Оқуіс-әрекет: «Таным» білім беру саласы
Бөлімі:Жаратылыстану
Мақсаты: Балаларға дәрумендер және оның денсаулығына тигізетін пайдасы жайында түсінік беру,жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көкөністер мен жемістердің суреттері.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру. Жұмбақтар шешу.
Оқуқызметінің барысы: Тәрбиеші:Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ.Кәне бәріміз амандасып алайық.
Шаттық шеңбер:
«Салем» дейміз, - алтын күн,
«Салем» дейміз, - Жер ана
«Салем» дейміз, - баршаға!
Балалар осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізді бастаймыз. Бастамас бұрын епкі топқа бөлініп алайық
Тәрбиеші:Балалар алдарыңда нені көріп турсыңдар?
Шарты: Балалар тақтада бір жеміс жасырулы тұр. Ол жеміс екіге бөлінген. Сол бөліктердің ішіндегі тапсырмаға жауап бересіңдер. Бөлік ашылатын болады. Сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар бөліктердің қандай жеміс екенін білетін боламыз.
Жұмбақ шешу:
1-ші бөліктегі тапсырма:
Бұйра шашы желмен ойнап тұрады Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады (Сәбіз) 2.Қалың киімді ұнатады Шешіндірсең жылатады. (ПИЯЗ)
Қараңдаршы балалар сендер жұмбақты дұрыс шешкен соң жасырылған жемістердің бір бөлігі ашылды.