ISSN 1607-2774
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020
237
өсімдіктерінің түрлерінде, егістік қарамық, сұр жусан, атқұлақ қымыздық, Алтай астрасы, биік
андыз, сарбас жоңышқа және шатырлы саршатыр (сурет 3).
5. Қостүсті кішкене қоңыз
Malachius bipustulatus. Мамыр айының соңы мен шілде
айының соңында әр түрлі өсімдіктерден жиналды: Алтай доланасы, иісті сылдыршөп, Алтай
астрасы, астық тұқымдас өсімдіктерінің түрлерінде, егістік қарамық, дәрілік түймедақ және
түйінді валериана.
6. Кішкене қоңыз
Malachius аеneus. Алдыңғы екі түрге қарағанда сирек кездеседі. Бұл
қоңыз Алтай астрасы, шәйқурай тобылғыда және астық тұқымдасының өкілдерінде тіркелді.
Зерқоңыздар Buprestidae тұқымдасы. Сүректі өсімдіктердің зиянкестері болып келеді.
Антофилия сирек жағдайда кездеседі. Біздің зерттеуіміз кезінде өсімдік гүлдерінде бір түрі
тіркелді.
7.
Acmaeoderella flavofasciata tschitscherini кәдімгі мыңжапырақ өсімдігінен кездесті.
Қанқыз қоңыздары Coccinellidae тұқымдасы. Ересектері мен дернәсілдері бітемен
қоректенетін жыртқыштар болып келеді. Егерде қоңыздарды гүлдерден кездестірсек бітенің
бар екендігін білдіреді. Бірақ, олардың кейбір түрлері гүлдің тозаңымен қоректенетіндігі
анықталды.
8.
Жетінүктелі қаңқыз
Coccinella septempunctata. Дала жоңышқасы, кәдімгі
сарықалуен, ащы жусан, тақыржеміс шоңойна, жалаң мия өсімдіктерінің гүлдерінде
кездеседі. Жалпы
Coccinella туысына жататын түрлерін гүлдерден аз мөлшерде кездестіруге
болады. Дегенмен, олардың дернәсілдері де гүлдің тозаңдарымен қоректенеді.
9. 14 нүктелі қанқыз
Coccinella quatuordecimpustulata. Шілде айының соңы мен тамыз
айының ортасына дейін ащы жусан, Каспий андызы, шатырлы саршатыр, далалық
шырмауық, кәдімгі сарықалуен, егістік пастернак өсімдіктерінің гүлдерінде өте көп мөлшерде
кездесті.
10.
Coccinella divaricata. Жаз мезгілінде бухтарма либанотис өсімдігінің гүлінде
тіркелді.
Жіңішкеқанаттылар Oedemeridea тұқымдасы.
Oedemera туысына жататын бір ғана
түрі өсімдік гүлдерінде тіркелді.
11. Жасыл жіңішкеқанатты қоңыз
Oedemera viridis маусым айының ортасы мен шілде
айының соңына дейін қотыр раушан, кәдімгі нивяник, Британ андызы, егістік қарамық, дала
жоңышқасы, шатырлы саршатыр кәдімгі түймешетен, кәдімгі мыңжапырақ өсімдіктерінде
байқалды.
Тозаңқоректі қоңыздар Alleculidae тұқымдасы.
12
. Cteniopus flavus мамыр айы мен шілде айының соңында алқызыл долана, татар
үшқаты, кәдімгі шәңкіш, егістік қарамық, сібір балдырғаны өсімдігінің гүлдерінде кездесті.
Алагүлік қоңыздар
Meloidae
тұқымдасы. Дернәсілдері басқа бунақденелілердің
паразиттері, ал ересек қоңыздар жапырақ және шөптермен қоректенеді.
13. Төрт нүктелі алагүлік қоңыз
Mylabris quadripunctata нағыз қызылбояу, шатырлы
саршатыр өсімдігінің гүлдерінде тіркелді (сурет 4).
14. Өзгермелі алагүлік қоңыз
Mylabris variabilis келесі өсімдік гүлдерінде байқалды:
сібір балдырғаны, шатырлы саршатыр.
15.
Кішкене гүл алагүлік қоңызы
Hycleus
atratus кәдімгі мыңжапырақ өсімдігінің гүлінде
байқалды.
16.
Жіңішке мұртты алагүлік қоңыз
Cerocoma schreberi. Шатырлы саршатыр және сібір
балдырған өсімдігінен тіркелген қоңыз түрі. Оның ас қорыту жолы тозаң, күлте
жапырақшалары мен жапырақтарға толы болатыны ғылымға белгілі.
Ұзынмұртты қоңыздар Cerambycidae тұқымдасы. Өте кең таралған бұл тұқымдастың
кейбір туыстарында ғана антофилия жақсы байқалды. Олар
Acmaeops, Strangalia,
Достарыңызбен бөлісу: