Барлығы – 45 сағат


жеке (индивуалдық) оқу жос



бет4/8
Дата12.03.2018
өлшемі1,63 Mb.
#39318
1   2   3   4   5   6   7   8

жеке (индивуалдық) оқу жоспары – студенттiң өзi оқу жұмыс жоспары негiзiнде бiр жылға жасаған құжаты; онда студенттiң жазылған оқу пәндерiнiң тiзiмi; кредиттiң саны көрсетiледi; жеке оқу жоспары нақты студенттiң бiлiм аясын көрсетедi;

мiндеттi компонент – бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты белгiлеген оқу пәндерiнiң тiзiмiмен төменгi кредит мөлшерi;

таңдамалы компонент – ЖОО ұсынатын және өзi таңдаған оқу пәндерiнiң тiзiмi мен төменгi кредит мөлшерi;

силлабус – оқылатын пәннiң сипаттамасы, мақсат-мiндеттерi, қысқаша мазмұны, тақырыбы және әрбiр сабақтың көлемi, өздiк жұмыс тапсырмалары, консулüтация өткiзу уақыты, оқытушының талабы, бағалау өлшемдерi аралық бақылау кестесi, әдебиеттер тiзiмi көрсетiлген пәннiң оқу жоспары;

Бiлiктiлiгi мен қызметiнiң тiзiмi

Педагогика және психология бакалавры, педагог-психолог.

050103- Педагогика және психология” мамандығы бойынша бакалаврдың бiлiктiлiк сипаттамасы

6.1 Кәсiптiк iс-әрекетiнiң шеңберi: бiлiм беру жүйесi.

6.2 Кәсiптiк қызмет объектiсi

Бiтiрушiлердiң кәсiптiк қызмет объектiсi болып жалпы бiлiм беретiн орта мектеп, мектепке дейiнгi бiлiм және тәрбие жүйесi, педагогикалық колледж, арнайы орта оқу орындары, жоғары оқу орындары.

6.3 Кәсiптiк қызмет пәнi

Кәсiптiк қызмет пәндерi болып мыналар есептеледi: оқыту мен тәрбиелеудiң мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, ұйымдастыру формалары, нәтижелерi, Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасы талаптарын жүзеге асыру жолдары; потенциалды мүмкiндiктерiн дамыту мақсатымен психиканың тұлғалық және когнитивтiк аумақтарын зерттеу; жекелiк және дифференциалды қатынасты даралы-бағдарлы бiлiм беру арқылы жүзеге асыру.

6.4 Кәсiптiк қызмет түрлерi

050103 - “педагогика және психология” мамандығы бойынша бакалаврлар төмендегiдей кәсiптiк қызмет түрлерiн атқара алады:



  • ұйымдастырушылық - технологиялық (педагогикалық технология негiзiнде оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру);

  • өндiрiстi-басқарушы (“субъект-субъект” өзара әрекетi);

  • жобалау (бастауыш мектептегi бiлiм берудi моделüдеу);

  • ғылыми-зерттеу (түрлi ғылыми-зерттеу мекемелердегi ғылыми зерттеу жобаларын моделüдеу және жүзеге асыру, озық педагогикалық тәжiрибенi ғылыми негiзде зерттеу, жинақтау, тарату);

  • бiлiм берушiлiк (психология және педагогика пәндерiнiң оқытушысы, бiлiм беру жүйесiнiң педагог-психологы, мамандарды дайындау және қайта дайындау);

6.5 Кәсiптiк iс-әрекетiнiң қызметi оқушылардың субъекттiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыру және тұлғаның қалыптасу мен даму процесiн басқару.

6.6 Кәсiптiк iс-әрекетерi мiндеттерiнiң түрлерi

Оқушылардың тұлғалық қасиеттерiн қалыптастыру мен дамытуда қоғамның әлеуметтiк тапсырысын орындау, Отандық және әлемдiк стандарттардың талаптарына сәйкес бiлiм берудiң сапалық деңгейiн көтеру, озық педагогикалық технологияны меңгеру және оны тәжiрибелiк iс-әрекетке ендiру.

6.7 Кәсiптiк iс-әрекет бағыттары

Кәсiптiк iс-әрекеттiң негiзгi бағыттары: оқушылар және студенттер ұжымын ұйымдастыру; оқушыларды және студенттердi оқыту және тәрбиелеу; болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерiн қалыптастыру; ата-аналар қауымдастығымен байлныстарды орнықтыру. Бiлiм беру тұжырымдамасының талаптарын жүзеге асыру; ғылыми-теориялық бiлiмдерi мен кәсiптiк бiлiктiлiгiн көтеру; түрлi конференцияларға қатысу, озық педагогикалық және өзiндiк тәжiрибенi зерттеу, жинақтау; жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу және ендiру, психодиагностикалық жұмыс, психокоррекциялық және психопрофилактикалық жұмыстар.

6.8 Кәсiптiк iс-әрекет мазмұны

Педагог-психологтың кәсiби iс әрекетiнiң мазмұнына педагогикалық ғылым мен практиканың талаптарына сәйкес психологиялық-педагогикалық үрдiстi ұйымдастыру, оқушыларының ата-аналарымен жұмысты, мектептен тыс тәрбие мекемелерiмен байланысты әрiптестерiмен ғылыми және әдiстемелiк қарым-қатынасты, бiлiм берудi дамытудың тұжырымдамасының мақсаттары мен мiндеттерiн жүзеге асыруды қамтиды.

6.9 050103-“Педагогика және психология” мамандығы бойынша шешушi компетенцияларына қойылатын талаптар:



  • табиғат, адам және қоғам дамуының заңдылықтары мен құбылыстарын көре бiлуi керек;

  • тұлғаны оқыту және дамыту процесiнiң ғылыми-теориялық негiздерi мен заңдылықтарын; кәсiптiк және әлеуметтiк iс-әрекеттiң түрлерiнде педагогикалық және психологиялық ғылымдарының негiзгi қағидалары мен зерттеу әдiстерiн пайдалана бiлуi керек;

  • өзiнiң кәсiптiк iс-әрекетiнде теориялық бiлiмдердi қолдану бiлiктiлiгi болу керек;

  • мектептердегi, колледждердегi, жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесiнiң жобаларын жасау және жүзеге асыру дағдылары болуы керек;

  • бiлiм беру сапасын көтеруге көмектесе отырып, педагогикалық мәселелердi қою және шеше бiлу дәрежесiнде болу керек



Үшінші-төртінші тақырып . Педагогикалық мамандыққа жалпы сипаттама.

Мақсаты: педагогикалық мамандықтың ерекшеліктерін анықтау, оның пайда болу тарихымен таныстыру, даму бағыттарын белгілеу.

Жоспар.

  1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен қалыптасуы.

  2. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі.

  3. Педагогикалық мамандықтың даму перспективасы.

Педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен калыптасуы.

Ең алғашқы мектептер Ежелгі Шығыс (Египет, Ассирия, Вавилон, Финикия) елдерінде құл иеленушілік қоғамында пайда болған. Осы елдерде жинақталған ғылыми мәліметтердің негізінде арифметика, геометрия, астрономия, медицина сияқты ғылымдардың негізі қаланды. Бұл жинақталған мәліметтерді халықтың бәрі біліп қоймады. Бұл білімді абыздар үлкен құпияда сақтады. Болашақта абыздық қызмет атқаратын адамдар ғана білуге құқығы болған. Үлкен қалаларда, шіркеу жанында абыздық мектептер құрылған. Осылайша, Шығыс елдерінде мұғалім қызметін абыздар атқарады.

Мектептердің қоғамдық институт ретінде пайда болуына мәдинет пен жазудың дамуы, ғылымдардың шығуы түрткі болды. Мектеп туралы мәліметтерді б.э.д. 2500 жыл бұрын египеттік жазба ескерткіштерінен кездестіреміз. Бұл патшаның балаларына арналған сарай мектебі еді. Сәл кейінірек « Рамессеум» деп аталатын ерекше оқу ғылымдық орын пайда болды. Бұнда тек абыздар емес, сонымен қатар әскер адамдары, архитекторлар, дәрігерлер білім алған.

Ежелгі Грецияда алғашында грамматистер мен кифаристер мектебі пайда болған. Бұнда 7-14 жасқа дейінгі ер балалар ғана оқытылған. Қыз балалар жанұяда тәрбиеленген. Грамматистер мектебінде балаларды оқуға және жазуға, санауға үйретсе, киифаристер мектебінде музыкаға, ән айтуға, мәнерлеп оқуға үйреткен. «Иллиада» және «Одиссея» шығармаларымен танысқан. Бұл мектептердегі мұғалімдерді дидаскал деп атаған. (грек сөзі «дидаско» – үйретемін), ал мектептерге баланы алып келіп, сабақтан соң алып кететін құлды педагог атаған. Педагог – грек сөзі «пайдос» - бала, «гогос» - жетектеу дегенді береді. Ежелгі Грецияда 13 жастағы балаларды грамматистер және кифаристер мектептрінен кейін палестраға ауыстырған. Палестра - күрес мектебі деген мағынаны білдіреді. Мұнда 2-3 жыл бойы балалар гимнастикамен шұғылданған. Ондағы мұғалімдерді педотриба деп атаған. Педотрибалар күресуге, секіруге, жүгіруге, диск пен найзаны лақтыруға, жүзуге үйреткен. Cпартада мемлекеттік тәрбие жетекшілерін педоном деп атаған. Педономдар тек ақсүйектердің арасынан сайланған. Міндеті - тәрбиешілердің құлықтық іс-әрекетін, дене жаттығуларын бақылау және оларды жазалау.

Ежелгі Римде риторлық мектептер ашылды. Бұл мектептерде 13-19 жас аралығындағы ер балалар оқытылды. Бұнда жалпы гумманистік білім беріліп, көрнекті тарихшылардың, шешендердің, ақындардың шығармаларымен, философия, құқық пәндерімен таныстырған. Орта ғасырда ағарту облыстарында шіркеу алдыңғы орынға ие болады. Мектептердің мақсат-міндеттерін, оқу тәрбие формаларын шіркеу белгіледі. Осы кезеңде мектептің 3 түрі болған: монастырь, собор мектептері, приход мектептері. Бұнда монахтар мұғалімдік қызметін атқарған.

Сауда мен қолөнердің дамуына байланысты бұрынғы шіркеулік мектептердің орнына қолөнерщілердің цехтік мектептері, саудагерлердің гильдийлік мектептері пайда болды.

ХYІ ғасырда иезуиттардың педагогикалық жүйесі құрылады. Иезуиттік тәрбиенің мақсаты - католик шіркеуінің әсерін күшейту. Осы мақсатқа жету үшін жаңа құралдар қолданыла бастады: дене тәрбиесі, мектептің толықтай жабдықталуы, жұмсақ тәртіптің орнатылуы, жалпы білім берудің кең өрісі. Оқушыларға басқа әсерлердің күшін жою мақсатында иезуиттар өздерінің оқу орындарын жабық түрде ұйымдастырған. Ең алғаш интернаттарды құрған. Иезуиттар алғаш рет мұғалімдерді дайындау жүйесін ұсынған. Олар өздерінің мектептерінде оқыған студенттерді төменгі сынып оқушыларына сабақ беруге жұмсаған. Олар педагогикалық күнделік жүргізген. Жас мұғалімнің сабағы, күнделігі тәжірибелі ұстаздың қатысуымен талқыланып жұмысқа алынған.

Капитализм дәуірінде оқыту мен тәрбиені дворяндар мен буржуйлар жанұяларында гувернерлер оқыту мен тәрбие ісін жүргізген.

Тек ХYІІ ғасырдан бастап мұғалім мамандығы мемлекет тарапынан танылып оған белгілі бір талаптар қойыла бастады. Мұғалімнің міндеттері мен құқықтары заң түрінде белгіленді.

1917 ж Қазан төңкерісінен соң білім берудің жаңа жүйесі қарастырылды. Кәсіптік педагогикалық оқу орындарының жаңа түрлері пайда болды. Осылайша, мұғалімдер семинарияларын 3 жылдық педагогикалық курстарға, соңынан педагогикалық техникумдарға, қазіргі таңда колледждерге өзгертілді. 1980 жылдың ортасынан бастап, педагогикалық жоғары оқу орындарында түрлі қосымша мамандықтар енгізіле бастады.

ХІХ ғасырдың 90 жылдарында Қазақстанның қоғамдық өмірінде, білім беруде өзгерістер байқалды. Педагогикалық институттар педагогикалық университеттерге айналдырылды. Жалпы білім беретін мектептердің жаңа түрлері пайда болып, практикаға енгізіледі. Соңғы жылдары педагогикалық институттар мен университеттерде білім беру жүйесінде жұмыс жасайтын заңгерлерді, психологтарды, менеджерлерді, экономист, маркетолог сияқты мамандықтарды дайындайды. Осылай ең ежелгі кәсіп - мұғалім жаңа бағытта дамуда.

Педагогика тарихында белгілі педагогтар:

Ян Амос Коменский (1592-1670), гуманист-ойшыл, педагог. Чехия.

Оңтүстік Моравияда протестант жанұясында дүниеге келіп, ата-анасынан ерте айырылған. Чех ағайындылары атты діни қоғамдастықта тәрбиеленіп, сонда бастапқы білімді алған. Қабілетті жас жігіт Херборн және Гейдельберг университетіне (Германия) оқуға жіберіледі. Осында оның педагогикаға деген бағыты анықталады. Чехияға оралған соң ағайындылар мектебінде сабақ бере жүріп, діни қызметкері болып тағайындалады. 30 жылға созылған соғыс, діни қуғын-сүргін оның басқа чех адамдары сияқты тау арасында тығылып жүруге, соңынан 40 жыл бойы басқа елдерде жүруге мәжбүр етті: Польша, Англия, Швеция, қайтадан Польша, Венгрия, Польша, Голландия. Бірақ оған қарамастан, қай жерде болсын педагогикалық қызметпен айналысуын тоқтатқан жоқ. Педагогикалық еңбектерін жазып, әлемге атағы жайылды. Коменскийдің еңбектерінде (теориялық зерттеулер, оқулықтар, өсиет, әдістемелер, оқытуға арналған пъесалар және т.б.) оның педагогикалық жүйесінің негіздері берілген. Олардың жалпы саны 80-ге жетеді.

Я.А.Коменский оқыту жайындағы теорияға мынадай анықтама береді: «бұл бәріне барлығын үйретуге арналған өнер». Ол ең алғаш оқыту мен тәрбиенің заңдарын, табиғитқа сәйкестік принципін, сынып-сабақ жүйесінің теориялық негізін белгілейді.

Коменскийдің айтуынша, мектептің басты мақсаты – балаларды нағыз адам етіп тәрбиелеу.

Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870), педагог, Ресей.

Дворян жанұясында дүниеге келген, балалық шағын Новгород жанында өткізген, сонда гимназияны аяқтап, Мәскеу университетінің заң факультетін өте жақсыға бітірген. 1846 жылдан – Ярославль лицейінің профессоры. 1854 жылдан бастап мұғалім болып жұмыстана бастайды. Соңынан Гатчин жетімдер институтының инспекторы ретінде тағайындалады.

Ушинскийдің педагогикалық теориясының басты идеясы – білім берудің халықтық сипаты принципі. Ушинскийдің айтуынша, тұлғаны қалыптастырудың басты құралы – еңбек. Оқулықтары: «Ана тілі», «Балалар әлемі».

Антон Семенович Макаренко (1888-1939), педагог-жазушы, КСРО.

Харьков губерниясында темір жол жұмысшысының жанұясында дүниеге келген. Қалалық училищені, одан кейін оқытушылар даярлайтын курстарды бітіргеннен кейін темір жол училищесінде оқытушы болып жұмыс атқарады. Педагогикалық қызметі 1905 жылы басталды. Макаренко балалар ұжымымыен тәрбие жұмысын жүргізудің ғылыми негізгі теориясы мен әдістемесін құрды. Тәрбиенің негізгі принциптерін анықтаған: тәрбиеленушіге талап қоюды оны құрметтеу және оған сенім білдірумен байланыстыру, ұжым ішінде, ұжым арқылы және еңбекте тәрбиелеу. Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі мол, оның осы мәселе жөніндегі «Ата-аналар кітабы», «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары» балаларды жанұяда тәрбиелеу жөніндегі ғылыми және көркем әдебиет болып есептелінеді.



Шоқан Уәлиханов (1835-1865), демократ, тарихшы, географ, этнограф, зерттеуші, Қазақстан. Шоқан өз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебиетінің нұсқаларына көп көңіл бөлді. Шоқанның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселердің мақсатын сынай келе, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздедеі.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), ағартушы-педагог, Қазақстан. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұсатз дайындауға, оларға ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы.Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты. Торғайда – қолөнер, Қостанайда – ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда – қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады.

Абай Құнанбаев (1845-1904), ойшыл ақын, Қазақстан. Поэтикалық шығармалары мен «Ғаклия» сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруді, өмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымының ақылмен, жан құмарымен алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруының педагогикалық көзқарасының дүниежүзілік педаггика классиктерінің ой-пікірлерімен терең қабасып жатқандығының айғағы.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937), ағартушы-педагог, Қазақстан. Қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, мектеп ағртушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарларда бала оқытты, оқу-тәрбие салаларында көп ізденді. Ауыл мектептерінде балалардың қазақша сауат ашуын, оқудың ана тілінде жүргізілу керектігін ұсынды.



Міржақып Дулатов (1885-1935), педагог, Қазақстан. Ы.Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытушы, оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қараған, шәкірттердің жаңа бағдарлама арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берген. «Есеп құралы» қазіргі кездегі математикадан оқөу кітаптарын құрастырушылар үшін теңдесі жоқ үлгі деуге болады.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931), педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, ьірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы. Педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938), оның «Педагогика» атты еңбегі сол кзеңде ана тілінде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болып табылады.
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі.

Әрбір адамның белгілі мамандыққа иелігі оның іс-әрекеті мен ойлау бағыты ерекшелігінен көрінеді. Е.А.Климов ұсынған жіктеу бойынша, педагогикалық мамандықтың пәні басқа адам болып табылатын мамандықтар тобына жатқызылады. Бірақ педагогикалық мамандықты басқа мамандықтардан оның өкілдерінің ойлау бағыты, борыш пен жауапкершілігін сезіну арқылы анықтайды. Осы сипаттарына байланысты педагогикалық мамандықты ерекшелейді. Оның басқа «адам-адам» құрылымды мамандықтардан айырмашылығы – ол өзгертушімен қатар, басқарушы сипатқа ие. Оның мақсаты тұлғаны қалыптастыру және өзгертумен қатар, педагог оның интеллектуалды, эмоционалды және дене даму процестерін басқаруы тиіс.

Педагогикалық мамандықтың басты мазмұны – басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу. Оның басты міндеті – қоғамдық мақсатты түсіну және басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа қол жеткізуге бағыттау.

Мұғалім мамандығында қарым-қатынас жасау іскерлігі кәсіби қажетті қасиет болып табылады.

Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның объектісі мен нәтижесінде. Объектісі – адам, ол жай адам емес, оның денелік мәні емес, дамып келе жатқан адамның рухани ішкі өмірі. Адам - табиғаттың қайталанбас құбылысы. Мұғалім мамандығының тағы бір ерекшілігі - оның балалармен әрдайым қатынаста болуы. Педагогикалық еңбектің құралдары да ерекше. Ол бірнеше компоненттерден құралады: еңбек (белгілі бір мақсатқа бағыттау әрекеті ретнде); еңбек құралы; еңбектің пәні. Педагогикалық еңбек жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық еңбек - бұл мәдениетті меңгерген адам және мәдениетті меңгеруші адамның арасындағы өзара әрекет.

Мұғалім білім беруші ғана емес, ол жоғары құлықты тұлға. Оның бойында ар, намыс, мейірім деген сияқты қасиеттері болуы тиіс.Кез келген педагогтар оқушылар үшін де, ата-аналар үшін үлгі өнеге болуы тиіс. Өткен ғасырдың көрнекті ғалымы, философ, педагогы Джон Локк мұғалім өнегесі жайында былай деп жазған׃ «Оның жүріс-тұрысы өзінің сөздерімен сәйкес келуі тиіс».

Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі – ол табиғатынан гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипатқа ие.

Педагогикалық мамандықтың гуманистік қызметі. Педагогикалық мамандықтың екі әлеуметтік қызметі қалыптасқан: бейімдеушілік және гуманистік («адамды қалыптастырушы»). Бейімдеушілік қызметі қазіргі әлеуметтік-мәдени ситуациялардың нақты талаптарына сәйкес оқушыны, тәрбиеленушіні бейімдеумен байланысты болса, ал гуманистік – оның тұлғасын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық мамандықтың ұжымдық сипаты. «Адам-адам» құрылымдық топтағы мамандықтардың нәтижесін тек бір адам ғана жасаса (мысалы, сатушы, дәрігер, кітапханашы), педагогикалық мамандықта әрбір педагогтың, жанұяның немесе басқа ықпал ету көздерінің үлесін шектеу мүмкін емес. Осыдан педагогикалық мамандықтың ұжымдық сипатта екендігін көре аламыз. Педагогикалық қызметтегі ұжымдық бастамалардың заңды артуына байланысты педагогикаға педагогикалық қызметтің жинақталған субъектісі ұғымы енгізілуде. Бұндағы жинақталған субъект дегеніміз кең мағынада мектептің немесе басқа білім беру орнының педагогикалық ұжымы. Ал тар мағынада, бұл оқушыға немесе оқушылар тобына тікелей әсер етуші педагогтар тобы.

Мұғалім қызметінің шығармашылық сипаты. Педагогикалық қызмет кез-келген қызмет сияқты тек сандық мөлшерге емсе, сонымен қатар, сапалық қасиеттерге ие. Мұғалім еңбегінің мазмұны мен ұйымдастырылуын тек оның өзінің қызметіне деген шығармашылық қатынас деңгейін анықтау арқылы ғана дұрыс бағалауға болады. Педагог қызметіндегі шығармашылық деңгейі оның қойылған мақсатқа қол жеткізу барысында өз мүмкіншіліктерін қолдану деңгейін көрсетеді.

Педагог тұлғасының шығармашылық потенциалы оның әлеуметтік тәжірибесі, психологиялық-педагогикалық және пәндік білім қоры, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа идеялар, іскерлік пен дағдылары, жаңа формалар мен әдістер негізінде қалыптасады.

Педагогикалық шығармашылдықтың көріну саласы педагогикалық қызметтің негізгі компоненттер құрылымымен анықталады және оның барлық жақтарын қамтиды: жоспарлау, ұйымдастыру, іске асыру және нәтижені талдау.

Педагогикалық ғылыми әдебиетте педагогикалық шығармашылық – бұл өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешу процесі деп түсіндіріледі.

Педагогикалық қызметтің шығармашылық сипатын тек педагогикалық міндеттерді шешумен анықтауға болмайды, себебі шығармашылық әрекет тұлғаның танымдық, эмоциональды-еріктік және мотивациялық-қажеттілік компоненттерінің бірлігінде бейнеленеді. Сонымен қатар, педагогтың шығармашылығ оның коммуникативті міндеттерді шешуінде көрінеді.

Шығармашыл педагогқа мына қасиеттер тән: белсенділік, дербестік, ойлаудың бәсеңдігін арттыру қабілеті, жаңаны сезіну және оны тануға ұмтылысы, мақсатқа бағытталуы, ұқсастықтар кеңдігі, байқампаздық, кәсіби есте сақтау.

Педагогикалық мамандықтың даму перспективасы.

Білім беру саласында мамандықішілік саралануға бағытталу байқалады. Бұл еңбекті ажыратудың заңды процесі. Педагогикалық қызмет түрлерінің оқшаулану процесі тәрбие процесі сипатының «күрделенуімен» белгіленеді. Бұл өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының өзгеруімен, ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамудың жетістіктерімен түсіндіріледі.

Жаңа педагогикалық мамандықтың пайда болуына әкелетін тағы бір себеп – бұл квалификацияланған оқыту мен тәрбиеге сұраныстың көбеюі.

Педагогикалық мамандық – кәсіби топтыңаясындағы қызмет түрі ол белгілі сипаттағы кәсіби педагогикалық міндеттерді қою және шешуді қамтамасыз ететін, білім беру нәтижесінде меңгерілген білім, білік және дағыдалар жүйсімен сипатталады.

Педагогикалық мамандану – педагогикалық мамандықтың аясындағы белгілі іс-әрекеттің түрі. Ол нақты еңбек пәнімен және маманнның нақты функциясымен анықталады.

Педагогикалық квалификация – маманның белгілі сипаттағы міндеттерін шешу мүмкіндігін сипаттайтын кәсіби-педагогикалық дайындықтың деңгейі мен түрі.

Педагогикалық мамандықтар «Білім беру» кәсіби тобына біріктірілген. Берудегі әлемдік бағыттарды талдай отырып, кәсіби педагогикалық маманға мынандай талаптар қойылады.


  1. Білім беру сапасының жоғарылауы.

  2. Мұғалімнің шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерінің өсуі.

  3. Мұғалімнің рухани құлықтық қабілеті жоғары болуы тиіс.

  4. ХХІ ғасырдың мұғалімі оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын үздіксіз меңгеріп, оны өз тәжірибесінде қолдануы керек.

  5. Білімді интеграциялау (кіріктіру).

  6. Кәсіби қабілеттілік.

  7. Интеллегенттік.

  8. Бәсекелестікке қабілеттілік.

  9. Рухани байлық.

ХХ1 ғасыр мұғалімі осы талаптарға сай қалыптасуы тиіс..

Бесінші- алтыншы тақырып. Педагогтың кәсіби кызметі және оның тұлғасы.

Мақсаты: педагогикалық қызметтің мәнін ашу, оның түрлерімен таныстыру.

Жоспар.

  1. Педагогикалық қызметтің мәні, мақсаты.

  2. Педагогикалық қызметтің негізгі түрлері - оқыту мен тәрбиелеу.

  3. Педагог түлғасы. Негізгі кәсіби маңызды қасиеттері.

  4. Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы.

Педагогикалық қызметтің мәні, мақсаты.

Педагогикалық қызмет – бұл әлеуметтік қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық дамуына жағдай тудыруға және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольді орындау үшін дайындауға бағыталған.

Бұл қызметті педагогтармен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп басшылары, өндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары да атқарады. Бірақ педагогтар бұнда кәсіби қызмет тақарса, қалғандары – жалпыпедагогикалық қызметке ие. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби қызмет ретінде арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында жүргізіледі: мектепке дейінгі орындар, мектеп, кәсіби-техникалық училищелер, арнайы орта және жоғары оқу орындары, қосымша білім беру, біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау орындары.

Педагогикалық қызметтің мәнін түсіну үшін оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет, нәтиженің бірлігінен тұрады.

Мұғалім жұмысының мақсатын қоғам анықтайды, яғни оның әрекетінің мақсаты - оқушылардың тұлғасын қоғамдық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс. Әлеуметтік даму бағыттарын белгілейтін көрініс ретінде мақсат адамның рухани және табиғи мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оған белгілі талаптар жиынтығын қояды. Онда, бір жағынан, әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылықтары, екінші жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен қабілеттері жинақталған.

Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектілері ретінде тәрбиелік ортаны, тәрбиеленушілер әрекетін, тәрбиелеуші ұжымды және тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін белгілейді. Педагогикалық қызмет мақсатын жүзеге асыру тәрбиелік ортаны қалыптастыру, тәрбиеленушілердің әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелеуші ұжымды тудыру, тұлғаның даралығын дамыту сынды міндеттерін шешумен байланысты.

Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттері анықталатын негізгі функциональды бірлік ретінде педагогикалық іс-әрекет танылған. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті ең алдымен, танымдық міндет формасында көрінеді. Өіндегі бар білімге сүйене отырып, ол теория жүзінде өз іс-әрекетінің құралдарын, пәнін және нәтижесін салыстырады. Танымдық міндет психологиялық тұрғыдан өз шешімін тауып, практикалық өзгертуші қимылға айналады. Осылайша, мұғалімнің іс-әрекеті – бұл түрлі деңгейдегі міндеттерді шешу процесі.

Педагогикалық міндеттердің спецификалық ерекшелігі – олардың шешімін табуда.

Педагогикалық қызметінің обьектісі- адам, оның ақыл-ойы, еркі, сезімдері. Оның мынадай ерекшеліктері бар:

1. Адам - тірі табиғат бөлігі. Оның қайталанбас жеке қасиеттері, қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік түсінушілігі бар белсенді обьект.

2. Мұғалім әрдайым өзгеріп отыратын жеке адаммен жұмыс жасайды.

3. Мұғаліммен бірге жеке адамдарға бүкіл қоршаған орта әсер етеді. Педагогикалық қызмет осы әсерлерді дұрыс бағыттауы тиіс.



Педагогикалық қызметтің негізгі түрлері - оқыту мен тәрбиелеу.

Педагогикалық қызметтің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу. Оқыту – бұл оқушының танымдық белсенділігн басқаруға бағытталған мұғалімнің әрекеті. Тәрбиелеу – бұл тәрбиелік ортаны ұйымдастыру және тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін түрлі іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған педагогикалық қызмет. Олар өзара байланысты және бір-біріне бағынышты. Бұл оқыту мен тәрбиенің бірлігі идеясының көрсеткіші. Оқыту және тәрбиелеу бір процестің екіжақты сипаттамасы. Олардың арасындағы шекараны белгілеу мүмкін емес. Сондықтан олар біртұтас процесс ретінде қарастырылады.

Оқытуға әдетте қатаң уақытқа шектелу, нақты мақсат қою және оған қол жеткізудің нақты жолдарын белгілеу тән. Оқытудың тиімділігінің маңызды көрсеткіші – оқу мақсатына қол жеткізу. Ал тәрбие жұмысының мақсаты нақты мақсатқа тікелей қол жеткізуді меңземейді. Себебі оның мақсатына шектеулі уақыт аралығында қол жеткізу мүмкін емес. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты міндеттерді бірізділікпен шешу жоспарланады. Тәрбие міндеттерінің тиімді шешімінің маңызды көрсеткіші ретінде эмоциональды реакцияларында, мінез-құлқында және іс-әрекетінде көрінетін тәрбиеленуші санасындағы өзгерістер.

Оқыту мазмұнын, яғни сабақ беру логикасын қатаң түрде жоспарлауға болса, ол тәрбие жұмыснда мүмкін емес.

Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіші – білім және іскерлікті меңгеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу жолдарын меңгеру, дамудағы алға жылжу жылдамдық деңгейі. Оқушылар әрекетінің нәтижесі тез, оңай анықталады және олар сандық-сапалық көрсеткіштермен бекітіледі. Ал тәрбие жұмысында дамушы тұлғаның әрекетінің нәтижесін белгілеу өте қиын.

Педагог тұлғасының негізгі кәсіби маңызды қасиеттері.

Мұғалім тұлғасының жеке ерекшеліктеріне педагогикалық процесс те, тәрбие жетістігі де бағынышты. Мұғалімді негізінен педаггикалық бағытталу ерекшелейді. Мақсатқа бағытталу педагогикалық қызметте бірізділікпен жүйелілілікті, өз еңбек нәтижесін дұрыс бағалау қабілетін талап етеді. Мұғалім баланың шығармашылық мүмкіншіліктерінің дамуына сенуі қажет. Педагог оптимистік көзқарасқа ие болуы тиіс. Оптимистік көзқараста болуы үшін гуманистік баығтталу қажет. Бұл:



    • баланың жақсы қасиеттеріне сену және сүйену;

    • балаларға деген сүйіспеншілік;

    • балаға тіл тигізуден аулақ болу және т.б.

Мұғалім мінезіндегі салмақтылық ерекше орынға ие. Ол түрлі ситуацияларда шыдамдылық, жинақылық, төзімділік, бірқалыптылық танытуға міндетті.

Келесі маңызды қасиет – талап қоя білуі. Өзіне және өзгеге қойылатын талап адамгершілік бастамаларын, моральдық ережелер мен нормаларды қалыптастырады.

Оқушылардың оқуға деген ынтасы көбінесе тәрбиешінің беделімен анықталады. «Бедел» - барлығына танымал мәнділік, ықпал, оқытушының тәрбиелік әсерінің күші.

Терең арнайы білім, бала және педагогикалық психологияны жете меңгеру, кәсіби іскерлікті меңгеру, адамгершілік көзқарас, жоғары мәдениеттілік – мұғалім беделін қамтамасыз етеді.

Осыған сәйкес педагогикада мұғалімның түрлі модельдері ұсынылады.

Педагогикалық қарым-қатынасты қалыптастыру технологиясы.

Педагогикалық қарым-қатынасты орнату технологиясы педагогикалық мақсатқа сәйкес педагогтар мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастарын белгілеуге тәуелді.

Мектептегі педагогтар мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынастары – бұл өндірістік, саяси, құқытық, моральдық қарым-қатынастар жүйесімен белгіленетін, білім беру міндеттерін шешуге бағытталған өзара әрекеттесу.

Мектептегі педагогтар мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынастар нормасы – гуманды немесе педагогикалық мақсатқа сәйкес қарым-қатынастар.

Педагогтың мақсатқа сәйкес қарым-қатынастарын орнату педагогикалық такт, бедел, педагогтың жеке өнегесі, педагогикалық ықпал жасау әдістері және т.б. емес, достық, жолдастық, гумандық қарым-қатынастарды қалыптастырудан көрінеді.

Мұғалім оқушылармен, ең алдымен, оқу процесінде қарым-қатынасқа түседі. Осы қарым-қатынастардың басты ерекшелігі – оқушылардың оқуға, еңбекке, қоғамдық құндылықтарға, достарына белсенді қарым-қатынастарды қалыптастыру мақсатындағы саналылығы. Басқаша айтсақ, қалыптасқан қарым-қатынастар педагогикалық міндеттерді шешу үшін қолданылады.

Педагогикалық процестегі қарым-қатынастар біріккен іс-әрекет барысында қалыптасады.

Қарым-қатынасты орнатуда мұғалімнің жеке тұлғасы ерекше орын алады. Мектепке барғаннан алғашқы кезден-ақ мұғалім сөзсіз беделге ие болады. Бұл жоғарғы сыныпқа дейін сақталады. Пәндік оқуға өткен соң оқушылар көп мұғалімдерге кездеседі. Осыдан келе, оқушылардың мұғалімдерге деген әртүрлі көзқарастары қалыптаса бастайды.

Мұғалім тұлғасының оқушы тұлғасына құлықтық әсер етуі, адамгершілікті қарым-қатынастардың қалыптасуы адамның өзінің табиғатында және адами қарым-қатынастарда жатыр. Осы бағытта адамның бірін-бірі психологиялық негізде тану және олар арасында өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруға жүгінген дұрыс.

Педагогикалық процесте қарым-қатынас орнатуда эмпатия ерекше орныға ие. Оқушыларды тану барысында пайда болатын сезімдер олардың тұлғалық кәсіби қасиеттерін бағалауға көп көмек.

Қарым-қатынас орнатудың келесі бір жолы – педагогикалық такт. Педагогикалық такт – бұл түрлі іс-әрекет саласында балалармен қарым-қатынас орнатуда өлшем принципін ұстануы және оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері негізінде оларға деген дұрыс қарым-қатынасты белгілеу шеберлігі. Педагогикалық такт негізінде педагогтың тұлғалық қасиеттеріне, дүниетанымына, мәдениетіне, еркіне, азаматтық позициясына және кәсіби шеберлігіне тәуелді.

Жетінші тақырып. Педагогикалық қызметтің құрылымы.

Мақсаты: педагогикалық қызметтің компоненттерін белгілеу, олардың өзара байланысын ашу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет