2.Халықаралық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттіліктің ерекшеліктері.
3.Халықаралық құқық субъектілерінің түрлері.
Халықаралық құқық субъектілері болып субъективті заңды құқықтар мен міндеттерге ие халық құқық қатынастарының қатысушылары табылады, яғни олар халықаралық қатынастарға жеке қатыса алады, өзге субъектілермен өзара заңды байланысқа тікелей түсе алады және тәуелсіздікке ие. Халықаралық құқық субъектілері екі топқа бөлінеді: бастапқы және қосымша (кейінгі). Алғашқы топқа жататындар: егемендігі бар мемлекеттер, тәуелсіздік үшін күресуші ұлттар мен халықтар. Мемлекеттерге мемлекеттік, ал тәуелсіздік үшін күресуші ұлттар мен халықтарға ұлттық белгі тән. Кеійнгі топ халықаралық ұйымдар мен мемлекеттерге ұқсас құрылымдар ретінде танылады. Халықаралық құқықтағы субъектілердің ерекше тобын заңды тұлғалар құрайды.
Халықаралық құқық субъектісі ретінде мемлекетке ерекше саяси заңды белгілер тән - өзінің территориясына билігі және халықаралық қатынастарғы тәуелсіздігі. Егемендікке құұық қабілеттілігі негізінде пайда болады. Әреукет қабілеттілігі оның халықаралық келісі-шарттық тәжірибеге қатысуы негізінде, дипломатиялық және консулдық қатынастарды орнату нәтижесінде, халықаралық ұйымдарға мүшелік нәтижесінде пайда болады. Тәуелсіздік үшін күресуші ұлттар мен халықтардың халықаралық құқық қабілеттілік ерекшелігі халықаралық қөұқықтың негізгі принциптерінің бірі – халықтардың теңдңгң мен өзін-өзі айқындау принцитерінің мазмұнымен сипатталады. Бұл принциптің мәні - әлем халықтарының ұлттық бостандық күресі. Аталған принцип БҰҰ Жарғысында көрініс алған, кейін егемендік алу мәселелеріне қатысты халықаралық-құқықтық құжаттарда нақтыланады.
Мемлекетке құсас құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі ерекше саяси – территориялық құрылымдардың мәртебесіне арналған келісім-шарттармен белгіленеді.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
Әлемде кейбір мемлекеттер пайда болып жатады, жойылады немесе халықаралықаралық ұйымдар құрылып, таратылып жатады. Осындай өзгерістерге байланысты екі заңды мәселе шешіледі: халықаралық құқықтың жаңа субъектілерін тану және халықаралық құқық субъектілерінің құқықмирасқорлығы. Тану институтының даму тарихы құқық субъектілігі мәселелерімен тығыз байланысты. Сонымен қатар бұл институт халықаралық қатынастардағы барлық өзгерістерге тікелеей әсер етеді. Халықаралық-құқықтық тану дегеніміз – мемлекеттің қандай да болмасын басқа мемлекетпен заңды қатынасқа түсуге дайын екендігін онымен толық масштабты дипломатиялық, консулдық және басқа да қатынасты қолдайтындығын білдіретін мемлекеттің біржақты актісі. Халықаралық-құқықтық тану мәселесі жаңа мемлекеттің пайда болуымен байланысты. Докриналды түсіндірмеде тану институтының екі негізгі теориясы сипатталады: конститутивтік және декларативтік. Алғашқы теория ХІХ ғасырдың басында пайда болды. Оның кейбір принциптері бірқатар мемлекеттердің дипломатиляқ және соттық тәджірибелерінің негізінде көрініс тапқан.
Бұл теорияның мәні – қорытынды шешім тану акітісінде. Соған орай халықаралық құқықтың негізгі субъектісі –мемлекет өзге мемлекеттер оны танығаннан кейін ғана мемлекет болып танылады. Өкілдері: Л.Оппенгейм, Г.Лаутерптахт. Декларативті теорияны көптеген халықаралық заңгерлер қолдайды. Танусызда мемлекеттер өмір сүре алады деген пікірді білдіреді. Тану жазбаша жолдау нысанында немесе елдің жоғарғы мемлекеттік органдардың қаулысы арқылы жасалуы мүмкін.
Танудың көптеген түрлері мен нысандары бар.
Алғашқы топқа жататындар: мемлекетті тану, жаңа үкіметті тану, қарсы органдарды тану, және т.б. Мемлкетті тану конститутивті және декларативті тану өкілдерінің арасындағы даулы мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекеттердің халықаралық құқықсубъектілігі халықаралық қауымдастықтың өзге қатысушыларына байланысты емес. Жаңа мемлекеттің пайда болуы – жаңа субъектінің пайда болуы. Қазақстан Республикасы ішкі саясатының қалыптасу тарихы мен дамуы тану институтынының териялық ережелерін практикада қолдануылуын дәлелдейді. Мәселен, мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу жылдарында екіжақты және көпжақты негіздегі ынтымақтастықтың халықаралық –құқықтық базасы жаслды. Қазақстан Республикасының ішкі саясатына құқықтық негіздің жасалуы шетелдегі ұлттық мүддені қамтамасыз етті. Бұған елшіліктердің, консульствалардың және дипломатиялық миссиялардың орнығуымен қол жеткізілді. 1993 жылдардың аяғына қарай Қазақстан халыққаралық қауымдастықтағы тануға ие болды. Бұл жағдайды ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы, әлем мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастарды орнатуы дәлеледейді.
Де-юре және де-факто (заңды және фактілі) - заңды түрде танудың нысаны. Танудың бұл нысандары халықаралық құқық субъектілерін танудан кейін пайда болатын заңды салдарды айқындайды. Де-юре толығымен заңды түрде тануды білдіреді. Бір кездері таныған мемлекет кейін одан бас тарта алмайды. Де-юре тану кейін таныған және танылған мемлекеттердің арасында дипломатиялық, консулдық, сауда және өзге қатынастар пайда болады. Де-факто тану бойынша тек консулдық және сауда қатынастары ғана танылады. Мұндай танудың нәтижесінде экономикалық және әкімшілік сипаттағы шарттар жасалады және көбінесе үкіметке байланысты болады.
Тану институты әлі күнге дейін жүйеленбеген. Мемлекеттер мен ұйымдардың халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі аталған институттың әрі қарай қолданылуын қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
Лекция-5
Тақырып: Халықаралық шарттар құқығы
Достарыңызбен бөлісу: |