«Басқару психологиясы»



бет3/3
Дата26.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#155072
1   2   3
Байланысты:
Формальды логика заңдары

Негіздеме заңы
Кез келген дұрыс ой шындығы дәлелденген басқа да ой-пікірлермен негізделуі керек.
Толық негізі жоқ, дәлелденбеген кез келген ой-пікір шындыққа жанаспайды әрі әділетті болып саналмайды. Көбінесе, келтірілген негіздемелер бізге белгісіз де болуыда мүмкін (Готфрид Вильгельм Лейбниц, «Монадология»)
Осы заңдардың бұзылуы (әсіресе алғашқы үш) қайшылықты тудырады, бұл шындық пен жалғанды ажырата алмауға әкеледі.
Соңғы заң нормативтік болып табылады.
Бастапқы үш заңда формалды тәсілдерді пайдаланып, қандай да бір ұғымдарды ережелермен салыстыруға болады. Ал толық негіздемені анықтау үшін сыни ойлап, кейін ғана күмән келтірген ой-пікірлерді тексеру керек. Нақты тексерілмеген жағдайлар мен оқиғалар төңірегінде қандайда бір нақты шешім шығару қисынсыз.
Өкінішке орай, қазіргі кезде бұл заідылық көп жерде ескерілмейді.
Әсіресе, біз мұндайды мессенджерлер және әлеуметтік желілер арқылы тараған паникалық өсек-өтіріктерден көп кездестіреміз.
Қорытындылай келе айтарым, өзіндік формальды логика заңдары дәлдік туралы ойлауды талап етеді, яғни кез келген терминге оның анықтамасы мен мағынасын дұрыс түсіну қажет. Тұжырымдамалар мен пайымдардың мәнісі ерік-жігермен бұрмалануы мүмкін емес.
Біздің заманымздан бірнеше ғасыр бұрн негізі қаланған логика және формальды логика заңдары әлі күнге өзектілігін жойған жоқ. Қазірдің өзінде біз қандайда бір іс-әрекеттер мен оқиғаларға пайымдаулар жасарда осы заңдар негізіне сүйенеміз. Дегенмен, кейде заң шеңберінен шығып кететін сәттер мен адамдар бар. Бұл формальды логика заңдарының қарама-қайшылығына жіне бұзылуына алып келеді. Оқиғаның маңыздылығына қарай оның салдарыда әртүрлі болады. Ең қиыны ол адамдардың моральдық соққы алуына себеп болуы мүмкін.
Сондықтан, қандайда бір оқиға жайында немесе оған қатысты адамдар туралы айтпас бұрын, ақпараттың шынайылығын тексеріп алған дұрыс. Бұл формальды логика заңдарының төртінші заңымен тікелей байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет