Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет46/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері

Екі көзбен көру. Қандай болса да бір затқа қарағанда, торлы қабықтың бетіне екі кескіні түскенімен адамға ол екі нәрсе болып көрінбейді. Екі көзбен қарағанда барлық нәрселердің бейнелері торлы қабықтың тиісті немесе бірдей бөлімдеріне түседі және осы екі бейне адам түйісігінде бірігіп біреу болып көрінеді.
Есту талдағышының физиологиясы
Есту мүшесі негізгі 3 бөліктен: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Есту рецепторлары ішкі құлақтың иірім түтігінде орналасады, ол самай сүйегінің ішінде жатады. Дыбыс толқындары оларға бірнеше жүйелі құрылымдар; сыртқы дыбыс тесігі, дабыл жарғағы, есту сүйекшелер, лабиринт сұйықтығы және иірім түтігіндегі негізгі жарғақ арқылы тікелей жеткізіледі.
Сыртқы құлақ. Құлақ қалқаны сыртқы дыбыс толқындарын жинақтап сыртқы есту тесігі арқылы дабыл жарғағына жеткізеді. Дабыл жарғағының пішіні, түбі ішіне қарай бағытталған воронка тәрізді. Дабыл жарғағы сыртқы есту тесігі арқылы келетін дыбыс толқындарының әсерінен соған сәйкес тербеліске келеді.
Ортаңғы құлақ. Ортаңғы құлақта маңызды өткізгіш қызметін атқаратын бір-бірімен байланысқан балғаша, тасша және үзенгіш құрады. Олар дабыл жарғағының тербелісін ішкі құлаққа жеткізеді. Олардың қызметі тербеліс жиілігін азайтып, күшін арттырады. Үзенгішінің табаны сопақша тесікті жауып тұрады. Сопақша терезенің алдында пайда болған иірім түтігі сұйықтығының тербелісі әрі қарай оның ішіндегі жолмен өтіп, өшпестен дөңгелек терезеге жетеді. Ортаңғы құлақта дабыл жарғағын керетін және үзеңгілік бұлшықеттер орналасқан. Осы еттердің жиырылуы дыбыс тербелісінің әртүрлі шайқалауына өзгереді. Дабыл қуысын жұтқыншақпен Евстахий түтігі байланыстырады. Осының нәтижесінен дабыл қуыстағы қысым атмосфералық қысымға тең болады. Ол дабыл жарғағының еркін тербелуіне өте қолайлы жағдай жасайды
Ішкі құлақ тепе-теңдік аппаратымен (кіреберіспен 3 жартылай иірімді каналдарда) және дыбыс тербелісін қабылдайтын есту рецепторлары иірім түтігінде орналасады. Иірім түтігі 2,5 өрімнен тұрады, ұлу деп аталады. Ұлудың ішінде спиральды пластинка жатады. Оның бір шеті кіндікке жалғасып, екінші шеті иірім куысында бос жатып, ұлудың сыртқы қабырғасына жетпей тұрады. Осының нәтижесінде ұлу қуысы екі сатыға бөлінеді. Жоғарғы бөлігін "кіреберіс сатысы", ал төменгі бөлігін-"дабыл сатысы" деп атайды. Иірім ұшында бұл екі саты бірігіп кетеді. Кіреберіс сатысы кіреберістен басталса, дабыл сатысы жарғақпен жабылған ұлу терезесінен басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет