Басқару психологиясы


Жоғары мектептегі білім беру технологияларының классификациясы



бет4/7
Дата28.10.2023
өлшемі173,48 Kb.
#188963
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10-апта Жоғары мектеп педагогикасы

Жоғары мектептегі білім беру технологияларының классификациясы


10

Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, ол оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Білім алушыларды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық жэне ұйымдастыру - басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір білім алушының өз даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық және әрбір білім алушы меңгеруі тиіс күрделенген деңгей.

Кесте 2 - Деңгейлеп оқыту барысындағы студент пен оқытушы іс-әрекетінің жүйесі


11

Кезеңдер

Оқытушының іс-әрекеті

Студенттің іс-әрекеті

Дайындық кезеңі

Студенттердің оқу материалын базалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау.

Диагностикалық кезең

Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Студенттердің білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Студенттерден сауалнама алу, тәлімгерлерімен, жетекшілерімен және ата-аналарымен әңгімелесу.

Диагностика нәтижелері мен өз қызығушылықтары негізінде пәнді оқыту деңгейі таңдалады. Студент өзіндік таңдау жасайды.

Студенттерді топқа бөлу кезеңі

Студенттерді топқа бөлуді ұйымдастыру:
  • Әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау;
  • Әр деңгейде оқытуға қойылатын талаптарды дайындау және оларды ұсыну.

Студенттің белгілі топты таңдауы. Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу. Студенттің таңдауының қатаң ескерілуі.

Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі

Студенттердің топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Таңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы.

Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгеру нәтижелерін бағалау кезеңі

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша студенттерді бағалау (кері байланыстың жүзеге асуы).

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет