Педагогикальщ ойындар технологиясы - педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Проблемалы оқыту технологиясы - оқытушы басшылығымен «күрделі» мәселелерді туғызу және студенттердің белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешуі. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасалады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай стратегиялар арқылы іске асады: ассоциация; бірлестік қызмет; көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология оқу процесіне қызығушылықты арттырады, оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді; оқушының ақпараттық мәдениеті жетіледі.
Жоғары мектептегі білім беру технологияларының классификациясы
- білім алушы тек оқу құралдарымен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі білім алушының қабілетімен, оқыту әдісі мен мазмұнын қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік беруінде.
Оқытудың ұжымдық технологиясы (ОҰТ) - оқыту процесіңде өзара және жұптық еңбек әрекеттерінің орындалуы.
- әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі.
Топтық технология. Бұл оқыту жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі – бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін студенттерді уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Студенттердің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.