Барлығы – 135 сағат


Тақырып: Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы операциялары



бет12/15
Дата29.01.2018
өлшемі2,04 Mb.
#35753
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Тақырып: Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы операциялары

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудағы әсері.

  2. Бағалы қағаз нарығы түсінігі, қызметтері және құрамдас бөлігі.

  3. Бағалы қағаздардағы эмитенттер және инвесторлар, бағалы қағаздардың обьектілері.

Дәріс мазмұны:

1. Қазақстан Республикасында жекешелендіру 90 жылдардан бастап жүргізіді. Жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кәсіпорынның кірістерін бөліп тарату және қолдану орталықтандырылған нысанда болды.

Жекешелендірудің басты мақсаты жоғары, тиімді, бәсекеге қабілетті экономикаға негіз бола алатын, меншіктің әртүрлі нысандары дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Сонымен қатар жекешелендіру толықтай ашылуы үшін арнайы ұйымдармен және құқықтық экономикалық реттеуші жүйені қалыптастырды.

Жалпы елімізде жекешелендіру 90 жылдардан бастап 3 кезеңнен өтті. 1 кезең 1991-1992 жылдары, 2кезең 1993-1995 жылдары, 3 кезең 1996-1998 жылдары. Жекешелендіру нарықтық айналымға чектер мен купондарды алып келді, чектер мен купондар – мемлекеттік бағалы қағаз. Чектер мен купондар өз иесіне меншікті мемлекет иелігінен алып, қайтарымсыз қолдануға құқық береді. Ірі және орта кәсіпорындарды жекешелендіру акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғам иесі құрылтайшы болып табылады. Олардың меншік құқығы белгілі бір көлемде акция алумен куәландырады. Сонымен қатар жекешелендіру чектеріне акция сатып алуға құқық береді. Қорыта айтқанда, жекешелендіру нарыққа бір жағынан чектер мен купондарды алып келсе, 2-ші жағынан акционерлік қоғамдардың құрылуына жол ашты, яғни кәсіпорындарды жекешелендіру - бұл бағалы қағаздарды қалыптастырудың алғашқы кезеңі болды.

2. Қаржы нарығы бұл субьектілерінің арасындағы ақшалай қорларды сатып алу бойынша болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы нарығы мынадай қызмет түрлерін атқарады:

1) қаражаттарды нарыққа жинақтау

2) оларды бөліп тарату

Қаржы нарығы


Несие нарығы валюта нарығы Бағалы қағаздар

нарығы
Ең алғашқы болып экономикада несие нарығы пайда болды. Олардың обьектісі болып нақты және нақты емес нысандағы ақша табылады.

Несие нарығы тауарлардың түрлі депозиттер, коммерциялық және банкаралық несиелер болып табылады. Ал субьектісі болып әртүрлі қаржы субьектілері табылады. Несие нарығының тауарларының бағасы пайызбен өлшенеді.

Валюта нарығы дегеніміз – субьектілер арасындағы әртүрлі валюталарды сатып және сатып алу бойынша болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Валюта нарығының қажеттілігі мына себептерге байланысты:



  1. Халықаралық сауда

  2. тұрғындардың халықаралық миграциясы

  3. туризм

Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз – субьектілерінің арасында бағалы қағаздарды сатып және сатып алу бойынша болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Бұл нарықтың обьектісі болып әртүрлі бағалы қағаздардың түрлері табылады.

Бағалы қағаз – бұл бағалы қағазды шығарушы тұлғаға немесе оны ұстаушы тұлғаға құқық беретін беретін ақшалай құжат.

Бағалы қағаз – оны ұстаушы иесіне мүлікке немесе кіріске құқығын растайды.

Бағалы қағаздың алашқы нарығы бағалы қағаздарды эмитенттен бірінші сатып алушыға немесе бірінші инвесторға өтетін экономикалық қатынас. Осы қатынас шегінде эмитент өзіне қажетті капиталды жинай алады. Бағалы қағаздың әрі қарай нарықтағы қозғалысы эмитент үшін кіріс көзі болып табылмайды. Бағалы қағаздарды алғашқы нарыққа шығару үшін мынандай қызмет түрлерін атқару керек:



  1. эмитент шығаратын бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз ету қажет.

  2. эмитент бағалы қағаздарды эмиссиялауға сәйкес мемлекеттік органдарда тіркеп бағалы қағаздардың шығуы жөнінде арнайы баспасөз бетінде жариялау керек.

Бағалы қағаз нарығының 2-ші нарығы дегеніміз – нарықтардағы субьектілер арасындағы бағалы қағаздарды нарықтық бағасы бойынша сатып және сатып алу қатынасының жиынтығы.

Бағалы қағаз нарығының ұйымдастырылған нарығында бағалы қағаздар сату және сатып алу бойынша қатынастарда арнайы брокерлер ұйымдастырады.

Бағалы қағаз нарығының алғашқы нарығында бағалы қағаздардың нарықтық бағасы болмайды. Онда эмитент белгілеген номиналдық баға болады. Бағалы қағаз нарығының нарықтық бағасы бұл нарықтағы бағалы қағазға деген сұраныс пен ұсынысқа байланысты.
Тақырып: Банктік менеджмент және банктік маркетинг

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Банк менеджментінің ерекшеліктері, мақсаты, бағыттары

  2. Банк маркетингісі. Банктің маркетингілік қызметін жүзеге асыруға қажетті жалпы принциптер

  3. Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары

  4. Банк маркетингісінің тәсілдері

Дәріс мазмұны:

Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.

Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.

Менеджменттің негізін өз ісін басқару субъектісін білу, өз еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті, сондай-ақ өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты адамдық фактор құрайды.

Менеджменттің негізгі фигурасы өзі айналысып отырған істің даму болашағын көре білуге қабілетті, нақты жағдайды тез бағалай білетін, алға қойылған мақсатқа жету үшін оңтайлы шешім таба білетін кәсіби басқарушы болып табылады. Осыған байланысты жоғары біліктілік, ой-өрісі кең, тәуекелге бара білетін қайсар, белгіленген жоспарды іске асыру, ұжымда жетекші болу сияқты нақты кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы қажет.

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріліп жүр.



Менеджменттің негізгі мақсаты – басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Жетістікке жету үшін немесе істі дамыту үшін, оңтайлы алғышарттарға ие болу үшін басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отыру, теория мен практикада жиналған білімді тез меңгеру, өзгермелі жағдайда жаңа ерекше шешім табу қажет.

Пайда табуға ұмтылу – менеджменттің бір ғана мақсаты емес. Қазіргі менеджментте қоғамдық қажеттілік қанағаттандыру факторы менеджмент қызметінде басты орындағы әлеуметтік этика рөлі артып отыр. Кәсіпкерліктің әлеуметтік этикасын арам олжаға, пайданы өсіруге ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауар өндірісі мен қызмет көрсетуді кеңейту анықтайды. Соңғы жылдары менеджмент мақсатына адам бойындағы қабілеттерге жол ашатын ұжымдағы әлеуметтік мәселелерді шешу ісі де кіретін болды.



Менеджмент ғылым ретінде барлық қызмет саласына ортақ мына принциптерді сипаттайды:

  1. Басқару субъектісі әрекетінің нақты мақсатқажетуге бағытталуын.

  2. Олардың алға қойған мақсаттарының, нәтижесінің және құралдарының ортақтығын

  3. Құрамына жоспалау, талдау, реттеу және бақылау енетін басқару процесінің кешенділігін.

  4. Олардың араларының үзілмеуін қамтамасыз ететін келешекке арналған және ағымдағы жоспардың бірлігін.

  5. Оларды іске асырудағы маңызды фактор ретінде қабылданған бақылауды.

  6. Ұжымның және оның әрбір мүшесінің шығармашылық белседілігін, табыстылығы мен жетістігін материалдық және моральдық тұрғыдан ынталандыруды.

  7. Ұжымның әрбір мүшесімен оның мүмкіндігін пайдалануға жол ашатын жеке жұмысты.

  8. Жұмысшылардың кәсіптік деңгейін көтеруге, үнемі оқуға және қызметтің жаңа білімі мен салаларын меңгеруге мүдделілікті.

  9. Ұжымдағы жақсы психологиялық жағдайға бағдарлануды.

  10. Функционалдық және басқарушылық міндеттерді шешетін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігін.

Банк қызметтеріне менеджмент негізін білу өте маңызды. Ең алдымен банк экономисі (кәсіпорын, ұйым, кооператив) банктің клиенті болып табылатын немесе клиенті болғысы келетін кәсіпорын, ұйым, кооператив менеджменті деңгейін бағалай білуі қажет.

Шетелдік экономикалық әдебиеттерде кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының, олардың несиені өтеу қабілетінің жоғарылығының маңызды факторы менеджмент сапасы болып табылады дегенді жазып жүр. Германияда шамамен 40% фирма және жеке кәсіпорындар менеджмент сапасының нашарлығына байланысты банкротқа ұшырады. Сондықтан менеджмент деңгейін бағалау клиенттің несиені өтеу қабілетін талдаудың және онымен несиелік қатынасқа баруда тәуекел деңгейін анықтаудың құрамдық элементтерінің бірі болып табылады.

Германияның коммерциялық банк қатарында практикалық (тәжірибелік) қызметінде тиісті фирманың менеджментті 10 балдық жүйе бойынша рейтінгілік бағалау қолданылып жүр.

Мәселен, 1 балл – барлық салада жоғары кәсіби және жеке біліктілік; 3 балл – жақсы біліктілік, әсіресе жекелеген салада; 5 балл – орташа біліктілік; 7 балл – жекелеген салаларда айқын әлсіздік; 10 балл – төмен деңгей.

Балдардың өсуі қауіп-қатер дәрежесінің өсуін білдіреді, ең көп шамадағы балда фирмамен несиелік қатынас орнату проблемалы болып саналады.

Ақша нарығының ұдайы өзгеріп отыратын жағдайында жұмыс істейтін банк үшін міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік беретін менеджменттің орны бөлек.

Банк менеджментінің ерекшеліктері банк менеджментінің қоғамдық еңбек бөлінісі бөлімшесінің қызметімен байланысты нақты өзіндік ерекшеліктері болады.

Айтылып кеткендей, банк бизнеспен айналысаттын өзінше өзгешелігі бар кәсіпорын ретінде алға шығады. Ол несие ресурстарын қосымша ақшалай қаражатқа мұқтаж кәсіпорынға, ұйымға, кооперативке, халыққа, мемлекетке төлем негізінде беретін кәсіпорын болып табылады.

Сонымен қатар, банк басқа біреулердің (бөтен) ақшасымен «жұмыс істейді». Онда айналым шеңберінен босаған әр түрлі меншікиелерінің, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, акционерлік кәсіпорындар мен қоғамдардың, кооперативтердің, жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары шоғырланады. Осының нәтижесінде банк қоғамдық капиталды бөлуші әрі сақтаушы ретінде алға шығады. Бұл клиенттерге тиесілі ақшалай қаражаттардың сақталуына банктің жауапкершілігін арттырады әрі банктің қоғамдағы маңызды орнын айқындайды.

Сонымен, банк тек өзінің немесе жекеше шыққандардың ғана емес, сонымен бірге, қоғамның мүддесін де танытатын кәсіпорын ретінде көзге түседі. Банк мүдделерін ұштастырып отырмаса баланстың өтімділігін қамтамасыз ете алмайдв әрі осыған байланысты банктің ақша нарығындағы позициясы тұрақтв болмайды.

Банк қызметінде серіктестік сипатқа ие келісімшарттық қатынас маңызды орын алады. Серіктестік қатынасқа сенім, өзара пайда, шешімнің бірауыздылығы және әрекеттің бір жерден шығуы секілді белгілер тән. Несие мәмілесі өзара пайдалы болкы үшін тараптар оның шарттарын бірігіп талдайды, келіспей қалған жағдайда ымыраға келеді.

Жеке және ұжымдық мүдделердің ұштасуы банк менеджментінің мазмұнында қалайша көрініс табады? Ең алдымен, ол банк менеджменті алға қоятын мақсаттардың өзіндік ерекшелігін анықтайды:



  1. ақшалай нарық жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті ретінде банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету;

  2. банк сенімділігінің кепілдігі ретіндебанк баалансысының өтімділігін қамтамасыз ету;

  3. іскер байланыстың тұрақты болуына әрі ұзаққа созылуына септігін тигізетін банк қызметінің ауқымы, құрылымы, және сапасы арқылы клиенттің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру;

  4. ұжымның өндірістік, коммерциялықжәне әлеуметтік проблемаларыныңсәтті шешілуін ұштастыру;

  5. әлеуетті мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды дайындаудың, қайта дайындаудың және орналастырудың тиімді жүйесін құру.

Аталмыш мақсаттарға сәйкес банк менеджменті сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады

Сандық көрсеткіш банк қызметін басқарудың барлық саласына қатысты, қызметтің жалпы нәтижелерін талдау және бағалау үшін пайдаланылады әрі ол мыналарды қамтиды:

  • банк клиенттері мен олардың шоттарының саны, депозиттердің, несие салымдарының, инвестицияның мөлшері;

  • банк орындайтын операциялар мен қызмет көрсетулердің ауқымы.

Сандық көрсеткіш үш топқа бөлуге болады:

  1. Банктің кірістері мен шығыстарына қатысты көрсеткіш. Осы көрсеткіштің көмегімен банктің пайдалылығы басқарылады.

  2. Қаражат айналымының жылдамдық көрсеткіші, операцияларды орындауға кететін шығынның еңбек сыйымдылығының көрсеткіші, құжаттарды өңдеуден өткізудің жылдамдық көрсеткіші.

  3. Көрсетілген банк қызметінің ауқымы, құрылымы және сапасы бойынша клиенттер тілегін қанағаттандыру деңгейінің көрсеткішкері, банктің іскерлік келіссөздердің құпиялылығын, ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету қабілеті.

Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби дайындығының қалай дамығандығын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблеманы шеше білетін деңгейін сипаттайды.

Банк менеджментінің өзге ерекшелігімынаған байланысты: мемлекет банк қызметін ақшалай салымдар мен депозит иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында қатаң реттеп отырады. Банк қызметін реттейтін мұндай заңдардан басқа несие мекемелерінің өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған міндетті нормативтер мен ережелер бар. Бұл басқаруды ұйымдастыру тұрғысынан алғанда нені білдіреді? Біріншіден, міндетті нормативтер мен ережелерді (ұйғарымдар) сақтау себебі бойынша дербес шешім қабылдаудың белгілі бір шекарасы болады. Екіншіден, тұрақты түрде өзгеріп отыратын ақшалай нарық конъюктурасыжағдайында менеджердің банк өтімділігін қамтамасыз ету жолдарын іздестіру (белгіленген нормативтерге қарай) мүмкіндігі.

Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.

Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторларды ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдыланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.

Банк операцияларының келісімшарт сипатында болув, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы жақсы білуді, келіссөздер жүргізе білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.

Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:

1. Бірінші топ банк құзіреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.

2. Екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен және басқарумен байланысты.

Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа ие. Олардың негізгілерінің мазмұнын қарастырайық.



  1. Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады.

Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.

Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерінің келешекте қалайша өзгеретінін анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылықтарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін таңдаудың маңызы зор.

2.активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесінде біртұтас екі міндет алға қойылады – жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасқан ахуалдыңнегізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.

Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әрқилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңге банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтердіорналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділіктібелгілеуде ұйғаратын экономикалық-математикалықүлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқаулар жасалады.

3. Пассивтерді басқару менеджментінің дербес бағытын білдіреді. Бұл процесте мынадай міндеттер шешім табады:


  • міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс әкелмейтін қаражаттың банкте болуына жол бермеу;

  • банк өз клиенттерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіру;

  • банктердің «арзан» ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.

Осы міндеттердең әр біреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие. Осылардың ішінде депозиттік процент, оның салым мерзіміне қарай әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлщерді арттыруды ғана емес, сонымен бірге түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың дамуыақша және қаржы нарығының алғашқы негізі ретінде болатын акция айналымының тұрақтылығын қажет етеді.

Менеджмент міндеттері:



1. Өзіндік банк қаражатын басқару оның өтімділігімен төлем қабілетін қамтамасыз етуде айрықша маңызды орын алады. Банктің активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит мөлшерін өсірудеөзіндік банк капиталын арттыру қажеттілігіпайда болады.

Өзіндік банк капиталын басқару оның жеткіліктілігінің, сондай-ақ осы жеткілікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердітаңдаудың өлшемдерін негіздеуді қажет етеді. Өзіндік банк капиталын басқарудың тиімді құралына банк шығарған акция бойынша дивидендтер саласындағы саясат жатады. Дивидендтердің артуы акция бағасын өсіреді және осыған орай қосымша акцияларды сатудың, өзіндік капитал өсуінің ықтималдығын тудырады.



2. Банк жумысының пайдалыдығын басқару оның кірістері мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша шекті шығындарын және несиелеумен инвестициядан түсетін шекті табысын, қаржылық нәтижелер тұрақтылығының қамтамасыз етілуін, ысырап қатерін бақылауды қажет етеді. Банк алатын пайданың шамасына әсерін тигізетін банк қызметіндегі алаяқтық операциялардың арту себебіне, күмәнді және залалды операциялардың талдауына айрықша назар аударылады.

3. Банк қызметіндегі тәуекелдіктерді басқаруға тәуелдік – менеджменті жатады.

Банк қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады: несиенің және ол үшін алынатын проценттің қайтарылмай қалу қатері, қаражатты жеткізушінің уақытылы ала алмай қалу қатері, пайданың алынбай қалу қатері, өтімділіктің болмай қалу қатері және т.б.

Тәуелділік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтан да оны басқара білу қажет. Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер.


  • қауіп-қатер пайда болуының ықтимал жағдайын көре білу;

  • болжалды зиянның ауқымын бағалау;

  • ескертудің тәсілін немесе оның орнын толтыратын көзді табу.

Қауіп-қатерді (тәуекелдікті) басқару өткен шақта зиянның қалай пайда болғандығын зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдылығын болжауға, ескертуді немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады. Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш рет қойылғандықтан өзіне айрықша назар аудартады. Осыған байланысты банк қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Қатерлерді басқару проблемесы банк қызметін ұйымдастырумен, жауапкершілік жүйесімен және банк жұмыскерін еңбекке экономикалық тұрғыдан ынталандырумен тығыз байланысты. Шетелдік іс-тәжірибеде жекелеген несие операциясын орындау кезінде негізі жоқ шешім қабылдау қатерін кеміту үшін құзіреттілікті шектеу приципі пайдаланылады. Мәселен, банк филиалы аса ірі мөлшерде кәсіпорынды несиелеу туралы шешім қабылдамайды немесе қатер деңгейі айрықша жоғары операцияларды орындамайды. Мұны көбінесе басқарудың ұжымдық органы орындайды.



4. Менеджмент мазмұны сонымен қатар еңбек ұжымы әзірлейтін басқару тұжырымдамасын да қамтиды.

Шетелдік іс-тәжірибеде менеджменттің екі үлгісі бар:



  • жапондық үлгісі банк қызметінің түпкілікті жоғары нәтижеге қол жеткізуде ұжымның атқарған рөлін тануға (мойындауға) негізделеді;

  • американдық үлгі ұжым қызметінде шешуші рөл ойнайтын тұлғаға бағдарланады.

Осы бастапқы екі идеяға қарай шешім қабылдауды, қызметкерлердің жауапкершілігін бақылауды, басшылардың бағыныштылармен қатынасын, еңбекақы жүйесін, басқару сапасын бағалауды, менеджерлерді дайындауды және т.б. қамтитын басқарудың бүкіл жүйесі құрылады.

Ұжымды басқарудағы басты міндет – менедджер әрбір қызметкердің бойындағы әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білуі керек, оларды терең лйлауға үйретуі қажет.

Шетелдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеу мынаны көрсетіп береді: қаржылық қатынастағы жетістіктің 85%-і менеджердің әріптестерімен тіл табыса білу қабілетіне, яғни оның жеке басының қасиеті мен әрі адамдарды басқара білуімен байланысты.

Ұжымды басқаруды менеджер білуі тиіс: үш фактордың орны ерекше:



  • ұжым жұмысын ұйымдастыра білу;

  • әр қызметкермен тіл табыса білу;

  • ұжым алдына қойылған міндеттерді шешу үшін әр қызметкерге ықпал етудің тәсілін таба білу.

Менеджердің ұжым еңбегіе білуі міндеттерді ұжым мүшелеріне жаңылыспай бөліп беру, нақты тапрысмалар беру, оларды нақты көрсеткіштермен (сандық және сапалық) көрсету, тиісті тапсырманың орындалу уақытын анықтау, ақпараттық базамен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету, міндеттерді мерзімділігі мен маңыздылығына қарай жіктей отырып, оларды орындаудың кезегін анықтау қабілеттеріне негізделеді.

Менеджердің әр ұжым мүшесімен тіл табыса білуі біршама дәрежеде оның жеке басының қасиетіне байланысты, ол әр қызметкердің мінез-құлқын жақсы білуі керек, әрі ұжым жұмысынңң нәтижесі басшы мен бағыныштының ынтымақтасып жұмыс істегендеріне қарай болатыны сезінуі тиіс.

Дамыған елдердің кәсіпорындарында билік орындаушыға (атқарушыға) беріледі. Сондықтан да іскерлік сипатындағы әңгімеде иландыра білудің маңызы жоғары әрі пікірлесушінің мінез-құлқын білген дұрыс.

Бағыныштыға қатысты басшыға тән мінез-құлық стилінің екі түрі болуы мүмкін:


  1. түсіндірмелері болатын директивалық нұсқаудың негізінде;

  2. шешім қабылдауда, бастама көтеруде құқықтар беру.

Мінез-құлық тиісті түрі қызметкердің өз еңбегінің нәтижесін арттырудағы құзіреттілігі мен мүдделілігінің деңгейлеріне қарай таңдалады.

Францияда осы өлшемдер бойынша басшы мінез-құлқын анықтайтын мамандардың төрт тобы бөліп көрсетіледі;



  1. еңбек нәтижесіне құзіретті және мүдделі емес (мінез-құлықтың директивалық-ықыластандырғыш түрін пайдаланады);

  2. еңбек нәтижесіне құзіретті болмаса да мүдделілік танытады (әдетте жас маман тұрақты басшылықты қажет етеді);

  3. Құзіретті, алайда, мүдделі емес (мүдделілік жүйесін құру қажет);

  4. Құзіретті және мүдделі (бастама көтерудің кең ауқымды құқығын білдіреді).

Еңбекке деген ынтасын және энтузиясын ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу. Бұл –менеджердің ең жауапты әрі күрделі міндеті.

Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуінің маңызы зор: жетістігі үшін оған (қызметкерге) алғыс айту, оның материалдық жағдайын жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осының барлығы менеджерді дайындаудың және қайта дайындаудың арнайы жүйесін қажет етеді. Менеджерлерді дайындаудың жүйесі тек кәсіби оқытуды ғана қарастырмай, сонымен қатар ұжымды басқарудың әдістеріне, іскерлік әңгімелесудің өнеріне үйретуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет