Дәм анализаторы. Дәмді қабылдайтын рецепторлар тілдің кілегей қабықшасындағы дәм емізікшелерінде орналасқан. Дәм емізікшелеріне тіл, жұтқыншақ (ІХ), бет (VІІ) және кез-келген (Х) жүйкелерінің ұштары (рецепторлар) келіп аяқталады. Осы жүйке ұштары арқылы ащы, тәтті, тұзды және қышқыл дәмдер қабылданады. Қабылданған жүйке импульстері сопақша мидың ромба ойысындағы ядроларда аяқталады, ал осы ядролардан басталған нейрондар талшықтары мидың көру төмпегінің сыртқы бөлігіне барады. Осы сыртқы ядродан басталған қосымша нейрондар арқылы жүретін импульс ми сыңарларының дәм сезу орталығына жетеді.
Иіс анализаторы. Мұрын қуысының кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігі саналады. Бұл жерде иіс, сезім қабылдайтын жүйке элементтері бар.
Иіс жасушаларының пішіні ұршық тәрізді болады. Олардың бір ұшы кілегей қабықшадан басталса, екінші жағы өткізгіш бөлігін түзіп, иіс жүйкелерінің құрамына кіреді. Иіс жүйкесінің талшықтары тор сүйегі арқылы ми сауытының ішіне еніп, мидың маңдайбөлігінің астыңғы жағындағы иіс орталығына жетіп аяқталады. Адамның иіс анализаторы басқа жануарға қарағанда нашар дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: |