Барлығы – 180сағат



бет25/29
Дата09.11.2016
өлшемі2,48 Mb.
#1323
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Дәріс мазмұны:


1. Кәсіби кеңес беру типтері.

2. Кәсіби кеңес берудің принциптері мен технологиясы.

3. Кәсіби кеңес берудегі диагностиканың ролі.

Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

28 дәріс



Тақырып: Психологтың педагогтармен жұмысы

Дәріс мазмұны:


1. Педагогтың кәсіби іс-әрекетін бағалау.

2. Оқытушы тұлғасының кәсіби бағыттылығын бағалау.

3. Педагогтың басқарушылық стильдері.

Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

29 дәріс



Тақырып: Мектеп әкімшілігінде психологиялық біліктілікті көтеру

Дәріс мазмұны

1.Педагогикалық ұжымды басқару стилі

2.Әлеуметтік мінез-құлықтық реакциялар ерекшеліктері

3.Ақыл-ой іс-әрекеті стилін бағалау



Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

30 дәріс



Тақырыбы: Білім басқармасының педагогикалық- психологиялық диагностикасы

Дәрі мазмұны:

1.Басқару функциясы

2.Білім басқармасы үрдісіндегі тиімділікті анықтау

3.Басшылық және топтық динамика



Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау.

- Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұщраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі

- Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.

Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарын жазады.

Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.

“Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.

- Аквариум әдісі: “Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.

-Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.

Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі

Кезеңдер

Позициялар

Мазмұны

1 кезең. Жеке жұмыс.

А Б

В Г


Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.

2 кезең. Жұппен жұмыс

А <-> Б

В <-> Г


Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.

3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)

А Б

| |


В Г

Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.

4 кезең. Топтық шешім қабылдау

А Б

\ /


/ \

В Г


Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.

- Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.

- «Ассоциация» стратегиясы: «Ассоциация» стратегиясын әдетте студенттер жаңа ұғымды меңгеру кезінде қолданады. Бұл арқылы олар осы ұғым бойынша бұрыннан білетін түсініктерін топ болып ортаға салады. Әрбір топта 4-5 студенттен артық болмағаны дұрыс. Содан кейін әрбір студент жеке не топ болып «Түртіп алу», «3-4 айналым» тағы да басқа әрбір пәнге және мәтінге тиімді стратегияларды пайдалана отырып, жазып келген материалдарын талдау жасайды. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған тиімді. Мысалы:




-Түртіп алу:«Түртіп алу» страгиясы бойынша әрбір студент мәтінге «+» - жаңалық, «v» келісемін, «-» - келіспеймін, басқаша ойлаймын, «?» - түсінбедім деген белгілер қою арқылы әрбір сөйлемге немесе ойға талдау жасайды. Төменде көрсетілген кестені мәтінді оқи отырып толтырады. Бұл жерде студенттер белгіленген уақыт ішінде жұмыстарын аяқтаған соң бірі-біріне өзара кеңес бере алады, өз ойларын айтуға үйренеді. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған дұрыс.



«+» жаңалық

«v» келісемін

«-» келіспеймін, басқаша ойлаймын

«?» түсінбедім

























- Кубизм стратегиясы:Бұл стратегия кубиктің 6 жағына байланысты және соған орай берілетін тақырып немесе тапсырмаларға байланысты. Студенттер әдетте алты топқа бөліне отырып, белгілі бір тақырып не оқу материалын жан-жақты талдайды. Яғни, әрбір топ өзіне берілген тапсырма бойынша белгіленген уақыт ішінде өз жұмыстарын жан-жақты, мәнді, терең ашып, талдап көрсетуі тиіс. Дайындыққа және өз жұмыстарын қорғауға уақыт белгіленеді. Мысалы, 1-топ «салыстырыңыз», 2-топ «суреттеңіз», 3-топ «талдаңыз», 4-топ «ұсыныс жасаңыз», 5-топ «дәлелдеңіз», 6-топ «ассоциация жасаңыз» деген тапсырмалар алады. Кейде әрбір топқа бөлек тақырыптар да берілуі мүмкін.

- РАФТ стратегиясы: «РАФТ» (роль, аудитория, форма, тақырып) стратегиясы бойынша студенттер оқылған мәтінге байланысты топтарға бөліне отырып, түрлі рольдерді орындау арқылы хабарламалар жасайды. Мысалы, президент (роль) болып, белгілі бір тақырып бойынша халыққа (аудиторияға) үндеу (форма) жолдауы мүмкін, немесе радиодан, теледидардан сөйлеу т.б. Тақырыпты оқытушы әдетте сабақ тақырыбына байланысты беереді. Оқытушы студенттердің өз «қойылымдарында» тақырыптан ауытқымай, оқу материалын толық ашып, көрсетуін қадағалау керек.

Р - Роль


А - Аудитория

Ф - Форма

Т - Тақырып

- ББҮ стратегиясы: «ББҮ» - білемін, білгім келеді, үйрендім сөздерінен қысқартылып алынған. Студент бұл стратегияны да көптеген жағдайларда еркін қолдана алады. Мысалы, сабақ басталған кезде студент сол ұғым немесе тақырып бойынша не білетіндігін, білгісі және үйренгісі келетіндігін өз кестесіне түсіреді. Бұл кестені тақтаға сызып, оған топтың ойларын да жазып қоюға болады. Сабақа соңында сол материалды игере отырып, кестені толтыруға тырысады. Немесе студент оқу жылының басында белгілі пән бойынша осы кестені толтыра отырып, өз білімінің толығуын бақылап отыра алады. Оқытушы да бұл кестені жағдайға қарай өзгертіп қолдануына болады.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


















- Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.

-Еркін жазу: Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде студенттер (оқушылар) өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

- Топтастыру стратегиясы:

Бұл әдісті жаңа тақырыпты өтерде немесе өткен тақырыпты қайталау кезінде қолдануға болады. Студенттер бұл жұмысты топ болып орындайды. Жаңа материалды өткен кезде қолданған жағдайда сабақ соңына қарай бұл жұмыс толықтырылады.



-Әдіспен жұмыс: Әдіспен жұмыс бірнеше жұмыс жүйесінен тұрады:

1. Әдісті топта қолданып зерттеу жүргізу, зерттелініп отырған құбылыс жөнінде психологиялық ақпарат алу.

2. Әдісті интерпретациялау. Алынған ақпарат сандақ және сапалық өңделеді. Ақпараттың өңделуі әр әдістің ерекшелігіне қарай жүргізіледі.

3. Псиологиялық диагноз жасалады, яғни алынған мәліміт жазбаша түрбе беріледі.

1 практикалық сабақ

Тақырып: Психодиагностика пәні мен міндеттері

Мақсаты: Психодиагностиканың әдіснамалық негізі жөніндегі білімдерін тексеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет