Басқару қызметінің негізгі принциптері және заңдылықтары
Басқару психологиясы— өндіріс орындарындағы, корпорациялардағы, фирмалардағы және осы сияқты тағы да ісәрекетті басқарудың жалпы психологиялық жақтарын арнайы зерттейтін әрі модельдейтін сала.
Басқару психологиясы іс-әрекетті арнайы басқарудың және психологиялық жағдайдың талдамалы модельдерін және еңбектің сапасын көтеруге бағытталған.
Басқару психологиясы — басқару жүйелеріндегі (мемлекет басқару, ұйым, мекеме, топ, ұжым және т.б.) адамдардың қатынастарына байланысты мәселелерді зерттейтін және білімдерді жинақтайтын қолданбалы психологияның саласы.
[3]
Басқару психологиясының негізгі мәселері:
Менеджердің тұлғалығы, оның өзін-өзі жетілдіруі мен дамытуы;
Басқару қызметтері көзқарасы тұрғысынан, оның психологиялық тиімділігін ұйымдастыру;
Менеджержің коммуникативті принципі;
Өндірістік ұжымның жанжалдарын шешу және оны болдырмаудағы менеджердің рөлі.
Басқару психологиясының тапсырмалары:
Мамандар мен басқарушыларға психологиялық талдау жасау;
Қалыпты және төтенше жағдайларда еңбек қызметін реттеудәң психикалық механизмдерін зерттеу;
Көшбасшылардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу;
Жанжалдарды шешуге психологиялық білімді басқару процесінің пайдаланғаны үшін психологиялық ұсыныстар әзірлеу, ұйымдағы психологиялық климатты анықтау;
Топтық қарым қатынастың процесстерін зерттеу;
Адам мотивациясының механизмін зерттеу.
[3]
[3]
Тарихи тәжірибелерге сүйене отырып, басқару теориясының ғылыми негіздегі дамуы төрт тұрғыдан атап көрсетіледі
[2]
Ғылыми басқару мектебі пайда болуының арқасында басқару ғылымы дербестік және қоғамдық танымға ие болды. Оның өкілдері Ф. Тэйлор, Ф. Гилбрет, Л. Гил-брет, Г. Эмерсон және басқалар алдымен еңбектің өз мазмұнын және оның негізгі элементтерін зерттейді, тек содан кейін ғана басқару – бұл айрықша мамандық, ал ол туралы ғылым – дербес пән деген тұжырымға келеді