Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет14/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері

Сопақша ми физиологиясы.
Сопақша ми сұр және ақ заттардан тұрады.
Ақ зат жүйке тармақтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткізетін жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлімдерімен сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сұр зат нейрондардан тұрады, рефлекстік қызмет атқарады. Бас сүйектен шығатын 9, 10, 11, 12 ми нервтердің ядролары мен бірқатар аса маңызды рефлекстерді іске асыратын орталықтар және жұлын қызметін реттеуді маңызды роль атқаратын торлы құрылымның бір бөлігі орналасқан. Сопақша мидың жүйке орталықтары адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады.оған тыныс, қан тамырларын тарылтатын кеңейтетін, жүрек соғуын баяулатып сирететін орталықтар жатады. Бұлардың қайсысы бұзылса да адам өледі. Сопақша мида көптеген қорғаныс (жас шығару кірпік қағу, жөтелу, түшкіру, тер шығару және ас қорытуға қатысы бар (шайнау,жұту, сілекей шығару, асқазан сөлін және ұйқы безі сөлін шығаратын, құсу) рефлекс орталықтары бор. Сопақша мидағы рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы да әсер ете алады. Мәселен, ми қыртысының құсу орталығына тигізетін әсерін мынадан көруге болады. Аузына ас аларда оның шірік иісін сезсе , шірік –ау деген ойға келсе, адам лоқсуы, тіпті құсуы мүмкін.
Варолий көпірінің осы күнге дейін толық анықталмаған.
Көпір құрамында ақ зат көп, сондықтан оның негізгі қызметі жүйке серпіністерін өткізу. Ақ заттар аралығында нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде 5-6-7 ми жүйкелерінің ядролары орналасады. Көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталығы, ұйықтау және ұйықтамау тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар.
Мишық: Кіріспе: анатомиялық құрылысы (қайталау). Мишық орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен төменгі, ортанғы, жоғарғы аяқшалары арқылы жалғасқан. Осы аяқшалар арқылы, жұлыннан, кіреберіс ядролардан, торлы құрылымнан келіп түсетін импульстер мишыққа тоғысады. Мишықтан шыққан сезім талшықтар одан әрі ми қыртысына, қыртыс астындағы ядроларға, көру төмпешігіне, қызыл ядроға, сопақша миға, жұлынға жеткізіліп тұрады. Ми қыртысының және мишықтын қозғалтқыш зоналары өзара тығыз байланыста болады. Сонымен жоғарыда айтылғандай мишық мидың барлық бөлімдерімен қызметтес мүше. Мишықтың ең басты қызметі –адамның өз еркімен атқарылатын не оған бағынбайтын қимыл-әрекеттері үйлестіріп отыру. Қандай да болсын қимыл-әрекеттің дәлме-дәл орындалуы тепе-теңдікті сақтау мишыққа байланысты. Ал мишық көп жылдар бойы бұзылатын болса, мишықтың қызметін мидың басқа бөлімдері, әсіресе ми қыртысы өзіне алып қимыл әрекеттерін түзете алады. Иттің мишығын мүлде алып тастаса атаксияға (жүріс–тұрыстың бүлінуі) ұшырайды: ол жүрген кезде тәлтіріктейді, теңселеді, сирақтарын адымынан алшақ басады. Мұнымен бірге әр қимыл әрекеті алдында, соңында еріксіз және керексіз қимылдар жасайды-теңселіп шайқалады–Астазия деп аталады. Дене еттері солғын тартып күшінен айырылса – астения, табиғи тонусынан айырылады-Атония деп аталады. Осыған орай қимылдың да біркелкілігі бұзылады-дисметрия және дененің екі жағындағы біріңғай еттер қимылының біркелкілігі бұзылады-Асинергия. Мишығы зақымдалған адам әдеттегідей желдіріп табиғи екпінмен сөйлей алмайды: біресе жай, біресе қатты, бірде ақырын шығады-дизартрия деп аталады. Академик Орбели мишықтың вегетативтің қызметтерді реттеуге де қатысатынын көрсетті. Ішек жиырылуы, сөл шығаруы, қоректік заттардың ішектен қанға сіңуі, қандағы қант деңгейі, тер шығуы өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет