Тәжірибелік (семинар) сабағының жоспары:
1. Сұрақтарды талқылау: «Парадигма» ұғымы. Білім беру парадигмалары. Парадигманың түрлері. Білім беру парадигмасының психологиялық аспектілері. Интегралды парадигмалар.
2. Тақырып бойынша презентация дайындау.
3. Эссе жазу: Қазіргі заманғы білім беру парадигмалары (дайындау бағыты бойынша).
Оқытудың әдістемесі мен формасы: семинар-пікірталас (салыстырмалы талдау, шағын хабарлама, баяндама, талдау және жинақтау).
1.4 Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы жоғары білім берудің дамуы.
Тәжірибелік (семинар) сабағының жоспары:
1. Әлемдік білім беру кеңістігіндегі Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің орнын анықтау.
2.Қазақстанның жоғары білімін дамытудың ерекшеліктерін негіздеу. Қазастанның білім беру жүйесін реформалаудың қағидалары.
3.Қазақстандағы жоғары білімнің құрылымы, бағыттары. Жоғары білімнің көпдеңгейлі сипаты.
4. Жоғары білім беру субъектілері және олардың функционалық қызметтері. Жоғары білім беру мекемелері және оларға сипаттама.
1.5 Сабақ тақырыбы: Жоғары мектеп оқытушысы.
Тәжірибелік (семинар) сабағының жоспары:
1. Сұрақтарды талқылау: Жоғары мектептегі педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздері. Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі компоненттері. Оқытушы іс-әрекетінің логикасы. Жоғары мектеп жағдайында кәсіби педагогикалық іс-әрекетке дайындығы. Кәсіби құзыреттілік құрылымы. Құзыреттіліктің қалыптасу деңгейі.
2. Сауалнама сұрақтарын дайындау: «Оқытушы студент көзімен»
2-Модуль. Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс
2.1 Сабақ тақырыбы: Жоғары мектептегі білім беру мазмұны.
Тәжірибелік (семинар) сабағының жоспары:
1.Келесі сұрақтарды талқылау: жоғары мектепттегі білім беру мазмұны, құзыреттілік жоғары мектеп педагогикасының негізгі лейтмотиві ретінде, құзыреттіліктердің түрлері, жоғары мектептегі білім беру мазмұнын анықтайтын нормативтік-құқықтық актілер.
2. Білім беру мазмұнының жаратылыстану-ғылыми негіздері. Тұрақты даму үшін білім беру мазмұнының экологиялық, педагогикалық және жаратылыстану аспектілерінің өзара байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |