Бас редакторы: Даукенова Айдана



бет33/48
Дата22.04.2022
өлшемі1,72 Mb.
#140396
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
Жаркын болашак

тур – Песенный конкурс.




Подведение итогов конкурса. Заключительное слово учителя.

Благодарим команды за активное участие. Русский язык является языком межнационального общения и дружбы. Великий сын казахского народа Абай Кунанбаев говорил: «Человек, изучивший культуру и язык иного народа, становится с ним равноправным...Изучай культуру и искусство русских. Это - ключ к жизни. Если ты получишь его, жизнь твоя, станет легче.» Сегодня вы показали свои знания по русскому языку. Желаю вам успехов в учебе!




ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес білім беру дегеніміз «білім беру – имандылық,зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процессі». Білім беруді кең мағынадағы тәрбиенің ұғымымен бірдей түсіндіріледі және ұрпақпен жинақталған білімді, тәжірибені және мәдени құндылықтарды беру процессі болып табылады
В соответствии с Законом РК «Об образовании» образование – это непрерывный процесс воспитания и обучения,осуществляемый в целях нравственного, интеллектуального, культурного, физического развития и формирования профессиональных компетенций«. Образование одинаково трактуется понятием воспитания в широком смысле и представляет собой процесс передачи поколением накопленных знаний, опыта и культурных ценностей
In accordance with the Law of the Republic of Kazakhstan "On Education,"education is a continuous process of education and training carried out for the purposes of moral, intellectual, cultural, physical development and the formation of professional competencies." Education is equally interpreted by the concept of education in a broad sense and is a process of transferring accumulated knowledge, experience and cultural values by a generation
Яғни, білім беруді қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал ол өз кезегінде әлеуметтік – мәдени бағыттағы міндеттерді шешеді, олар: білім беру адамның социализациялауының және ұрпақтардың ауысуы арасындағы өзара байланыстың тәсілі болып табылады; білім беру әлемдік мәдениетпен ғылым және техникамен танысу, қарым қатынас жасау, саласы болып табылады; білім бері сөзсіз, тұлғаның нәтижелі дамуының және адамды қоғамға манызы бар бірлік, индивид ретіндегі тәсілі болып табылады; білім беру сонымен бірге адамда моральдік қағидаларды, оның көзқарасын, рухты қалыптастыратын қызметті орындайды.
Білім беру әр түрлі типтегі және дәрежедегі мекемелердің жиынтығын белгілейтін жүйе. Білім беру (мектепке дейінгі, мектептегі, қосымша, арнайы орташа, жоғарғы, жоғарғыдан кейінгі) процесс бола тұра білім беру жүйесінің бірегей дамуының ерекшелігі мен құрылымын көрсетеді. Яғни, бүкіл білім беру процессін: оқыту мен тәрбие сияқты екі құрылымдық негізде қарастыруға болады. Оқыту мен тәрбие процессінің маанызы келесіде; оқыту дегеніміз әр түрлі тәсілдер мен шығармашылық қабылдау дәрежесі мен іс-тәжірибе қызметі, мәдени және моральдік – этикалық ойлар арқылы білімдерді, дағдыларды және қабілеттіліктерді алу.Тәрбие әр тұрлі қатынастардың пайда болуымен қалыптасу процессі болып табылады, мысалы, этикалық, эстетикалық, моральдік, әлеуметтік сонымен қатар, әр түрлі дәрежедегі жүріс-дүріс, наным, әдет және сезім. Қазіргі жағдайларда адамның ұзақ та арнайы ұйымдастырылған өмірге тірбиесіз араласуы өте қиын. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш. В.Г.Белинский ; «Тәрбие

  • ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» деген болатын. Тірбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана адам болып қалыптасады.Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл-Фараби

«Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В.Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деп айтқан болатын. Бүгінгі бәсекеге қабілеттілікті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің
қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді. Сондықтан ұстаздар
қауымының мақсаты: бүгінгі ұрпақ еліміздің болашағын қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты
жарасымды тұлға етіп өсіру.Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс
өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс
қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның
бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы
мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, мұғаліміне, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты. Бала тәрбиесі – күрделі процесс.Оның күрделігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл-күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. Тәрбие негізінен баланың бал дәуренінен бастап азамат болғанына дейін тәні мен жанына бірнеше арнамен құйылады: отбасы, мектеп, қоршаған орта, жұмыс орны. «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз. Ия, ұрпақтың тәрбиесі – қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың борышы. «Ел боламын десең, бесігінді түзе», деп М.Әуезов дәл айтқан. Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты.Мемлекетімізде қазіргі таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани және адамгершілікке тәрбиелеудің зор қажеттігі туындап отыр. Тәрбие жұмысы – педагогтардың нақты міндеті. В.А.Сухомлинский «Әлемде адам тұлғасынан күрделі, одан бай ешнәрсе жоқ»,- деп жазған. Бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады. Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастырып, бірлікте оқыту – әрбір ұстаздың басты шарты болса, ұстаздар сабақтан тыс уақыттада іздене жүріп, оқушылардың бойына тәрбиенің ең ізгісін, ең асылын сіңіре білуі керек. Халықтың болашағы – ұрпағы, ұрпқтың тәрбиесі – ұстазда.Ұстаздың мұраты жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал толыққанды азамат қалыптасу үшін ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар экологиялық, музыкалық, экономиялық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Қорыта келе, бала тәрбиесі күрделі де жауапты міндет екендігі бәрімізге белгілі. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім – тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне мән беріп қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі.Ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа тәрбиелейік! Жалпы айтқанда, тәрбие, білім беру және оқыту педагогикалық процессте бірегей біріктірілген, ол әрине дұрыс, себебі, адамға жүйелі түрде әсер етеді және нәтижелі болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Тұрғынбаева Б.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің шығармашылығын дамыту //Білім берудегі менеджмент, 2004. -№3.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет