Барлығы – 135 сағат



бет10/15
Дата29.01.2018
өлшемі2,04 Mb.
#35753
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

арастырылатын сұрақтар:

Тақырып: Активтер және коммерциялық банктің активтік операциялары мен активтік портфелі

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Банк активтері. Олардың құрамы мен құрылымы

  2. Банк активтерін басқару

  3. Банк активтерінің топтастырылуы

  4. Активтерді басқарудың халықаралық тәжірибесі

Дәріс мазмұны:

1. Банк активтері оның табысын қалыптастырудың басты көзі ретінде ерекше маңыздылыққа ие.

Банк активтері қалыптасқан қаражаттарды пайдаланудың бағыттарын көрсетеді және келесідей сипатта болады:



  • банктің барлық активтері оның пассивтерінің құрамымен анықталады және оған тәуелді болады;

  • табысты және аз табысты болып бөлінеді;

  • банк активтері жоғары өтімділікті, сондай-ақ төмен өтімділікті болуы мүмкін,

  • негізгі құралдардан басқа, барлық активтер қаржылық ресурстар түрінде болады;

  • банктің шаруашылық субъектілерімен, тұрғындармен, Ұлттық банкпен, басқа да халықаралық қаржылық институттармен, банктермен, мемлекетпен өзара қарым-қатынасты білдіреді.

Банк активтері өзіне мыналарды жатқызады: қолма-қолдылық және корреспонденттік шот; клиенттерге және басқа да банктерге оларға берілген несиелер мен олардың орналастырған депозиттері бойынша талаптар; банк портфеліндегі бағалы қағаздар, дебиторлық бережақ және негізгі құралдар мен материалдық емес активтер түріндегі айналымнан тыс активтер.

Активтердің маңызды бөлігі банктермен банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде қалыптасады.



Активтік операциялар дегеніміз- өтімділікті көтеру және табыс алу мақсатында банк ресурстарын (меншікті және тартылған капитал) орналастыру бойынша операциялар.

Өз кезегінде активтік операциялар екінші деңгейдегі банктердің активтерін қалыптастырады. Банк активтерінің құрылымы келесідей түрде болады (сызба 1).


Активтер
Қолма-қолдылық Талаптар Инвестиция- Айналымнан Дебиторлар

(ссудалар және лар тыс активтер (басқа

лизингтер) да активтер)
Сызба 1. Банк активтерінің құрылымы
Қолма-қолдылық және оған теңестірілген эквиваленттер- бұлар кассадағы, айырбас пункттеріндегі, банкоматтардағы, жол чектеріндегі ақшалай құралдар; ҚР ҰБ-нің және басқа да банктердің корреспонденттік шоттарындағы бос ақша қалдықтары; аффинирленген бағалы металлдар.

Клиенттерге және басқа да банктерге қойылатын талаптар-бұл жеке және заңды тұлғаларға қайтарымдылық, төлемділік және мерзімділік шартында банктермен берілген және банктерге орналастырылған ссудалар мен қаражаттар.

Инвестициялар- банкпен қаржылық құралдарға (банк портфеліндегі бағалы қағаздар, кері РЕПО операциялары және т.б.) салынған ақшалай ресурстар.

Айналымнан тыс активтер- ғиммараттар, жиһаздар және құрал-жабдықтар түріндегі материалдық емес активтер мен негізгі құралдар және т.б.

Дебиторлар- жеткізушілердің, қызметкерлердің, бюджеттің банк алдындағы дебиторлық бережағы және басқа да активтер.
2. Банк активтерін басқарудың мақсаты- бұл меншікті және тартылған қаражатты тиімді орналастыру негізнде банктің барынша мол пайдаға қол жеткізуі.

Активтерді басқарудың сапасы келесі көрсеткіштер қатарына әсер етеді:



  • өтімділік

  • пайдалылық

  • сенімділік

  • тұрақтылық.

Банк активтерін басқару келесідей қағидаларға негізделеді:

  1. банк активтерінің тиімді құрылымын қамтамасыз ету;

  2. диверсификация (активтік операцияларды кеңейту)

  3. тәуекелдерді анықтау және резервті құру

  4. активтердің тұрақты табыстылығын қамтамасыз ету.



3. Банк активтерін келесі критерийлар бойынша топтастыруға болады:

  1. тағайындалуы бойынша;

  2. өтімділігі бойынша;

  3. тәуекел деңгейі бойынша;

  4. орналастыру мерзімі бойынша;

  5. субъектілері бойынша.

Тағайындалуы бойынша активтер келесідей бөлінеді:

- кассалық активтер- бұл банктің өтімділігін қамтамасыз етеді;

- айналым активтері- банкке ағымдық табыстар әкелетін активтер;

- инвестициялық активтер- болашақта табыс әкелетін және басқа да стратегиялық мақсаттарға жету үшін тағайындалған активтер.

- капиталдандырылған (айналымнан тыс активтер)- бұл банктің шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін тағайындалған активтер.

- басқа да активтер.

Өтімділігі бойынша активтер былайша топтастырылады:

жоғары өтімділікті активтер немесе оны бірінші класты өтімді қаражаттар деп атайды: қолма-қол ақшалар, бағалы металдар, ҚР ҰБ-нің қаражаттары және т.б.



- өтімді активтер – бұл ақшалай құралдарға айналуы мүмкін банк иелігіндегі активтер: несиелер және банк пайдасына түсетін төлемдер, жай таралатын бағалы қағаздар және басқа да тез таралатын құндылықтар;

- ұзақ мерзімді өтімді активтер: несиелер, орналастырылған депозиттер, соның ішінде бағалы металлдар түріндегілер.

- аз өтімді активтер: ұзақ мерзімді инвестициялар, капиталдандырлған активтер, мерзімі өтіп кеткен бережақтар.
Тақырып: Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Бакнтік несиелеу жүйесі туралы түсінік және оның негізгі элементтері.

  2. Несиелеу принциптері, несиені беру және қайта өтеу механизмі.

  3. Несиенің қайтарымдылығы, ақылылығы, мерзімділігі, материалдық қамтамасыз етілуі.

Дәріс мазмұны:

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында несиенің негізгі формасына банк несиесі, яғни, коммерциялық банк беретін несиенің әр түрі мен тұрпаты жатады. Банк несиесі саласында несиелік қатынастың субъектілеріне шаруашылық органдары, халық, мемлекет және банктердің өздері жатады. Белгілі болғандай, несие мәмілесінде несиелік қатынастың субъектілері несие беруші және қарыз алушы ретінде шығады.



Несие берушіге өзінің уақытша бос қаражатын белгілі бір мерзімге қарыз алушының иелігіне беретін тұлға (жеке және заңды) жатады.

Қарыз алушы – қаражатты (ссуданы) пайдалану үшін алатын және оны белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті несиелік қатынастағы тарап. Банк несиесіне келсек, бұл арада несие мәмілесінің субьектілері ретінде екі тұлға,яғни, несие беруші мен қарыз алушы алға шығады.Бұл мынаған байланысты: банк негізінен тартылған қаражатпен жұмыс істейтіндіктен банк шотына қаражатын орналастыратын субъектілердің ( шаруашылық органдары, халық, мемлекет) алдында қарыз алушы ретінде болады. Өзінде шоғырландырылған ресурстарды қаражатқа мұқтаж субъектілердің пайдасына қайта бөлу арқылы банк несие берушіге айналады. Халық шаруашылығы, мемлекет және т.б секілді несие мәмлесінің өзге тараптары өз қаражатын банк шотына орналастыру арқылы несие берушінің рөліне енеді, ал ссуданы сұрағанда қарыз алушыға айналады.

Коммерциялық банк өз клинеттеріне әр қилы белгілері бойынша жіктеуге болатын несиенің әр түрін ұсынады.

Ең алдымен қарыз алушылардың негізгі тобы бойынша жіктеуге болады, мәселен, халыққа, мемлекеттік органдарға берілетін несие.

Тағайындалу (бағыты) бойынша несиені былайша жіктеуге болады:


  • Тұтыну несиесі;

  • өнеркәсіп несиесі;

  • сауда несиесі;

  • ауыл шаруашылығы несиесі;

  • инвестициялық несие;

  • бюджеттік несие;

Шаруашылықтың барлық саласындағы кәсіпорындарға берілетін банк несиесін жұмыс істеу салаларына қаоай екі негізгі түрде болуы мүмкін:негізгі қордың ұлғайтылған ұдайы өндіріске қатысатын ссуда және айналым қорын ұйымдастыруға қатысатын несие. Соңғысы өз кезегінде өндіріс саласына бағытталатын несиеге және айналым саласына қызмет ететін несиеге бөлінеді.

Пайдалану мерзімі бойынша мынадай несиелер бар:

  • талап етілмелі;

  • мерзімді;

Соңғысы өз кезегінде мыналарға бөлінеді:

  • қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін)

  • орта мерзімді (1жылдан 3жылға дейін)

  • ұзақ мерзімді (3 жылдан көп)

Әдетте, айналым қорын қалыптастыратын несие қысқа мерзімді болып келеді, ал негізгі қордың ұлғайтылған ұдайы өндірісі қатысатын ссуда орта және ұзақ мерзімді несиелерге қатысты.

Мөлшері бойынша несиелер – ірі, орта және ұсақ, ал қамтамасыз етілуі бойынша – қамтамасыз етілмеген (бланктік) және қамтамасыз етілген несиелер. Қамтамасыз етілу сипаты бойынша кепілзаттық, кепілдікті және сақтандырылған несиелер.

Берілу тәсілі бойынша банк ссудасын өтемақы ссудасы және төлем ссудасы деп бөлуге болады. Бірінші жағдайда несие қарыз алушының есеп айырысу шотына оның тауарлы – материалдық құндылыққа салынғаннемесе шығынға жұмсалған өзіндік қаражаттың орнын толтыру үшін бағытталады.Екінші жағдайда банк ссудасы несиеленген шара бойынша төлемді төлеуі үшін қарыз алушыға ұсынылатын ақшалай есеп айырысу құжатының төлеміне тікелей бағытталады.

Өтелетін әдісіне қарай мерзімі ұзартылған (бөліктеп, біртіндеп) банк ссудасы және бір мерзімде өтелетін (белгілі бір күнде төленетін)ссуда болып бөлінеді.

Кәсіпорындардың және өзге де ұйымдық – құқықтық құрылымдардың өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін банк несиелеудің принциптері несиелеу жүйесінің негізгі элементі болып табылатындықтан несиенің мәні мен мағынасы, сондай- ақ, объективті экономикалық заңдылықтардың, оның ішінде,несие қатынасы саласындағы заңдылықтардың талаптарын бейнелейді.



Несие принциптері – несиенің қайтарылу мерзімділігі, саралануы, қамтамасыз етілуі,ақылығы.

Осы заманғы коммерциялық банктер несие ақысын белгілегенде ескеретін негізгі факторлар:



  • коммерциялық банктердің ҚР ҰБ – ға беретін ссуда бойынша проценттің базалық мөлшнрлемесі;

  • банкаралық несие бойынша орташа процент мөлшерлемесі,яғни, өзінің активтік операциялары үшін басқа коммерциялық банктен сатып алынатын ресурстардың орташа процент мөлшерлемесі;

  • банктің әр түрлі депозит шоты бойынша өз клиентіне төлейтін орташа процент мөлшерлемесі;

  • несие ресурстарының құрлымы (тартылған қаражаттың үлесі неғұрлым жоғары болса,несие соғұрлым қымбат болуы керек);

  • шаруашылық жүргізүшілердің несие сұранысы ( сұраныс неғұрлым жоғары болса,несие соғұрлым арзан);

  • несие сұралатын мерзім және несие түрі,дәлірегі,қамтамасыз етілуіне қарай банк үшін оның қатер деңгейі;

  • елдегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция неғұлым жоғары болса,несие ақысы соғырлым қымбат болуы керек, яғни ақшаның құнсаздануынан банктердің өз ресурстарын жоғалтып алу қатеріартады).

Банк несиесінің барлық принциптерін іс – тәжірибеде қолдану жалпы мемлекеттік мүдделердің сақталуына және несие мәмілесіне қатысатын екі тараптың мүдделерін сақтауға мүмкіндік береді.

Несие саласындағы қатынас белгілі бір жүйе бойынша қарастырылады.

Несие процесінің ұйымдастырылуын анықтайтын және оның несие принциптеріне сәйке реттейтін элементтердің жиынтығын несие жүйесі ретінде ұғынуға болады.Элементтерді құраушы ретінде ол мыналарды қамтиды:


  • несиеленетін операцияға қарыз алушының өз қаражатының қатысу деңгейі және тәртібі;

  • несиенің мақсатты тағайындауы: несиелеудің әдісі ссудалық шоттың формалары;

  • ссудалық берешектерді реттеудің тәсілдері;

  • ссудалық қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына және олардың уақыттылы қайтарылуына жүргізілетін бақылаудың формалары мен тәртібі;

Несие принциптеріне сәйкес несиені берудің тәсілдерін және өтеудің тәсілін несиелеудің әдістері ретінде ұғуымыз қажет.

Жаңа коммерциялық құрылымдарға, яғни өзге меншік формасының субъектілеріне қатысты ссуда берілгенде коммерциялық банктер шетелдік тәжірибеге сүйеніп, несиелеудің басқа әдістерін пайдаланады.

Банк тәжірибесінде несиелеудің екі әдісін пайдаланады.Бірінші әдістің мәні: ссуданы ьеру жөніндегі мәселе шекті тәртіпте әрдайым шешілетін болады.Ссуда белгілі бір мақсатты қажеттілікке беріледі. Бұл әдіс ссуданы нақты мерзімге беруде, яғни, мерзімді ссудада қолданылады.

Екінші әдісте ссуда банктің қарыз алушы үшін бұрын белгіленген несие лимиті шегінде беріледі. Ол белгілі бір кезең ішінде оған ұсынылатын төлем құжатын төлеу жолымен қажеттілікке қарай пайдаланылады.

Несие берудің мұндай формасы ашық несие желісі деп аталады. Ашық несие желісі клиент пен банк арасында бекітілетін несие келісімінде қарастырылған кез келген ақшалай есеп айырысу құжатын несие есебінен төлеуге мүмкіндік береді. Несие желісі негізінде бір жылға ашылады, алайда, одан да қысқа кезеңге ашылуы мүмкін. Несие желісінің мерзімі ішінде клиент ссуданы кез келген сәтте банкпен қосымша келіссөздер жүргізбей – сқ және рәсімдеудің қандай да бір рәсімдерін орындамай – ақ ала алады. Алайда, банк қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын анықтаса, клиентке бекітілген лимиттің аясында ссуданы беруден бас тартуға құқылы. Несие желісі, әдетте, репутациясы жақсы әрі қаржылық жағдайы тұрақты клиентке ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несие желісі қайта қарастырылуы мүмкін.

Жаңғыртылатын және жаңғыртылмайтын несие желілері бөліп көрсетіледі. Жаңғыртылмайтын несие желісі ашылған жағдайда банк пен клиент арасындағы қарым – қатынас ссуданың берілуі мен өтелуінен кейін үзіледі, яғни, аяқталады. Жаңғыртылмалы несие желісінде несие белгіленген берешек димиті шегінде автоматты түрде беріледі әрі өтеледі. Банк несие желісінің жыл бойы немесе басқа кезең ішінде жүзеге асырылатын бір контрактінің аясында белгілі бір тауарларды жеткізудің төлемі үшін клиентке ашқан болса, ол мақсатты несие желісі деп аталады.

Жаңғыртылмалы несие желісінің әдісі ірілендірілген объекті айналымы бойынша несиелеудің отандық әдісіне сырттай өте ұқсас. Сондықтан да « ескі» мемлекттік клиентураға қызмет көрсететін коммерциялық банктер «ашық несие желісі» терминін несиелеудің осы формасына қатысты кездейсоқ қолданылып жүрген жоқ. Алайда, олардың арасында айырмашылық бар. Мәселен, шетелдік банктер несие желісін тек бірінші класты клиенттерге ғана ашады. Оның үстіне, несиелеудің лимитін ( бұрын жасалған несие шекарасы) анықтайтын тәсілі де өзгеше және несие арқылы қайтарылатын төлемдердің мөлшері жоғары. Ал, бұл бізде әлдеқайда басқаша. Бұл кемшіліктер жаңа несие желілерінде, яғни, коммерциялық құрылымдарда ұшыраспайды. Алайда, бұл клиентураны несиелеудің негізгі әдісі әрбір жекелеген ссуданы беру барысындажеке тәсіл қолданылады.

Несиелеу әдісіссуданы беруде және өтеуде пайдаланылатын ссудалық шот формасының пайда болу қажнттілігін тудырады.Қарыз алушыларды несиелеу бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін коммерциялық банк мекемесі оларға ссуда шотын ашады: әдеттегі (жай) және арнайы.



Арнайы ссуда шоты әдетте,төлем айналымының көп бөлігі несие арқылы жүзеге асатын, банк неиесін ұдайы қажетсінетін қарыз алушылар алады.

Бүгінгі тауар қорының айналымы бойынша арнайы ссуда шоты арқылы мемлекеттік бөлшек және көтерме сауда ұйымдары, сондай – ақ өткізу – жабдықтау қыжметі несиеленеді.Несие беру үшін арнайы ссуда шотын пайдалану банк банк ссудасын уақытылы өтеуге арналған әрі қарыз алушылардың өзінде қаражатын ұдайы өндіріс процесіне толық қатыстырылуын ұйғаратын осы шоттың несиесіне тауарларды өткізуден түскен барлық түсімдерді бағыттап отыруды қажет етеді. Несие осылайша арнайы ссуда шоты бойынша тұрақты түрде берілетін әрі өтелетін болады. Есеп айырысу шоты бұл арада қосалқы шоттың рөлінде болады, өйткені, ол бойынша ең алдымен пайданы бөлумен және еңбекақы төлеумен байланысты операциялардың шектеулі тобы ғана орындалады. Бұл үшін клиенттің арнайы шотынан есеп айырысу шотына кезең сайын оның түсіміндегі материалдық емес шығындардың және пайданың жоспарлы үлесі аударылып отырады.

Кәсіпорынға бір ғана арнайы ссуда шоты ашылуы мүмкін, алайда, бұл, банк қандай да бір тауарды, шығынды немесе оларға қатысты шараны жеке несиелегісі келсе, жай ссуда шотын ашудың да мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Жай ссуда шоты банк іс- тәжірибесінде көбінесе бір жолғы ссуданы беруде пайдаланылады. Ол бойынша берешектер мерзімді міндеттеме – тапсырма негізінде қарыз алушымен келісілген мерзімде өтеледі.

Егер бір мезгілде бірнеше объектіні несиелегісі келсе, кәсіпорынға бірден бірнеше жай ссуда шоты ашылуы мүмкін және осыған орай ссуда әр түрлі мерзімге, әр түрлі шартпен әрі әркелкі процентпен беріледі. Ссуда есебін бұлайша оқшауланады:оларды қарыз алушының уақытылы өтеуіне банктердің бақылау жүргізуі үшін маңызды болады.

Алайда, төлем сипатындағы несиені берудің жай ссуда шоты бұрын да пайдаланылып келген, қазір де пайдаланылып жүр.Мәселен, жаңа коммерциялық құрылымдарда несие ашық несие желісімен жай ссуда шотынан беріледі. Ол бойынша мемлекеттік өнеркәсіп,құрылыс,көлік,ауыл шаруашылығы және дайындық ұйымдарындағы ірілендірілген объекті айналымы бойынша несиелеу жүзеге асырылады. Мұнда екі жағдайда да төлем несиесі өндірістің тауарлы – материалдық және қызмет көрсатутөлемдеріне қажетті қаражатының пайда болуына қарай кезең сайын беріледі. Алайда мұндай режимде пайда болған берешекті клиенттің барлық түсімін осы шотқа есептеу жолымен өтеуге арналған әдеттегі тәртіпте, яғни мерзімді міндеттеме – тапсырма негізінде несие келісімшартымен белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

Төлем қабілеті жоғары және несиені өтей алатын бірінші класты қарыз алушыны банк мекемесі банк іс- тәжірибесінде контокорренттік деп аталатын бірыңғай активтік – пассивтік (ссудалық – есеп айырысу) шотын пайдалану арқылы несиелеуі мүмкін.Бұл шот банктің клиентке сенім білдіруінің жоғарғы формасы болып табылады. Бұл шоттың дебеті бойынша өндірістік қызметпен пайданы бөлумен байланысты клиенттің барлықтөлемдері өтеді, ал неисеге түсімдер мен кәсіпорынның пайдасына түскен барлық өзге түсімдер есептеледі. Шоттың несие сальдосы кәсіпорынның айналымында осы сәтте ақшасы барын, ал, дебет сальдосы айналымға процент өндіріліп алынатын банк несиесінің өзге түрлерін рәсімдеу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл несие контокорренттік шоттағы несиеге немесе жеткізушінің (жабдықтаушының ) шотының төлеміне тікелей аударылады.

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық қатынасына көшкелі бері жай ссуда шоты ( пайдаланудың әр түрлі режимімен) ссудалық шоттың артықшылыққа ие басты формасына айналды.
Тақырып: Шағын және орта бизнесті несиелеудің ерекшеліктері

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Орта және шағын кәсіпкерлерді несиелеудің жалпы және жеке тәртібі

  2. Шаруа қожалықтарын несиелеу тәртібі және несиелеу объектілері

  3. Ауыл шаруашылық фермелерін несиелеудің шет елдік тәжірибелері және несиені қамтамасыз ету формалары, тікелей және жанама несиелеу, вексельдерді есептеу.



Дәріс мазмұны:

Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығындағы реформалар кешені мен құрлымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бір қатар тәуелсіз мемлекеттердің құрлуы мен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды және халықтың материялдық тұрмыс жағдайы жақсаруының тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.

Қазіргі уақытта ғалым-зеріттеушілер кәсіпкерлік проблемаларды әр түрлі жалпы экономикалық баптар тұрғысыннан белсенді қарастыруда: олар басқару, қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субьектілерді шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау, кәсіпкерліктің қызмет ету жүйелері, т.б.

Осы аймақтағы зерттеулер санының көптігіне қарамастан, отандық және шетел ғалымдарының еңбектерінде шешілмеген проблемалар әлі де көп. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев кәсіпкерлердің Х форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын, орта және ірі кәсіпкерліктің аяғына дейін өңделген сандық және сапалық бағалау өлшемдері критерийлерінің шағын және орта бизнестің (ШОБ) соңына дейін ойластырылған ұғымдық аппаратының жоқтығын атап өтті.Сонымен бірге, ШОБ-тың мәнін анықтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін ашып және айқындаған орынды, тек сонан-соң «шағын және орта бизнестің» негізгі түсінігін нақтылау қажет.



Кәсіпкерлік экономикалық жүйенің белгілі түрімен байланысты және оның пайда болуына бірнеше маңызды алғышарттар себепші болды:

  • азматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы;

  • дүниеге келгеннен ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтар кешені мен үйлестірілген, жеке адам санасының қалыптасуы және қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы келетін мүдделер;

  • өзінің қазіргі түсінігінде жеке меншікке ажыратылмайтын құқық санасының қалыптасуы мен нығаюы және сонымен байланысты экономикалық еркіндік немесе экономикалық таңдау еркіндігі;

  • меншіктің мемлекеттік биліктің және соған сәйкес экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі;

  • өмірдің экономикалық , әлуметтік және саяси сфераларының бөлінуі;

  • нарықтық экономиканың пайда болуы және т.б.

Кәсіпкер жиналған тәжірбиесін пайдалана отырып, факторларды «экономикалық ресурстар өнімділігі мен табысы төмен саладан, өнімділігі мен пайдасы жоғары салаға», ауысатындай үйлестіруі қажет.Ол капиталистен айқын ерекшеленеді. Кәсіпкерлікке сұраным оның өніміне сұранымның тундысы болып табылады. Ал, кәсіпкерлік ұсыным болып оның рухани (жеке) қасиеттері мен тәжірбиесі және «байланыстары» табылады. Ж.Б. Сэйдің айтуынша кәсіпкер келесі қасиеттерге ие болуы қажет:

  • төлеуге қабілетті, парасатты, сақ, шыншыл және тұрақты болу;

  • зайым түрінде капиталды тарту мен несиелерді уақытында қайтара білу;

  • өз бойына әділеттік, қайсарлық және бизнесті жете білу сияқты моральдық қасиеттерді сиғызу;

  • жеткілікті дәлдік пен, қандай да бір тауардың маңыздылығы мен ерекшелігін, болжамды сұраным мен оны өндіру тәсілдерін бағалай білетін күйде болу.

Берілген талартарға сай келетін, адам санының шектулі болуынан кәсіпкердің өз қызметі үшін алатын жал ақысы басқа жұмыскерлердің табысына қарағанда жоғары. Кәсіпкер табыстары тек жалақымен шектелмейді, олар капиталдан алынатын табысты, егер ол болса және кауіп үшін төлемдерді қамтиды.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап кәсіпкерліктің проблемалары отандық және ТМД елдері ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырлады.Әрине, жүргізілген зеріттеулерде кәсіпкерлікке, кәсіпкерге және кәсіпкерлік табысқа ортақ анықтама берілмеген. Сонымен қатар, бірқатар авторлардың айтуынша, зеріттеушілердің барлық талпыныстары алғашында сәтсіздікке ұшырайды. Бұл әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің жүргізетін саясатын, қойылған зеріттеу мақсаттарының әр түрлілігіне, тікелей кәсіпкерліктің даму деңгейіне және т.б, байланысты. Сонымен бірге, соңғы еңбектерде кәсіпкерлік процесі өзін жаңарту мен өзін ұйымдастырудың синергетикалық моделі ретінде қарастырылған. Кәсіпкерлер өздерінің жұмысын тиімді жүргізу нәтижесінде капиталды жинау мүмкіндігіне ие болады. Өндірістің алдағы даму спираль бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен, кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызмет проблемалары-ғалым-зерттеушілердің еңбектерінде әр түрлі варианттарда қарастырлады. Орындалған экономикалық зеріттеулер талдауының негізінде, кәсіпкерліктің экономикалық мәнін нақтылап, толықтыруға талпынып, содан соң берілген сатыда, анағұрлым таралған формада әрекет ететін шағын кәсіпкелікке анықтама беруге тырысамыз, бірақ алдымен бізге «кәсіпкер» котегориясын тұжырымдау қажет. Сөйтіп, әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу мен қорыту кәсіпкердің келесі сипаттамаларын ажыратуға мүмкіндік береді:

1)кәсіпкер – бұл қауіп, белгісіздік;

2)кәсіпкер- бұл пайданы және үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу;

3)кәсіпкер өндірістің барлық факторларын үйлестіреді: еңбек, жер, капитал;т.б.

4) кәсіпкер жаңалықтарға бейім; жаңа өнім мен қызметтерді өндіруге, жаңа әдістерді енгізуге және өткізудің жаңа нарықтарын іздеуге, инновациялық менеджментке;

5) кәсіпкер- бұл кәсіпкерлік істі жүргізу үшін жігерлі, білім мен ақпараттың белгілі деңгейін меңгерген адам;

6) кәсіпкер табыс алу мақсатында жаңа идеялардың болашағын бағалауға, алынған ақпаратты талдауға және нарықтық қалыптасқан конъюнктурасы тұрғысынан шешімдерді қабылдауға қабілетті;

7)кәсіпкер кез келген, әсіресе белгісіз жағдайларда бір ғана дұрыс шешімді қабылдауы тиіс.

Кәсіпкер берілген қабілеттерін, кәсіпкерлік процестің барлық сатыларына ( өнімді құру сатысы, еңбек өнімін өндіру сатысы, еңбек өнімін тұтыну сатысы ) сәйкес бірқатар белгілі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады.

Ол:


1) сатып алушылардың сұранысын және олардың төлем қабілетін зерттеу бойынша ғылыми- зерттеулерді жүргізуге;

2) өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ететін, бұйымның белгілі өлшемдері мен сыртқы түрі бойынша техникалық құжаттарды дайындауға ;

3) бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін дайындауға

4) өнімді өндіруде барлық қажетті шикізат, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге;

5) берілген өнімді өндіру үшін ең жетілген технологиялық процесс пен басқарудың тиімді схемасын таңдауға;

6) халықтың төлем қабілеті едәуір жоғары өткізу нарықтарын анықтауға міндетті.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті-құқықтық базаның жетілдірілмеуімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық-коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен; капиталдың тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің моральді және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде. Осыған қарамастан республикада ШОБ қызметінің алғашқы жемістері бар, бірақ оның көпшілігі сауда мен делдалдық қызметтерде.

Нарықтық қатынастарды енгізуші ТМД республикаларының біразында, соның ішінде Қазақстанда ШОБ кеңінен тарады, « өйткені шағын және орта бизнессіз нарықтық экономика не қызмет ете алмайды, не дамымайды ». Нарықтық әр түрлі аймақтарын жеңіп алу және көптеген елдердегі шағын кәсіпкерліктің әлемдік нарықта өркендеуі, экономиканың осы сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерін мақсатты түрде мемлекеттік қолдау, ғалым-зерттеушілердің оның негізгі сипаттамаларын негіздеуде, Ұлттық экономикадағы рөлі мен орнын анықтауда қызығушылығын тудырмай қоймады.

Ғалымдардың басым бөлігі ШОБ- тің мәні «максималды пайданы алуда ғана емес, сонымен қатар тәуелсіздік, шығармашылық сипат пен ерекше тұрмыс қалпы сияқты материалдық емес факторлардан адамдардың алатын қанағатында» деп санайды.

Бірқатар авторлар ШОБ монополияланған экономика жағдайында маңызы ерекше бәсекелестік ортаны құрайды деп пайымдайды. В.Афанасьевтің пікірі бойынша, «шағын және орта бизнес өзінің табиғаты жағынан монополияға қарсы, ол оның қызметінің әр түрлі жақтарында көрінеді. Бір жағынан ол, оны құраушы элементтердің аз болуынан және жоғары динамикасынан, монополиялауға аз дәрежеде түседі. Екінші жағынан, тар мамандану және жаңа техниканы пайдалану барысында ШОБ, ірі корпорациялардың монополистік позицияларын бұзатын, қауіпті бәсекелес ретінде болады ».

Шағын кәсіпкерліктің басқа артықшылықтарын, авторлар айналымдылықтың жоғары жылдамдығы және құрылыс мерзімдерінің қысқартылуынан, негізгі қорлардың жалпы құнындағы белсенді бөлігінің жоғарлауынан, басқару персоналдарын ұстау шығындарының төменділігінен, ірі капиталды тарту қажеттігінің жоқтығынан қамтылған күрделі және ағымдағы шығындардың тиімді қолданылуынан көреді.

Зерттеушілердің бірқатары ШОБ-тің жағымды жақтарымен қатар, әлсіз жақтарын да атап өтті. Сонымен, Ю.Кочевриннің пікірі бойынша, «шағын және орта өндірістің негізгі анықтаушы белгісі оның тұрақсыздығы болып табылады. Бұл тұрақсыздық капитализмнің монополистік сатысында ерекше жоғарылайды».Өз қорытындыларын автор АҚШ-тың ШОБ-сі қызметінің мысалында шағын кәсіпорындардың «өлімі» және «өмір сүру ұзақтығымен» дәлелдейді. Жыл сайын АҚШ – та 350 мыңға жуық кәсіпорындар жабылады, мұндағы компониялардың жалпы санының тек 26% 5,5 жылға дейін өмір сүреді. Бұл ойдың жалғасы А.Тоқсанованың «Қазақстанда тіркеуге алынғаннан кейін бір жыл ішінде шағын және орта кәсіпорындардың 23,7 % алғашқы төрт жылда – 51,7%, алғашқы алты жылда – 62,7% шығынға ұшырайды» тұжырымында көрініс табады.

Шағын және орта бизнестің өмір сүру мерзімдерін ұзарту үшін барлық әкімшілік тосқауылдарды жою, салық жүктемесін төмендету, жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін каникулдарды енгізу, инфрақұрылымдарды дамыту, шағын және орта кәсіпорындарда жұмыс істеу үшін маркетинг пен менеджмент аймағында мамандарды дайындау қажет.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерліктің мәні мен оның экономикаға көрсететін ықпалын бағалауға қатысты мәселелерге үлкен назар аударылады. Сондай-ақ кәсіпкерлікті зерттеу барысында XIX ғасырдағы ағылшын экономисі Р.Кантильоннің еңбектерін де қарастырған артық болмас. Ол өзінің 1755 жылы шыққан «Жалпы сауда табиғаты туралы тәжірибе» атты еңбегінде кәсіпкерлікті тауарларды сату және сатып алуға қатысты нарық субъектілерінің қатынасы ретінде қаратырда және олардың ішінен мыналарды атап көрсетті: тауар өндірісімен, көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер , жеке саудагерлер; өз әрекеттері үшін капиталды қажет етпейтін кәсіпкерлер; өзінің жеке еңбектерінің кәсіпкерлері. Кәсіпкерлердің бірінші категориясына фермерлермен саудагерлерді, мауфактуралық тауарларды сатушыларды дүкеншілерді және жеке саудагерлерді жатқызды. Р.Кантильоннің пікірінше « аталмыш кәсіпкерлердің барлығы бір - біріне қатысты тұтынушылар мен сатып алушылар болып табылады» , соның нәтижесінде егер «.. кәсіпкерлердің саны аз болса» олардың кірісі мол болады. Кәсіпкерлердің екінші категориясы- өзінің жеке еңбегі негізінде әрекет атқарушылар және «өз әрекеттері үшін капиталды қажет етпейтін кәсіпкерлер» болып табылатын қосшы шеберлер, бақыршылар, тігіншілер, құбыр тазалағыштар, су тасығыштар. Олар белгісіздік жағдайында жұмыс жасайды, «және олардың саны клиенттер санына қатысты». Үшінші категорияға суретшілер , дәрігерлер, заңгерлер және т.б. жатады, олар да белгісіздік негізінде қызмет атқарады. өзінің тұжырымдарын қорыта келе, Р.Кантильон барлық халықты екі класқа бөлді, олар: «кәсіпкерлер мен жалданып жұмыс жасайтындар». Олардың жалпы айырмашылығы еңбекақыда болатын, себебі біріншілер үшін ол « бекітілмеген» болса, екіншілер үшін «қандай да бір уақытқа белгіленген болып табылады». Р.Кантильон кәсіпкерлердің кіріс алуына немесе шығындануына алып келетін жеке әрекеттеріне де тоқталып өтті. Оның пікірінше , кәсіпкер дегеніміз- жағдайларды алдын-ала болжай алатын, сараланған қатерлерге қарсы тұра алатын және қабылдаған шешімдерінің салдарына жауап беретін кез-келген индивид болып табылады. Ол кәсіпкерлікті феодалдық орта ғасырдың орнына келген жаңа құбылыс ретінде қарастырды және жер меншік иелері мен түрлі жалданушылардың қатарына пайда табу мақсатында өз қорқыныштары мен қатерлері негізінде нарықтық айырбасқа ұмтылған адамдар қосылды. Кәсіпкерлік деген түсінікті осылайша тұжырымдау әдісі толығымен заңды болып саналады.

А.Смиттің өзі кәсіпкерлікті алдымен өндірістік әрекетпен байланыстырды және оны пайда көру құралы ретінде қарастырды. А.Смиттің пікірінше,капиталдар «тек жеке тұлғалардың қолында жиналады ».Аталған адамдардың кейбірі осы капиталдарды еңбекқор адамдарды еңбекпен қамсыздандыру үшін қолданады, оларды материалдармен, өмір сүруге қажетті заттармен қамсыздандырады,олар еңбек өнімдерін сатудан түскен кіріске сенеді. Дайын тауарды ақшаға немесе басқа да өнімге айырбастау материалдар мен еңбекақыға жұмсалған шығындарды жабумен қатар осы іс бойынша өз капиталын тәуекелге тіккен кәсіпкерге де пайда көрсетуі қажет. Егер осындай жағдай болмағанда, кәсіпкердің « аталған жұмыскерлерді қабылдауға еш қалауы болмас еді » деп нақтылап өтті.

Р.Кантильоннан кейін жүз жыл өте Жан Батист Сей концепциясы шықты. Ол өзінің «Саяси экономика бойынша трактат » атты еңбегінде, былай деген еді: «Қазіргі таңдағы Англия өзінің сансыз байлығына тек оқымыстыларының арқасында ғана емес , сонымен қатар өз кәсіпкерлерінің өндіріс саласындағы керемет таланттары мен жұмыскерлерінің жұмысты жылдам да жақсы орындау қабілеттерінің арқасында жетіп отыр» .Ж. Б. Сей концепциясының негізін капитал, жер, еңбек, өндіріс факторлары, «факторлар жиынтығы » атты экономикалық ұғымдар құрады. Кәсіпкерлік өндіріс факторларымен операциялар жасау ретінде түсіндірілді. Оның мағынасы, өндіріс факторлары аз кіріс беретін орыннан алынып, басқа жерге ауыстырылады, содан кейін оның жаңа жиынтығы үлкен кіріс беретін жерге ауыстырылды.Ж.Б. Сей концепциясы кәсіпкерлік қызметтің кез келген формасыена қатысты қолданылады, сондықтан да кәсіпкерліктің классикалық формасының беделіне ие болды. Кәсіпкерлік проблемаларына қатысты барлық зертеулер дерлік Ж.Б. Сей концепциясына тікелей немесе жанамалы түрде сілтеме жасайды.

1937 жылы американдық Рональд Коуздың « Фирма табиғаты» атты мақаласы жарық көрді,оның фирмалар теориясын жасауда маңызды рөл атқаруы қажет болды. Автор ол туралы және мультиұлттық корпорациалар туралы маңызды тұжырымды толығымен өзгертті, себебі ол нарық пен фирма арасына нақты шектеу қойды. Р.Коуз кәсіпкерді фирма ішіндегі өндіріс кординаттары ретінде қарастырады. Ол оны «бәсекелестік жүйеде өндіріске бағыт беру арқылы бағалар механизімінің рөлін атқаратын тұлға немесе тұлғалар тобы» ретінде қарастырды.

Австриялық оқымысты И.Шумпетер кәсіпкерлікті жаңалық енгізумен байланыстырды. Осы конценпцияға сәйкес кәсіпкердің әрекет нәтижесі еңбектің материялдық мазмұнының, формасының және жолдарының өзгеруіне алып келеді. Экономикалық процестерге ықпал ету кәсіпкерліктің өзіндік ерекше қасиеті болып табылады. Шумпетер келесі 5 жағдайды атап көрсетеді:



  • тұтынушыларға белгісіз игіліктерді жасау немесе белгілі игіліктің жаңа қасиетін жасау;

  • өндірістік жаңа жолын ойлап табу. Ол өндіоіс немесе коммерциялық қызмет кезінде жаңашылдықтар болуы мүмкін;

  • жаңа нарықтар мен нарық сегменттерін игеру;

  • бұрын соңды ол қайнар көздер болу болмауына, назарға ілінбеуіне немесе қол жетпейтін болыпсаналуына, оны енді ғана жасау жоспарлануда деп саналуын қатыссыз жаңа шикізаттар мен дүмбіл өнімдер алу;

  • еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу. Аталған шарттар негізінде И.Шмпетер кәсіпкерлер ретінде шаруашылық субьектілерін санау қажет деп көрсетеді,, себебі олардың функциялары оның белсенді элементі қызметін атқаратын жаңа конбинацияларды жүзеге асыру болып саналады, осы жағдайда өндіріс кәсіпорнына немесе басқа да мүлікке қатысты меншік құқығы кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылады.

Аталған шарттар негізінде И.Шумпетер кәсіпкерлер ретінде шаруашылық субьектілерін санау қажет деп көрсетеді « себебі олардың функциялары оның белсенді элементі қызметін атқаратын жаңа конбинацияларды жүзеге асыру болып саналады, осы жағдайда өндіріс кәсіпорнына немесе басқа да мүлікке қатысты меншік құқығы кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылады.

Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму эволюциясын қарастыра отырып , мынадай қортындылар жасауға болады:

- ШОБ субьектілерінің, ең алдымен саудада шоғырлануы. Бір қатар жылдар бойы аталмыш кәсіпорындар санының үлесі өсе түсуде. Егер 1996 жылы жалпы щағын және орта кәсіпкерлер санының 26 пайызы саудада болса, онда қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 42 пайызға тең.

- Өнеркәсіптік өндірістің құрлымында өңдеуші кешен басты рөлге ие. Сонымен, 1997 жылы шағын және орта кәсіпкерлік жалпы кәсіпорындарының саны бойынша өңдеуші сала 97 пайызды құрады және 3 пайызын өндіруші сала құрады. Халық шаруашылығы кешенінің салалары арасында қалыптасқан ара қатынастар соңғы жылдары еш өзгеріске үшыраған жоқ.

- Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өнеркәсіптік дамыған аудандарда шоғырлануында территориялық теңсіздік орын алған. Сонымен, Оңтүстік Қазақстан өңірінде ШОБ-тың 60 мың субьектісі, Алматы облысында - 44 мың, Маңғыстауда – 9 мың , Атырау облысында – 8 мыңы әрекет етті. 2003 жылы белсенді кәсіпорындардың ең коп саны Шығыс Қазақстанда ( 7.9 пайыз) , Қарағанды(7,5 пайыз) Қостанай обл(5 пайыз) және Алматы қаласында (27,6 пайыз), Асанада (9,8) өз қызметтерін жүзеге асыруда.

Құрамдас бөліктің бірі- бизнес инкубаторлары болып табылатын кәсіпкерлік ортаның дамуына ықпал ететін нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы орын алды. Қазіргі уақытта бизнес инкубаторлар 10 облыста құрылған. Жалпы елде 31 бизнес инкубаторлар қызмет атқаруда. Бизнес инкубаторлар территориясындағы өндірістің түрлі саласында 200 – ден астам кәсіпорындар әрекет етуде.

ШОБ- ті қолдауды және дамытуды реттейтін заңнамалық және нормативтік база құрылды.

Сонымен, кәсіпкерліктің ұсынылған тұжырымының және ШОБ-тің қолдағы бар тұжырымдарын талдау негізінде, ШОБ-тың келесі анықтамасын көрсетуге болады: Шағын және орта бизнес – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін- өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту болып табылады.

Берілген анықтама ШОБ процесін толық көлемде сипаттайды, оның мәнін инновация ретінде анықтайды, кәсіпкерлер қызметінде қауіп және белгісіздік элементтерінің болатындығын білдіреді; кәсіпкерлік процесс өндірістің барлық факторларының өзара әрекеттесуі арқасында мүмкін болатындығын көрсетеді, өндіріс пен басқару процесінде меншік иесінің рөлін анықтайды және ең бастысы кәсіпкерлік қызметті ынталандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет