ISSN 1607-2774
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020
79
Адам денсаулығын сақтау және оны қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына
бейімдеу үшін ерекше маңызы бар тамақ өнімдерінің арасында сүтқышқылды өнімдер
маңызды
рөл
атқарады.
Осыған
байланысты
қазіргі
кезде
пробиотиктер
мен
пребиотиктерден тұратын сүтқышқылды өнімдеріне қызығушылық арта бастады [3].
Синбиотиктер − бұл бактериялардың бір немесе белгілі бір санының өсуін таңдап
және/немесе
метаболизмін
белсендіре
отырып,
асқазан-ішек
жолына
тірі
микроорганизмдердің тіршілік ету қабілетін және имплантациясын жақсартатын, адам
ағзасына пайдалы әсер ететін пробиотиктер мен пребиотиктер қоспасы.
Қазіргі таңда көптеген шаруа қожалықтарының құрылуына байланысты ешкі өсіру
дамуға жаңа серпін алып, терең зерттеу қажеттілігін тудырады. Сонымен бірге, ешкі сүтінің
физика-химиялық құрамын және биологиялық құндылығын зерттеуге арналған зерттеулер
саны да артты. Сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі мен ана сүтінде ақуыздық α -s1 казеин
фракциясы жоқ екендігі белгілі, сондықтан ешкі сүті сиыр сүтімен салыстырғанда
аллергиялық реакциялар мен ас қорыту бұзылыстарын азырақ тудырады. Ешкі сүтінде көп
мөлшерде кальций мен фосфор бар, олардың қатынасы бойынша ол ана сүтіне жақын.
Сүттегі А дәрумені 50%, ал кейде сиыр сүтінен екі есе көп болады [4,5].
Зерттеу жұмысының мақсаты ешкі сүті негізінде алынған сүтқышқылды өнімдердің
органолептикалық, физика-химиялық және биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу.
Зерттеу нысандары мен әдістері. Зерттеу нысаны ретінде Алматы облысы Жамбыл
ауданы Самсы ауылында орналасқан «Ербол» шаруа қожалығынан алынған ешкі сүті
үлгілері, «VIVO» компaниясындa өндірілген классикалық және симбиотикалық йогурттар
алуға арналған ұйытқылар алынды.
Лактулоза
қосылған
«VIVO»
йогуртының
ұйытқысының
құрамы:
лактулоза,
Streptococcus thermophilus, Lactobacillus delbrueckii ssp.bulgaricus, Lactobacillus acidophilus,
Bifidobacterium lactis. Лактулоза қосылған «VIVO» йогуртының ұйытқысына 500 мг лактулоза
қосылған.
Зерттеу жұмысында сүтқышқылды өнімдердің органолептикалық, физика-химиялық
және биохимиялық көрсеткіштері стандартты зерттеу әдістерін қолдану арқылы жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: