1.Халықаралық шарттар құқығы халықаралық құқықтың саласы ретінде.
2.Халықаралық шарттардың құқықтық табиғаты.
3.Шарттарды жасасудың құқық қабілеттілігі.
Халықаралық шарттар құқығы халықаралық шарттарды жасасу, әрекет ету, өзгерту және тоқтату тәртіптерін, жарамды жағдайларын анықтайтын нормалар, халықаралық құқықтың саласы. Бұл саланың объектісі – халықаралық құқықтың жетекші қайнар көзі ретінде халықаралық шарт болып табылады. Халықаралық шарттар құқығы халықаралық шарттың барлық түрлеріне, атауына, объектісі нысанына және жасасу процедурасына тарайды. Х.ш.қ. негізгі қайнар көзі – халықаралық–құқықтық әдет-ғұрыптар. 1969 жылғы «Халықаралық келісім –шарттар құқығы» туралы Вена конвенциясы халықаралық келісім-шарттары құқығының негізгі нормаларын бекітті. 1978 жылы Комиссия шарттарға қатысты мемлекеттердің мирасқорлығы жөнінде Конвенция жасап шығарды. 1986 жылы мемлекеттер, халықаралық ұйымдар арасындағы келісім-шарттар жөнінідегі мәселелерді қамтитын конвенция қабылдады. 1995жылығы Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанда жасалатын келісім шарттардың жалпы тәртібін айқындады. Халықаралық келісім-шарт – саяси, экономикалық және басқа да саладағы өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтатуға қатысты екі немесе бірнеше мемлекет арасындағы, немесе халықаралық құқықтың басқа да субъектілер арасындағы келісім. Халықаралық келісім-шарттардың объектілері дегеніміз – халықаралық құқық субъектілерінің мүліктік немесе мүліктік емес игіліктерге, сонымен қатар әрекеттер мен әрекетсіздіктерден бас тартуға байланысты қатынастар. Халықаралық шарттағы тараптар болып тек халықаралық құқықтың субъектілері қатыса алады. Тараптардың санына байланысты халықаралық шарттар екіжақты және көпжақты болып бөлінеді.
Халықаралық келісім-шарт өзара құқықтар мен міндеттердің өзгеруі мен айқындалуына байланысты жазбаша нысанда жасалатын екі немесе одан да көп халықаралық құқық субъектілерінің келісімі. Халықаралық келісім-шарт мүдделі тараптардың мөрімен мәтін соңында қолдары қойылған, келісілген құжат. Келімі-шартқа тізімдер, қосымша мәтіндер қосылуы мүмкін. Ерекше жағдайда шарттарда ауызша жасалуы мүмкін. Мұндай келісім-шарттар джентельмендік келіссөздер деп аталады.
Қазіргі келісі-шарттар нақты құрылымы бар тараптармен келісілген бірыңғай құжат болып табылады. Ол преамбуладан, (кіріспеден) негізгі және қортынды бөліктерден тұрады. Тараптардың қолы қойылады.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. Казахстан – меддународные договоры с государствами участниками СНГ. Алматы, Баспа, 1997.
5. INIDPOIT. Принципы международных коммерческих договоров. Москва, «Международные отнашения» 2003
6. Сборник международных актов, международных договоров, ратифицированные РК в сфере обеспечения пра, оснавных свобод человека, охрана труда, миграционной политики. Алматы., жеті жарғы. 2000.
Лекция-6
Тақырып: Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.
1.Халықаралық ұйымдардың түсінігі.
2.Халықаралық ұйымдардың жіктелуі.
3.Қазіргі халықаралық ұйымдардың негізгі қағидалары.
Халықаралық құқықтың келесі бір субъектісі халықаралық ұйымдар табылады. Олар мемлекеттердің көпжақты ынтымақтастығының нысаны болып табылады, мемлекеттердің және халықаралық қатынастардың қажеттіліктері бойынша қалыптасады. ХҰ-дың құқықсубъектілігі мүше мемлекеттердің еркіне, аталған ұйымның мақсатына, құзіретіне, өкілеттігіне, органдарының құрылымына, заңды салдарына және қабылданатын шешімдерге байланысты болып келеді. ХҰ мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің арасынедағы халықаралық ынтымақтастығының құқықтық нысаны болып табылады. ХҰ өзекті қызметінің бірі – қазіргі таңдағы глобальдық мәселелерді қарау. Соған байланысты олар егеменді мемлекеттермен қатар халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеуде маңызды роль атқарады. ХІХ ғасырдың ортасында қоғамның объективті қажеттіліктерінің дамуы халықаралық ұйымдардың пайда болуына әкелді. Халықаралық ұйымдар құқығы күрделі нормативті құрылымға ие.Халықаралық құқыққа тән жалпы принциптер – мемлекеттердің бейбіт өмір сүруі, мемлекеттік егемендікті құрметтеу, мемлекеттердің құқықтық теңдігі және ішкі ісіне араласпау принциптері халықаралық ұйымдар қызметіне де тән. Халықаралық ұйымдар – халықаралық келісім (жарғы, статут немесе басқа да құрылтай құжат) негізінде құрылған үкіметаралық және үкіметаралық емес сипаттағы тұрақты бірлестіктер. Саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, мәдени және т.б. салаларда, ортақ мақсатттарға жету үшін жеке адамдар мен бейүкіметтік сипаттағы ұлттық қоғамдардың бірлесуі немесе мемлекеттердің бірлесуі; тұрақты негіздегі мемлекетаралық көп тарапты ынтымақтастықтың аса маңызды түрлерінің бірі. Олар нормашығармашылық, кодификациялық, бақылау функцияларын атқарады. Қазіргі кезде 3 мыңнан астам халықаралық ұйым бар. Олардың өатысушыларынң түрі, санына, қызметтерінің мақсаттарына және объектілеріне, құзіреттері мен уәкілеттіктерінің ауқымына қарай сан алуан.
Халықаралық ұйымдардың белгілері:
Құрылтайшы халықаралық шарттың болуы;
Белгілі бір мақсаттың болуы;
Тиісті ұйымдастырушылық құрылымы: тұрақты органдар жүйесі және штаб-пәтері;
Жеке құқықтар мен міндеттері
Халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне сәйкес құрылуы.
Қатысушылардың түрлеріне байланысты олар үкіметтік және үкіметаралық болып бөлінеді.
Үкіметаралық ұйымдар – мұндай ұйымдарға тек мемлекеттер ғана мүш\е болады (БҰҰ, ЮНЕСКО-Білім, ғылым және мәдениет мәселері жөніндегі дүниежүзілік ұйым, Еңбек халықаралық ұйымы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы т.б. ).
Үкіметаралық емес халықаралық ұйымдар әртүрлі елдердің қоғамдық ұйымдарын (Қызыл крест қоғамы), заңды тұлғаларын жеке адамдарын біріктіреді, олар халықаралық құқық субектілері болып табылмайды. Уақытша- халықаралық кеңестер және конференциялар;
Тұрақты – ағымдағы ұйымдар. БҰҰ,ТМД,барлық мамандырылған ұйымдар.
Дүниежүзілік-БҰҰ,ЮНЕСКО, Халықаралық жастар одағы.
Аймақтық- олардың қызметі тек белгілі бір аймақты таралады. (араб мемлекеттер Лигасы, Африка бірілі ұйымы, ТМД т.б.)
Қызметіне қарай:
-қызметінің шегі жоқ-БҰҰ, Араб мемлекеттерінң лигасы
-арнайы мәселелерді шешуге байланысты: БҰҰ барлық мамандандырылған ұйымдары.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. INIDPOIT. Принципы международных коммерческих договоров. Москва, «Международные отнашения» 2003
5. Сборник международных актов, международных договоров, ратифицированные РК в сфере обеспечения пра, оснавных свобод человека, охрана труда, миграционной политики. Алматы., жеті жарғы. 2000.
Халықаралық ұйымдар халықаралық субъектісі ретінде әртүрлі әлеуметтік-экономилық құрыстағы мемлекеттермен бірлестікті қамтамасыз етеді, қазіргі таңдағы әлемдік мәелелерді шешеді. Халықаралық ұйымдардың дамуы олардың халықаралық құұық субъектілік қасиетіне ие болуымен тығыз байланысты. Халықаралық ұйымдар құқықшығармашылық, кодификациялық және бақылау қызметтерін жүзеге асырады. Халықаралық ұйымдар құқықшығармашылық процеске қатыса отырып, халықаралық –құқықтық санкцияларды қолданады.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. INIDPOIT. Принципы международных коммерческих договоров. Москва, «Международные отнашения» 2003
5. Сборник международных актов, международных договоров, ратифицированные РК в сфере обеспечения пра, оснавных свобод человека, охрана труда, миграционной политики. Алматы., жеті жарғы. 2000.
Лекция-7
Тақырып: Біріккен Ұлттар Ұйымы - әмбебап ұйым ретінде.
1.Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы.
2.БҰҰ-ның Жарғысы.
3.БҰҰ мақсаты мен қағидалары
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – құрамына 189 мемлекет кіретін әмбебап халықаралық ұйым болып табылады. БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары:
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстану;
бейбітшіліті орнатуға күш жұмсау;
халықтар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуына байланысты адамзаттың болашағын жоспарлау мен болжау.
1945 жылдың 25 сәуір-26 маусым аралығында Сан-Францискода конференция – халықаралық ұйымдар мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Кеңесі өтті. Бұл конференция одақтас державалардың қатысуымен өткен болатын: КСРО, АҚШ, Англия.Аталған конференция 2 ай бойы жұмыс жасап, БҰҰ Жарғысының қабылдануымен аяқталды. Конференция делгаттары бірдауыстан 1945 жылы 25 маусымда 111 баптан тұратын халықаралық әмбебап ұйымының құрылтай құжатын дайындады. Келесі күні Соғыс ардагерлері Мемориалында БҰҰ Жарғысына қол қойылды. БҰҰ мүшелік құрамында 51 мемлекет болды. БҰҰ мүшелікке төмендегідей шарттар таралды:
-мемлекет егеменді, бейбітшілік сүйгіш
-мемлекет жарғылық талаптарға сәйкес міндеттемелерді қабылдауы қажет
-мемлкет алған міндеттемелерді орындауы тиіс.
Мемлекеттерді ұйымға мүше ретінде қабылдау қауіпсіздік кеңесінің ұсыеысы бойынша Бас Ассамблеяның қаулысы арқылы жүзеге асырылады. Аталған мәселелер бойынша Қауіпсіз кеңесінің ұсынысы бірдауыстан келісу қағидасы негізінде қабылданады. Жарғылық ережелерде мүшеліктен өз еркімен шығу мәтіні қаралмаған.
Бұл ірі саяси халықаралық ұйым Екінші дүниежүзілік соғыстағы агрессиялық күштердің басылуы нәтижесінде пайда болды. БҰҰ өзінің қызметін төмендегі аталған прициптер негізінде атқарады:
ұйымның барлық мүшелерінің егеменді теңдігі:
өзіне алған міндеттерді адал орындау;
пайда болған дауларды бейбіт құралдармен шешу;
күш қолданбау және қорқытпау және т.б.
БҰҰ негізгі 6 және бірнеше көмекші органдардан тұрады. Негізгі органдар:
Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқоршылық жөніндегі Кеңес, Халықаралық Сот және Секретариат.
БҰҰ-ның мамандырылған мекемелері:
Еңбек халықаралық ұйымы;
Сауда және ауылшаруашылық ұйымы;
Мәдениет, ғылым және білім мәселелері бойынша халықаралық ұйым.
Денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымы;
Дүниежүзілік Банк
Халықаралық қаржы корпарациясы
Халықаралық валюталық қор
Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы
Дүниежүзілік почта Одағы
Халықаралық теңіз ұйымы жәнет.б.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. Э.Б.Жусупов. Правовой статус и деательность специализированных учреждений ООН.Учебное пособие. Алматы, Данекер.2001
Лекция-8
Тақырып: Халықаралық және мемлкетішілік құқықтың қатынасы және бір-бірімен өзара әрекеттесуі.
1.Ұлттық және халықаралық құқықтың өзара әрекеттесуі .
2.Нормаларды жүзеге асыру және қалыптастыру процесіндегі екі құқық жүйесінің қатынасы.
3.Халықаралық құқықтың даму барысында мемлекетішілік құқықтың тигізетін ықпалы.
Халықаралық құқық ғылымы мемлекетішілік және халықаралық құқықтардың қатынас мсәелесіне аса назар аударады. Бұл мәселеге арнайы монографиялық зерттеу жұмыстары мен халық құқық теориясына қатысты еңбектер арналған.
Халықаралық және ұлттық құқық – бір-біріммен тығыз және өзара байланысты құқықтың жеке екі жүйесі. Мемлекеттер арасындағы қатынас тәжірибесі мемлекеттік егемендік және мемлекеттердің ішкі құзыретін қатал құрметтеу принципінен қалыптасады.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. Сармембаев К.М., Соотношение международного и национального права Республики Казахстан. Аламаты, Данекер, 2003
Халықаралық құқық ғылымында мемлекетішілік және халықаралық құқықтардың қатынасы мәселері жөнінде бірқатар еңбектер бар. Солардың ішінде бұл мәселені қамтитын И.П.Блищенко, В.Г.Буткевич, Д.Б.Левин, И.И.Лукашук, С.В.Черненконың және т.б. еңбектерін атауға болады. Мемлекеттілікпен қатар ұлттық құқық та пайда болды. Халықаралық құқық халықаралық қоғамдастықтың алғашқы даму кезеңдерінде пайда болған. Арақатынас мәселесі кейінінрек қалыптасты. Аталған мәселеге қатысты алғашқы еңбектер ХIХ ғасыр аяғында жарияланған. Алғашқы арнайы зерттеу жұмыс белгілі неміс заңгері г.Тлипельдің „Халықаралық және мемлекетішілік құқық” деп аталады (1899ж.).
Мемлекетішілік және халықаралық құқықтардың қатынасы туралы теориялар үш негізгі бағытты қамтиды: дуалистік (ХIХ ғасырдың аяғы, өкілдері: Трипель, Холл, Штрупп, Ульман және т.б. )және екі монистік – халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы теориясы (Кельзен, Ссель, Руссо) және ұлттық құқықтың халықаралық құқықтан басымдылық теориялары (Гегель, Цорн, Кауфман).
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. Сармембаев К.М., Соотношение международного и национального права Республики Казахстан. Аламаты, Данекер, 2003
№9 дәріс
Тақырып: Халықаралық -құқықтық жауапкершілік.
1.Халықаралық -құқықтық жауапкершілік ұғымы.
2.Мемлекеттің халықаралық -құқықтық жауапкершілігі.
3.Халықаралық құқық бұзушылық ұғымы және оның жіктелуі.
4.Халықаралық қылмыстардың түрлері.
Тақырып: Халықаралық -құқықтық жауапкершілік.
1. Халықаралық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі.
2. Халықаралық – құқықтық жауапкершіліктің түрі мен нысаны.
Халықаралық –құқықтық жауапкершілік – халықаралық құқықтық субъектілерінің халықаралық құқықтық міндеттерді бұзған жағдайда пайда болған заңды салдар.
Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің негізі болып мемлекеттік халықаралық құқық бұзушылықты жоюы болып табылады.
Халықаралық жауапкершіліктің элементтері:
а) белгілі бір халықаралық құқық нормаларымен белгіленген қандай да бір міндеттердің бұзылуына әкеліп соғатын әрекет немесе әрекетсіздік;
ә) құқыққа қайшы әрекетті жасаған мемлекетті немесе халықаралық құқықты өзге субъектісін айыптау;
б) Жасалған құқыққа қайшы әрекеттің нәтидесінде басқа мемлекетке зиян келтіру.
Халықаралық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты – құқық бұзушы мемлекеттік жауапкершілік арта отырып, оны жаңадан құқық бұзушылық жасатпау, сондай-ақ басқа мемлекеттерді өз еркімен халықаралық нормаларды орындату. Жауапкершілік халықаралық құқық бұзушылық жасалған кезде пайда болады.
Келтірілген зиянды 2 түрге бөлуге болады: материалды және материалды емес.
Мемлкеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі белігілі бір нысандарда және түрлерде жүзеге асырылады. Жауапкершіліктің түрлері: материалды және материалды емес (саяси). Жауапкершіліктің әрбір түрі түрлі нысандарда сипатталады: материалды нысанда – реституция (бұзылған материалды құқықты бастапқы қалпына келтіру), компенсация – ақшалай өтем жасау; материалды емес (саяси) нысанда – сатисфикация (құқық бұзушының тарапынан зиянның материалды өтеммен байланысты емес жағдайда қанағаттандыруы), қайталанбау жөнінде сөз беруі.
Санкция – құқық бұзушыны жауапкершіліке тартуды қамтамасыз етуге бағытталған мәжбүрлі сипаттағы жауапты шаралар. Санкцияның екі түрін ажыратамыз: жеке және ұжымдық. Жеке санкциялар мынадай түрлерде сипатталады: реторсия, репрессалий, мойындамау, қатынастарды үзу, өзін-өзі қорғау.
Реторсия – мемлекеттің басқа мемлкеттің аумағында жүрген өз азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары шектелген жағдайда, өз аумағында жүрген сол мемлекеттің азаматтары мен заңда тұлғаларының құқығын шектеу.
Ұжымдық санкция халықаралық ұйымдарға мүше болудан бас тарту, жалықаралық ұйымдағы мүшелікті тоқтата тұру, ұжымдық қарулы шаралар.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. М.Б.Кудайбергенов. Международное уголовное право в документах. Алматы, Данекер.1999.
5. М.Б.Кудайбергенов. Международноя уголовная ответственность физических лиц. Алматы, Данекер.2001.
№10 лекция.
Тақырып: Халықаралық құқықтағы адам құқығы.
1.Тұрғындардың жағдайын халықаралық құқықтық реттеу.
2.Азаматтықтың халықаралық – құқықтық мәселелері.
3.Қазақстан заңдарындағы азаматтық мәселері.
Халықаралық құқықта алғаш рет адам құқығы деген түсінік Ұлы француз көтерілісінен кейін пайда болды. Азаматтардың құқықтарының көпшілігі оның азаматтығымен анықталады. Азаматтық адамның туған кезінен басталады. Азаматтық дегеніміз – бұл мемлекет пен жеке тұлғаның арасындағы тұрақты саяси құқықтық байланыс. Мемлекет пен тұлғаның арасындағы байланыс туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады.
Шетел азаматы болып Қазақстан Республикасында тұратын бірақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған басқа елдің азаматтығына дәлелі бар тұлға. Шетел азаматының Қазақстан Республикасының азаматы сияқты өзінің жеке құқықтарын пайдалануға мүмкіндіктері бар. Олар тұрғын үй алуға, еңбек етуге, отбасын асыруға, сотқа талап арызбен баруға, демалуға т.б. құқықтары бар. Дегенмен, шетел азаматтарының кейбір құқықтары шектелген. Қазақстан Республикасының үкімет органдарына, ішкі істер бөлімшелерінде қызмет атқаруға құқығы жоқ және Қазақстан Республикасы келісім шарттарында көзделген мерзімнен аспай өз еліне қайтуына тиісті немесе мерзімді ұзартуға тиіс.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. Масатбаев А.О. Права человека в международных документах. Алматы, ғылым. 1998.
5.Виленский Е.А., Засловская М.Б.., Нурумов Д.М. Оснавные международные документы по правам человека. Алматы, 1998
6.Т.Бюргенталь. Алматы, Ғылым.1993. Международные права человека.
№11 дәріс
Тақырып: Халықаралық экономикалық құқық.
1.Халықаралық экономикалық құқық қазіргі экономикалық құқықтың саласы ретінде.
2.Халықаралық экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу. БҰҰ органдары - мемлекеттің қызметі және халықаралық ұйымдардың әлемдік экономикалық мәселелерін шешуде үйлестіруші орталық.
Халықаралық құқықтың субъектісі ретінде мемлекеттер арасындағы экономикалық қарым-қатынас басты орын алған. Бір кездері экономикалық қатынас мемлекеттер арасындағы сауда жолдарын жақсартып, құқықтық нормалар қалыптастырды. Бұл экономикалық құқық Еуропада ХХ ғасырдың 2 жартысында пайда болды. Осы кезеңде бүкіл әлемге танылған БҰҰ Жарғысында көзделді. Нарықтық экономика жүйесі Шығыс елдерінде және бұрынғы социалистік елдерде орын алды. ХХ ғасырдың 2 жартысында халықаралық экономика және қаржы ұйымдар құрыла бастады.
Халықаралық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі БҰҰ қызметінің маңызды бағыттарының біріне айнала бастады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1984 ж. 18 желтоқсандағы «Халықаралық экономикалық қатынастардағы сенімді күшейту шаралары», 1985ж. 17 желтоқсандағы «Халықаралық экономикалыққ қауіпсіздік» резолюциясында, 1987ж. «Халықаралық құқықтың дамуы туралы» Меморандумда өзара пайдалы экономикалық қатынастарды қалыптастыру мәселесіндегі әмбебап халықаралық ұйымдардың бағыттары сипатталады. Бұл қатынастар халықаралық қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөілігі болып саналатын әділетті, тең құқылы, демократиялы негіздерде құрылуы тиіс. Халықаралық экономикалық қатынастар адамзаттың глобальды мәселелерін шешуде маңызды роль атқарады. Олар елдер арасындағы экономикалық айналымды реттеу қажеттілігі нәтижесінде пайда болады және саяси сипатқа ие. Мемлекеттің экономикалық қызметі халықаралық құқықтық реттеуге
Халықаралық жалпы принциптері халықаралық экономикалық қатынастарды реттеуде негіз қалаушы болып саналады. Халықаралық экономикалық құқық сияқты оның арнайы принциптері де қалыптасқан жоқ. 1964 жылығы Женева принциптері, 1974 жылғы мемлекеттердің экономикалық құқықтары мен міндеттерінің Хартиясы және т.б. құжаттарда арнайы принциптер көрініс алады.
-Сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастырудың нысанын таңдау қағидасы;
-Экономикалық құқықты шектемеу қағидасы;
-Ұлттық режим қағидасы және т.б.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. М.А.Сарсембаев. Право и международный маркетинг. Алматы, Данекер. 2003.
№ 12 дәріс
Тақырып: Дипломатиялық құқық.
1.Дипломатия ұғымы, қазіргі кезеңдегі оның қолдану аясы.
2.Дипломатиялық құқықтың түсінігі. Дипломатиялық құқық туралы халықаралық конвенциялар. Мемлекеттің сыртқы қатынастар органдары.
Диломатиялық құқық түсінігін ішкі саясат немесе дипломатия терминдерінсіз түсіндіру қиян. Дипломатия арнайы органдардың көмегімен мемлекеттің ішкі саясатын немесе ішкі қатынасын жүзеге асыру жөніндегі құрал болып саналады. Олар келісім жүргізу, келісім шарт мәтіндерін сараптау және т.б. Дипломатия – шет мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін бейбіт қорғау. Дипломатиялық құқықтың қайнар көзі – елшінің жеке басына қол сұғылмайтын елшілік салт.
Дипломатиялық өкілдік бір мемлекеттің аумағында екінші мемлекетпен тұрақты ресми байланысты қолдау үшін екі жақты кеклісім негізінде құрылатын шетел сыртқы қатынас органы. Дипломатиялық рангілер елшіліктер мен миссиялардағы, сондай-ақ сыртқы істер министрліктерінің орталық аппаратындағы дипломатиялық қызметкерлердің айырым дәрежесі. Қазақстан Республикасындағы Сыртқы істер министрлігінің шетелдердегі қазақстандық дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлеріне дипломатиялық рангілер беріледі. Әлем мемлекеттерінің көпшілігінде бар. Олардың атауы және беру тәртібі тиісті мемлекеттің ішкі заңдарымен реттеледі. Дипломатиялық өкілдердің, сыртқы істер ведомствосының орталық аппараттарының дипломатиялық персонал мүшелерінің ағалығы олардың рангтерімен емес, қызметтерімен анықталады. Дипломатиялық корпус бір мемлекетте аккредитацияланған шетел дипломатиялық өкілдік басшыларынң жиынтығы. Агреман – халықаралық құқықта: бір елдің өз дипломатиялық өкілдігінің басшысы ретнді ұсынған адамын қабылдауға екінші елдің келісім беруі, мақұлдауы.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. Б.В.Ганюшкин. Дипломатическое право международных организации. Москва, «Международные отнашения» 1972.
13-лекция
Тақырып: Халықаралық қауіпсіздік құқығы.
1.Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасын өмірде іске асыру және қарусыздандыру мәселелерін шешу үшін алға қойылған тапсырмалар. Ұжымдық қауіпсіздік.
2.БҰҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі. Аймақ негізіндегі ұжымдық қауіпсіздік. Халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз ету мәселесінің кілті – қарусыздандыру. Қару – жарақты ішінара қысқарту.
3.Жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың кейбір жекелеген түрлерін жою және оларды өндіруге тиым салу. Қазіргі кездегі ядролық қару мәселелері.
Халықаралық қауіпсіздік құқығы – қоғамның қауіпсіздігі мен бейбітшілігіне қауіп төндіретін жағдайлар мен қарсы мемлекеттердің қолданатын ұжымдық шаралары мен бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық құққтың негізгі принциптернің жүйесіне сәйкес келетін құқықтық және өзге де тәсілдердің немесе әдімтерінң жиынтығы.
Халықаралық қауіпсіздікті қамстамасыз ететін негізгі халықаралық құқықтық әдістерге мыналар жатады:
дауларды бейбіт жолмен шешу;
жалпы және ұжымдық қауіпсіздік;
қарусыздандыру;
халықаралық ұйымдармен жүргізілетін шараларды, өзін-өзі қорғ,ау мен агрессияның алыдн алу шараларының жүйесі және т.б.
Ұжымдық қауіпсіздік – БҰҰ Жарғысымен бекітілген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстану мақсатында мемлекеттердің біріккен әрекеттерінің жүйесі.
Қылмыстылықпен күрес және халықаралық ұйымдар. Қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы (Интерпол) жарғысы және қызметі.
1923 жылы құрылған Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қысқартылған аты – Интерпол. Оның жоғарғы органы: Бас Ассамблея, тұрақты арнайы органдары: Бас Секретариат пен Ұлттық орталық Бюро. Интерпол қылмыскерлерді тіркеудің халықаралық орталығы, олардың халықаралық іздеуін реттейді.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. М.Б.Кудайбергенов. Международное уголовное право в документах. Алматы, Данекер.1999.
5. М.Б.Кудайбергенов. Международноя уголовная ответственность физических лиц. Алматы, Данекер.2001.
№ 14 дәріс
Тақырып: Халықаралық әуе құқығы
1.Халықаралық әуе құқығының түсінігі. Мемлекеттердің өздерінің әуе кеңістігіндегі айрықша және толық егеменділігі.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі режимі. Халықаралық әуе құқығы мәселелері бойынша негізгі халықаралық конвенциялар. Әуе кеңістігінің халықаралық режимі. 3.Мемлекеттердің әуе кеңістігінен ұшу ережелері, шетелдік әуе кемелеріне ұшу құқығын беру тәртібі мен шарттары, шетелдік әуе кемелері мен оның экипаждарына қойылатын талаптар, аэропорттарды пайдалану тәртіптері мен шарттары.
Халықаралық әуе құқығы - мемлекеттер арасындағы әуе кеңстігін қолдану мен әуе хабарламаларын ұйымдастыруға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығын білдіретін қазіргі халықаралық құқықтың саласы. Халықаралық әуе құқығы әуе көліктерінің халықаралық қызметін реттейтін құқық нормаларын жасақтаудың маңызды кезеңі болып 1944 жылы Чикаго конференциясы табылады. Чикаго конференциясы тұрақты авияциялық ұйым – Азаматтық авияциялық алықаралық ұйымын бекітті (ИКАО). Ол БҰҰ мамандырылған мекемсі болып табылады. Мемлекеттердің әуе кеңістігіндегі қозғалыстарды реттейтін және осы кеіңстікті қолдану тәртібін белгілейтін құқықтық нормаладың жиынтығы мемлекеттердің әуе кеңістігінің режимін айқындайды.
Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін ұлттық деп жариялауға тиым салу. Ғарыш объектілері мен ғарышкерлердің құқықтық режимі. Ғарыш объектілері келтірген залалдары үшін жауапкершілік. Мемлекет халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершілік құқықтық қатынастарының субъектісі ретінде.
Халықаралық ғарыш құқығы ғарыш кеңістігін және ондағы аспан денелерін пайдалану және зерттеу барысында олардың құқықтық режимін анықтудағы мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін заңды қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Халықаралық ғарыш құқығы БҰҰ Жарғысынң қағидаларын қоса алғанда жалпы халықаралық құқықтық қағмдаларға негізделеді.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. Международное право. Под ред. Ю.М.Колосова, В.И.Кузнецова. Москва, 1998
№ 15 дәріс
Тақырып: Халықаралық гуманитарлық құқық
1.Әскери қақтығыстар кезіндегі халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу міндеттері.
2.Мемлекеттердің агрессияға қарсы қажетті қорғанысты жүзеге асыруының дұрыстығы. Агрессияның қылмыстылығы.
3.Соғыс жағдайы мен оның құқықтық салдары. Соғыс кезіндегі бейтараптық. Бейтараптықтың түрлері. Халықаралық сипаттағы құқықтар мен міндеттер.
Соғыс әрекеттерін жүргізу құралдары мен тәсілдері туралы құқықтық нормалар. Соғыс құрбандарын қорғау. Әскери тұтқындар режимі.
Халықаралық гуманитарлық құқық жауласушы мемлекеттер арасындағы, сондай-ақ бір жағынан жауласушы мемлекеттер, екінші жағынан нейтралды мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін соғысты жүргізудің халықаралық конвенциялық және әдет-ғұрып нормалары. Халықаралық гуманитарлық құқық нормалары әскери тұтқындарды, азаматтық тұрғындарды және соғыстың басқа да құрбандарын қорғайды.
Халықаралық мәмілеге келтіру процедурасы. Халықаралық аралық соттар. Халықаралық сот талқылауы.
Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасына орай халықаралық құқықтық қатынасқа қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара даулар белгілі бір жолдармен шешіледі. Алғаш рет бұл принцип Соғыстан бас тарту жөніндегі 1928 жылғы Париж шартында сипатталады. Дауларды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін БҰҰ Бас Ассамблеямен және Қауіпсіздік Кеңесімен біріге отырып қарастырады.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
4. Международное право. Под ред. Ю.М.Колосова, В.И.Кузнецова. Москва, 1998
5. А.Н.Жеребцов Международное право. Ростов-на Дону. Феникс, 2001
Әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республиксының Конститутциясы. 1995ж.
Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. – А., 2002.
Сарсенбаев М.А. Международное право. А., 2001.
Международное право. (под. ред. К.А. Бекяшева М., 1998)
Международное право. (под. ред. проф. Г.В.Игнатенко М., 1995)
Лукашук И.И. Международное право.Особ.часть. М., 1997.
Назарбаев Н.А. стратегия становления или развития Казахстана как суверенного государства. Алматы, 1992.
Калиева А.М. Оправовом статусе иностранных граждан. А., 1994.
Кудайбергенов М.Б. Международное уголовное право. А., Данекер, 1999.
Блищенко И.П. Дипломатическое право. М., 1990.
Сарсембаев М.А. Дипломатическое и консульское право. А., 1999.
Филиминов Д.Н.Международное налоговое право. А., Данекер.2001.
Салимгерей А.А.,Ержанов Т.К.,Сарсембаев М.А.Морское право. А., 2000.
Кудайбергенов М.Б.Международное казахстанкое право. Сборник документов. А.,2001.
Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. М., 1986.
Дипломатический словарь. М., 1995-1996.
Досжанова Г.С.Халықаралық құқық бойынша терминдердің сөздігі.А., Заң әдебиеті. 2002.
Бюргенталь. Алматы, Ғылым.1993. Международные права человека.
Сафонова О.Н. Соотношение международного и национального права Республики Казахстан. Аламаты, Данекер, 2003
Абайдельдинов Е.М. Соотношение международного и национального права Республики Казахстан. Аламаты, Данекер, 2002
М.А. Сарсембаев. Международное частное право. Алматы, Данекер, 1998.
А.С.Иржанов. Теория и практика международного арбитража (сборник документов). Алматы, Данекер, 2000
А.Н.Жеребцов Международное право. Ростов-на Дону. Феникс, 2001
Ю.М.Колосов., Кривчикова Э.С. Европейское международное право. Москва, «Международные отнашения» 2005
Ю.М.Колосов., Кривчикова Э.С. Международное право. Москва, «Международные отнашения» 2005
Ю.М.Колосов., Кривчикова Э.С Действующее международное право.
3 томах. Издательство Московского независимого института международного права. Москва, 1997
6. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары:
№ 1 семинар
Тақырып: Қазақстан тарихындағы халықаралық құқықтық инстуттардың пайда болуы және дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |