Жабық тестдегеніміз – келтіріліген жауаптардың ішінде біреуі дұрыс болатын тапсырма, студенттер бұл жауапты таңдап көрсетуі тиіс.
Ашық тесттер дайын күйде берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды іздестірмей, шығармашылық тұрғыдан шешім келтіруді талап етіп,келесідей тапсырмалардан тұрады: өзіндік түсінікті келтіру, мәсеелні шешу, ой-өрістерін дамытуға бағытталған шығрмашылық жұмыстары.
Бақылау – қандай да бір фактілерді анықтау үшін ақпаратты жинақтау құралы. Бақылау арқылы студенттің сабақта қалай жұмыс жасағандығын немесе сабақтың қалай өткендігі туралы ақпарат жинап, талдау жұмысын жүргізуге болады.
Глоссарий – белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. Сөз тіркестеріне, қазіргі кезде түсініксіз сөздерге түсінік беріледі. Сирек кездесетін кейбір аударма сөздіктер де глоссарийге жатады.
Глоссалар –түсініксіз сөздерді, сөйлемшелерді түсіндіру.
Контент - талдау – мәтіндік материалды талдау, сол мәтінге мазмұнның сай келуін түсіндіру.
Картотека - анықтама мәліметтер жазылған карточкалардың жүйеге келтірілген жиынтығы.
Түйін, мазмұн -сөйленген, жазылған немесе оқылған сөздің қысқаша түйіні.
Кейс-стади (Case-study – «Оқиғаны зерттеу») әдісі (технологиясы) қолданылады. Сase-study әдісінің тікелей мақсаты – студенттер мен оқытушылардың бірлесіп –
оқиғалық мәселеден туындаған проблемалық жағдайдың практикалық шешімін жүзеге асырудың ретін (алгоритмін) жасау. Кейстер әдісі– шынайы экономикалық, әлеуметтік, іскерлік және педагогикалық жағдаяттарды суреттеуді қолданатын оқыту әдісі. Кейстер әдісін қолдану барысында оқушылар жағдаятты талдап, проблеманың мән-мағынасын түсініп, оның болжамды шешімдерін ұсынып, олардың ішінен ең жақсысын таңдайды. Кейстер әдісі шынайы нақты материалдарға негізделеді немесе мазмұны жағынан шынайы өмірден алынған жағдаятқа жақын болуы тиіс.