13 апта
25. ОЖСӨЖ мазмұны : Ырғақ термині өте жиі, әр салалы қолданылады. Мысалы: өлең жолының ырғағы, проза, қойылым, дем алу, адам организмінің ауысу, алмасу, ауытқу, жүрек соғуы. Тіпті жыл мезгілдерінің ауысу ырғағы.Ырғақты сезіну жас шамасына, шығарма екпініне де байланысты. Ырғақ – есту қабілетімен қатар қойылатын музыкалық қасиеттердің бірі. Ырғақ өлшеммен тығыз бірлікте. Күй өлшемдері ырғағы өзіндік ерекшеліктерімен әлі зерттеліп келе жатқан құбылыс. Күй ырғағы табиғаты күрделі, оны түсіну, түйсікте, бесіктен даритын, берілетін қасиет.
26. ОЖСӨЖ мазмұны : . Динамика – домбыра дыбысы көркемдігінің негізі. Динамикалық белгілер – қойылым дұрыс болғанда ғана нәтижелі болады. Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдар жеткілікті. Ол тербеліс және әшекей өрнектер (мелизм). Жекелеген әуендерді орындап, оның ырғағын қайталап,
Дауысын келтіру, қол қимылымен, болмаса белгілі әуенге қимылмен көрсету жолдары, жылдам, орта, жай екпінді күйлер.әуендерді орындап жаттығу.
14 апта
27. ОЖСӨЖ мазмұны : . Гаммалар мен арпеджиоларды әр түрлі штрихта, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурамен әр тональдықта ойнату. Мысалы; D-dur, A-dur тағы сол сияқтылар. . Күйдің көркем, әуезді болуы оң қолдың саусақ қағысымен сол қолдың саусақ кестесінің жарасымына тығыз байланысты. Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, домбыраның дыбыс бөлуін үнеммен жұмсап, күйді динамикалық, орындаушылық шарықтау шегіне жеткізуге үйрену. Домбырадағы позициялардың схемасын ойнап жаттығу. Жаттығуларды , гаммаларды, арпеджионы санап ойнауға жаттығу. Үстінде кварта аралығымен бастап және аяқтау домбыра бұрауына үйрену. Жоғары қағыстарды бірден тездетуге тырыспаған жөн. Студент қолы жаттыққан сайын, қағыс аралығын жиілете беру керек.
Ең әуелі студент саусақтарын оң қолды қоспай, бірнеше рет пернеге қойып, дыбыссыз қозғалысқа келтіреді.
28. ОЖСӨЖ мазмұны : Байжігіт қазақтың күй өнеріне ұлттық әуез дарытуға ұйтқы болған, сөйтіп осынау қанатты өнердің төлтума тұлғасын біржолата орнықтыруға ықпал ете білген санаулы саңлақ күйшілердің бірі. Байжігіт тек қана дәулескер күйші емес, сонымен бірге қара сөзге шешен, өлең сөзге көсем ақын болғандығы жөнінде дерек бар. Байжігіттің жиырмададан астам күйлері белгілі. Бұлардың ішінде «Қайың сауған», «Қоңыр қаз», «Жетім торы», «Көкбалақ», «Қосбасқан», «Беласар», «Секіртпе» т.б.күйлері бар.
15 апта
29. ОЖСӨЖ мазмұны : Күй тартып айтысу дәстүрі, күймен жауаптасу дәстүрі қазақ даласының барлық өңірінде болған. Күй аңыздарының дерегіне қарағанда, осынау тамаша өнер жарысының ертеден-ақ орныққан дәстүр екенін аңғаруға болады.
30. ОЖСӨЖ мазмұны: Емтихан алдындағы дайындық жұмысы. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәрі әрбір орындаушыда өзінше болсада жаттықтыру қажет. Емтихан болатын күні тыңғылықты, тиянақты түрде бірнеше уақыт дайындалу. Студенттің бойында өз-өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу, сонан соң емтиханға тлоық дайынсың деп ынталандыру да алға жетелейді. Бұл деген сенімділік сезімін туындатады. Толқуды болдырмау үшін халық алдына жиі шығу өте жақсы ролді атқарады. Студенттерді халық алдына көп шығару мүмкіншілігін жасау керек.
ОЖСӨЖ мазмұны: Емтихан алдындағы дайындық жұмысы. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәрі әрбір орындаушыда өзінше болсада жаттықтыру қажет. Емтихан болатын күні тыңғылықты, тиянақты түрде бірнеше уақыт дайындалу. Студенттің бойында өз-өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу, сонан соң емтиханға тлоық дайынсың деп ынталандыру да алға жетелейді. Бұл деген сенімділік сезімін туындатады. Толқуды болдырмау үшін халық алдына жиі шығу өте жақсы ролді атқарады. Студенттерді халық алдына көп шығару мүмкіншілігін жасау керек.
8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар- қарастырылмаған
9. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі.
Глоссарий
Глоссарий – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі термин сөздер мен ұғымдардың жиынтығы.
Мамандық (домбыра) пәні бойынша глоссари й
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
жеделдете
|
ускоряя
|
Ассеlerando
|
Жәй
|
медленно
|
Adagio
|
Асықпай
|
Не спеша
|
Andante
|
Көңілді, тез, шапшаң
|
Весело,живо-быстро
|
Allegro
|
Соңғы бөлім
|
Заключительный отдел
|
Coda
|
Соңы
|
конец
|
Fine
|
Біртіндеп бәсеңдеу
|
Постепенно затихая
|
Diminuendo
|
Дыбысты біртіндеп қарқындату
|
Постепенно усиливая
|
Crescendo
|
Күшті, қуатты
|
громко
|
Forte
|
Студенттің өзіндік жұмысына (СӨЖ) арналған материалдар
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсенділікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады. СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады. СӨЖ материалдарының түрлері ;
Пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі;
Типтік және жұмыс оқу бағдарламаларының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі;
Техникалық сынақ және академиялық концерттің тақырыптары;
Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі;
Кеңес түрлері;
Бақылау түрлері;
Бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.
1-апта
№ 1 үй тапсырмалары:
отырыс,оң қол мен сол қол қойылымымен жаттығу, қағыспен жаттығу, күйді орындап жаттығу Студенттің денесін отырған кезде тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының шашырамауын қадағалау керек.. А.Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі» «Өнер»Алматы-1992 ж. 50- бет.
№ 2 үй тапсырмалары:
астыңғы ішектегі бір дыбысты бірінші саусақпен басып тұрып, үстіңгі ішектегі күй тақырыбын секундаға дейін ойнағанда, кварта,квинта интервалдарының негізгі дыбыстары тек бармақты жылжыту арқылы басылуына жаттығу.
2-апта
№ 3 үй тапсырмалары:
Тербеліс әдісіне жаттығу. Жаттығуды әуелі дыбыссыз (қағыссыз) машықтанған тиімді.Үлкен сағадағы пернелердің арасы жақын орналасқанымен, саусақтардың буындар мен кіші сағадағы перне басу тәртібі сақталады.
№ 4 үй тапсырмалары:
Қағыс атауларын жаттау. Ақжелең күйі ықшам, қабылдауы жеңіл. Форшлагтың қысқа және ұзақ түрлеріне жаттығу. Күйді орындап жаттығу.Сол қол қойылымының дұрыс қалыппен орналасуын қадағалау,қол саусақ буындарының жеке-жеке сезініп дайындалу керек.
3-апта
№ 5 үй тапсырмалары:
шығармамен танысу, шығармада кездесетін әдіс-амалдарды меңгеру, шығарманың көркемдік мәнін ашу.Тербеліс әдісіне жаттығу.
№ 6 үй тапсырмалары:
сол қол саусақтарының пернеге басуына көңіл бөлу, дыбыс күшін жобалауда шынтақты ашып, жабудың өзіндік ретімен жаттығу. «Боғда» күйі күйшінің атымен аталатын күй.Қазіргі Ақтөбе, Атырау, Орал облыстарының түйіскен тұсындағы Ойыл, Қызылқоға өңірінде Бозтөбе деген биік бар.
4-апта
№ 7 үй тапсырмалары:
1-2-3-саусақтарды жиі қолдануға жаттығу. 3-4- саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басумен жаттығу. Күйлерді орындап жаттығу.Саусақтар үлгідегі көрсетілгенінен ауытқымауы керек.
№ 8 үй тапсырмалары:
Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығымен танысу.Күйлерді орындап жаттау. Жәй темпте жаттығу.Өткен сабақтағы тақырыптарды қайталау . Мысалы ; домбырашының сол қолының аспап мойынындағы белгілі бір мөлшерде берілген атаумен орналасуы , Тербеліс – сол қол саусағымен ішекті басып тұрып, дыбысты тербелту әдісі.
5-апта
№ 9 үй тапсырмалары:
берілген тақырыптарды жатқа оқу, шығарманы орындап жаттау. Домбырадағы позициялардың схемасын орындап жаттау.Позициядан позицияға көшудің бірнеше жолдары бар.
№ 10 үй тапсырмалары:
берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау.Ілме қағыс-сұқ саусақпен төмен, бармақ және сұқ саусақпен жоғары қағылатын қағыс. Тұтпа қағыс- қағыстан соң немесе қағыстан бұрын ішекті саусақтармен тұтып қағу.Жаттығулар ойнау.
6-апта
№ 11 үй тапсырмалары:
Бас буындағы ля-си-до дыбыстарымен жаттығу,домбыраның құлағын теріс бұрауға жаттығу, күйді ойнап жаттығу. «Сылқылдақ» күйін жеткізуші Ә.Хасенов. Күйдің тарихымен танысу, әдебиеттен оқу,есте сақтау.
№ 12 үй тапсырмалары:
Күйлердің тарихымен танысу, Күйлерді ойнап жаттығу Күй аңызының мазмұндық, оқиғалық, себептік бітімдеріне қарап, мифтік сипатын бірден тануға болады.
7апта
№ 13 үй тапсырмалары:
Күйлердің тарихымен танысып оқу. Күйлерді ойнап жаттығу. Есте сақтайтын қағидалар; қазақтың күй тілін жоруға жат – жұрттық, әсіресе еуропалық музыка тану тәсілдерінің сай келмейтіні, яғни, қазақ күйлерін танып жоритын төл талғам – тәсілдердің бар екені, ондай талғам тәсілдердің өзі ғылыми жүйелеуді, айғақтауды қажет ететінін білу.
№ 14 үй тапсырмалары:
Күйлердің тарихымен танысу. «Сал күрең» күйін жаттау.
Шертпе күйлеріне қосымша жаттығулар ойнау керек. Соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, секста интервалын – 1,2-саусақтармен, ал квартаны 4,2-саусақтармен алу. Квинта интервалын – 2,3,содан соң 3,4-саусақтармен алу3 және 2- саусақтарды қатар басу жеке дыбысты алғанда да қолданады. Дыбысты табиғатын есту.
8-апта
№ 15 үй тапсырмалары:
Домбыра аспабында аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді, шығармаларды қайталау.
№ 16 үй тапсырмалары:
Күйлердің тарихымен танысу, Күйлерді ойнап жаттығу Күй аңызының мазмұндық, оқиғалық, себептік бітімдеріне қарап, мифтік сипатын бірден тануға болады.
9-апта
№ 17 үй тапсырмалары: Айжан қыз» күйін транспозиция жасау. Домбыраның шартты белгілерін жаттау.
№ 18 үй тапсырмалары:
Санап ойнағаннан студенттің ырғақтық қасиетінің қалыптасуына әсері мол.
10-апта
№ 19 үй тапсырмалары:
Жоғары қағыс меңгеру. Қағыс төмен қарай салмақпен құлайтын болғандықтан күштірек келеді де, ал жоғары қағыс үшін әдейі қозғалыс жасайды, осы ара жікті ажырату.
№ 20 үй тапсырмалары:
Дәулеткерей шығармашылығымен танысып оқу. Аталмыш күйді ойнап жаттау. Күй орташа биязы темпте ойналады. Қағыспен , жәй темпте жаттығу. . Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдар жеткілікті.
11-апта
№ 21 үй тапсырмалары:
Шығарманы музыкалық көркемдік тұрғысынан, оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеру, автордың ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн
№ 22 үй тапсырмалары:
Домбыра мойны позиция деп аталатын бөліктерге бөлінеді. Позицияларға жаттығу.
12-апта
№ 23 үй тапсырмалары:
Есбайдың орындаушылық мектебінің кейбір ерекшеліктерін жаттап оқу және жаттығып домбыра аспабында ойнау. Күйді басынан аяғына дейін бірнеше рет ойнап шығу.
№ 24 үй тапсырмалары:
Күйді бірнеше рет ойнап шығу. Дыбыс сапасымен жұмыс жасау. Әуенді іштей білу. Есебіне көңіл бөліп жаттығу.
13-апта
№ 25 үй тапсырмалары:
Жекелеген әуендерді орындап, оның ырғағын қайталап,
Дауысын келтіру, қол қимылымен, болмаса белгілі әуенге қимылмен көрсету жолдары, жылдам, орта, жай екпінді күйлер.әуендерді орындап жаттығу.
№ 26 үй тапсырмалары:
Домбырада орындау шеберлігін арттыру үшін динамикалық белгілерінің қойылымын дұрыс қою керек.Динамикалық белгілер – қойылым дұрыс болғанда ғана нәтижелі болады.
14-апта
№ 27 үй тапсырмалары:
Өткен сабақтарды қайталағанда ескеретін қағидалар: домбыра тартудан бұрын,аспапты ыңғайлы ұстап, дұрыс отырып үйрену, көркем шығарманы өз бетінше үйреніп, орындауға дағдылану.
№ 28 үй тапсырмалары:
«Қара жорға» күйімен дайындалғанда, мына нәрселерге көңіл бөлу қажет; домбыраның құлағын теріс бұрауға жаттығу, барлық саусақ бірдей емес, бірақ пернеден шығар дыбыс деңгейі бірдей болуы керек.
15-апта
№ 29 үй тапсырмалары:
Өткен тақырыптағы күйлерді пысықтау. Шығарма ойнағанда бабына келтіріп тамылжыта, тебірене орындауға дағдылану.
№ 30 үй тапсырмалары:
Студент емтиханға өте тыңғылықты дайындалып келуіне жаттығу. Сахналық киім,орындаушылық көңіл – күйі, шығармаларын жатқа білу.
10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі.
Пәннің оқу - әдістемелік кешені құрылымының әр компонентіне төмендегідей талаптар қойылады: Орындалатын шығарманың ноталық текстісін дәл орындап, шығармалардың мәнін, көркемдік мазмұнын аша орындау.
Техникалық қиыншылықтарға арналған виртуоздық шығармаларды міндетті түрде нақышына келтіре орындау.
Фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын шығармаларда ансамбльдік ойынның жоғары дәрежеде болуы.
11. Білімді бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары:
Барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);
Сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек; шынайылық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингті бақылау
Семестрдің 7 (8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтінгті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [ (P1+P2) | 2 ]* 0,6 + E * 0,4
P1- бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2- екінші рейтингті бағалаудың бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) +30% (2 рейтинг) + 40 % (емтихан ).
«Білімді бағалау схемасы»
№
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
Апталар
|
%
|
барлығы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Үй тапсырмасы
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Жеке сабақ
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
3
|
Коллоквиум
|
5
|
10
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
4
|
Техн.сынақ
|
10
|
10
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Акад.сынақ
|
10
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
6
|
P1+P2
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Емтихан
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Барлығы
|
|
100
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7 (8 ) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші – 40%). Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер соиасы ретінде анықталады. Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді. Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады.(кесте бойынша)
Емтихан талабы бойынша 3күй, 2 шығарма (күйсандық сүйемелдеуімен) орындалады.
Емтихан талабының үлгісі;
өзбек халық әні «Гүлхан»
А.Жайымов «Шалқыма»
Әлікей «Қоңырала»
Тәттімбет «Табалдырық қосбасар»
Құрманғазы «Қайран шешем»
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша техникалық сынақ, академиялық концерт өткізу.
8-15 апталардағы тақырыптар бойынша емтихан тапсыру талаптары:
Орындалатын шығарманың ноталық текстісін дәл орындап, шығармалардың мәнін, көркемдік мазмұнын аша орындау.
Техникалық қиыншылықтарға арналған виртуоздық шығармаларды міндетті түрде нақышына келтіре орындау.
Фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын шығармаларда ансамбльдік ойынның жоғары дәрежеде болуы.
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Студенттерге қойылатын талаптар:
Студент сабаққа алдын-ала дайындалып, аспаптың құлақ күйін келтіріп, саусақтардың жүргектігін дамыту үшін гамма, жаттығуларды орындап келу қажет.
Сабаққа қатысуы :
Үй тапсырмасы; гамма, арпеджиоларды орындап жаттығу қажет.Сабақта үйреткен күйлерді жатқа ойнау қажет.
Жеке тапсырмалар; Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады.Студент семестр барысында өз бетімен 2 этюд, 2 гамма, 3 күй үйренуге міндетті.
Бақылау жұмысы; Оқу жылы бойынша екі техникалық сынақ, екі академиялық концерт, екі емтихан тапсырады.
Концерттік орындаушылық; Студент оқу жылы бойында университеттік, қалалық, облыс көлемінде ұйымдастырылған концерттерге қатысуға міндетті.
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның пайыздық баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру.
- №1 оқу залы
- №2 оқу залы
- №3 оқу залы
- №4 оқу залы
- №5 оқу залы
- Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы
13. Арнаулы аудитория №413, акт залы 209
Достарыңызбен бөлісу: |