Адами қатынастар мектебі және мінез-құлық тұрғысынан (1930-1950).
Адами қатынастар мектебі және мінез-құлық тұрғысынан (1930-1950). Бұл мектепті көбінесе оның классикалық мектептің кемшіліктеріне, олардың ең бастысы ұйымдағы адамдық фактор рөліне зейін аудармауға өзіндік реакция ретінде пайда болған неоклассикалық деп атайды.
Бұл мектептің көрнекті өкілі М.П. Фоллет басқаруды «жұмысты басқа тұлғалардың көмегімен қамтамасыз ету» ретінде анықтайды.
Адами қатынастар мектебінің дамуына әлеуметтік зерттеулер үлкен ықпал етті.
Иерархия, билік және бюрократия – бұл әлеуметтік, соның ішінде әкімшілік те ұйымдардың әмбебап принциптері (М. Вебер).
өздерінің құндылықтары мен нормаларын белгілеу жолымен бақылайды (Э. Дюркгейм).
«Әлеуметтік жүйелер тепе-теңдігі» тұжырымдамасының (В. Паретто) негізгі қағидасы төмендегідей: әлеуметтік жүйелер өзгеріп отыратын сыртқы ортамен тепе- теңдікте болу үшін, өзінің тиімділігін қамтамасыз етеді. [1]
Басқарудағы сандық әдістер мектебі (1950 жыл – ХХ ғасыр).
Бұл мектептің негізгі еңбегі операцияларды зерттеу әдіс-намасында, өйткені оның іс-әрекеті күрделі басқару мәселелерін әртүрлі ұйымдастырушылық жағдайлар жасау мен қолдану барысында түсінудің тереңдеуіне ықпал етті және күрделі жағдайларда шешім қабылдайтын жетекшілерге көмектесті.
Басқару психологиясының қарқынды дамуына 1966 жылы
әлеуметтік психологтардың ғылыми қауымдастығының ядросы болған Эксперименттік әлеуметтік психологияның Еуропалық
ассоциациясы (EAESP) құрылуы негіз болды. Еуропалық әлеуметтік психологияның өзін анықтау жолдарын іздеумен айналысқан алғашқылардың арасында Тэджфэл (Tajfel) мен Московичи болды, олар еуропалық жолдың бағдарларын, әлеуметтік феноменологияны зерттеуге қатысты позитивистік әдіснамасына байланысты әлеуметтік-психологиялық зерттеулердегі эмпирицизм мен экспериментализмнің ең осал орындарын айнала өту арқылы ұсынуға тырысты. [1]