Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.
Бақылау жұмысы. Берілген сұрақтарға жазбаша түсініктерін жазу.
Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.
“Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студенттер көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.
Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі
1-ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі
Қазақстан Республикасының “Білім заңы”,
“Қазақстан Республикасы орта білімнің даму концепциясы”.
Өткізілу формасы: “Аквариум”
2-ОЖСӨЖ мазмұны:
ҚР білім беру жүйесіндегі норативтік құжаттарға сиаттама.
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығы.
Білім беру жүйесіне анықтама. Халыққа білім беру жүйесінің тарихы.
Өткізілу формасы: Коллоквиум:
3-ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогикалық қызметтің мәні мен құрылымы.
Өткізілу формасы: “Мозайка”
4-ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогикалық қызметтің мәні мен құрылымы.
5-ОЖСӨЖ мазмұны:
Мұғалім педагогикалық қызметтің субьекті ретінде
Өткізілу формасы: “Мозайка”
6-ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогикалық қарым-қатынас
Өткізілу формасы: “Аквариум”
7-ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагог- психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері
Өткізілу формасы: Коллоквиум:
8-ОЖСӨЖ мазмұны:
Мұғалім педагогикалық қызметтің субьекті ретінде
Өткізілу формасы: “Аквариум”
9-ОЖСӨЖ мазмұны:
Кәсіби қабілеттілікті анықтау
Өткізілу формасы: “Мозайка”
10-ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі.
Өткізілу формасы: “Мозайка”
11-ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогикалық мәдениет.
Өткізілу формасы: Коллоквиум:
12-ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогикалық зерттеудің әсерлілігін жоғарылату мәселелері
Өткізілу формасы: “Аквариум”
13-ОЖСӨЖ мазмұны:
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен құралдары.
Өткізілу формасы: “Аквариум”
14-ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері
Өткізілу формасы: “Мозайка”
15-ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері .
Педагогикалық қарым-қатынас деңгейлері.
Өткізілу формасы: “Мозайка”
8. ----
9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
- «Педагогика мамандығына кіріспе» курсы бойынша картотека құрастыру.
- ОЖСӨЖ қортындыларын конспектілеп отыру.
- Практикалық сұрақтар мен ОЖСӨЖ тақырыптары бойынша әдебиет және басқа да ақпарат құралдарымен жұмыс
Реферат тақырыптары:
Педагогикалық мамандықтың даму перспективалары.
ХХІ ғ білім беру мен педагогика
Оқу-тәрбие үрдісін модернизациялау.
Тәрбие мен білім берудегі көкейтесті мәселелер
Педагогикалық ойдың негізгі бағыттары.
Тәрбие мен оқытудың жаңаруы.
Мектеп реформалары жөнінде сұрақ.
Білім берудің эволюциясы.
Білім беру мен тәрбиенің қазіргі жағдайы.
Аудиториямен қарым-қатынас жасау үшін қажетті педагогтың кәсіби сапалары.
Педагогикалық әлеуметтік перцепция.
Коммуникативті педагогикалық тәсілдер.
Дау-жанжалды педагогикалық жағдайды шешу.
10. -----
11. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан
Бағалау саясаты:
№
|
«_Педагогика мамандығына кіріспе__» пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
Атпа
|
Жұмыс үшін %
|
Барлығы
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Дәріске қатысу
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
ӨЖСӨЖ
|
2
|
30
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
3
|
Жеке тапсырма
|
2,5
|
5
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
4
|
Тест
|
5
|
10
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
Р1 + Р2
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
...
|
Емтихан
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Тест материалдары
Аралық бақылау материалдары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қашан қабылданды?
Білім беру жүйесінің басты міндеттерін атаңыз.
Мұғалімнің құқығы мен міндеттерін атаңыз.
Білім беру жүйесі, оның даму ерекшліктері қандай?
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері.
Білім беру жүйесінің құрылымын атаңыз, әрқайсысына тоқталыңыз.
Білім беру жүйесінің мәнін қалай түсінесіз?
050103- Педагогика және психология” мамандығы бойынша бакалаврдың бiлiктiлiк сипаттамасы дегеніміз не?
Осы мамандықтың кәсiптiк iс-әрекетiнiң шеңберi қандай?.
Кәсiптiк қызмет объектiсi не?
Педагогикалық мамандықтың пайда болуын қандай факторлар белгілейді?
«Педагог», «мұғалім», «тәрбиеші» ұғымдары өзара қандай байланыста болып келеді?
Мұғалім және педагогикалық мамандық жайында қандай мақал-мәтелдер білесіз?
Түрлі тарихи кезеңдердегі ұлы мұғалімдерді атаңыз. Олардың адамзатқа тигіген пайдасы қандай?
Мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби функцияларын атаңыз.
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі неде?
Педагог қызметінің гуманистік мәні неде?
Педагогикалық қызметтің ұжымдық сипаты неден көрінеді?
Неліктен педагогикалық қызмет шығармашылық түрге жатқызылады?
«Педагогикалық мамандық», «педагогикалық мамандану», «педагогикалық квалификация» ұғымдарын салыстырыңыз.
Қазіргі педагогикалық мамандықтар мен педагогикалық квалификацияларды атаңыз.
Педагогикалық еңбектің спецификасы қандай ерекше функциялармен сипатталады және ол қандай компоненттерден құралған?
Педагогикалық қызметтің мұғалім тұлғасына әсері қандай?
Бүгінгі қоғамдық жағдайда мұғалім тұлғасының мәнінің төмендеу-жоғарылауын дәлелдеңіз.
Ауыл мектебіндегі мұғалім қызметінің спецификасы неде?
Педагогикалық қызметтің мәні неде?
Педагогикалық қызметтің мақсаттары қандай?
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз не және оның қандай формалары бар?
Педагогикалық қызметтің негізгі түрлері – оқыту мен тәрбиелеуге салыстырмалы талдау жасаңыз.
Педагогикалық қызметтің құрылымы қандай?
Педагогикалық мақсатқа бағытталған қарым-қатынастар дегеніміз не?
Педагогикалық қарым-қатынас орнатудың шарттары және технологиялық тәсілдері қандай?
Неліктен мұғалім мен оқушы әрекеттесуінде адамгершілікті қарым-қатынастар басты орынға ие?
Қазіргі кезеңде дүние жүзінде білім беруді дамытудағы басты бағыттарға сипаттама беріңіз.
Болашақ мұғалімінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптарды атаңыз.
Жаңа білім беру жүйелерін тудыру жағдайында мұғалімнің қандай кәсіби мәнді тұлғалық қасиеттері маңызды болып саналады?
Өзіңіз таңдаған мамандықтың кәсіби қызметі дамуының бағыттары, сіздің ойыңызша, қандай болуы мүмкін?
Педагогикалық қызметтің маңызды сипаттамаларын атаңыз.
Педагогикалық қызметтің құрылымдық элементтері арасындағы байланыстарға сипаттама беріңіз.
Тұлға дамуының басты факторы іс-әрекет екендігін көрсетіңіз.
«Қарым-қатынас» және «мінез-құлық» ұғымдары арасындағы байланысты көрсетіңіз.
«Педагогикалық қызмет» ұғымына анықтама беріңіз.
Педагогикалық қызметтің мақсатын белгілеудегі басты тұрғыларға сипаттама беріңіз.
Нәтижелі педагогикалық қызметтің шарттарын көрсетіңіз.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының жоспарларына қандай оқу пәндерінің блоктары енгізілген? Әрқайсысының міндеттерін атаңыз.
«Мұғалімнің жалпы педагогикалық дайындығы» ұғымын түсіндіріңіз.
Жалпы педагогикалық білім жүйесіне қандай блоктар енгізілген?
Жалпы педагогикалық іскерлік және дағды жүйесіне сипаттама беріңіз.
Неліктен психологиялық-педагогикалық пәндер студенттердің жалпы педагогикалық дайындығының негізі болып табылады?
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің мәні неде?
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу процесіне қандай факторлар елеулі әсерін тигізеді?
Кәсіби өзін-өзі тәрбилелеу кезеңдерін ататңыз. Әрқайсысына сипаттама беріңіз.
Өзін-өзі тәрбиелеудің қандай тәсілдерін білесіз?
Педагогикалық білімнің мақсат-міндеттері қандай?
Әрбір курстағы педагогикалық сараманның мақсаты мен міндеттері немен белгіленеді?
Педагогикалық сараман барысындағы іс-әрекет мазмұнына сипаттама беріңіз.
Педагогикалық практиканы ұйымдастыру принциптерін атаңыз.
Педагогикалық практика барысы бойынша қалыптасатын білім, іскерлік, дағды жүйесін атаңыз.
Педагогтың әдіснамалық мәдениеті неден көрінеді?
Әдіснамалық білімнің деңгейлерін көрсетіңіз.
Педагогикалық зерттеулердің ңақты-әдіснамалық принциптерін атаңыз және оларды нақты мысалдармен көрсетіңіз.
Педагогикадағы зерттеудің логикасы қандай? Оның кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
Педагогикалық зерттеудің бағдарламасының мазмұнын ашыңыз.
Педагогикалық зерттеудің әдістемесінің мәні неде?
Педагогикалық зерттеулердің нақты әдіснамалық принциптерін атаңыз және оны нақты мысалдармен көрсетіңіз.
Педагогикадағы зерттеуді ұйымдастырудың логикасы қандай? Оның кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
Педагогикалық зерттеу бағдарламасының мазмұнын ашыңыз.
Педагогикалық зерттеу әдістемесінің мәні неде?
Педагогикалық зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз және нақты мысалдармен көрсетіңіз.
Педагогикалық қызметтің шығармашылдық сипатын неден көруге болады?
Шығармашылық қандай қабілеттерден көрінеді?
Шығармашылық тұлғаға тән қасиеттерді атаңыз.
Педагогикалық шығармашылыққа тән ерекшеліктердің әрқайсысына нақты мысалдар арқылы сипаттама беріңіз.
Педагогикалық шығармашылықтың пайда болу себептері.
Педагогикалық шығармашылықты дамыту жағдайларын атаңыз.
Қарым-қатынасқа сипаттама беріңіз.
Қарым-қатынасты қалыптастырудың кезеңдерін атаңыз.
Мұғалім қызметіндегі қарым-қатынастың маңызы неде?
Педагогикалық қарым-қатынас технологиясын қалай түсінесіз?
Қарым-қатынас түрлерін атаңыз.
2. Тест тапсырмалар
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қашан қабылданды?
А) 2003 жыл;
В) 1998 жыл;
С) 2004 жыл;
Д) 2000 жыл;
Е) 2007 жыл.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қандай мемлекеттік құжатқа негізделеді?
А) Балалар хұқығы туралы Конвенцияға;
В) ҚР Конституциясына;
С) ҚР жалпыға бірдей білім беру стандартына;
Д) Еңбек туралы заңға;
Е) ҚР президенті Жолдауына.
Білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметпен .... айналысуға хұқығы бар.
А) ҚР кез-келген азаматы;
В) ғалым;
С) педагогикалық білімге ие маман;
Д) ата-ана;
Е) қоғам.
.... – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуальды, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
А) тәрбиелеу;
В) оқыту;
С) білім беру;
Д) даму;
Е) қалыптасу.
Білім беру саласындағы мемлекеттің негізгі принциптерін көрсетіңіз.
А) Білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты; Білімнің, ғылымның және өндірістін интеграциялануы; Білім беру жүйесін ақпараттандыру.
В) Білім берудің авторитарлы сипаты; ҚР кейбір азаматтары ғана білім алуға хұқығы бар;
С) Білім беруді басқарудың авторитарлы сипаты; Біртұтастық принципі;
Д) Жеке адамның білімділігін шектеу; жеке адамның дара ерекшеліктерін есепке алмау;
Е) Білім беру процесінің жүйесіздігі.
Педагогикалық мамандық құрылымы бойынша қай топқа жатады?
А) «адам-табиғат»;
В) «адам-техника»;
С) «адам-адам»;
Д) «адам-ақпарат»;
Е) «адам-құрал».
Педагогикалық мамандықтың басты мазмұны –
А) ... басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу;
В) ... оқытудың техникалық құралдарын меңгеру;
С) ... қоғамдық мақсатты түсіну;
Д) ... рухани өмірді қалыптастыру;
Е) ...борыш пен жауапкершілікті сезіну.
Педагогтың тұлғаны, оның шығармашылық даралығын дамытуға бағытталған қызметі?
А) әлеуметтік;
В) бейімдеушілік;
С) ұжымдық;
Д) щығармашылық;
Е) гуманистік.
Педагогикалық мамандықтың ұжымдық сипатының мәні неде?
А) тәрбиеленушіні әлеуметтік-мәдени ситуацияларға бейімдеу;
В) тәрбиеленушілердің шығармашылық даралығын дамыту;
С) тәрбиеленушіге педагогтың, жанұяның, басқа ықпал ету көздерінің бірлігі;ъ
Д) тұлғаны өзгерту;
Е) педагогикалық міндеттерді шешу.
Белсенділік, дербестік, ойлаудың белсенділігін арттыру қабілеті, жаңаны сезіну және оны тануға ұмтылысы, мақсатқа бағытталуы, ұқсастықтар кеңдігі, байқампаздық, кәсіби есте сақтау. Бұл қандай педагогқа тән қасиеттер?
А) шығармашыл педагог;
В) ұйымдастырушы педагог;
С) жас педагог;
Д) психолог педагог;
Е) қарым-қатынасшыл педагог.
Педагогикалық мамандық – бұл ...
А) ... педагогикалық мамандық аясындағы белгілі іс-әрекеттің түрі.
В) ... маманның белгілі сипаттағы міндеттерін шешу мүмкіндігін сипаттайтын кәсіби-педагогикалық дайындықтың деңгейі мен түрі.
С) ... кәсіби топтың аясындағы қызмет түрі. Ол педагогикалық міндеттерді қою және шешуді қамтамасыз ететін, білім беру нәтижесінде меңгерілген білім, білк және дағдылар жүйесімен сипатталады.
Д) ... мамандықішілік саралану;
Е) ... кәсіби топталу.
Педагогикалық мамандану – бұл ...
А) ... педагогикалық мамандық аясындағы белгілі іс-әрекеттің түрі.
В) ... маманның белгілі сипаттағы міндеттерін шешу мүмкіндігін сипаттайтын кәсіби-педагогикалық дайындықтың деңгейі мен түрі.
С) ... кәсіби топтың аясындағы қызмет түрі. Ол педагогикалық міндеттерді қою және шешуді қамтамасыз ететін, білім беру нәтижесінде меңгерілген білім, білк және дағдылар жүйесімен сипатталады.
Д) ... мамандықішілік саралану;
Е) ... кәсіби топталу.
Педагогикалық квалификация – бұл ...
А) ... педагогикалық мамандық аясындағы белгілі іс-әрекеттің түрі.
В) ... маманның белгілі сипаттағы міндеттерін шешу мүмкіндігін сипаттайтын кәсіби-педагогикалық дайындықтың деңгейі мен түрі.
С) ... кәсіби топтың аясындағы қызмет түрі. Ол педагогикалық міндеттерді қою және шешуді қамтамасыз ететін, білім беру нәтижесінде меңгерілген білім, білк және дағдылар жүйесімен сипатталады.
Д) ... мамандықішілік саралану;
Е) ... кәсіби топталу.
Ең алғашқы мектептер қай қоғамда пайда болған?
А) құлиеленушілік;
В) феодалдық;
С) капиталистік;
Д) коммунистік;
Е) посткапиталистік.
Шығыс елдерінде ең алғаш мұғалім қызметін кімдер атқарған?
А) молдалар;
В) абыздар;
С) монахтар;
Д) иезуиттар;
Е) педагогтар.
Мектептің қоғамдық институт ретінде пайда болуына не себеп болды?
А) мәдениеттің дамуы, жазудың пайда болуы;
В) адамзат санасының өзгеруі;
С) басқа елдерге төтеп беруі;
Д) басқа елдерге шабуыл жасауы;
Е) балалардың сұранысы.
Ежелгі Грециядағы ең алғашқы мектептер қалай аталған?
А) риторлық;
В) грамматистер, кифаристтер;
С) иезуиттар мектебі;
Д) гимназия;
Е) лицей.
Қай кезеңде мұғалімдердің кәсіптік дайындығына мемлекет тарапынан талаптар қойылып, олардың хұқықтары заң түрінде бекітілді?
А) 17 ғ.;
В) 17 ғ. 1-ші жартысы;
С) 18 ғ.;
Д) 19 ғ. 1-ші жартысы;
Е) 19 ғ. 2-ші жартысы.
Қазақстанда мұғалімдерді дайындайтын алғашқы педагогикалық институт қашан, қайда пайда болған?
А) 1921 жыл, Омбыда;
В) 1929 жыл, Алматыда;
С) 1933 жыл, Оралда;
Д) 1934 жыл, Қызылордада;
Е) 1937 жыл, Семейде.
... – ересек ұрпақтың адамзат мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасауға және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольді орындау үшін дайындауға бағытталған қызмет.
А) педагогикалық;
В) әлеуметтік;
С) экономикалық;
Д) басқарушы;
Е) кәсіби.
Педагогикалық қызметтің құрылымын атаңыз.
А) мақсат, міндет, іс-әрекет, нәтиже;
В) мақсат, іс-әрекет, нәтиже;
С) мотив, іс-әрекет;
Д) мақсат, мотив, іс-әркет, нәтиже;
Е) мақсат, нәтиже.
Педагогикалық қызметтің негізгі түрлері?
А) мақсат қою, іс-әркетке қатысу;
В) жоспарлау, жобалау;
С) бағалау, қорытындылау;
Д) оқыту, тәрбиелеу;
Е) ұйымдастыру, жобалау.
Мұғалім тұлғасының басты ерекшелігі
Педагогикалық қызметтің құрылымдық компоненттерін атаңыз.
А) қызметтің мақсаты, субъектісі, объектісі, мазмұны, әдістері, нәтижесі.
В) қызметтің мақсаты, мазмұны, нәтижесі;
С) қызметтің мақсаты, мазмұны, міндеттері, субъектісі, объектісі;
Д) қызметтің құралдары, нәтижесі;
Е) қызметтің нәтижесі.
Мұғалім қызметінің диагностикалық функциясының мәні неде?
А) тәрбиелік іс-әрекеттің мақсатын, міндеттерін, бағытын, нәтижесін және жоспарын белгілеу;
В) жоспардың мазмұнын, мүмкін болатын нәтижесін жоболау, құру;
С) оқушыларды оқу-тәрбие жұмысына енгізу, олардың белсенділігн арттыру және ынталандыру;
Д) оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білуі, белгілі педагогикалық мәселені зерттеумен айналасуы, оның шығармашылық қасиеттерінің дамытылуы.
Е) оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, даму деңгейін, тәрбиелік дәрежесін зерттеу.
Мұғалім қызметінің зерттеу-шығармашылық функциясының мәні неде?
А) тәрбиелік іс-әрекеттің мақсатын, міндеттерін, бағытын, нәтижесін және жоспарын белгілеу;
В) жоспардың мазмұнын, мүмкін болатын нәтижесін жоболау, құру;
С) оқушыларды оқу-тәрбие жұмысына енгізу, олардың белсенділігн арттыру және ынталандыру;
Д) оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білуі, белгілі педагогикалық мәселені зерттеумен айналасуы, оның шығармашылық қасиеттерінің дамытылуы.
Е) оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, даму деңгейін, тәрбиелік дәрежесін зерттеу.
Мұғалім қызметінің болжаушы функциясының мәні неде?
А) тәрбиелік іс-әрекеттің мақсатын, міндеттерін, бағытын, нәтижесін және жоспарын белгілеу;
В) жоспардың мазмұнын, мүмкін болатын нәтижесін жоболау, құру;
С) оқушыларды оқу-тәрбие жұмысына енгізу, олардың белсенділігн арттыру және ынталандыру;
Д) оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білуі, белгілі педагогикалық мәселені зерттеумен айналасуы, оның шығармашылық қасиеттерінің дамытылуы.
Е) оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, даму деңгейін, тәрбиелік дәрежесін зерттеу.
Профессиограмма –
А) ... кәсіптік деңгейінің көрсеткіші.
В) ... мұғалім мамандығына тән негізгі қасиеттер мен оған қойылатын кәсіби талаптардың жүйесі.
С) ... мұғалім қызметінің түрлері.
Д) ... мұғалімнің әдістемелік деңгейі.
Е) ... мұғалімдік мамандыққа дайындау жолдары.
Педагогтың позициясының түрлерін атаңыз.
А) эмоциональды-құндылықты, интеллектуалды.
В) әлеуметтік, кәсіби.
С) экономикалық, хұқықтық.
Д) мотивациялық, еріктік.
Е) белсенді, пассивті.
Педагог позициясының типтік рольдік сипаттамасын берген кім?
А) Кузьмина Н.В.
В) Выготский В.С.
С) Ительсон Л.Б.
Д) Жұмабаев М.
Е) Алтынсарин Ы.
... – педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығының бірлігі.
А) Қабілеттілік
В) Педагогикалық білім, білік, дағды жүйесі
С) Педагогикалық қабілеттілік
Д) Педагогикалық-психологиялық дайындық
Е) Педагогикалық іскерлік
... – теориялық білімге негізделген, педагогикалық міндеттерді шешуге бағыт талған, бір бөлігі автоматтандырылған (дағды), бірізділікпен жүретін іс-әрекеттердің жиынтығы.
А) Қабілеттілік
В) Педагогикалық білім, білік, дағды жүйесі
С) Педагогикалық қабілеттілік
Д) Педагогикалық-психологиялық дайындық
Е) Педагогикалық іскерлік
Мұғалімнің теориялық дайындығының мазмұнына енетін іскерліктер.
А) аналитикалық, ақпараттық, бейімдеуші
В) коммуникативті, дамытушы, бейімдеуші
С) аналитикалық, рефлексивті
Д) аналитикалық, жобалаушы, болжаушы, рефлексивті.
Е) ұйымдастырушы, коммуникативті.
Мұғалімнің практикалық дайындығының мазмұнына енетін іскерліктер
А) аналитикалық, ақпараттық, бейімдеуші
В) коммуникативті, дамытушы, бейімдеуші
С) аналитикалық, рефлексивті
Д) аналитикалық, жобалаушы, болжаушы, рефлексивті.
Е) ұйымдастырушы, коммуникативті.
Педагогикалық қабілеттердің дидактикалық түріне сипаттама беріңіз.
А) мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
В) мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих және т.б.) сәйкестігі.
С) оқушының ішкі дүниесін тани білуі.
Д) оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.
Е) тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.
Педагогикалық қабілеттердің перцептивті түріне сипаттама беріңіз
А) мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
В) мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих және т.б.) сәйкестігі.
С) оқушының ішкі дүниесін тани білуі.
Д) оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.
Е) тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.
Педагогикалық қабілеттердің коммуникативті түріне сипаттама беріңіз
А) мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
В) мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих және т.б.) сәйкестігі.
С) оқушының ішкі дүниесін тани білуі.
Д) оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.
Е) тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.
Педагогикалық техника - ...
А) мұғалімге оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы;
В) мұғалімнің шығармашылығы, жеке тәжірибесі, оның жариялылығы;
С) педагогикалық қызметтегі мұғалімнің түрлі іс-әрекеттерінің жиынтығы;
Д) ықпал жасауға арналған әдістемелік құралдарды тиімді және дұрыс қолдану шеберлігі;
Е) оқу материалымен жұмыс жасау іскерлігі.
Жалпыпедагогикалық білім – бұл ...
А) ... педагогикалық теорияны, практиканы меңгерген мұғалімді қалыптастыру;
В) ақпаратты іздеу, қолданудың соңғы әдістерін меңгеру;
С) дайындық жүйесі;
Д) мұғалімнің кәсіби функцияларын жүзеге асыруға қажетті педагогикалық білім, практикалық білік және дағды жүйесі;
Е) оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формалары.
Жалпы педагогикалық білім берудің мазмұнына енетін блоктар:
А) жалпымәдени, психологиялық-педагогикалық, пәндік;
В) кәсіптік, мәдени, жалпыадамзаттық;
С) педагогикалық, психологиялық, экономикалық;
Д) психологиялық-педагогикалық, пәндік;
Е) жалпымәдени, пәндік.
Оқу еңбегінің мәдениетін қалыптастырудың басты құралы - ...
А) қайта тәрбиелеу;
В) тәрбие;
С) өзін-өзі тәрбиелеу;
Д) ойлау еңбегі;
Е) педагогикалық ұжым.
Өзін-өзі кәсіби тәрбелеудің бағдарламасын құру өзін-өзі тәрбиелеудің қай кезеңінде жүзеге асырылады?
А) өзін-өзі тану;
В) өзін-өзі реттеу;
С) өзін-өзі жоспарлау;
Д) өзін-өзі анықтау;
Е) өзіне-өзі әсер ету.
Педагог Е.А.Климов анықтаған педагогикалық мамандықты таңдаудың факторларын атаңыз, дәлелдеңіз.
А) жанұяның, ересек адамдардың кеңес беруі;
В) жолдастарының кеңес беруі;
С) мектептегі педагогикалық ұжымның кеңес беруі;
Д) жеке кәсіби және өмірлік жоспары;
Е) қабілеттері және олардың көрінуі;
Ж) қоғамдық құрметке бөлену сезімі;
З) кәсіби қызмет жайында толық білуі;
К) бейімділік.
Кәсіби бейімделу – бұл ...
А) ... мамандық жайында білім алу;
В) ... мұғалім мамандығының бейнеленуі;
С) ... мамандықтың ерекшеліктеріне сәйкес оның тұлғаға сәйкестігі/сәйкессіздігі айтылады;
Д) ... оқушы тұлғасына үйлесімді, қажентті, келісті мамандықты таңдауы;
Е) ... жас адамның өндірістік, еңбек ұжымына, жұмыс жағдайларпына бейімделуі.
Кәсіби таңдау – бұл ...
А) ... мамандық жайында білім алу;
В) ... мұғалім мамандығының бейнеленуі;
С) ... мамандықтың ерекшеліктеріне сәйкес оның тұлғаға сәйкестігі/сәйкессіздігі айтылады;
Д) ... оқушы тұлғасына үйлесімді, қажентті, келісті мамандықты таңдауы;
Е) ... жас адамның өндірістік, еңбек ұжымына, жұмыс жағдайларпына бейімделуі.
Практика – бұл ...
А) ... теориялық білім беру;
В) ... педагогикалық теорияның құбылыстарын талдау;
С) ... қоғам дамуын қамтамасыз ететін адамдардың іс-әрекеті;
Д) ... мұғалімді дайындау;
Е) ... шығармашылық белсенділікті дамыту.
Мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесіндегі педагогикалық практиканың функцияларын атаңыз.
А) қолданбалы, дамытушы, қалыптастырушы;
В) оқытушы (білімділік), дамытушы, тәрбиелеуші, диагностикалық;
С) бағыттаушы, бақылаушы, жоспарлаушы;
Д) ғылыми-теориялық, практикалық, дамытушы;
Е) жобалаушы, бақылаушы.
1 курстағы «Кәсіби іс-әрекетке кіріспе» педагогикалық практиканың мақсаты:
А) ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау дағдысын қалыптастыру,
В) оқытушылық қызметтің негізімен таныстыру,
С) психология мен педагогика пәні бойынша өзбетімен сабақ өткізу және оқу жоспарларын құру,
Д) дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша экспериментальдық материалдарды жинақтау, ғылыми аппаратын нақтылау,
Е) кәсіби педагогикалық, психологиялық мәдениетін қалыптастыру.
2 курстағы «Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесі» педагогикалық практиканың мақсаты:
А) ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау дағдысын қалыптастыру,
В) оқытушылық қызметтің негізімен таныстыру,
С) психология мен педагогика пәні бойынша өзбетімен сабақ өткізу және оқу жоспарларын құру,
Д) дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша экспериментальдық материалдарды жинақтау, ғылыми аппаратын нақтылау,
Е) кәсіби педагогикалық, психологиялық мәдениетін қалыптастыру.
... – білім берудің заңдылықтарын, құрылымы мен механизмі, мазмұны, принциптері мен технологиясы жайында жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет процесі мен нәтижесі.
А) педагогикалық іс-әрекет;
В) педагогикалық теория;
С) педагогикалық процесс;
Д) педагогикалық құбылыс;
Е) педагогикалық зерттеу.
Педагогикалық зерттеулердің бағыты бойынша түрлерге бөлінуі:
А) фундаментальды, қолданбалы
В) қолданбалы, ұзақмерзімді
С) ұзақмерзімді, қысқамерзімді, педагогикалық
Д) фундаментальды, қолданбалы, өңдеу
Е) технологиялық, өңдеу.
Қандай зерттеудің нәтижесінде жалпылама концепциялар пайда болады, педагогикалық модельдердің болжамы ұсынылады?
А) қолданбалы
В) фундаментальды
С) өңдеу
Д) ұзақмерзімді
Е) қысқамерзімді
Педагогикалық практиканың заңдылықтарын ашуға қай зерттеулер бағытталған?
А) қолданбалы
В) фундаментальды
С) өңдеу
Д) ұзақмерзімді
Е) қысқамерзімді
Белгілі теориялық қағидаларға негізделе отырып, ғылыми-практикалық ұсыныстар дайындайтын зерттеулер.
А) қолданбалы
В) фундаментальды
С) өңдеу
Д) ұзақмерзімді
Е) қысқамерзімді
Педагогикалық зерттеудің басты сапалық көрсеткіштерін таңдаңыз
А) логикасы
В) өзектілігі
С) ғылымилық деңгейі
Д) жаңалығы
Е) әдіснамалық мәдениеті
Ж) білімі
З) теориялық және практикалық маңызы.
Берілген варианттардан педагогикалық зерттеудің басты принциптерін көрсетіңіз.
А) біртұтастық
В) тұлғалық
С) іс-әрекеттік
Д) полисубъектілік
Е) полиобъектілік
Ж) культурологиялық
З) әлеуметтік
И) этнопедагогикалық
К) антропологиялық
Кез-келген педагогикалық зерттеудің әдіснамалық параметрлерін зерттеу барысында белгілену ретімен дұрыс орналастырылған қатарын табыңыз.
А) зерттеу объектісі – пәні – тақырыбы – мақсат-міндеттері – гипотезасы;
В) зерттеу тақырыбы – проблемасы – объектісі – пәні – мақсат-міндлеттері – ұғымдықаппараты – гипотезасы – іс-әрекет;
С) іс-әрекет – гипотезасы – мақсат-міндеттері – тақырыбы – проблемасы;
Д) проблемасы – тақырыбы – мақста-міндеттері – объектісі – пәні – гипотезасы;
Е) зерттеу тақырыбы – проблемасы – объектісі – пәні – гипотезасы.
Педагогикалық зерттеудің кезеңдері
А) теориялық, экспериментальды, нәтижелік;
В) эмпирикалық, гипотетикалық, теориялық, экспериментальдық;
С) эмпирикалық, гипотетикалық, экспериментальды-теориялық, болжаушы;
Д) гипотетикалық, теориялық, экспериментальдық, болжаушы;
Е) теориялық, эмпирикалық, жоспарлау, бағалау.
Педагогикалық зерттеудің әдістер тобын таңдаңыз.
А) педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері
В) сұрау әдістері
С) теориялық әдістер
Д) математикалық статистикалық әдістер
Е) индукция, дедукция, анкета.
... – мәдениеттің құрылымдық, интегративті компоненті.
А) Тұлғалық мән
В) Қабілет
С) Шығармашылық
Д) Құндылық
Е) Технология
Шығармашылық спецификалық қабілеттерді атаңыз.
А) педагогикалық іс-әрекет
В) педагогикалық ойлау
С) интеллект
Д) талдау
Е) индукция
... – бұл педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттері өз бетімен жүзеге асыру үрдісі.
А) педагогикалық практика
В) педагогикалық процесс
С) педагогикалық ойлау
Д) педагогикалық шығармашылық
Е) педагогикалық қызмет.
Педагогикалық шығармашылықтың дамытылуына қажетті жағдайларды таңдаңыз.
А) жағымды мәдени шығармашылықты атмосфера
В) ынталандырушы орта
С) объективті жағдайлар
Д) субъективті жағдайлар
Е) эмоциональды-психологиялық ахуал
Ж) педагогикалық ойлау мен рефлексия
З) педагогикалық тәжірибе мен интуиция.
Мұғалімнің шығармашылық потенциалының білім беру жүйесінің әдістемелік және техникалық жабдықталу деңгейіне бағыныштылығы неден көрінеді?
А) педагогтың оқушылардың белсенділігі мен қиялын шектемеуден;
В) оқушылармен қарым-қатынасты шығармашылық процесс ретінде ұйымдастыруынан;
С) оқу-зерттеушілік құрал-жабдық, техникалық жабдықталу, мұғалімнің әдістемелік дайындығы және оқушылардың психологиялық дайындығынан;
Д) педагогикалық қызметте ортақ мақсаттың қойылуынан,
Е) шығармашылық спецификалық қабілеттерден.
12.ОҚУ САБАҚТАРЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ.
1. №2 оқу залы. №4 корпус
2. №4 оқу залы №8 корпус.
13. ПӘН БОЙЫНША АРНАЙЫ АУДИТОРИЯ ЖӘНЕ КАБИНЕТТЕР ТІЗІМІ.
1. 221 аудитория «Парадигма» орталығы. №8 корпус.
2. 410 аудитория «Тезаурус» тренинг кбинеті. №8 корпус
Достарыңызбен бөлісу: |