақ мазмұны : Күйді жан-жақты біліп, талдап есте сақталатындай дәрежеде қарапайым тілде түсіндіре білудің маңызы зор. Күйді үйренгенде көңіл бөлетін жағдайлар: түсініктеме, күйді толығымен ойнау, қиын жерлеріне көбірек тоқталу, қиын тұстарын игеру жолдарын түсіндіру, есебінен қателеспей нақты ойнату.

Әдебиет: Б. Каракулов «Асыл мұра» Алматы – «Өнер», 48-51- беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Күйді бірнеше рет ойнап шығу. Дыбыс сапасымен жұмыс жасау. Әуенді іштей білу. Есебіне көңіл бөліп жаттығу. Тұтас игерумен қатар ондағы сан алуан динамикалық белгілерді игеру. Күйді орындағанда бабына келтіріп тамылжыта,тебірене орындау – көркемдік мәнін жеткізе орындауға көңіл бөлу.

СӨЖ мазмұны: Өткен тақырыптағы күйлерді пысықтау. Шығарма ойнағанда бабына келтіріп тамылжыта, тебірене орындауға дағдылану.

Орындау кезінде динамикалық белгілерге мән беру керек. Сахнаға дайындалып шығуға жаттығу. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шыығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәріне жаттығу.



33 апта

1 кредит сағат

49 практикалық сабақ



Тақырып: Емтиханға дайындық .

Практикалық сабақ мазмұны : Емтихан бағдарламасы :

1.Мәмен «Он жетінші жыл»

2. Қазанғап «Домалатпай Ақжелең»

3. Сембек «Наз Қосбасар»

4. Н. Тілендиев «Алтын дән»

5. Е. Брусиловский «Румын әуендері»



Әдебиет: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,216-221 беттер.

С.Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап» Алматы – 2001ж. 22-бет.

А. Тоқтаған, М. Әбуғазы «Тәттімбет және Арқа күйлері» Алматы «Білім» 2005ж.123-бет.

К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 235-бет.

К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 129-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Күйлерді, шығармаларды бірнеше рет ойнап шығу. Дыбыс сапасымен жұмыс жасау. Әуенді іштей білу. Есебіне көңіл бөліп жаттығу. Тұтас игерумен қатар ондағы сан алуан динамикалық белгілерді игеру. Күйді орындағанда бабына келтіріп тамылжыта,тебірене орындау – көркемдік мәнін жеткізе орындауға көңіл бөлу. Шығармаларды ойнағанда көркемдік мәнін жеткізе орындауға көңіл бөлу.

СӨЖ мазмұны: Шығарма ойнағанда бабына келтіріп тамылжыта, тебірене орындауға дағдылану.

Орындау кезінде динамикалық белгілерге мән беру керек. Сахнаға дайындалып шығуға жаттығу. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шыығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәріне жаттығу.




СОӨЖ

50 практикалық сабақ



Тақырып: Емтихан алдындағы дайындық.

Практикалық сабақ мазмұны :

Әдебиет: : А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,216-221 беттер.

С.Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап» Алматы – 2001ж. 22-бет.

А. Тоқтаған, М. Әбуғазы «Тәттімбет және Арқа күйлері» Алматы «Білім» 2005ж.123-бет.

К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 235-бет.

К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 129-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Емтихан алдындағы дайындық жұмысы. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәрі әрбір орындаушыда өзінше болсада жаттықтыру қажет. Емтихан болатын күні тыңғылықты, тиянақты түрде бірнеше уақыт дайындалу. Студенттің бойында өз-өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу, сонан соң емтиханға тлоық дайынсың деп ынталандыру да алға жетелейді. Бұл деген сенімділік сезімін туындатады. Толқуды болдырмау үшін халық алдына жиі шығу өте жақсы ролді атқарады. Студенттерді халық алдына көп шығару мүмкіншілігін жасау керек.

СӨЖ мазмұны: Студент емтиханға өте тыңғылықты дайындалып келуіне жаттығу. Сахналық киім,орындаушылық көңіл – күйі, шығармаларын жатқа білу.Емтихан алдында студент назарын ескертулерді алмау керек, өйткені көп жағдайда осындай ескертулер сахнада орындау кезінде есіне түсіп, кесірі тиеді. Сондықтан емтихан алдында өзін-өзі шаршатып алмау үшін, аспапта көп ойнамауға, ешқандай күш түсіретін, кедергі келтіретін нәрселер болмауы керек.

Негізгі және қосымша әдебиет тізімі .

1. А.Жұбанов. «Ән-күй сапары» Алматы, «Ғылым» баспасы 1976

2. А.Жұбанов. «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» Алматы,1942

3. А.Жұбанов. «Ғасырлар пернесі» Алматы, «Жазушы» баспасы 1975

4. А.Жұбанов. «Құрманғазы» Алматы, 1960

5. А.Жұбанов. «Өскен өнер» Алматы «Ғылым» баспасы 1985

6. «Күй қайнары» ( Құрастырған А. Райымбергенов, С. Аманова ) Алматы «Өнер», 1990

7.А.Жайымов. «Домбыра ойнау өнері». 1-2 бөлім. – А., 1999

8. Қ. Ахмедияров. «Сарыарқа» (Құрманғазы күйлері).- А.,1994.

9. Қ.Ахмедияров. «Жігер» (Дәулеткерей күйлері). – А., 1996.

10. Қ. Ахмедияров. «Әсем қоңыр» (Дина күйлері) – А., 1997.

11. Қ. Ахмедияров. «Есірдің күйлері» - А., 1999.

12. К. Сахарбаева. «Атырау ән-күй мұхиты» - А., 2002.

13. К. Сахарбаева. «Домбыраға арналған хрестоматия» - А., 2003.

14. А. Сейдімбеков. «Күй шежіре» - А., 1992.

15. А. Сейдімбеков. «Қазақ күй өнері» - А., 2000.

16. Ө. Спанов. «Домбыра үйренейік» - А., 1992.

17. Х. Тастанов «Домбыра үйрету әдістері» - А., 1967.

18. Б. Ысқақов. «Салтанат» - А., 1997.

19. Б. Ысқақов. « Домбыра үйрету сабақтары» - Қазақстан мұғалімі. – А., 2004.

20. «Қазақтың музыкалық фольклоры». – «Ғылым», А., 1982.

21. Т. Мерғалиев. «Домбыра сазы» Алматы, «Ғылым» - 1972.

22. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1975.

23. «Қазақ халқының аспап музыкасы» (құрастырған З. Жанұзақова) Алматы,1964.

24. «Маңғыстау күйлері» (құрастырған, нотаға түсірген Роза Айдарбаева) Шевченко, 1987.


3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Үй тапсырмасы




А.Жұбанов. «Ән-күй сапары» Алматы, «Ғылым» баспасы 1976

К. Сахарбаева. «Домбыраға арналған хрестоматия» - А., 2003.







3 балл

Жатқа ойнау




Жеке сабақ




. Х. Тастанов «Домбыра үйрету әдістері» - А., 1967.

Б. Ысқақов. «Салтанат» - А., 1997.










Нотаға қарап ойнау




Коллоквиум




А.Жайымов. «Домбыра ойнау өнері». 1-2 бөлім. – А., 1999

Қ. Ахмедияров «Сарыарқа» (Құрманғазы күйлері).- А.,1994.










Ауызша сұрау




Техн.сынақ




«Күй қайнары» ( Құрастырған А. Райымбергенов, С. Аманова ) Алматы «Өнер», 1990

А.Жайымов. «Домбыра ойнау өнері». 1-2 бөлім. – А., 1999










Жатқа ойнау




Акад.сынақ




А.Жұбанов. «Құрманғазы» Алматы, 1960

А.Жайымов. «Домбыра ойнау өнері». 1-2 бөлім. – А., 1999










Жатқа ойнау




P1+P2




«Қазақ халқының аспап музыкасы» (құрастырған З. Жанұзақова) Алматы,1964.

«Маңғыстау күйлері» (құрастырған, нотаға түсірген Роза Айдарбаева) Шевченко, 1987.











Нотаға қарап ойнау




Емтихан













Жатқа ойнау




Барлығы

















4.Пәннің оқу - әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра «Вокал және аспаптық өнер»тьютор Каженова Л.Ж.

Пән __________Мамандық (домбыра)______________________

Кредит саны – 1



Әдебиет атауы

Барлығы

Ескерту

Кітапханада

Кафедрада

Студенттердің қамтылу пайызы %

Электрон.

түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Қ.Ахмедияров «Сарыарқа»-А.,1994

10




100 %




оқытушыда

2

Қ.Ахмедияров-Жігер-1996

10




100 %







3

У.Бекенов «Күй табиғаты»-А.,1981













оқытушыда

4

А.Жайымов,Б.ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі»-А.,1992

30




100 %




оқытушыда

5

А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі»-А.,1975

10




100 %







6

А.Жұбанов «ән-күй сапары»-А.,1975

6




100 %







7

Қ.Ахмедияров «Күйші Қали»-А.,2002

2




100 %







8

Т.Мерғалиев «Домбыра сазы»-А.,1972







100 %







9

К.Сахарбаева «Атырау ән-күй мұхиты»-А.,2002

10




100 %







10

К.Сахарбаева «Домбыраға арналған хрестоматия»-А.,2003

15




100 %




оқытушыда

11

Е.Үсенов-Шәмші Дастан-1998

1




100 %







12

Б.Ысқақов «Салтанат»-1997

1




100 %




оқытушыда

13

А.Жайымов «Шалқыма» 1997

1




100 %








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет