Қылмыс құрамының субъективтік жағы - тікелей қасақаналық.
Қылмыстың субъектісі - қылмысты іс-әрекетті жалғастыруға арандатқан 16-ға толған есі дұрыс адам.
403-бап. Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуы
Қылмыстық кұкык бұзушылыктың тікелей объектісі - қоғамдық бірлестік қызметін реттейтін қоғамдык катынастар.
Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылык эрекет аркылы - когамдық бірлестіктер мүшелерінің мемлекеттік органдардың занды қызметіне кедергі жасауы немесе мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын иемденігі алуы, сол сиякты мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын кұру, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқыктары мен заңды мүдделеріне не коғамнын немесе мемлекеттің заңмен қоргалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру жолымен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |