Барлығы – 45 сағат


Педагог – грек сөзі «пайдос» - бала, «гогос» - жетектеу дегенді береді



бет3/8
Дата12.03.2018
өлшемі1,63 Mb.
#39318
1   2   3   4   5   6   7   8
Педагог – грек сөзі «пайдос» - бала, «гогос» - жетектеу дегенді береді.

Педагогикалық еңбек - бұл мәдениетті меңгерген адам және мәдениетті меңгеруші адамның арасындағы өзара әрекет.

Педагогикалық мамандық – кәсіби топтың аясындағы қызмет түрі ол белгілі сипаттағы кәсіби педагогикалық міндеттерді қою және шешуді қамтамасыз ететін, білім беру нәтижесінде меңгерілген білім, білік және дағыдалар жүйсімен сипатталады.

Педагогикалық мамандану – педагогикалық мамандықтың аясындағы белгілі іс-әрекеттің түрі. Ол нақты еңбек пәнімен және маманнның нақты функциясымен анықталады.

Педагогикалық квалификация – маманның белгілі сипаттағы міндеттерін шешу мүмкіндігін сипаттайтын кәсіби-педагогикалық дайындықтың деңгейі мен түрі.


Глоссарий
4-5

Жеке адамның өмірлік позициясы-бағытталғандықтың негізгі компоненті. Ол жеке адамның іс-әрекетінің мотиві болған сенімдерін, принциптерін, құндылық бағытталғандығын анықтайды.

Жеке адамның шығармашылық қабілеттері- бұл мәселерді дербес көруі. Талдаушылық ойлау: білім, іскерлік, дағдыны және ақыл-ой әрекеті тәсілін жаңа жағдайға көшіре білу; бұрын меңгерген іс-әрекеттің тєсілдердіњ жаңаға комбинациялау, синтездей білу іскерлігі.

Жеке адамның ерекшеліктері-түйсіктердің, қабылдаудың, еске сақтаудың, қиялының өзіндігі, қызығушылығының, ынтасының, ќабілетініњ, темпераментінің, мінезінің ерекшеліктері.

Жеке адамның құндылық бағытталғандығы - экономикалық әлеуметтік және идеологиялық факторлардың әсерімен қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі ұстауын, мінез-құлқын себептендіретін іс-әрекет, өмірлік көзқарасының жүйесі, ал оның негізіне әлеуметтік құбылыстармен немесе өзі сияқтылармен қарым-қатынасқа түскен жағдайда көрініс табатын қоғамдық және жекелік тандаудың бағалау дәрежесі жатады.

Туынды ұғымдар дәрежелелігі, талаптану дәрежесі, эстетикалық талап т.б.

Ж.А.Қ.Б.- қарама қатынастың маңызды факторы, өзінің құрылымында ойлау және эмоционалдық компоненттерді біріктіреді, сонымен бірге жеке адамның адамгершілік және құқықтық қабілетінің маңызды компоненті.

. Оқыту – бұл оқушының танымдық белсенділігн басқаруға бағытталған мұғалімнің әрекеті.



Педагогикалық қызмет – бұл әлеуметтік қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық дамуына жағдай тудыруға және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольді орындау үшін дайындауға бағыталған.

Педагогикалық такт – бұл түрлі іс-әрекет саласында балалармен қарым-қатынас орнатуда өлшем принципін ұстануы және оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері негізінде оларға деген дұрыс қарым-қатынасты белгілеу шеберлігі.

Тәрбиелеу – бұл тәрбиелік ортаны ұйымдастыру және тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін түрлі іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған педагогикалық қызмет.

Технология /гр.techne-шеберлік, іскерлік, logos-сөз,ілім/- объектінің күйін, қасиетін, формасын өңдеудің, жасаудың, өзгертудің әдістерінің жиынтығы.

Глоссарий

6-7

Кәсіптік бағдар беру - кең өрісті жалпы, политехникалық және еңбекке дайындау негізінде оқушылардың жеке бейімділігін, қабілеттерін және қоғамдық қажеттіліктерді есепке ала отырып, дер кезінде еңбектік іс-әрекеттің түрлерімен таныстыруға бағытталған мектептің оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі.

Кәсіптік диагностика – кәсіптік бағдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттеу.

Кәсіптік кеңес-оқушыға мамандық талаптарына сәйкес өзінің дербес бейімділігін, психофизиологиялық мүмкіндіктерін анықтайтын, сол мамандыққа жарамдылығы жөнінде шешім қабылдауға көмектесетін кәсіптік бағдардың формасы.

Кәсіптік іріктеу- еңбек экспертизасының формасы, жастардың белгілі бір мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын кабілетіне, тәжірибесіне, моральдық белгілеріне қарай анықтау. К. I. міндетіне қарай психологиялық, медициналық, физиологиялық және педагогикалық деп ажыратады.

Кәсіптік бейімделу /адаптация/ - әр түрлі оқу орындарында оқитын және кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына бейімделу жуйесі.

Педагогикалық қызмет – бұл тәрбиешінің тәрбиеленушінің тұлғалық, интеллектуальдық және дене дамуына бағыттап жасайтын тәрбиелік және оқыту ықпалы.

Педагогтың позициясы – бұл тұлғаның белсенділігінң көзі болып табылатын оның педагогикалық ақиқатқа, педагогикалық қызметке, дүниеге деген интеллектуальды, еріктік және эмоциональды-құндылықты қарым-қатынастар жүйесі.

Педагогтың әлеуметтік позициясының негізі жалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікірлер, көзқарастар, сенімдер, құндылықты бағдарларға негізделеді.

Профессиограмма – белгілі бір мамандықтың ерекше міндеттерін жеткілікті бейнелеу, суреттеу / жазу/.

Глоссарий

8

Педагогикалық қабілеттілік – педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігі.
Қабілеттілік – бұл тұлғаның жеке мүмкіншіліктері, оның квалификациясы (білімі, тәжірибесі).

  • Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.

  • Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих және т.б.) сәйкестігі.

  • Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін тани білуі. Қабілетті мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі психикалық жағдайын бірлен байқайды.

  • Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі.

  • Ұйымдастырушылық қабілеті - сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастыра білуі, оқу-тәрбие үрдістерін дұрыс ұштастыра білуі, оқушыларға басшылық ету,, ата-аналармен жұмыс істей білуі.

  • Коммуникативті қабілет – оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.

  • Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу-тәрбие жұмысынң түрлері мен әдістерінің мазмұныны анықтау, өз ісіне саналық, жауапкершілікпен қарау, педагогикалық тапқырлық таныту.

  • Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатысы жоқ спорт, шахмат, тоғыз құмалақ, дойбы, көркемөнер, бейнелеу өнер туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатынасуы арқылы өз дегеніне жетуге баланы жан-жақты дамыту ісіне үлесін қосуы.

Іскерлік – белгілі бір жағдайда белгілі бір іс-әрекетті немесеі сті орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін білімдер мен дағдылардың жиынтығы. Қалыптасудың бірнеше кезеңінен өтіп, І соңында шеберлік және шығармашылық дәрежесіне дейін өседі. І.- алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады.Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалықе режелерді білу керек.

Педагогикалық іскерлік – теориялық білімге негізделген және педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған, бір бөлігі автоматтандырылған (дағды), бірізділікпен жүретін іс-әрекеттердің жиынтығы.

Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы.

Педагогикалық техника - жеке оқушыға немесе ықпал жасауға арналған әдістемелік құралдардың тиімді және дұрыс қолдану шеберлігі , оған мұғалімнің сөйлеу техникасы, өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, киім киісі, эмоциональдық тұрақтылығы, дауыс ырғағы және т.б. қасиеттері жатады.

Рефлексия – бұл педагогикалық қызмет субъектісінің тек өзін түсінуі не білуі ғана емес, сонымен бірге білім беру процесіне қатысушылардың мұғалімді, оның тұдғалық ерекшеліктерін, эмоциональды реакцияларын және кәсіби қабілеттері мен мүмкіндіктерін қаншалықты білетіндігін және түсінетіндігін анықтау.

Глоссарий

9

Қажеттілік /потребность/- өмір мен дамудың белгілі бір жағдайларында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінушілері. Қ.адам бойындағы белсенділік сезімін оятады, ойлау қызметін тудыратын негізгі күш. Түрлері: материалдық, рухани, танымдық, эстетикалық, қоғамдық, еңбектік, қарым-қатынас жасау т.б.

Мотив -/ фр.-түрткі, қозғаушы, себеп /- адамның обьективті сұранысы ме нынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талаптануы. Демен, сұраныс пен ынта мотивація негізгі болады. Мотивтің түрлері: тікелей мен перспективті талап тану, танымдық, әлеуметтік, т.б.

Мұрат /идеал/- адам тап қазір басшылыққа алатын және оның өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын анықтайтын образ. Жоғары адамгершілік мұраттың болуы адамның жоғары дәрежеде даму деңгейін көрсетеді, оның ниетінің түзулігін және іс-әрекеттегі мақсаттылығын танытады.

Өзіндік сана-сезім /самосознание/-сананың өзіңді тану мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. О.С.С.сырқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу – теріс жекелік белгілерді жеуге, өзін жетілдіруге, өзін дамытуға, өздігінен білім алуға бағытталған адамның саналы, мақсатты бағытталған іс-әрекеті.

Өзін-өзі жетілдіру – бұл педагогтың мақсаты, жүйелі, танымдық іс-әрекеті.

Глоссарий

10-11

Практика – қоғам дамуын қамтамасыз ететін адамдар іс-әрекеті.

Дипломдық жұмыс-жоғары оқу орнын бітіру кезінде қорғалатын студенттің дербес жазба жұмысы.

Зерттеу әдістері-құбылыстарды зерттеуге және алуан түрлі ғылыми мәселелерді шешуге арналған әдіс, тәсілдердің жиынтығы. Педагогикалық процестерді талдау әдістері: анкетілеу, әңгіме, рейтинг, бақылау, эксперимент т.б.; теориялық көздерді зерттеу әдістері: монографиялық, документациялық, салыстырмалы тарихи т.б.; мәліметтерді өңдеу және талдау әдістері: статистикалық, статистикалық емес өңдеу т.б.

Глоссарий

12-13

Аннотация - баспа шығармасына қысқаша сипаттама, яғни міндеті, мазмұны, формасы және т.б. ерекшеліктері көрсетіледі. Аннотация баспа шығармасының мазмұны, оның авторлары, жұмыстың оң жақтары туралы мәліметтер келтіріледі, түсініктеме немесе ұсынба сипатында болады.

Антология - арнаулы әдеби-көркем шығармалардың жинағы, онда белгілі бір халықтың, дәуірдің, жанрдың т.б. әдебиеті көрінісі табады. Антология ағартушылардың, педагогтардың, ғалымдардың тәрбие және оқыту бойынша өздері жазған текстері баршылық, білім саласындағы мамандарға Ресейдің, Қазақстанның т.б. педагогикалық ойларының антологиясы жарық көрді.

Әдіс /гр. Metohodos - танып бiлудің немесе зерттеудiң жолы, теория, iлiм/ - танып бiлу жолы; iс-әрекеттiң, iстiң тәсiлi, шындыќты меңгерудiң практикалық және теориялық тәсiлдер мен операциялардың жиынтығы.

Баяндама -докуметтерге негізделген тақырып бойынша хабарлама. Б. қойылатын талаптар: ақпараттылық пен ойды аз сөзбен мейлінше тұжырымды, анық етіп жеткізу шеберлігі, ықшамдылық,айқындылық.

Брошюра -кезендік емес кітаптық басылым, оның көлемі 4 беттен артық та, 48 беттен кем емес.

Диссертация-ғылыми дәреже алуға ұсынылған және диссертанттың көпшілік алдында қорғайтын ғылыми жұмыс. Д. зерттеудің нәтижесі ғылымға және практикаға үлес қосып, ғылымның алдыңғы шебі болады.

Диссертацияның авторефераты-ғылыми дәреже алуға ұсынылған, автордың өзінің зерттеу жұмысына құрған рефераты болатын, брошюра түріндегі ғылыми басылым.

Зерттеудің елтану тәсілдері—жеке бір немесе бірнеше шетелдің білім беру жүесін зерттеуді қамтиды.

Зерттеудің тарихи тәсілі-білім берудің бір елде, сол сияқты бір аймақта немесе дүние жүзінде дамуына тарихи талдау жасаудың өте қажеттілігін білдіреді. Тарихи зерттеу қазіргі құбылыстың түптамырын анықтау, терең түсіну үшін ќажет. Құбылыстың хронологиялық шегін анықтау белгілі шамамен ғана мөлшерленеді. Өткен мен бүгінгінің шегі тез өзгеріске түседі, көбінесе білім берудің дамуының жаңа кезені қарастырлады. Кей жағдайда жаңа тенденциялар оларға жан-жақты және объективті талдау жасауға мүмкіндік беретіндей денгейді қолданылмай жатады. Ондай жағдайда белгілі мәселеге өткенді шолу өте пайдалы болады.

Зерттеудің этномәдениет тәсілі-халыққа білім берудің, мәдениеттін, жеке елде, аймақта немесе жалпы дүние жүзінде дамуының жалпы заңдылықтарымен қатар ұлттық ерекшеліктерін де анықтауды көздейді.

Зерттеудің индукциялық тәсілі /жекеден жалпыға қарай/- салыстырмалы педагогикалық зерттеуді деректерді жинаудан бастап, оны жүйелеп талдау жєне оған теориялық түсініктеме беру болып табылады.

Зерттеудің дедукциялық тәсілі /жалпыдан жекеге қарай/- мәселені талдау, болжау және соны дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын деректер жинауды білдіреді.

Зерттеудің экономикалық тәсілі /білім берудің экономикасы/- білім беру жүйесі дамуының экономикалық жайын: ғылыми-техникалық прогресс және экономика, маман жұмыс күшін толтыру; білім беруге қаражат жұмсаудың сандық мөлшері, ұлттық және мемкеттік есебі және т.б. анықтайды.

Зерттеудің негіздемесі-практикалық әрекет жөнінде шешім қабылдау, пікір түю немесе баға беру үшін белгілі білім, ереже не анықтама негізінде ойлау процесі ретінде болады. З.Н. бөліктері:

1) зерттеу тақырыбының маңыздылығы;



  1. мәселедегі қарама-қайшылық;

  2. зерттеу проблемасы;

  3. зерттеу мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық негізі.

Реферат- құжаттың, кітаптың, ғылыми басылымның мазмұнының қысқаша баяндамасы. Р.құжаттың библиографиялық мазмұндауынан, кілттік сөздерден, реферативті бөлігінен тұратын. Реферативті бөлігінде бастапқы құжаттың мазмұнының мәнді элементтері, негізгі идеялары, қорытындылары беріледі.

Тезис-

1) ой желісі, пікір дєлелдеуді талап етеді;



2) мақаланың, баяндаманың, шығарманың ғылыми немесе практикалық идеясын қысқаша баяндайтын ой желісі.

Глоссарий

14

Педагогикалық шығармашылық- бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат тәжірибені жасау, тұтас педагогикалық процесс проблемаларын шеберлікпен шешу, оларды педагогикалық жұртшылықтың игілігіне айналдыру. Шығармашылық топтың зерттейтін мәселелері: оқу уақытын дұрыс пайдалануды зерттеу және талдау; мұғалім уақытының бюджеті; педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдары мен тәсілдері, мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынас; ынтымақтастық, шығармашылық, ізденушілік т.б.

Педагаогикалық шеберлік –кәсіптік педагогикалық іс-әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін жеке адамның қасиеттерінің кешені.

Педагогикалық қабілет- жеке адамның қабілетінің түрі. Ол педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуына септігін тигізетін, психикалық үрдістердің өту ерекшелігін көрсетеді. Олар: коммуникативтілік; перцептивтік, яғни кәсіптік қырағылық, педагогикалық интуиция динамізмі; эмоциональдықт ұрақтылық; креативтілік, яғни шығармашылыққа қабілетілік.

Шығармашылық-бұл шартты ұғым, яғни ол бұрында болмаған, жасалынбаған жаңа да ғана көрінісін таппай, салыстырмалы жаңаны ашуда да көрініс табады.

Шығармашылық ойлау-ойлаудың түрлерінің бірі, субъективті жаңа өнімді және оны жасаудағы танымдық іс-әрекеттің жаңа дүниелерінің құрылуымен сипатталады. Бұл жаңа пайда болған дүниелер мотивацияға, мақсаттарға, бағалауларға, мәндерге қатысы бар.

Глоссарий

15

Вербалдық қарым-қатынас – сөздік қарым – қатынас, оның процесінде белгі жүйе ретінде сөз қолданылады.

Қарым-қатынас /общение/ - субъектілердің өзара әрекеті, онда рационалдық және эмоционалдық ақпаратпен, іс-әрекетпен, тәжірибемен, біліммен. іскерлік пен дағдымен, іс-әрекет нәтижесімен алмасу жүзеге асырылады. Жеке адамның және топтың дамуының қажетті шарты.

Қызығу - жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай тандамалы қатынасы. Қ.түрлері: материалдық, рухани, қоғамдық.

Педагогикалық қарым-қатынас – педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік- психологиялық қарым-қатынасының тәсілі. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары: жеке адамды тану, апарат алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру, рөлдермен алмасу, бірге әсерлену, өздігінен нығаю, беку.
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

Дәрістер мазмұны.

Бірінші-екінші тақырып. Жоғарғы кәсіби білімнің заңды негіздері. 050103- «Педагогика және психология» мамандығы.

Мақсаты: мұғалім қызметінің заңды негіздерімен таныстыру.

Жоспар.

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына жалпы сипаттама.

  2. Мұғалімнің хұқығы мен міндеттері.

  3. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің құрылымы, оның даму перспективасы.

4. 050103-«Педагогика және психология» мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарты.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, оның даму перспективасы.

Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.

Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері:



  1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу хұқықтарының теңдігі;

  2. Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі;

  3. Білім бердуң зайырлы сипаты;

  4. Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;

  5. Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;

  6. Білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша оқу мен тәрбиенің нысандары білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;

  7. Білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;

  8. Білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;

  9. Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;

  10. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау;

  11. Білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.

Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республика Білім және ғылым министрлігі, оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Білім беру жүйесінің құрылымы ҚР-ның «Білім туралы» заңында берілген. Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:

Жалпы білім беру:


  1. мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;

  2. жалпы бастауыш білім беру;

  3. жалпы негізгі білім беру;

  4. жалпы орта білім беру;

  5. жалпы қосымша білім беру.

Жалпы білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті жалпы білім беру бағдарламасымен белгіленеді.

Кәсіптік білім беру:



  1. кәсіптік бастауыш білім беру;

  2. кәсіптік орта білім беру;

  3. кәсіптік жоғары білім беру;

  4. жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру;

  5. қосымша кәсіптік білім беру.

Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім берудің мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.

4. 050103-«Педагогика және психология» мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

Бұл стандарт“Педагогика және психология” мамандығы бойынша 2001 жылы бекiтiлген жоғары бiлiм мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартының орнына енгізілді.

Стандартта Қазақстан Республикасының 07.06.1999 ж. 389-1 “Бiлiм туралы” Заңы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 02.09.1999 ж. № 1290 “Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын әзiрлеу, бекiту қолданылу мерзiмдерiнiң тәртiбi туралы” қаулысының нормалары iске асырылған.

Осы стандарт ҚР МЖМБС 3.001-2004 негiзiнде жасалған 050103- Педагогика және психология мамандығы бойынша бiлiм мазмұны мен бакалаврларды дайындау деңгейiне қойылатын талаптарды белгiлейдi.

Стандарттың ережелерi олардың ведомствалық бағыныштылығына, ұйымдық - құқықтық және оқыту түрлерiне тәуелсiз; Қазақстан Республикасының көрсетiлген мамандық бойынша бакалаврлар дайындауды iске асыратын жоғары оқу орындары үшiн қолданылуы және сақталынуы мiндеттi.

бакалавриат – 4 жылдық жоғары базалық бiлiм беру деңгейi;

бакалавр – жоғары базалық бiлiм беру силлабусының мiндеттi және ЖОО компонентiн меңгерген ЖОО түлегiне берiлетiн академиялақ дәреже мен бiлiктiлiк;

несие – оқушының оқу жұмысы көлемiнiң бiртұтас өлшем бiрлiгi.Бiр несие мiндеттi түрде өздiк жұмыстың 2 академиялық сағатымен жалғастырылатын, академиялық ағымындағы аптадағы аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең;

несиелiк оқыту жүйесi – несие түрде бiлiм көлемiн есепке алу және оқу процесiн регламентациялау (шектеу) ауқымында бiлм беру аймағын таңдау, индивидуализациялау (жекешелендiру) негiзiнде жалпыға мiндеттi бiлiм беру жүйесi;

типтiк оқу жоспары – Қазақстан Республикасы бiлiм беру саласының орталық атқарушы ұйымдары бекiткен белгiлi бiр циклдерге бiрiктiрiлген мiндеттi оқу пәндерi мен соған сәйкес оқу принциптерiнiң төменгi көлемi белгiленген негiзгi құжат;

жұмыс оқу жоспары – жоғарғы оқу орнының типтiк оқу жоспары негiзiнде кәсiтiк қызметтiң, мамандықтың, оқыту кезеңдерiнiң ерекшелiктерiне қарай толықтырып, нақтылап жасаған және бекiткен құжаты; жоспар ЖБП, БП және МП блоктарына топтастырылған оқу пәндерi, мiндетi және таңдамалы компоненттер тұрады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет