Барлығы – 135 сағат



бет6/10
Дата22.08.2017
өлшемі1,76 Mb.
#23998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

6. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.






Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1.

Кіріспе сабақ. Дәстүрлі орындаушылық төкпе және шертпе мектептері. халық күйі «Түрікпен»


қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.

(қарастырылатын мәселелер)




1

Айтжан Есенұлы , Гүлперизат Елеусізқызы « Күй керуені » Алматы «Өлке» - 1997 ж.




2.

Сақбике «Керілме»



Студентті үйрету бағытын анықтау – нота сауаты қолдан алу. Себебі есте сақтау , есту , таза дыбыс мәдениетін қалыптастыру , қабылдауы тез студенттерге қолдан үйренген тиімді.

2

Айтжан Есенұлы , Гүлперизат Елеусізқызы « Күй керуені » Алматы «Өлке» - 1997 ж.





3.

Боғда «Жем суының тасқыны»


Әр түрлі орындаушылық мектептің өкілдері оның күйлерін өздеріне тән дәстүрге салып орындағаны белгілі. Соған қарамастан, Боғда күйлеріне ортақ бірқатар ерекшеліктерді анық аңғаруға болады. Осы өңірдің дәстүрлі формасында шығарылған бұл күйлерге байсалдылық, екпін ұстамдылығы тән болып келеді.


3

А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,121-бет.



4.

Домбырашылық өнердегі оң қол қағыстарының дәстүрлі атаулары. Домбырашылық өнердегі сол қолдың саусақ кестесінің аймақ аралық ерекшеліктері. Есбай «Ақжелең»



Қағыс атауларын жаттау. Ақжелең күйі ықшам, қабылдауы жеңіл. Форшлагтың қысқа және ұзақ түрлеріне жаттығу.



4

Айтжан Есенұлы «Күй – тәңірдің күбірі» «Дайк – Пресс» Алматы-1996ж. 23-37 беттер.

К. Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «ИздатМаркет»,2006ж.,90-бет.


5.

Күйсандық сүйемелдеуімен домбырада шығарма орындау. И. Брамс «Бесінші венгер биі»



Шығарманың қиын тұстарына алдын-ала жаттығулар, жай екпінде нотадан оқу керек. Нотадан оқығанда, көзбен жобалау, алыс перне аралықты тұстарын анықтап алу, динамикалық жобаларын анықтау, саусақ кестесі мен қағыс қарымын жобалау керек.



5

М. Айтқалиев. Домбыраға арналған хрестоматия. «Өнер», Алматы-1980ж.46-50-беттер.




6.

Қазанғап «Ақжелең»




(пернені) қағыссыз алуды мына белгі көрсетеді:x3 және 2- саусақтарды қатар басу жеке дыбысты алғанда да қолданады.

6

С. Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап»,Алматы,

А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,


7.

Тәттімбет «Сарыжайлау»


Қолдың ішекке жанасуы, сонан кейін қай буын арқылы жаттығу керектігін жадында сақтау.




7

А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов, «Домбыра үйрену мектебі», Алматы, «Өнер», 1992 ж., 55-59 беттер,

А.Тоқтаған «Тәттімбет және Арқа күйлері», Алматы «Білім», 2005 ж., 11-бет.


8.

Тоқа «Саржайлау»



Сол қолда кездесетін әдістер – ішекті саусақпен іліп тарту әдісі, қағыстан кейін алу, қағыссыз алу.

8

Уәли Бекенов «Шертпе күй шеберлері» «Жалын» баспасы Алматы – 1977 , 53 – бет .



9.

Ладтар. Тоника. Пентатоника.Домбырадағы позициялардың схемасы. Оң қолдағы пиццикато штрихы. Екі октавалық натуралды , гармониялық және мелодиялық гаммалардың аппликатуралары.(соль минор)



Арнайы мамандық пәнінде студентті нотаны бірден оқып, ойнап кетуге негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.

9

А.Жайымов,С.Бүркітов, Б.Ысқақов. «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж., 36-бет., 66-бет., 163-бет. А. Тоқтағанов, Т. Бәділов «Домбыраға арналған гаммалар мен арпеджиолар»




10

Т.Момбеков «Салтанат»

Мұндағы перне басу(яғни аппликатуралық ерекщеліктері) мен оң қолдағы қағыс, дыбыс алу тәсілдерінің сан түрлі шеберлігін атап өту керек.


10

Т Момбеков «Салтанат» Алматы «Өнер» 1995 ж., 46 – бет.


11.

Шертпе күйлердегі ерекшеліктер. Теріс бұраулы күйлердегі ерекшеліктер. Раздық«Аңшының зары».



Күй үш бөлімнен құралады. Бірінші бөлім қос ішекте «шалыс – қағу арқылы» , оқиғаның кіріспесін суреттейді.

11

Уәли Бекенов «Шертпе күй шеберлері» «Жалын» баспасы Алматы – 1977 , 61 – бет .



12.

Құрманғазы «Бұқтым-бұқтым»


«Бұқтым-бұқтым» - әуені көтеріңкі, жүрдек,аса қызғылықты шығарма. Жәй темпте жаттығу.


12

А.Тоқтаған, М.Әбуғазы «Құрманғазы-күйлер»,Алматы «Білім»2005ж., 84 -87 - беттер.


13.

Психологиялық күйлер. Халық күйі «Ортеке».



«Ортеке» қазақ фольклорында кең орын алған кейіпкер – Құламерген аңшының атымен тартылады.Күй орташа екпінде ойналады.Өте көркем , шұрайлы тез ұғынылады.



13

А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке»-1997ж., 72-74-беттер.



14.

Флажолеттер. Табиғи флажолеттің орындалуы. Жасанды флажолеттің орындалуы. Паганини тақырыбына вариациялар.



Флажолет – ысқырауық, ішекті аспаптарда алынатын ысқырыққа ұқсас жеңіл дыбыс. Флажолет табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.

14

А. Тоқтағанов «Домбыраға арналған хрестоматия» Алматы «Өнер» 1986ж.58-59-беттер. К. Сахарбаева «Атырау ән – күй мұхиты» Алматы «Дайк-Пресс»,2001ж.,688-бет.

А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі», Алматы «Өнер» 1992ж.,104-106-беттер.




15


Нотаны бірден оқып ойнау. Транспозиция. Домбырадағы шартты белгілер. Қожақ «Ақсақ кер»


Транспозиция дегеніміз – музыкалық шығарманы бір тональдықтан екіншісіне ауыстырып (көшіріп) орындау. Домбырадағы шартты белгілер – оң қолдағы және сол қолдағы шартты белгілер.


15

Б.Каракулов «Асыл мұра» 67-бет.

А.Жайымов,С.Бүркітов,Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж.,106-109-беттер.



16


Дыбыс,дыбыс тәрбиесі.А.Хачатурян«Лезгинка»


Дыбыспен жұмыс – домбырашының үйрену кезеңдерін қамтиды: сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуы, қол саусақ буындарының жеке-жеке сезінуі, керекті дыбысқа байланысты қсзғалыс жүйесін қалыптастыру.

16

Т.Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен « Қазақ күйлерінің тарихы»,Алматы-2000ж.,88-90-беттер.,

К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері»,Алматы «ИздатМаркет»-2006ж., 82-83-беттер.




17

Дәулеткерей Шығайұлы (1814-1887) «Қыз Ақжелең»


Төре күйлері, төре тартыс дегеніміз ең алдымен музыкалық мәдениетіміздегі күйшіліктің орныққан оқшау дәстүрі. Бұл дәстүрдегі күйлер лирикалық сезімталдығымен ерекшеленеді.

17

Қ.Ахмедияров «Жігер»Алматы «Өнер» 1996ж., 4-11-беттер., Т.Мерғалиев, С.Бүркіт, О.Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы-2000ж.,255-бет.


18

Гамма. Арпеджио. Гамма ойнауға арналған жаттығулар. Хроматикалық гаммалар. Позициядан позицияға (буыннан буынға, сағаларға) ауысудың негізгі әдістері. I-V позицияларды меңгеру.


Гаммалар мен арпеджиоларды әр түрлі штрихта, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурамен әр тональдықта ойнату.

18

А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж.,84-92-беттер., 73-бет.


19

Домбырашылық өнердегі сол қолдың саусақ кестесінің аймақаралық ерекшеліктері. Есбай Балұстаұлы туралы дерек. Есбайдың орындаушылық мектебінің кейбір ерекшеліктері. Есбай «Терісқақпай»


Күй жылдам ойнақы ойналады.Есбайдың 50-шақты күйінің ішіндегі 26 күйдің құрылымында төрт перненің әуендік қалыптық материалы бар. Төрт перне, бас буын мен саға сияқты күйдің ең қалыпты бөлігі болып табылатыны белгілі.

19

Айтжан Есенұлы «Күй – тәңірдің күбірі» Алматы « Дайк –Пресс»-1996ж., 63-72-беттер және 191-бет.


20

Музыкалық ырғақтың көркемдік мәні. Артикуляция. Агогика. Акустика. Х. Күйі «Жайма қоңыр»


Ырғақ – есту қабілетімен қатар қойылатын музыкалық қасиеттердің бірі. Ырғақ өлшеммен тығыз бірлікте. Күй өлшемдері ырғағы өзіндік ерекшеліктерімен әлі зерттеліп келе жатқан құбылыс. Күй ырғағы табиғаты күрделі, оны түсіну, түйсікте, бесіктен даритын, берілетін қасиет.


20

К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «ИздатМаркет»,2006ж., 52-59-беттер.,119-бет. А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке»-1997ж., 85-87-беттер.


21

Динамикалық дыбыс күші өзгешеліктері. М. Әубәкіров «Фантазия»


Фантазия – қиял болжам деген ұғымды білдіреді, еркін құрылымдағы шығарма. Шығарма вариациялы түрде жүреді.

21

К.Сахарбаева «Домбыраға арналған шығармалар» хрестоматиясы. Алматы «Мектеп»,2002ж., 141-157-беттер.


22

Байжігіт «Көкбалақ»(XVI-XVII ғғ.) Теріс бұраулы күйлердегі ерекшеліктер.


Домбыраның соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, секста интервалын – 1, 2 – саусақтармен, квинтаны – 3, 2 – саусақтармен, ал квартаны 4,2 – саусақтармен алу. Квинта интервалын - 2, 3, содан соң 3, 4 – саусақтармен алу.

22

А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,113-117-беттер.


23

А.Жайымов «Желдірме»


Күй – халық әуендері негізінде «желдірмелер» жанрындағы , шертпе күй дәстүріндегі шығарма. Күй басталғаннан-ақ суырып салмалық айқын аңғарылады.

23

А. Жайымов «Шаттанамын» Дайк – Пресс- Алматы, 1997. 27-бет.



24

Н. Тілендиев «Алтын дән»


Шығармада қазақ халық аспаптарының барлық орындаушылық мүмкіншіліктерін сарқа пайдаланып, қазақ халқының күй жанрын асқан шеберлікпен дамыта білген.

24

К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 235-бет.


25

Мәмен «Ақшолпан» (1859 – 1931)


«Ақшолпан» күйінде бірнеше күй буындары бір бөлім құрайды. Мәселен, күй тақырыбы мен орта буын бір арнаға құйылса, кіші саға мен үлкен саға тұтасып жатыр.

25

А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,216-221 беттер.



26

А.Жайымов «Аққулы айдын»


«Аққулы айдын» - шертпе күй дәстүрінде «Аққу» тақырыбындағы шығармалар тектес жазылған.

26

А. Жайымов «Шаттанамын» Дайк – Пресс- Алматы, 1997. 39-бет.


27

Сембек «Наз

Қосбасар»




«Наз Қосбасар»-шағын ғана әуенненқұрылған күй болғанымен өте әуезді, иірімге бай күй.


27

А. Тоқтаған, М. Әбуғазы «Тәттімбет және Арқа күйлері» Алматы «Білім» 2005ж.123-бет.


28

Е.Брусиловский «Румын әуендері»


«Румын әуендері» 1953 жылы Бухарест қаласында өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестиваліне байланысты Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестріне арнап жазылған.

28

К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 129-бет.


29

М. Әубәкіров «Жас екпін»


«Жас екпін» - жеке жоспарлы арнайы концерттік шығарма. Автор шығармада – жастық шақты, құбылмалы да жігерлі,еш нәрседен қаймықпайтын қайсарлықты көрсете білген.

29

К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 116-бет.


30

Әшімтай«Қоңыр қаз»


Бұл күй негізінен қазіргі Жезқазған, Балқаш өңірінде ерекше мәшһүр болған. Күй батыр құс – қоңыр қаз жайында сыр шертеді.

30

А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке» - 1997ж., 34-бет.


31

Нотаны бірден оқып ойнау.Сейтек «Белшешпе»


Күйдің музыкалық көркемдік тұрғысынан, оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеру, автордың ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн.

31

Б. Каракулов «Асыл мұра» Алматы – «Өнер» 70-73 беттер.



32

Нотаны бірден оқып ойнау.Дәулеткерей «Қарабас топан»


Күйді үйренгенде көңіл бөлетін жағдайлар: түсініктеме, күйді толығымен ойнау, қиын жерлеріне көбірек тоқталу, қиын тұстарын игеру жолдарын түсіндіру, есебінен қателеспей нақты ойнату.


32

Б. Каракулов «Асыл мұра» Алматы – «Өнер», 48-51- беттер.


33

Емтиханға дайындық


1.Мәмен «Он жетінші жыл»

2.Қазанғап «Домалатпай Ақжелең»

3. Сембек «Наз Қосбасар»

4. Н. Тілендиев «Алтын дән»

5. Е. Брусиловский «Румын әуендері»


33

А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,216-221 беттер.

С.Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап» Алматы – 2001ж. 22-бет.

А. Тоқтаған, М. Әбуғазы «Тәттімбет және Арқа күйлері» Алматы «Білім» 2005ж.123-бет.

К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 235-бет.

К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 129-бет.

7. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

Осы пән оқыту бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар: ПОӘК-нің тараулардың мұқият талқылау, пән ерекшеліктері бойынша қолданылатын оқыту әдістері, әдебиетпен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар, семинар, СОӨЖ, СӨЖ, практикалық сабақтарының орындалуы бойынша нұсқаулар, білімді бағалау жөніндегі мәліметтер, бағалау критериялары, сонымен қатар негізгі бақылау түрлері және дайындау материалдары бойынша нұсқаулар.
Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

1-апта

1 практикалық сабақ

1.Тақырып ; Кіріспе сабақ. Дәстүрлі орындаушылық төкпе және шертпе мектептері. халық күйі «Түрікпен»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Тербеліске дайындық сол қол саусақтарын пернеге дұрыс орналастырып болғаннан кейін , алдымен қағыссыз , 4 – саусақты жекелеп қағыссыз тербеліс қозғалысын үйретіп , сонан соң қағыспен бір пернеде тербелтіп , келесіге ауыстырып , саусақ бір – бірлеп қосылады.

3. мақсаты: Тербеліс жиілігі , пәрмені шығарма мазмұны , болмысына екпініне , ырғағына тәуелді.

4.Практикалық сабақ мазмұны ;қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.

(қарастырылатын мәселелер)



Әдебиет; Айтжан Есенұлы , Гүлперизат Елеусізқызы « Күй керуені » Алматы «Өлке» - 1997 ж.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану,үнтаспа.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі» «Өнер» Алматы-1992ж. 48-49 бет.
2-апта

2 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Сақбике «Керілме»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Күйлердің шығу тегі өнердің әлеуметтік функциялардың бірі тұрмыстық магия болған тарихи кезеңдер.

3. мақсаты: Бізге жеткен көне күйлердің сырлы саздарында магиялық қасиеттері.

4. мазмұны: Қазіргі уақытта аңыз-күйлердің көпшілігі ертегі-әңгіме тәрізді болып қалды. Алайда, уақыт сағымының құрдымына кеткен өткен ғасырлардың сырлы үнін біздің заманымызға сақтап жеткізген осы аңыз-күйлер екенін ешқашан естен шығармағанымыз жөн.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі» «Өнер» Алматы-1992ж. 48-49 бет.
СОӨЖ

3 практикалық сабақ



1.Тақырып:Көне аңыз-күйлер. Халық күйі «Нар идірген»

2.Қарастырылатын сұрақтар :Күйлердің шығу тегі өнердің әлеуметтік функциялардың бірі тұрмыстық магия болған тарихи кезеңдерді қамтиды. Бізге жеткен көне күйлердің сырлы саздарында магиялық қасиеттердің кейбір жұрнақтары сақталған.Қазіргі уақытта аңыз-күйлердің көпшілігі ертегі-әңгіме тәрізді болып қалды. Алайда, уақыт сағымының құрдымына кеткен өткен ғасырлардың сырлы үнін біздің заманымызға сақтап жеткізген осы аңыз-күйлер екенін ешқашан естен шығармағанымыз жөн.

3.мақсаты:Халықтың өткені,тұрмыс-тіршілігі, болмыс-бітімі мен ой-арманы туралы небір деректерді көне аңыз-күйлерден танып білуге болады. Олар аққудың сұңқылы, нардың боздауы, құланның дүбірі, жорғаның жүрісі сияқты небір суреттерді көз алдыңа әкеледі.

4.мазмұны: «Ақсақ қыз», «Ақсақ құлан», «Ақсақ аю», «Ақсақ қаз», «Ақсақ киік», «Ақсақ қой» атты күйлер халық ұғымындағы ақсақ аруақтар культімен тығыз байланысты екенін байқау. «Қос келіншектің зары», «Жетім қыз», «Арбиян қоңыр» сияқты жоқтау күйлерде халықтың өзен суларының екі дүниені бөліп тұратындығы жайындағы діни ұғым түсінігі сақталған. : А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,94-бет.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6.Әдебиет: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,80-бет.

3-апта

4 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Боғда «Жем суының тасқыны»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Төкпе күйдегі буындар мен кіші сағаны меңгеру үшін әуелі ашық ішектердегі ( ре-соль ) дыбыстардан басталатын күйлерді үйрену.

3. мақсаты: Кейін жабық ішектен басталатын күйлерді үйренген жөн.Бас буын ( б.б )., орта буын ( о.б.)., кіші және үлкен саға деп аталатын төкпе күйдің құрылымы.

4. мазмұны: Орындаушылық – терминологияға көптеген қағыс әдістерінің аттарынан басқа, домбырашының сол қолының аспап мойынындағы белгілі бір мөлшерде берілген атаумен орналасуы

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,121-бет.


4-апта
5 практикалық сабақ

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет