Cerambycidae, Lestidae жатқызылды. Сонымен қатар тұщы су қоймасының омыртқасыздарының
түрлік қатынастарының көрсеткіштері беріліп, су омыртқасыздарының алуантүрлілігі бойынша
пайыздық қатынасы көрсетілді. Көрсеткіштері бойынша Gammarus sp. (35%), P. marginata (20%), S.
pedemontanum (20%), I. pumilio (15%) және O. cancellatum (10%) болып, осы өңірдің негізгі түрлерін
құрады.
Түйін сөздер: Үржар өңірінің тұщы су қоймалары, омыртқасыздар, буынаяқтылар, түрлік
құрамы.
Тұщы су қоймаларының омыртқасыздары – омыртқасыздардың ішіндегі экологиялық
жағынан алуан түрлі және саны жағынан едәір басым болып есептеледі. Су
омыртқасыздары барлық дерлік тұщы су қоймаларында таралған.
Шығыс Қазақстан облысындағы Ұржар ауданының фаунасы аса зерттелмеген
аймақтар қатарына жатады. Жер беті сулары Балқаш – Алакөл алқабына жатады.
Тарбағатай жотасы мен оның сілемдерінен бастау алатын Ай, Қаракөл, Үлкен текебұлақ,
Үржар (Өржар), Қатынсу, Еміл, Шағантоғай және т.б. өзендер кіреді. Ауданның батыс
жағында Шыңқожа, Кенжебай, Қолдар және т.б. шағын көлдер бар [1].
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – Үржар өңірінің тұщы су қоймаларының
омыртқасыздарының түрлік құрамын анықтау, экологиялық сипаттамалар беру.
Зерттеу материалдары. Зерттеу жұмыстарына материалдар 2016-2019 жылдардың
жаз, күз мезгілдерінде жинастырылды. Зерттелген өзендер – Қусақ, Көлденең, Шошқалы,
Қатынсу, Үржар, Егінсу, Еміл, Шағантоғай өзендері сияқты, көптеген әртүрлі мөлшердегі
тоғандар. Тұщы су қоймаларының буынаяқтыларының өкілдерін анықтау мақсатында
бірнеше анықтағыштар мен ғылыми еңбектер пайдаланылды [2-7].
Зерттеу нәтижелері. Үржар өңірінде су қоймаларының буынаяқтыларының фаунасы
өзінің алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Үржар өңірінің тұщы су қоймаларының буынаяқтылар
өкілдерінің тізімі 1-ші кестеде келтірілген.
Кесте 1 – Үржар өңірінің тұщы су қоймаларының буынаяқтылары
Отряды
Тұқымдас
Түрі
Саны
1
2
3
4
Тұқымсыз сүліктер –
Ahyncholdellea
Жұтқыншақты сүліктер –
Herpobdellidae
Кішкентай жалғанпілләлі сүлік
Herpobdella octoculata
4
Еттұмсықтылар
Rhynchobdellae
Еттұмсықты сүліктер
Rhynchobdellidae
Шиырша сүлігі
Glossiphonia complanata
2
Haplotaxida
Түтіктілілер
Tubificidae
Кәдімгі түтіткті құрт
Tubifex tubifex
4
Өкпелі ұлулар
Pulmonata
Тоспа ұлулар
Limnaeaidae
Құлақты тоспа ұлуы Limneae
auricularia
8
Шарғы ұлуы Planorbidae
Шарғы ұлуы Pl. corneus
2
Тоған ұлулары
Lymnaeidae
Жұмыртқа тәріздес тоған ұлулары
Lymnaea ovata
5
Veneroida
Шаровкалар-
Sphaeriidae
Sphaerium corneum
6
Бүйіржүзгіш
Amphipoda
Бүйіржүзгіштер Gammaridea
Бүйіржүзгіш Gammarus sp.
∞
ISSN 1607-2774
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020
186
1
2
3
4
Өрмекшілер Aranea
Су өрмекшісі Agelenidae
Су өрмекшісі Argyroneta aquatica
2
Tetragnathidae
Тетрагната-өрмекшісі
Tetragnatha
2
Кенелер
Acarina
Су кенесі
Hydrachnidae
Географиялық кене
Hydrachna geographica
4
Көктемдіктер Plecoptera
Перлидтер Perlidae
Perla marginata
7
Taeniopterygidae
Қоңыр көктемдік
Nepheolopteryx nebulosa
2
Біркүндіктер
Ephemeroptera
Oligoneuriidae
Oligoneuriella pallida
6
Baetidae
Ақ құйрықты біркүндік
Baetis binoculatus
3
Біркүндік
Heptageniidae
Нәзік біркүндік
Heptagenia coerulans
2
Epeorus torrentium
2
Ecdyonurus fluminum
2
Инеліктер Odonata
Нағыз инеліктер
Libellulidae
Жолақты инелік
Sympetrum pedemontanum
6
Қоңыр инелік
Orthetrum
brunneum
3
Жалпақ инелік
Libellula depressa
2
Торлы инелік
Orthetrum cancellatum
4
Sympetrum flaveolum
4
Orthetrum albistylum
3
Жебелі инеліктер
Coenagrionioidae
Ischnura pumilio
5
Көгілдір инелік
Enallagma cyathigerum
3
Люткалар
Lestidae
Sympecma paedisca
2
Aeshnidae
Aeshna juncea
3
Anax parthenope
3
Қосқанаттылар Diptera
Арыстанша шыбындар
Stratiomyidae
Қарапайым арыстанша шыбын
Stratiomya chamaeleon
2
Соналар Tabanidae
Кәдімгі сона Haematococcus pluvialis
4
Хирономустар
Chironomidae
Chironomus piger
5
Chironomus plumosus
7
Chironomus
behningi
3
Масалар
Culicidae
Шиқылдақ немесе кәдімгі маса
Culex pipiens
4
Aedes cinereus
6
Anopheles maculipennis
7
Мухи береговушки
Ephydridae
Coenia polustris
5
Ephedra sp.
2
Шіркейлер
Simuliidae
Simula ornatum
3
Қаттықанаттылар
Coleoptera
Сүңгуір қоңыздар Dytiscidae
Шұбар сүңгуір қоңыз
Palaeopsychops maculatus
5
Сүңгуір қоңыз
Hydroporus sp.
7
Мұртшалылар (ағашкескіштер)
Cerambycidae
Жиекті сүңгуір қоңыз
Dytiscus marginalis
4
Жылтыр кеуделі ұзын мұртты қоңыз
Tetropium castaneum
2
Жартылай қатты
қанаттылар Hemiptera
Ескекшілер Corixidae
Sigara fallen
6
Сызықты корикса
Sigara striata
4
Notonecta glauca
6
Су сары
шаяндары Nepidae
Су сары шаяны Nepa cinerea
4
Жүзгіш қандалалар
Naucoridae
Naucoris
cimicoides
4
Су өлшегіш қоңыздар
Gerridae
Кәдімгі тоған су өлшегіші
Gerris lacustris
2
ISSN 1607-2774
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020
187
Тұщы су қоймаларын зерттеу барысында сүліктер класынан Herpobdellidae,
Rhynchobdellidae тұқымдастары тіркеліп Herpobdella octoculata, Glossiphonia complanata
түрлері анықталды.
Буылтық құрттар типінен Tubificidae тұқымдасы анықталып, су қоймаларының түбінен
Tubifex tubifex түрі тіркелді.
Былқылдақ денелілер типінен 4 тұқымдас анықталып, соның ішінде Limnaeaidae
тұқымдасына Limneae auricularia, Planorbidae тұқымдасына Pl. Corneus, Lymnaeidae
тұқымдасына Lymnaeao vata және Sphaeriidae тұқымдасына Sphaerium corneum түрлері
жатқызылды.
Буынақтылар отрядының саны жағынан жиі кездескен бүйіржүзгіш Gammarus sp. өкілі
тіркелді. Негізгі тіршілік ету ортасы тоқтаған және баяу ағатын тұмалар болып табылады.
Өрмекшілер отрядының тобына Agelenidae мен Tetragnathidae тұқымдастарына
жататын өрмекшілер тіркелді. Кенелер отрядынан Hydrachnidae тұқымдасына жататын
географиялық кенесі H. geographica тіркелді.
Бунақденелілер класы. Көктемдіктер отряды өкілдерінің дернәсілдері әдетте тоқтаған,
ағыны баяу су қоймаларында және Еміл, Шағантоғай өзендерінде байқалды.
Біркүндіктер отрядына жататын 5 түрі тіркелді. Олар зерттелген су қоймаларының
негізгі өкілдері. Олардың ішінде O. pallida түрі ұсақ су қоймалары мен Қусақ су өзенінде жиі
тіркелді.
Инеліктер отрядының өкілдеріне кадастр құру барысында 11 түр өкілдері анықталды.
Соның ішінде S. flaveolum, S. pedemontanum, O. cancellatum және I. pumilio басым екені
байқалды.
Жартылай қаттықанаттылардан зерттеу барысында жиналған коллекцияның ішінен 6
түрі анықталды. Осы түрлердің ішінен S. fallen және N. glauca түрлерінің саны жиі тіркелетіні
байқалды.
Үржар өңірінің су қоймаларында қосқанаттылар отрядын зерттеу барысында
хирономидтер, арыстанша шыбындар, қансорғыш масалар, шіркейлер өкілдері есепке
алынды.
Қаттықанаттылар отрядының өкілдері сирек кездестірілді, олар көбінесе су түбінен
анықталды. Соның ішінде бұл отрядтың 4 түрі кездестірілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша Үржар өңірінде түщы су қоймаларының буынаяқтылар
типіне жататын 21 тұқымдасқа жататын 43 түрі анықталды.
1-суретте
тұщы
су
қоймасының
омыртқасыздарының
түрлік
қатынасының
көрсеткіштері берілген. Суретте көрсетілгендей алуантүрлілік көрсеткіштері бойынша
Gammarus sp. (35%), P. marginata (20%), S. pedemontanum (20%), I. pumilio (15%) және O.
cancellatum (10%) болып, осы өңірдің негізгі түрлерін құрайды.
Сурет 1 – Тұщы су қоймасының омыртқасыздарының түрлер қатынасының көрсеткіштері
Бұл өңірдің негізгі түрлеріне I. pumilio (2-сурет), Hydroporus sp. (3-сурет), Ch. рlumosus
(4-сурет), O. рallida (5-сурет), ал сирек кездесетін түрлерге N. glauca, H. geographica, D.
marginalis жатады.
Қорытынды. Үржар өңірінің тұщы су қоймаларының омыртқасыздарының ішіндегі
буынаяқтылар типін зерттеу барысында үлкен алуантүрлілік байқалды. Үржар өңірінің кілтті
түрлеріне инелік I. pumilio, Hydroporus sp., Ch. рlumosus, O. рallida. Сирек кездесетін түрлерге
N. glauca, H. geographica, D. marginalis жатады.
Сурет 2
Сурет 3
Сурет 4
Сурет 5
ISSN 1607-2774
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020
188
Әдебиеттер
1. Белевич О.Э. Стрекозы рода Aeshna (Odonata, Anisoptera) Палеарктики. Автореф. на соис. уч.
степ. канд. биол. наук. – Новосибирск, 2005. – 23 с.
2. Бұланова З. Үржар ауданының алар асулары // Уақыт тынысы. – 2009. – 28 наурыз. – Б. 12-15.
3. Казенас В.Л. Насекомые Казахстана (основные отряды). Серия «Животные Казахстана в
фотографиях». – Алматы: Нур-Принт, 2014. – 147 с.
4. Казенас В.Л., Маликова Е.И., Борисов С.Н. Насекомые Казахстана. Стрекозы. Серия «Животные
Казахстана в фотографиях». – Алматы: Нур-Принт, 2014. – 176 с.
5. Чаплина И.А. Фауна и экология стрекоз Казахстана. Автореф. на соис. уч. степ. канд. биол. наук. –
Новосибирск, 2004. – 23 с.
6. Шакирзянова, М. С. Материалы о кровососущих двукрылых насекомые некоторых районов
Восточного Казахстана / М. С. Шакирзянова. - С.235-240.
7. Семенченко К.А., Абе X., Боескоров Г.Г. Новые данные по фауне водяных клещей (Acari,
Hydrachnidia, Halacaroidea) Республики Саха (Якутия) // Зоол. журн. 2010. Т. 89, № 2. С. 167-177.
БЕЗПОЗВОНОЧНЫЕ ПРЕСНЫХ ВОДОХРАНИЛИЩ УРДЖАРСКОГО РАЙОНА
Т.Т. Қурмашев, М.Ғ. Қуанышбаева
Достарыңызбен бөлісу: |