Білім берудегі мультимедия — таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал
Білім берудегі мультимедия — таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал.
Мультимедия — пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-і, көру арқылы 33%- і, көру-есту арқылы 50%-і, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдан 75%-і есте сақталады.
Жоғары мектептегі білім беру технологияларының классификациясы
14
Кезеңдеп оқыту технологиясы - оқу іс-әрекетінде оқытушының білім алушының әрбір қадамын бақылауын қажет етеді. Сабақтың әр кезеңін бақылап отыру - технологияның ең маңызды міндеті. Ол білім алушыны қателесуден сактандыруға бағытталады.
Дамыта оқыту технологиялары. 1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдык қызығушылық. Л.В. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі. 2. Д. Элъконин - В. Давыдовтың дамыта оқыту технологияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отыра құрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы окушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады. 3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Ізденуі, ойлап табуы оқытудың негізгі мазмұны болады. Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, орташадан қашыққа яки мақсаттық келешекке көшуден тұрады. Бұл технология да ұжымдық жұмыс әдісі ойға шабуыл, ұйымдастыру-әрекеттік ойыны, еркін шығармашылық пікірталас қолданылады.
Жоғары мектептегі білім беру технологияларының классификациясы