Барлығы – 90 сағат



бет2/8
Дата13.11.2016
өлшемі1,32 Mb.
#1640
1   2   3   4   5   6   7   8

4 апта

1 кредит сағат

7 практикалық сабақ



Тақырып : Шертпе дәстүрінде күй тартып үйрену. Ә.Шоқанбаев –Этюд

Халық күйі «Телкүрең», Тәттімбет «Табалдырық Қосбасар»



Практикалық сабақ мазмұны : Төкпе күйлерге қарағанда, шертпе күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болып, күй тақырыбы әр ішекте кезектесе жүреді.Шертпе мектебінде тиектің кейінгі жағына оң қол алақан түбін тигізу арқылы да тербеліс алынады.Санап ойнағанда студенттің ырғақтық қасиеті қалыптасады. Оң қолда сұқ саусақпен төмен қағыстарға үйренгеннен кейін, бас бармақпен жоғары қағыстарға көшу керек. Екі бағыттағы қағыстарды бірден бастауға болмайды. Оң қол бас бармағының домбыра ішегін жұлқа тартуға жол берілмегені жөн. Білезік буыны арқылы ішекті қаққаннан кейін сыртқа қарай бұрылады да, бас бармақтың бірінші буыны сұқ саусақ 1-ші буынын жанай жаймен бүгіледі. Осы жаттығуды қағыс бастамас бұрын қолға алған дұрыс. Сол қол саусақтары бас буынға қойылғаннан кейін негізгі буынға көшеді. Жоғары қағысқа қарағанда төмен бағытқа қол өз салмағымен оңай түседі. Қолдың ішекке жанасуы, сонан кейін қай буын арқылы жаттығу керектігін жадында сақтау.

Әдебиет: А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов, «Домбыра үйрену мектебі», Алматы, «Өнер», 1992 ж., 55-59 беттер,

А.Тоқтаған «Тәттімбет және Арқа күйлері», Алматы «Білім», 2005 ж., 11-бет.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Төкпе күйлерге қарағанда, шертпе күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болып, күй тақырыбы әр ішекте кезектесе жүреді. Күйдің дәстүрлі мектептеріне, орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты оң қолдың сұқ саусағымен қатар саусақтар басын біріктіріп,топтастыра қағу немесе осы саусақтарды бірінен кейін бірін тізбектей шерте қағу әдістері жиі кездеседі. Жоғары қағыс арагідік бас бармақпен де қағылады. Шертпе күйде сол қол саусақтарын пайдалану әдістері көбінесе төкпе дәстүріндегідей болғаныменен, оның айтарлықтай өзгешіліктері де бар. Олар негізінен мыналар; 1,2,3-саусақтар жиі қолданылады, 3,4-саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басу, бас бармақпен қағу.

СӨЖ мазмұны: 1-2-3-саусақтарды жиі қолдануға жаттығу. 3-4- саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басумен жаттығу. Күйлерді орындап жаттығу.Саусақтар үлгідегі көрсетілгенінен ауытқымауы керек. Жай екпінде жаттығулар ойнау.Музыкалық дыбыстың ұзақ болуы , болмаса паузамен келуіне көңіл бөлу.Сол қол иық, шынтақ буындарының табиғи қалыпта тұруының, кеудемен арадағы бұрыш қатысының үлкен маңызы бар. Бас бармақ қойылымына арналған жаттығуларды ойнап жаттығу. Бас бармақ ең әуелі жеке, сонан соң бас бармақ пен 1-ші, бас бармақ пен 4-ші саусақтар қойылады. әр буынның, әр саусақтың қасиетін ұғынықты бағытпен, талғаммен үйрену.

2кредит сағат

8 практикалық сабақ



Тақырып :Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) шығармашылығы. Құрманғазы «Алатау», «Кісен ашқан»

Практикалық сабақ мазмұны: Құрманғазы күрескер-күйші. Құрманғазының өршіл рухы заманалық құбылыстармен үндес. «Алатау» күйі үлкен дүниетанымдық ойдан тұратын, лирико-философиялық ірі шығарма. «Кісен ашқан» - терең толғанысқа құрылған, философиялық шығарма.

Әдебиет: А.Тоқтаған, М.Әбуғазы «Құрманғазы-күйлер»,Алматы «Білім»2005ж.,35-46беттер.

А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері»Астана «Күлтегін»2002ж.,435-441-беттер.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Бас буындағы ля-си-до дыбыстарын (пернелерді) 1,2,3-саусақтармен алу. Терция интервалдарын бас бармақпен 1-саусақты жылжыту арқылы алу. Күй тақырыбы ре ішегінде жүргенде соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, квинта, кварта интервалдарын бас бармақ пен 2-саусақ арқылы алу. Кварта интервалын 3 және 4-саусақтармен қатар басу. Бір интервалды әр саусақтармен кезектестіре алу.

СӨЖ мазмұны: Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығымен танысу.Күйлерді орындап жаттау. Жәй темпте жаттығу.Өткен сабақтағы тақырыптарды қайталау . Мысалы ; домбырашының сол қолының аспап мойынындағы белгілі бір мөлшерде берілген атаумен орналасуы , Тербеліс – сол қол саусағымен ішекті басып тұрып, дыбысты тербелту әдісі.Ол орындаушылық дәстүрге орай сол қолдағы саусақ , буын немесе білек көмегімен орындалады. Кейде шертпе дәстүрінде оң қолды тиек артына қойып, ішектерді тербелте қағу әдісімен дыбысты тербелту барысында оны ширек тонға дейін көтеру де (сол қол саусағымен ) кездеседі.Тербеліс дыбысқа әуездік бояу береді. Жалаң , қатаң , өмірсіз дыбыс тербеліспен тіріледі , жаңаша бояу табады. Тербеліс жиілігі , пәрмені шығарма мазмұны , болмысына екпініне , ырғағына тәуелді екенін пысықтап оқу және жаттығу.
5 апта

1 кредит сағат

9 практикалық сабақ



Тақырып : Ладтар. Тоника. Пентатоника.Домбырадағы позициялардың схемасы. Оң қолдағы пиццикато штрихы. өзбектің халық әні «Гүлхан»

Практикалық сабақ мазмұны: Музыкалық дыбыстардың белгілі бір жүйедегі байланысы, олардың реттік заңдылығы мен жүріс тәртібі лад деп аталады. Музыкада мажорлық (ашық үнді) және минорлық (ұяң) деп аталатын екі негізгі лад бар. Позиция дегеніміз – берілген дыбыс қатарын саусақтарды жылжытпай-ақ орындауға мүмкіндік беретін сол қол саусақтарының перне үстінде орналасуы. Домбыра мойнындағы бір позицияның көлемі ( 1-4 саусақтар аралығы ) терция интервалына тең болады. Қос ішектегі тербеліс әдісіне жаттығу. Шығармада пунктирлі ырғақ кездеседі. Тактідегі ұзартылған әлді үлес пен қысқартылған әлсіз үлестің кезектесіп келуіне негізделген ырғақты пунктирлі ырғақ деп атайды.

Әдебиет: А.Жайымов,С.Бүркітов, Б.Ысқақов. «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж., 36-бет., 66-бет., 163-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны :Домбыра құрылымы, дене мүшелерімен таныстықтан кейін қол қойылымдары бастауында халықтық мектепке, дәстүрде қалыптасқан домбыра мойын бөліктері атауларын әр домбырашы үйренуі де баршаға ортақ заңдылық. Бұл негіз күй өнерімізге байланысты ертеден қалыптасқан. Бас буын, орта буын, саға (кіші саға), үлкен саға. Позиция қалып орналасу деген мағынада. Сол қол саусақтарының домбыра мойнында орналасу қалпы. Домбыра аспабында позиция европалық классикалық аспаптар негізінде жүйеленген. Саусақтарды қозғамай орындау, болиаса басу қалпы. Домбыра мойнындағы позиция (1,2,3,4) саусақ басылымына байланысты терция интервалына тең төменгі ішек – (g ) соль .Ре ішегінде – D

СӨЖ мазмұны: берілген тақырыптарды жатқа оқу, шығарманы орындап жаттау. Домбырадағы позициялардың схемасын орындап жаттау.Позициядан позицияға көшудің бірнеше жолдары бар. Позициядан позицияға көшудің негізгі әдістері: бір саусақты жылжыту арқылы ауысу, қатар тұрған саусақтарды өзара алмастыру арқылы ауысу, ашық ішек арқылы ауысу, бір дыбысты әр саусақпен басу арқылы, саусақтардың арасын тарылту арқылы және кеңейту арқылы жаттығу.

2 кредит сағат

10 практикалық сабақ



Тақырып: Кейбір күрделі қағыстар мен штрихтар. Күй орындаудағы аппликатуралық ерекшіліктер.Әлиұлы Сүгір (1882-1961) шығармашылығы.

Практикалық сабақ мазмұны: Бас буындағы ля-си-до дыбыстарын (пернелерді) 1,2,3-саусақтармен алу. Терция интервалдарын бас бармақпен 1-саусақты жылжыту арқылы алу. Күй тақырыбы ре ішегінде жүргенде соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, квинта, кварта интервалдарын бас бармақ пен 2-саусақ арқылы алу. Кварта интервалын 3 және 4-саусақтармен қатар басу. Бір интервалды әр саусақтармен кезектестіре алу. Қаратау күйшілік мектебінің ең көрнекті тұлғасы Сүгір Әлиұлы.Сүгір өзіндік орындаушылық өнерін, стильдік ерекшеліктерімен дараланып тұрады. Қара шертіс, дара шертіс, іліп қағу, төгіп қағу, тұтып алу, қымтап алу, теріп тарту, лига, флажолет, форшлаг сияқты түрлі әдіс-амалдарды Сүгір өз күйлерінде пайдаланған.

Әдебиет: А.Тоқтаған, Г.Ұлтарахова, М.Әбуғазы «Сүгір. Қаратау шертпесі» Алматы-2006ж., 3-бет,10-бет.,

А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана «Күлтегін» 2002ж., 641-бет.



Техникалық оқу құралдары:оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Аппликатура – қолданамын, қолданбалы, қою деген мағынаны береді. Аппликатура – орындаушылық өнердің негізі. Әрбір музыкаға бет бұрған орындаушы аппликатура негіздерінің басты принциптерін білу заңды. Ол үшін алғашқы кезеңнен қатаң аппликатуралық заңдылық қалыптастыру үйретушінің міндеті. Аппликатура жүйесіне бейімделмеген орындаушы музыка музыка маманының болашағы жоқ деп айтуға болады. Домбыра аспабының саусақ кестесінің қағидалары ; қол қойылымын бастағаннан-ақ аспап мойнында саусақ қойылымы табиғи орналасуын қалыптастыру, сөйлем, иірімді орындағанда алғашқы аппликатуралық үлгіні сақтау, әр саусақтың перне басуда тепе-тең күшін реттеу, саусақтардың жеке сезінуін қолға алу, алақан, білезік, білек, иық – буындарының көмегін саралау, дәстүрлі қалыптасқан саусақ кестесі заңдылықтарын сақтау.

СӨЖ мазмұны: берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау.Ілме қағыс-сұқ саусақпен төмен, бармақ және сұқ саусақпен жоғары қағылатын қағыс. Тұтпа қағыс- қағыстан соң немесе қағыстан бұрын ішекті саусақтармен тұтып қағу.Жаттығулар ойнау.Күймен – шығарма орындаудағы аппликатуралық ерекшеліктерді ажырата білу. Аппликатураның позициядағы қалпын жете меңгерту. Аппликатура – шығарма болмысын ашу кілті, дұрыс аппликатуралық дағды жоғары орындаушылыққа бағыт. Аппликатураны нақты мақсатпен таңдау домбырада қиындықтарды жеңуге, шығпрманың көркемдік мазмұнын ашуға жеткізеді. Оңтайлы табылған аппликатура тез арада белгілі көздеген мақсатқа жеткізеді. Студент алғашқы оқу баспалдағында, аппликатураға ойлы, шынайы көзқарасын қалыптастыруы қажет. Қойылған аппликатураны толықтыру, өңдеу керек болған жағдайда шығарманы өз екпінінде орындап барып қолға алуға болады. Себебі жай екпіндегі саусақ қою реті тез жүргенде үйлеспеуі ықтимал. Дұрыс қарастырылған аппликатура тез есте қалады, әрине мұнан нотадағы автордың ойын есепке алмау деген ой тумайды. Жұмыс барысында мұның байланысына көз жеткізу керек болады.

6 апта

1кредит сағат

11 практикалық сабақ



Тақырып: Шертпе күйлердегі ерекшеліктер. Теріс бұраулы күйлердегі ерекшеліктер. Қазанғапұлы Тәттімбет (1815-1860) шығармашылығы. Тәттімбет «Сылқылдақ».

Практикалық сабақ мазмұны: (пернені) қағыссыз алуды мына белгі көрсетеді:x3 және 2- саусақтарды қатар басу жеке дыбысты алғанда да қолданады. Дыбысты., Соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, секста интервалын – 1,2-саусақтармен, ал квартаны 4,2-саусақтармен алу. Квинта интервалын – 2,3,содан соң 3,4-саусақтармен алу. Тәттімбет домбырада оң бұрау, теріс бұрау, шалыс бұрау, қалыс бұрау, қосақ бұрау (тел бұрау) күйлерін шығарған. Домбыраны алуан түрлі құлақ күйіне келтіріп тарту жалпы күй өнері жан-жақты дамып, әунендік тілінің толысуына себепші болып отырған. Ұлы күйші салған дәстүрдің өрісін ұзартуға Тоқа, Ықылас, Дайрабай, Қыздарбек сияқты шәкірттері жарыса үлес қосты. «Азына» күйі орташа темпте тебірене ойналады.

Әдебиет: А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана «Күлтегін»2002ж.,398-411-беттер.

А.Жайымов, С.Бүркітов, «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж.,97-98-беттер.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны :Бүгінгі күннің кәсіби оқу жүйесінде домбырашылардың репертуарын шертпе дәстүріндегі күйлермен толықтыру өзекті мәселелердің бірі. Шертпе күйлерді алғаш нотаға түсірген және Тәттімбет туралы алғаш жазған да академик Ахмет Жұбанов болатын.1960-шы жылдары белгілі күйші, зерттеуші Уәли Бекеновтың құрастыруымен шертпе күйлер жинағы шыққан. Композитор Латиф Хамиди, профессор Хабидолла Тастанов, күйші Жаппас Қаламбаевтың түсірген біршама ноталық нұсқалары болды. Осы құнды басылымдар арқылы домбырашылар кезінде оқып үйренді. Шертпе күй өнері Арқада, Қаратау мен Тарбағатай өңірінде қалыптасқан.Шертпе күй өнерінің ерекшелігі, ғажайып әуендігі, оның психологизмге толы реңкінде ойналады.

СӨЖ мазмұны: Бас буындағы ля-си-до дыбыстарымен жаттығу,домбыраның құлағын теріс бұрауға жаттығу, күйді ойнап жаттығу. «Сылқылдақ» күйін жеткізуші Ә.Хасенов. Күйдің тарихымен танысу, әдебиеттен оқу,есте сақтау. «Сылқылдақ» күйі күйші шығармашылығындағы ең көрнекті, айшықты туындылардың бірі. Күй жастық шақтың жарқын көріністерін айқын бейнелейтін шаттық сезімге толы шығарма. Соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, секста интервалын – 1,2-саусақтармен, ал квартаны 4,2-саусақтармен алу. Квинта интервалын – 2,3,содан соң 3,4-саусақтармен алу3 және 2- саусақтарды қатар басу жеке дыбысты алғанда да қолданады. Дыбысты табиғатын есту. Сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуын қадағалау.
2кредит сағат

12 практикалық сабақ



Тақырып: Мифологиялық күйлер. «Нар идірген», «Аққу».

Практикалық сабақ мазмұны: Қазақ күйлерінің үлкен бір саласы – мифтік күйлер. Бұл күйлер өте ертедегі ойлау жүйесіне негізделген композициялар болып табылады. Мифтік ойлау жүйесі – конкретті, конвергенциялы (өзіндік туынды) дүние.Қазақ халқы Сақ, Ғұн, Қаңлы, Көк түріктердің (аспан түріктері) және т.б. ру-тайпалардың тарихи отанында отырған ұрпағы, әрі олардан қалған мәдени мұралардың да, рухани байлықтың да бірден-бір иесі болып табылады. Сан ғасырлар бойы сақталған әуен-саздарды әр ұрпақ жадында сақтап, көздің қарашығындай қорғап, ілгері дамытып келеді. Қазақтың күй сазын сөз еткенде, оның молдығы мен көркемдігі жайлы «Санын сөз етсеңіз де, сапасын сөз етсеңіз де, екі шектен ескен күй, мақтауға тұрарлық қымбат дүниеміз.», деп А.Жұбанов айтқандай, күйлердің санын сөз етсек – сонау XX-ғасырдың басындағы қазақтың ән-күйін жинаушы А.Затаевичтен бастап бүгінгі таңға дейін бір ғасырға жуық күй жинау тәжірибесінде нотаға түскенқазақ күйлері шамамен 4-5 мыңдай болып қалады. Солардың ішінде 500-дейі ескі сарынды көне күйлер. Бұларды қазақтың халық күйлері деп атайды. Сонымен қоса, бұл күйлердің 200-ден астам аңыз-әңгімелері де бар. 2000-ға тарта күйлер халық сазгерлерінің шығармасы, яғни, авторлары белгілі күйлер. Мың жарымдайы қазіргі заман күйлері, демек соңғы ғасырдың жемісі. Миф – ойлау жүйесі мен тәжірибенің нәтижесі. Мифология – мифтің әдеби мүлдеге бағындырылған түрі. Миф бір жағынан қарағанда анық – танығын тексеруге болмайтын ертегі- қиял сияқты.Ал мифологияда мифтер мысалдық, метафоралық, сюжеттік, т. б. Тұрғыда қолданылады. Миф – танып-түсінуге болмайтын ішкі сезім-түйсіктің нәтижесі болса, мифологияға мифтер саналы түрде арқау болады.

Әдебиет: А.Есенұлы,Г.Елеусізқызы «Күй -қастерлі әуез» Алматы «Өлке»-1998ж.,4-15-беттер.

А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана «Күлтегін»,2002ж.,161-165 беттер.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Күй аңыздарының ішінде кездесетін мифтік сюжеттердің, мотивтердің немесе таным түсініктердің мән-мағынасын ең алдымен осы тұрғыда бажайлап, олардың бәрі де күйші-композитордың шығарар күйіне саналы түрде арқау болатынын атап өту қажет. Күйші мифке сенбейді, бірақ ондағы қиял-ғажайып оқиғанығибрат етеді, бүгінгі өмірді реттеу үшін мысал ретінде айтады. Мифтік күй аңыздары күйші-композитордың мифтік санасының немесе мифтік таным-түсінігінің жемісі емес. Керісінше, күйші-композитор мифтік таным түсінікті жаңғыртушы, мифтік сюжетті ой-ниетінің қажетіне жаратушы. Былайша айтқагда, мифті мифологияға айналдырушы.

СӨЖ мазмұны: Күйлердің тарихымен танысу, Күйлерді ойнап жаттығу Күй аңызының мазмұндық, оқиғалық, себептік бітімдеріне қарап, мифтік сипатын бірден тануға болады. Жалпы себепті сипат күй аңызының да, мифтің де дербес жанр ретіндегі айқын белгілерді айыру. Күйлердің аңызында сюжеттік желіден ежелгі мифтік сананың да, одан кейінгі, екінші кезеңде толыса түскен мифтік сананың да нышанын байқауға болады. Мифтік күй аңыздардың өн-бойында ежелгі мифтік сананың да, одан кейінгі толыса түскен мифтік сананың да, берідегі толысқан мифтік сананың да айғақ белгілері айқын екені байқалады.
7апта

1 кредит сағат

13 практикалық сабақ



Тақырып: Аралық бақылау.Тарихи күйлер. Халық күйі «Бозайғыр», «Ел айрылған»,Құрманғазы «Қайран шешем».

Практикалық сабақ мазмұны: «Бозайғыр» жаугершілік заманнан жеткен көп тармақты күй. Белгілі тарихшы, жазушы, музыка зерттеушісі Мұхтар Мағауиннің айтысына қарағанда бұл күйдің он алты нұсқасы бар. (М.Мағауин. Күй иесі Байжігіт.- «Жұлдыз»,1976,№ 9). Аңыз сорабына қарағанда бұл күйдің алғашқы нұсқасын шерткен XVIII-ғасырда өмір сүрген Байжігіт күйші. Содан бұл күй қазақтың сүйікті тақырыбына айналып тармақ-тармақ болып , кемелденіп тарап кеткен. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от жалынмен шарпып бағады. Жоқшылық, қорлық – зорлықпен беттесу, әділетсіздікке ширыға қарсыласу, дүлей күштің темір құрсауына түсу, көкірегін кернеген запыран зары мен мұң-сырын күй етіп сыртқа шығару, міне, Құрманғазының маңдайына жазылған тағдыр осындай еді.Оның «Қайран шешем» күйі замана басқа салған зобалаңның белгісі.

Әдебиет: А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана «Күлтегін» 2002ж.,435-бет.

А. Есенұлы, Г.Елеусізқызы «Күй-қастерлі әуез» Алматы «Өлке»-1998ж.,67-бет.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны :Қазақ музыкасының, оның аясындағы кез келген тарихи оқиға немесе сол тарихи оқиға туралы пайымдаулардың бәрі де, өткен өмірге қатысты болып келеді. Қазіргі деген әрекет – тірліктің бәрі де сол сәттен бастап өткенге айналып үлгереді. Өткен өмірді еске алу, тарих туралы ойлау, адам қоғамы бар жерден басталады. Тарих дегеніміз – адамзаттың қоғамдық жады, адамзаттың өзін-өзі тануы және өзі туралы пайымдауы, өткен өмірдің санада жаңғыруы. Тарих өткен өмірді сөз еткенімен, оның барша тағылымы бүгін мен болашаққа қызмет етеді. «Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы» - деген сөзді Ахмет Байтұрсынов осындай қисынға орай айтқан. (А.Байтұрсынов. Ақ жол. Қазақтың өкпесі. Ал., 1991, 123-бет).

СӨЖ мазмұны: Күйлердің тарихымен танысып оқу. Күйлерді ойнап жаттығу. Есте сақтайтын қағидалар; қазақтың күй тілін жоруға жат – жұрттық, әсіресе еуропалық музыка тану тәсілдерінің сай келмейтіні, яғни, қазақ күйлерін танып жоритын төл талғам – тәсілдердің бар екені, ондай талғам тәсілдердің өзі ғылыми жүйелеуді, айғақтауды қажет ететінін білу.
2 кредит сағат

14 практикалық сабақ



Тақырып: Психологиялық күйлер. Халық күйі «Сал күрең».

Практикалық сабақ мазмұны: Психологиялық күйлер – адамның ішкі жан дүниесі, сезім иірімдерін өз қалпынасуреттеп бере алатын нақты эрос пен мелосты қатар ұстай алатын композициялар. Эрос – дегеніміз жануарлық инстинкт емес, адамға тән махаббат сезімі болып табылады. Мелос – дегеніміз сол сезімнің ырғаққа айналған түрі. «Сал күрең» күйі қазақтың жылқы малына арнаған көп күйлерінің бірі.Сал күрең деген өне бойында бір меңі жоқ шымқай күрең жылқыны айтады. Күй өте көркем, ойнақы, құлаққа жағымды.

Әдебиет:А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы «Күй – қастерлі әуез» Алматы «Өлке»-1998ж.,91-бет, 125-128-беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Біздің заманға жеткен көптеген көне күйлермен аңыз әңгімелердің мазмұны 30-ғасырға жуық уақытты қамтиды. Мұндай сазды – сарындарды шығарған күйшілердің бірінің өмірбаяны ел ішінде аңызға айналса, енді біреулері эпостық жырлардың кейіпкерлері, немесе, көбінің есімдері ұмыт болып, шығармалары сақталған. Кезінде тыңдаушысын тамсандырған бұл әуендер, әсіресе, қазіргі көне күйлер сазының құрамында жиі кездеседі. Бұлардың ішінде әуелгі замнадардағы нұсқаларынан хабар беретін: «Аққу», «Сары өзен», «Ертіс толқыны», «Боз айғыр», «Шұбар ат», «Шыңырау» сияқты халық күйлері жүздеп саналады.

СӨЖ мазмұны: Күйлердің тарихымен танысу. «Сал күрең» күйін жаттау.

Шертпе күйлеріне қосымша жаттығулар ойнау керек. Соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, секста интервалын – 1,2-саусақтармен, ал квартаны 4,2-саусақтармен алу. Квинта интервалын – 2,3,содан соң 3,4-саусақтармен алу3 және 2- саусақтарды қатар басу жеке дыбысты алғанда да қолданады. Дыбысты табиғатын есту. Сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуын қадағалау. Өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау.



8 апта

1 кредит сағат

15 практикалық сабақ



Тақырып:Аралық бақылау. Сол қолда кездесетін күрделі әдіс-амалдар. Мелизмдер. Форшлаг. Группетто. Мордент. Трель.орыстың халық әні «То не ветер ветку клонит»

Практикалық сабақ мазмұны: Сол қолда кездесетін әдістер – ішекті саусақпен іліп тарту әдісі, қағыстан кейін алу, қағыссыз алу. Шығармадағы көркемдік талап, мақсатқа байланысты және дыбыс бояуын өзгерту үшін фраза немесе толық бір сөйлем әр ішекте жеке орындалады. Мысалы: астыңғы ішектен үстіңгі ішекке лига арқылы алмасу әдісі. Бұл әдісте қағыстан кейін дыбысты ре ішегінде алған кезде басқа саусақтарды босатып, оны сәл тербелтіп қалу керек. Сол қолдағы тұту әдісі; () Бұл әдіс соль ішегін саусақ ішімен тұтып, ре ішегіндегі дыбысты алғанда қолданылады. Глиссандо (сырғи) дыбыстан-дыбысқа тез сырғу әдісі. Әуен сазын әшекейлеу, құлпырту мелизмдер (музыкалық өрнектер) деп аталады. Музыкалық өрнектерге форшлаг, группетто, мордент, трель, флажолеттер жатады. Форшлаг (соққы алдында) негізгі дыбыстан бұрын жазылып, соның есебінде орындалатын өрнек. Ол бір немесе бірнеше дыбыстардан тұрады. Форшлагтың қысқа және ұзақ түрлері болады. Негізгі дыбыс пен оның алдындағы дыбыстың ұзақтығына құрылған форшлагты қысқа форшлаг (сызылған), ал негізгі дыбыстың ғана ұзақтығына құрылған форшлаг ұзақ форшлаг (сызылмаған) деп аталады. Группетто – 4 немесе 5 дыбыстан тұратын өрнектеу белгісі. Мордент (өткір) үш дыбыстың негізгі қосалқы және қайтадан негізгі дыбыстардың бірінен соң бірінің тез қайталануын айтады. Морденттің түрлері: қос, сызылғанжәне сызылған қос мордент. Трель (дірілдету) – қатар тұрған екі дыбыстың алма – кезек тез қайталануы.

Әдебиет: А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж.,101-103-беттер., 165-бет.

Техникалық оқу құралдары: Оқулық пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Форшлаг (қысқа, ұзын) түрлері: нахшлаг, рюкшлаг, юбершлаг. Нахшлаг (соққыдан соң) – негізгі дыбыстан кейін жазылып, соның есебінде орындалатын өрнек. Рюкшлаг (қайта оралған соққы) - өрнектің негізгі дыбысқа қайта оралатын түрі. Юбершлаг (ауысатын соққы) - өрнектің басқа дыбысқа ауысатын түрі.

СӨЖ мазмұны; Домбыра аспабында аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді, шығармаларды қайталау. Бас буындағы ля-си-до дыбыстарымен жаттығу,домбыраның құлағын теріс бұрауға жаттығу, күйді ойнап жаттығу. берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау.Ілме қағыс-сұқ саусақпен төмен, бармақ және сұқ саусақпен жоғары қағылатын қағыс. Тұтпа қағыс- қағыстан соң немесе қағыстан бұрын ішекті саусақтармен тұтып қағу.Жаттығулар ойнау.Күймен – шығарма орындаудағы аппликатуралық ерекшеліктерді ажырата білу.

2кредит сағат

16 практикалық сабақ



Тақырып: Флажолеттер. Табиғи флажолеттің орындалуы. Жасанды флажолеттің орындалуы. А.Жұбанов «Би күйі»

Практикалық сабақ мазмұны: Флажолет – ысқырауық, ішекті аспаптарда алынатын ысқырыққа ұқсас жеңіл дыбыс. Флажолет табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Ашық ішектен алынатын флажолет – табиғи, ал жабық ішектен алынатыны жасанды деп аталады. Флажолет таңбалары флажолет алынатын дыбыстың үстіне қойылады. Табиғи флажолет екі түрлі әдіспен; а) қағыстан кейін сол қол саусағын ішекке жеңіл ғана тигізіп қалу арқылы; ә) қажетті перне тұсынан оң қолдың сұқ саусағы мен бас бармағы арқылы ішекті іліп тарту арқылы орындалады. Жасанды флажолеттің орындағанда, әуелі қажетті пернені тиісті саусақпен басып тұрып, содан кейін бір октава жоғары орналасқан аттас перне тұсынан оң қолдың сұқ саусағы мен бармағы арқылы ішекті іліп тартып қалады. Жасанды флажолет домбыраның барлық пернелерінен орындалады. А.Жұбанов «Би күйі» орташа, би екпінінде ойналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет