Басылым: алтыншы



бет9/11
Дата28.09.2023
өлшемі133 Kb.
#182878
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 Семинар

Бағдар картасыбелгілі бір тапсырма, сондай-ақ жалпы сабақ көлемінде оқудың соңғы нәтижесіне жетуге бағытталған және оқушыларға арналған қадамдап көрсетілген нұсқаулық; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытады, оқушыларды шығармашылықпен ойлауға бағыттайды, тапсырмаларды орындауда қолданылатын креативті тәсілдерді дамытады.
Блум таксономиясы – 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум ұсынған танымдық саладағы оқытудың педагогикалық мақсаттарының жіктелуі. Оған ойлау дағдыларының алты деңгейі кіреді: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
Білу - деректерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өтілген материалдың есте сақталғанын растау.
Түсіну - негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту арқылы деректер мен идеяларды түсінгенін көрсету.
Қолдану - жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада қолдану.
Талдау– біртұтас объектіні жақсылап зерттеу немесе оның мән-мағынасын түсініп-білу мақсатында ұсақ құрамдас бөліктерге бөлу үдерісі.
Жинақтау - алғашында бөлінген ұғымдарды біртұтас біріктіру үдерісі.
Бағалау– объектінің құндылықтарын, кемшіліктерін, маңыздылығын және басқа да сипаттамаларын белгілі бір критерийлер мен стандарттар негізінде анықтау үдерісі.
Қорытынды - бір нәрсенің негізінде жасалған қорытынды немесе бір нәрседен туындаған салдар болып табылатын пайымдау, ой-пікір, тұжырым.
Миға шабуыл әдісі - белгілі бір проблеманы қарқынды талқылау – шығармашылық белсенділікті ынталандыру жолы. Бұл тәсіл кезінде қатысушылардың ойлау үдерісі белгілі бір мәселені шешу жөнінде түрлі идеяларды талқылауға және ойлап табуға бағытталған.
Портфолио (итал. portfolio - «құжаттар сақтайтын папка», «маманның папкасы») белгілі бір кезеңде жұмыстың орындалғанын, әртүрлі бағыттағы қызметтер (оқу, шығармашылық, әдістемелік, зерттеушілік) бойынша нәтиже болғандығын растайтын және бір немесе бірнеше бағыттарда өрлеу және жетістікке қол жеткізілгендігін көрсететін дәлелдемелердің толық жинағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет