3. мақсаты: Тербеліс жиілігі , пәрмені шығарма мазмұны , болмысына екпініне , ырғағына тәуелді.
4. мазмұны: шығарма - болашақ күйші-домбырашының шыңдалып сауатты әрі білікті маман атанып, өрісті дүние таным иесі болуы үшін бірден-бір керек дүние.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?
6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана «Күлтегін»2002ж.,398-411-беттер.
А.Жайымов, С.Бүркітов, «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж.,97-98-беттер.
2 кредит сағат
№ 30практикалық сабақ
1. Тақырып: Қараұлы Боғда (IX ғ) «Боғда», «Боз төбе».
2. Қарастырылатын сұрақтар: Абыл дәстүрін пір тұтқан Боғда өзінің шығармашылығында от басы, ошақ қасының немесе ауыл арасының күйкі көріністерімен шектелмейді.
3. мақсаты: сол қол саусақтарының пернеге басуына көңіл бөлу, дыбыс күшін жобалауда шынтақты ашып, жабудың өзіндік ретімен жаттығу.
4. мазмұны: Батыс өңірінің күйшісі. Боғданың күйшілік қолтаңбасында әрісі Асанқайғыдан, берісі Абылдан жұққан дәстүр бар.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?
6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Айтжан Есенұлы «Күй – тәңірдің күбірі» «Дайк – Пресс» Алматы-1996ж. 23-37 беттер.
7. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.
Осы пән оқыту бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар: ПОӘК-нің тараулардың мұқият талқылау, пән ерекшеліктері бойынша қолданылатын оқыту әдістері, әдебиетпен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар, семинар, СОӨЖ, СӨЖ, практикалық сабақтарының орындалуы бойынша нұсқаулар, білімді бағалау жөніндегі мәліметтер, бағалау критериялары, сонымен қатар негізгі бақылау түрлері және дайындау материалдары бойынша нұсқаулар.
Практикалық (семинарлық , студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
1.тақырып : А.Жұбанов «Би күйі»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі» ,«Өнер» Алматы-1992 ж. 50 бет.
2.тақырып : Қазақтың халық әні «Сәлем-ай»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : Т.Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен « Қазақ күйлерінің тарихы»,Алматы-2000ж.
3.тақырып : Қазақтың халық әні «Сәлем-ай»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі» ,«Өнер» Алматы-1992 ж. 50 бет.
4.тақырып : С. Әбдінұров «Бәйтерек»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : Ғ. Шілдебаева «Назерке» қобызшылар ансамбліне арналған жинақ Астана, 2005
5.тақырып : Е.Брусиловский «Желдірме»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : Т.Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен « Қазақ күйлерінің тарихы»,Алматы-2000ж.
6.тақырып : Абай «Көзімнің қарасы»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : құрастырушы С.Өтебаева «Көзімнің қарасы» 2000 ж.
7.тақырып : Халық әні «Жаңа жылда»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : Қ.Ахметұлы «Ансамбль» А., 2000ж
8.тақырып : М.Әубәкіров «Фантазия»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі» ,«Өнер» Алматы-1992 ж.
9.тақырып : М. Қойшыбаев «Тойбастар»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : К. Сахарбаева «Атырау ән – күй мұхиты» Алматы «Дайк-Пресс»,2001ж.,688-бет.
10.тақырып ; Халық күйі «Айда былпым» Тәттімбет «Сейіл Қосбасар»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : Тәттімбет «Саржайлау» Өнер А., 1988ж
11.тақырып : Есбай «Бұлбұл Ақжелең»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : А.Райымбергенов «Ақжелең» Өнер А., 1984ж
12.тақырып : Мифологиялық күйлер. «Ақсақ құлан», «Шұбар киік».
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : А.Есенұлы,Г.Елеусізқызы «Күй -қастерлі әуез» Алматы «Өлке»-1998ж.,4-15-беттер.
13.тақырып : Күйші композитордың шығармашылығы өмір сүру кезеңі, күйдің шығу тарихы.
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : Тәттімбет «Саржайлау» Өнер А., 1988ж
14.тақырып : Құрамнғазы «Байжұма»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : К.Сахарбаева «Атырау ән-күй мұхиты» «Дайк-Пресс» А., 2001ж
15.тақырып : : халық әні «Елім-ай»
мақсаты : қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.(қарастырылатын мәселелер)
негізгі сұрақтар : Аспапты игерудің кәсіби амалдары
әдістемелік нұсқаулар : Аспапты дұрыс ұстап отыру
пайдаланатын әдебиет : А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана «Күлтегін»2002ж.
СОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
1.тақырып : Музыкалық қабілеттер ; есту қабілеті, ырғақ ,жад.
мақсаты : Әртүрлі нысандары
өткізу түрі : ауызша
тапсырмалар , сұрақтар : Тербеліс – сол қол саусағымен ішекті басып тұрып, дыбысты тербелту әдісі.Ол орындаушылық дәстүрге орай сол қолдағы саусақ , буын немесе білек көмегімен орындалады
әдістемелік нұсқаулар : музыкалық қызмет процесінде музыкалық қабілеттерді дамыту әдістері пайдаланатын әдебиет : А.Есенұлы,Г.Елеусізқызы «Күй -қастерлі әуез» Алматы «Өлке»-1998ж.
2.тақырып : М.Әубәкіров «Фантазия» Тербеліс.Үлкен сағаны меңгеру.
мақсаты : Әртүрлі нысандары
өткізу түрі : ауызша
тапсырмалар , сұрақтар Тербеліс – сол қол саусағымен ішекті басып тұрып, дыбысты тербелту әдісі.Ол орындаушылық дәстүрге орай сол қолдағы саусақ , буын немесе білек көмегімен орындалады.
әдістемелік нұсқаулар : музыкалық қызмет процесінде музыкалық қабілеттерді дамыту әдістері пайдаланатын әдебиет : Тәттімбет «Саржайлау» Өнер А., 1988ж
3.тақырып : Халық әні «Жаңа жылда»
мақсаты : Әртүрлі нысандары
өткізу түрі : ауызша
тапсырмалар , сұрақтар : Шығармадағы кездесетін ауыспалы өлшем, мөлшер, ырғақ белгілерін дұрыс орындау. Әннің тональдық ауысуларын көрсету.
әдістемелік нұсқаулар : музыкалық қызмет процесінде музыкалық қабілеттерді дамыту әдістері пайдаланатын әдебиет : К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «Издатмаркет»-2006 ж.
4.тақырып : Есбай «Бұлбұл Ақжелең»
мақсаты : Әртүрлі нысандары
өткізу түрі : ауызша
тапсырмалар , сұрақтар : Күйші композитордың шығармашылығы, өмір сүру кезеңі, күйдің шығу тарихы.
әдістемелік нұсқаулар : музыкалық қызмет процесінде музыкалық қабілеттерді дамыту әдістері пайдаланатын әдебиет : А.Райымбергенов «Ақжелең» Өнер А., 1984ж
5.тақырып : А.Жұбанов «Би күйі»
мақсаты : Әртүрлі нысандары
өткізу түрі : ауызша
тапсырмалар , сұрақтар : Шығарманың құрылымы, орындаушылық ерекшелігі, динамикалық өзгерістер жөнінде мағлұмат
әдістемелік нұсқаулар : музыкалық қызмет процесінде музыкалық қабілеттерді дамыту әдістері пайдаланатын әдебиет : Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі» ,«Өнер» Алматы-1992 ж.
6.тақырып : А.Глазунов «Легкая соната»
мақсаты : Әртүрлі нысандары
өткізу түрі : ауызша
тапсырмалар , сұрақтар : Штрихтық және интонациялық ерекшеліктерге көңіл бөлу
әдістемелік нұсқаулар : музыкалық қызмет процесінде музыкалық қабілеттерді дамыту әдістері пайдаланатын әдебиет : Қ.Ахметұлы «Ансамбль» А., 2000ж
7.тақырып : Халық күйі «Айда былпым» Тәттімбет «Сейіл Қосбасар»
мақсаты : Әртүрлі нысандары
өткізу түрі : ауызша
тапсырмалар , сұрақтар : Күйші композитордың шығармашылығы, өмір сүру кезеңі, күйдің шығу тарихы.
әдістемелік нұсқаулар : музыкалық қызмет процесінде музыкалық қабілеттерді дамыту әдістері пайдаланатын әдебиет : Тәттімбет «Саржайлау» Өнер
А., 1988ж
8.тақырып : орыстың халық әні «Коробейники»
мақсаты : Әртүрлі нысандары
өткізу түрі : ауызша
тапсырмалар , сұрақтар: Сол қолда кездесетін әдістер – ішекті саусақпен іліп тарту әдісі, қағыстан кейін алу, қағыссыз алу.
әдістемелік нұсқаулар : музыкалық қызмет процесінде музыкалық қабілеттерді дамыту әдістері пайдаланатын әдебиет : Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі» ,«Өнер» Алматы-1992 ж.
СОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
1 ОЖСӨЖ мазмұны :Әр ұлттың өзіндік болмысын ерекшелейтін тұстары салт – дәстүрі, тұрмыс – тіршілігі – осыған орай бедерленетін мәдениеті, өнері. Ұлы ойшылымыз Абай айтқандай дүниеге өлеңмен жер қойнына еніп, тал бесіктен, жер бесікке дейін әнге бөленіп, күйге тербеліп саналы ғұмыр кешкен дана халық. Домбыра аспабы – бар болмысымызды шанақ мұрағатында хаттап, оның картотекасын өз пернесінде сақтаған. Қазақ өнерінің жарқын болашаққа қадам басуы көшінің басшысы – академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов. Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде 1980 жылдардан бастап оқытыла бастады. Домбыра өнерінің, оны үйрену , үйретудің ұзақ ғұмырнамалық тарихы бар. Ол сонадан жеткен дәстүрлі құйма – құлақ әдісі. Домбыраны сан жүйесімен үйрету. Есте сақтау қабілеті төмен үйренушіге тиімді әдіс. Бұл тез үйренумен қатар нота сауатын қажетсінбейтін домбырашыға арналады. Құйма – құлақ – бұл дәстүрлі күй үйрету мектебі. Құйма – құлақ әдісінің ғасырлық тарихы бар. Ол заманда да, қазірде күй ғұмыр боп өскен ауыл баласы құлақпен қабылдаған , қолын қойып ешкім үйретпеген. Кәсіби, нота сауаты. Домбырашы мамандығын қалаған студенттің үйрену жолы. Дәстүрлі құйма – құлақ әдісі нота сауатымен қатар жүргізіледі. Құйма – құлақ әдісі, жалпы домбыра үйрету мектебінің өзегі, халықтық негізі. Алғашқы үйрету кезеңдеріндегі басты назарда ұстайтын қағидалар; ер және қыз балалардың отырысындағы айырмашылықтар, музыкалық танымы, бұрын аспаппен таныстығы, керекті оқу құралдары, оңтайлы аспап, орындық , оқу құжаттарытыр. Студенттің денесін отырған кезде тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының шашырамауын қадағалау керек. Аспап құрылымымен , күтімімен таныс у.
2 ОЖСӨЖ мазмұны : Студентті үйрету бағытын анықтау – нота сауаты қолдан алу. Себебі есте сақтау , есту , таза дыбыс мәдениетін қалыптастыру , қабылдауы тез студенттерге қолдан үйренген тиімді. Бүгін үйренгенін келесіде ұмытып отырған студентке сан жүйесінен , нота сауатынан қолайлысы жоқ. Бірақ қысқа , қысқа әуендерді , қарапайым қимыл , қағыстардан бұлармен де жеміске жетуге болады. Бастапқы сабақтарда үйге көп тапсырма берілмейді , кластағы сабақты да бірнеше бөліммен өткізген дұрыс. Арасында аспап құрылымын сұрап , нота жазғызып , әр алуан бағытта, студентті демалғызып өзі күй орындап ойластырған ұстазға шексіз амалдар баршылық. Бір сабақты бірнеше бөлікке бөлу. Осындай шараларды іске асырғаннан кейін , отырып аспапты ұстап үйренгеннен кейін , оң қолға төмен қағыс үйретуден басталады. Жаттығуды тиексіз бастайды. Себебі қағыстың бағытын , қолының салмағын сезінуі үшін студенттің қолына кедергі болмағаны жөн. Жоғары қағысқа қарағанда төмен бағытқа қол өз салмағымен оңай түседі. Жоғары қағысқа кейде жұлқи күш салады, болмаса қолды түскен бағытынан бұра тартады.Буындарға жаттығу, қолдың ішекке жанасуына жаттығу. Жоғары қағыстың дыбыс бояуы, әлді , әлсіз үлес , өлшем түрлері студент үлгеріміне қарай өзгертіліп отырады.
2 апта
3. ОЖСӨЖ мазмұны : Тербеліс – дыбыс көзінің сонымен қатар онымен байланысты резонатордың тербелісі. Дыбыс көзі домбыра болса – тербеліс туғызатын сол және оң қол саусақтары. Тербелістің қасиеті , күші оның ауқымдық , жиілік щамасына байланысты дайындық.Тербелісті саусақпен , білезікпен , білекпен кейде ауыр терең дыбыстар үшін иық та қосылады. Тербеліс бейне бағытына қарсы ішек бойымен , кейде көлденең тербелісте алынады.Тербеліс ырғаққа , екпінге , өлшемге өте тәуелді. Жіті есеп , оймен алынған тербеліс қана дыбыс көркемдік мәнінің негізі болмақ . Дыбыс әуезі тербелістен басқа әшекей өрнектерге байланысты.
4. ОЖСӨЖ мазмұны :Орындаушылық өнердің негізгі арқауы шығармаға табиғи берілу, дене қимылы, орындау шеберлігі, сезу, ойлау қабілеті өзара қатынастарынан тұрады. Осы қасиеттер орынды әсер бергенде, орындаушы деңгейі қақында сөз етуге болады. Автор тыңдаушы мен орындаушы арасынан өз ойын ұқса, керісінше орындаушы шығарма болмысын толық жеткізе алса – онда ол жоғары деңгейде болғаны. Себебі әр шығармада автордың өскен ортасы, заманы, стилі, ойы, әдістемелік қыр-сырлары, екпіні, ырғағы, музыкалық тілі сан-салалы екені даусыз. Орындаушы өзінен еш нәрсе қоспайды деу қате түсінік, кейде ол автор ойынан да үздік шығып жатады. Бұл автор ойын өз өн бойынан өткізе білгендігі, әдіс тәсілінің кең, білімінің тереңдігін көрсетеді, өзінше үн қосады, өзгеріс енгізеді, өз қолтаңбасын түсіреді. Орындаушылық деңгей осы қолтаңбамен өлшенеді. Күй өнерінде халық таныған орындаушыларға бас иген, бірнеше ұрпақ арқылы жеткендіктен шебер орындаушылар үлгісі биікте қала алған, слоай бола бермек.
3 апта
5. ОЖСӨЖ мазмұны :Шығарманы музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрету үшін бірден оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеру, автордың ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн. Шығарма мазмұнына байланысты орындау әдістерін талдау, дамыту деген сөз. Сабақта жаңа шығарманы үйренгенде оны бөлшектеу қателікке соқтырады. Тұтас басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп саралау қажет, ал оның орындау әдістерін, саусақ кестесін, қағыстарын , қиын тұстарын дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау керек.Осылайша қолға алынса ғана шығарманы белгілі бір иезгілде үйреніп меңгеруге болады. Әрбір шығарманың техникалық қиын жерлері кездеседі.Мұндай жағдайда ұстаз шәкіртке осы іспеттес жаттығулар береді. Бұл жаттығулар шығарманың қиын жерлерін игеруге көмегін тигізетіндей болғаны абзал.
6. ОЖСӨЖ мазмұны : Қараұлы Боғданың «Боғда», «Бозтөбе», «Жем-су», «Екіндіде ел іздеген», «Кербез Ақжелең», «Кербез керік», «Қара жаяу», «Сегіз лақ» т.б. күйлері бар.Боғданың күйлерін бүгінгі күнімізге жеткізушілердің ішінде Өскенбаев Мұрат | «Сегіз лақ» |, Мұхитов Лұқпан | «Бозтөбе» | сияқты әйгілі күйшілер болды. М.Өскенбаев жеткізген «Сегіз лақ» күйі Боғданың тырнақ алды туындысы болса керек. Мұңсыз – қамсыз балалық бал дәуреннің естелігі сияқты бұл күйін тартқанда Боғда тулақ үстінде ортекелерді орғытып ғажайып шеберлікпен жұртшылықты таң – тамаша қалдырады екен.
4 апта
7. ОЖСӨЖ мазмұны : Төкпе күйлерге қарағанда, шертпе күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болып, күй тақырыбы әр ішекте кезектесе жүреді. Күйдің дәстүрлі мектептеріне, орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты оң қолдың сұқ саусағымен қатар саусақтар басын біріктіріп,топтастыра қағу немесе осы саусақтарды бірінен кейін бірін тізбектей шерте қағу әдістері жиі кездеседі. Жоғары қағыс арагідік бас бармақпен де қағылады. Шертпе күйде сол қол саусақтарын пайдалану әдістері көбінесе төкпе дәстүріндегідей болғаныменен, оның айтарлықтай өзгешіліктері де бар. Олар негізінен мыналар; 1,2,3-саусақтар жиі қолданылады, 3,4-саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басу, бас бармақпен қағу.
8. ОЖСӨЖ мазмұны: Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығымен танысу.Күйлерді орындап жаттау. Жәй темпте жаттығу.Өткен сабақтағы тақырыптарды қайталау . Мысалы ; домбырашының сол қолының аспап мойынындағы белгілі бір мөлшерде берілген атаумен орналасуы , Тербеліс – сол қол саусағымен ішекті басып тұрып, дыбысты тербелту әдісі.Ол орындаушылық дәстүрге орай сол қолдағы саусақ , буын немесе білек көмегімен орындалады. Кейде шертпе дәстүрінде оң қолды тиек артына қойып, ішектерді тербелте қағу әдісімен дыбысты тербелту барысында оны ширек тонға дейін көтеру де (сол қол саусағымен ) кездеседі.Тербеліс дыбысқа әуездік бояу береді. Жалаң , қатаң , өмірсіз дыбыс тербеліспен тіріледі , жаңаша бояу табады. Тербеліс жиілігі , пәрмені шығарма мазмұны , болмысына екпініне , ырғағына тәуелді екенін пысықтап оқу және жаттығу.
5 апта
9. ОЖСӨЖ мазмұны : Аппликатура – қолданамын, қолданбалы, қою деген мағынаны береді. Аппликатура – орындаушылық өнердің негізі. Әрбір музыкаға бет бұрған орындаушы аппликатура негіздерінің басты принциптерін білу заңды. Ол үшін алғашқы кезеңнен қатаң аппликатуралық заңдылық қалыптастыру үйретушінің міндеті. Аппликатура жүйесіне бейімделмеген орындаушы музыка музыка маманының болашағы жоқ деп айтуға болады. Домбыра аспабының саусақ кестесінің қағидалары ; қол қойылымын бастағаннан-ақ аспап мойнында саусақ қойылымы табиғи орналасуын қалыптастыру, сөйлем, иірімді орындағанда алғашқы аппликатуралық үлгіні сақтау, әр саусақтың перне басуда тепе-тең күшін реттеу, саусақтардың жеке сезінуін қолға алу, алақан, білезік, білек, иық – буындарының көмегін саралау, дәстүрлі қалыптасқан саусақ кестесі заңдылықтарын сақтау.
10. ОЖСӨЖ мазмұны : Аппликатура – қолданамын, қолданбалы, қою деген мағынаны береді. Аппликатура – орындаушылық өнердің негізі. Әрбір музыкаға бет бұрған орындаушы аппликатура негіздерінің басты принциптерін білу заңды. Ол үшін алғашқы кезеңнен қатаң аппликатуралық заңдылық қалыптастыру үйретушінің міндеті. Аппликатура жүйесіне бейімделмеген орындаушы музыка музыка маманының болашағы жоқ деп айтуға болады. Домбыра аспабының саусақ кестесінің қағидалары ; қол қойылымын бастағаннан-ақ аспап мойнында саусақ қойылымы табиғи орналасуын қалыптастыру, сөйлем, иірімді орындағанда алғашқы аппликатуралық үлгіні сақтау, әр саусақтың перне басуда тепе-тең күшін реттеу, саусақтардың жеке сезінуін қолға алу, алақан, білезік, білек, иық – буындарының көмегін саралау, дәстүрлі қалыптасқан саусақ кестесі заңдылықтарын сақтау.
