Жалқаулықты тастаймыз Жаттығуды бастаймыз Шынығамыз жастай біз Қиынсынып қашпаймыз
Тәрбиеші:балалар кәне «кім жылдам» ойынын ойнайық
Шарты:Екі топқа себеттер беріледі сол себетке алма ағашындағы алманы жинаймызАл екінші топ өрік ағашындағы көріктерді жинаймыз.
Тәрбиеші: Балалар кім осы жемістер,дәрумендер туралы тақпақтар біледі.
Жания Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі. Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз, Дүкендерге түседі.
ДиасМен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты иемін.
Дина Жапырақта тасалап, Өскен жері бақша – бақ.
Күрең қызыл шіркін –ай, Оның аты- құлпынай.
Тәрбиеші:Балалар тағы бір ойын ойнайық Адасқан жемістің бөлігін тап
Шарты: Алдарыңда түрлі жемістердің бөліктері бар соларды бөлігін тауып құрастыр және атап пайдасы туралы айтамыз.