6 апта
11. ОЖСӨЖ мазмұны :Бүгінгі күннің кәсіби оқу жүйесінде домбырашылардың репертуарын шертпе дәстүріндегі күйлермен толықтыру өзекті мәселелердің бірі. Шертпе күйлерді алғаш нотаға түсірген және Тәттімбет туралы алғаш жазған да академик Ахмет Жұбанов болатын.1960-шы жылдары белгілі күйші, зерттеуші Уәли Бекеновтың құрастыруымен шертпе күйлер жинағы шыққан. Композитор Латиф Хамиди, профессор Хабидолла Тастанов, күйші Жаппас Қаламбаевтың түсірген біршама ноталық нұсқалары болды. Осы құнды басылымдар арқылы домбырашылар кезінде оқып үйренді. Шертпе күй өнері Арқада, Қаратау мен Тарбағатай өңірінде қалыптасқан.Шертпе күй өнерінің ерекшелігі, ғажайып әуендігі, оның психологизмге толы реңкінде ойналады.
12. ОЖСӨЖ мазмұны : Күй аңыздарының ішінде кездесетін мифтік сюжеттердің, мотивтердің немесе таным түсініктердің мән-мағынасын ең алдымен осы тұрғыда бажайлап, олардың бәрі де күйші-композитордың шығарар күйіне саналы түрде арқау болатынын атап өту қажет. Күйші мифке сенбейді, бірақ ондағы қиял-ғажайып оқиғанығибрат етеді, бүгінгі өмірді реттеу үшін мысал ретінде айтады. Мифтік күй аңыздары күйші-композитордың мифтік санасының немесе мифтік таным-түсінігінің жемісі емес. Керісінше, күйші-композитор мифтік таным түсінікті жаңғыртушы, мифтік сюжетті ой-ниетінің қажетіне жаратушы. Былайша айтқагда, мифті мифологияға айналдырушы.
7 апта
13. ОЖСӨЖ мазмұны :Қазақ музыкасының, оның аясындағы кез келген тарихи оқиға немесе сол тарихи оқиға туралы пайымдаулардың бәрі де, өткен өмірге қатысты болып келеді. Қазіргі деген әрекет – тірліктің бәрі де сол сәттен бастап өткенге айналып үлгереді. Өткен өмірді еске алу, тарих туралы ойлау, адам қоғамы бар жерден басталады. Тарих дегеніміз – адамзаттың қоғамдық жады, адамзаттың өзін-өзі тануы және өзі туралы пайымдауы, өткен өмірдің санада жаңғыруы. Тарих өткен өмірді сөз еткенімен, оның барша тағылымы бүгін мен болашаққа қызмет етеді. «Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы» - деген сөзді Ахмет Байтұрсынов осындай қисынға орай айтқан. (А.Байтұрсынов. Ақ жол. Қазақтың өкпесі. Ал., 1991, 123-бет).
14. ОЖСӨЖ мазмұны : Біздің заманға жеткен көптеген көне күйлермен аңыз әңгімелердің мазмұны 30-ғасырға жуық уақытты қамтиды. Мұндай сазды – сарындарды шығарған күйшілердің бірінің өмірбаяны ел ішінде аңызға айналса, енді біреулері эпостық жырлардың кейіпкерлері, немесе, көбінің есімдері ұмыт болып, шығармалары сақталған. Кезінде тыңдаушысын тамсандырған бұл әуендер, әсіресе, қазіргі көне күйлер сазының құрамында жиі кездеседі. Бұлардың ішінде әуелгі замнадардағы нұсқаларынан хабар беретін: «Аққу», «Сары өзен», «Ертіс толқыны», «Боз айғыр», «Шұбар ат», «Шыңырау» сияқты халық күйлері жүздеп саналады.
8 апта
15. ОЖСӨЖ мазмұны : Форшлаг (қысқа, ұзын) түрлері: нахшлаг, рюкшлаг, юбершлаг. Нахшлаг (соққыдан соң) – негізгі дыбыстан кейін жазылып, соның есебінде орындалатын өрнек. Рюкшлаг (қайта оралған соққы) - өрнектің негізгі дыбысқа қайта оралатын түрі. Юбершлаг (ауысатын соққы) - өрнектің басқа дыбысқа ауысатын түрі.
16. ОЖСӨЖ мазмұны : Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, домбыраның дыбыс бөлуін үнеммен жұмсап, күйді динамикалық, орындаушылық шарықтау шегіне жеткізуге үйрену. Сонымен бірге шығарманы жан-жақты біліп, талдап есте сақталатындай дәрежеде қарапайым тілде түсіндіре білудің маңызы зор. Күйді үйренгенде көңіл бөлетін жағдайлар: түсініктеме, күйді толығымен ойнау, қиын жерлеріне көбірек тоқталу, қиын тұстарын игеру жолдарын түсіндіру, есебінен қателеспей нақты ойнату.
9апта
17. ОЖСӨЖ мазмұны : Ұстаздық жұмыстың ең жауапты кезеңдердің бірі; студентке нотаны жүргізіп үйрету болып табылады. Студентке қолайлы репертуар таңдау, оның музыкалық қабілетінің өсуіне, дамуына көп әсерін тигізеді. Міндетті түрде қиындықтарды жеңу. Бірақ оны нақты, ұстамды түрде орындау. Студенттің өзіндік жұмысына жақсы баға беру, сабаққа ынтасын арттыра түседі. Жеке дамуына да көп әсерін тигізеді. Домбыра аспабында екі қол үндестігі болуы үшін көптеген жаттығулар жасау керек. Үзбей ойнау, кесіп-кесіп, сыпыртып ойнау т. б. тәсілдер нотаны жүргізіп ойнау арқылы және домбырадағы шартты белгілер арқылы жүзеге асады.
18. ОЖСӨЖ мазмұны : Қандай жаттығу болсада сабақ үстінде кварта аралығымен бастап және аяқтау домбыра бұрауының студенттің құлағына сіңуінде маңызы зор. Сонымен қатар ашық ішекті көбірек араластыру, студент қолын босатып алуына, студенттің музыка ырғағын бұзбай жөндеп жіберуіне себебі мол. Бірінші саусақты перне бойымен жылжытуға арналған жаттығулар ойнату. Ашық ішекте қағыстарды, ырғақты күрделендіре, студент әбден үйренгеннен кейін ғана, жаттаған күйлерін қайталатып, ойнату.
10 апта
19. ОЖСӨЖ мазмұны : Дыбыс табиғаты шулы және музыкалық болып екіге бөлінеді. Музыкалық дыбыс кез келген музыкалық туындының ең кіші бөлшегі. Адам, аспап музыкалық дыбысы, тембрі, әуезіне қарай ерекшеленеді. Дыбыс күші – тербеліс қозғалысына байланысты өлшенеді. Музыкалық дыбыс әуезіне келсек, әр адам, әр аспап табиғатына қарай ерекшеленеді және дыбыс алатын штрихқа байланысты жіктеледі. Музыкалық дыбыс жүйесінде нотада көрінбейтін, құлаққа әр орындаушы түйсігімен тұстары өте көп, сондықтан алғашқы баспалдақта домбырашыны ішкі тыңшылығымен тәрбиелеудің маңызы зор.Домбыра әуезінің қыр-сырына қанықпайынша – күйшілік деңгейін меңгеру, жақсы домбырашы атану да қиынға соғады. Дыбыспен жұмыс жасау.
20. ОЖСӨЖ мазмұны : Қазақ күйлерінің тартылу дәстүріне, түр-бітіміне және әуездік құрылымына байланысты ел арасында айтылатын «Төре күйлері», «Төре тартыс» дегенді тек қана төре тұқымы тартқан күйлер деп есептесек, онда күйшілік мәдениетіміздегі үлкен үрдісті, өнегелі мектепті елемегендік болып шығар еді. Төре күйлері, төре тартыс дегеніміз ең алдымен музыкалық мәдениетіміздегі күйшіліктің орныққан оқшау дәстүрі. Бұл дәстүрдегі күйлер лирикалық сезімталдығымен ерекшеленеді. Төре күйлері, төре тартыс адам сезімін арқау етуге, адамның ішкі әлемін жырлауға алдымен ден қояды. Адамның ішкі әлемін, сезім-түйсігін қоршаған ортамен, өзі ғұмыр кешкен қоғаммен шендестіріп көрсетуге төре күйлері айрықша икемді.
11 апта
21. ОЖСӨЖ мазмұны : . Әрбір жаңа саусақ қойылымына аяқ басқанда оң қолда төмен қағыс, ең әуелі тек қана саусақ қойылымына көңіл бөлінеді. 1,2-саусақтар жарты тон аралығына қойылған дұрыс.Ашық ішекте қағыстарды, ырғақты күрделендіре, студент әбден машықтанғаннан кейін ғана, әндер ойнатқан ләзім. Дыбыспен жұмыс – домбырашының үйрену кезеңдерін қамтиды: сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуы, қол саусақ буындарының жеке-жеке сезінуі, керекті дыбысқа байланысты қсзғалыс жүйесін қалыптастыру. Ашық ішекте қағыстарды, ырғақты күрделендіре, студент әбден үйренгеннен кейін ғана, жаттаған күйлерін қайталатып, ойнату. . Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдарға жаттығу. . Дыбыс күші – тербеліс қозғалысына байланысты өлшенеді. Музыкалық дыбыс әуезіне келсек, әр адам, әр аспап табиғатына қарай ерекшеленеді және дыбыс алатын штрихқа байланысты жіктеледі.
22. ОЖСӨЖ мазмұны : Жаттығуларды , гаммаларды, арпеджионы санап ойнағаннан студенттің ырғақтық қасиеті қалыптасады. : Қандай жаттығу болсада сабақ үстінде кварта аралығымен бастап және аяқтау домбыра бұрауының студенттің құлағына сіңуінде маңызы зор. Сонымен қатар ашық ішекті көбірек араластыру, студент қолын босатып алуына, студенттің музыка ырғағын бұзбай жөндеп жіберуіне себебі мол. Бірінші саусақты перне бойымен жылжытуға арналған жаттығулар ойнату. Ашық ішекте қағыстарды, ырғақты күрделендіре, студент әбден үйренгеннен кейін ғана, жаттаған күйлерін қайталатып, ойнату. : Домбыра дыбыс ұзақтығы қағыс ауқымына байланысты және сол қол тербелісіне де тәуелді. Домбыра әуезінің қыр-сырына қанықпайынша – күйшілік деңгейін меңгеру, жақсы домбырашы атану қиынға соғады.
12 апта
23. ОЖСӨЖ мазмұны : Сол қол саусақтары кестесінің аймақ аралық ерекшеліктері жеке ілім. Бұл заңдылықты толық меңгермейінше, құпиясын ашпайынша кемел күйші шығуы екіталай. Орындаушы деңгейінің асқақтығы содан. Әрбір жаңа саусақ қойылымына аяқ басқанда оң қолда төмен қағыс, ең әуелі тек қана саусақ қойылымына көңіл бөлінеді. 1,2-саусақтар жарты тон аралығына қойылған дұрыс. Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, домбыраның дыбыс бөлуін үнеммен жұмсап, күйді динамикалық, орындаушылық шарықтау шегіне жеткізуге үйрену.
24. ОЖСӨЖ мазмұны : Сейтек өзі ғұмыр кешкен кезеңнің ақиқат болмысын барша ақиқат қалпымен күй тіліне түсіре алған. Сейтек үшін жеке бастың көрген қорлығы мен тартқан азабы оның эпикалық толғанысының «сылтауы» ғана. Суреткер Сейтек құлашын кең жайып , алысты шолып, ел қамы, халық тағдыры, уақыт сыны туралы толғанды. Сейтек сол кең қарамды, өресі биік ой-толғамын күй тіліне түсіру үшін өзіндік дара тәсіл, тың әуез, соны әуен, тосын ырғақ таба білген нағыз дарынға тән өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра алған.
Достарыңызбен бөлісу: |