«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


SWOT-талдау дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет50/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   196
Байланысты:
edu kk

SWOT-талдау дегеніміз не?
SWOT-талдау – компанияға немесе жобаға әсер ететін жағдайлар мен фактор-
ларды бағалау үшін қолданылатын стратегиялық талдау мен жоспарлау құралы.
Оны мына кестеден байқауға болады:
Жағымды (оң) факторлар
Жағымсыз (теріс) факторлар
Ішкі орта
Күшті жақтары – Strengths 
(саладағы басқа компаниялардан 
артықшылығы болатын компания 
немесе жоба сипаттамасы 
(өнімге сұранысы, технологиялық 
артықшылығы, мамандардың болуы, 
негізгі айналым құралдарының 
жеткіліктілігі, т.б)
Әлсіз жақтары – Weaknesses 
(компанияны несмесе жобаның 
әлсіз сипаттамалары)
Сыртқы орта
Мүмкіндіктері – Opportunities
(сыртқы әлеуетті мүмкіндіктер, яғни 
мақсатқа жетуге жәрдем беретін 
факторлар: сыртқы нарыққа шығу, 
мемлекеттік қолдау, т.б.)
Қауіп-қатерлері – Threats (сыртқы 
әлеуетті қатерлер, яғни мақсатқа 
жетуге кедергі болатын факторлар: 
аурулар, сұраныстың төмендеуі, т.б.)
SWOT термині ағылшын сөздерінен құралған: strengths, weaknesses, 
opportunities, threats. Strengths – күшті жақтары; Weaknesses – әлсіз жақтары; 
Opportunities – мүмкіндіктері; Threats – қауіп-қатерлері.
3.3. ТАУАРДЫҢ/КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ ӨТКІЗУ НАРЫҒЫН 
ТАЛДАУ 
Өндіруші немесе сатушы өз тауарының нарықта сатылу мүмкіндігі мен өсу әле-
уетін анықтау үшін нарықты зерттеу қажеттілігі туындайды. 
Қызметтер мен тауарларды өткізетін жеке нарықты шартты түрде бірнеше 
бөлікке бөлуге болды.
• Ұсынылатын тауар жайлы білмейтін тұтынушылар;
• Тауарлар мен қызметтерді бәсекелестерден сатып алатындар;
• Өнім туралы білетін, бірақ қандай да бір себептермен сатып алмайтын тұты-
нушылар;
• Компания клиенттері – яғни білетін және сатып алатын адамдар. 
Белгілі бір өнім нарығына ұқсас сегментті алғаннан кейін талдауды төменгі 
деңгейге дейін өткізу қажет. Іс жүзінде, тұтынушылар топтарымен жұмыс істеу ком-
панияның өсуі үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Жаңа клиенттерді тарту арқылы 
ғана емес, сонымен қатар өз қателіктерін жоюға бағытталған әрекеттер арқылы да 
табысыңызды өсіре аласыз.
Мысалы, сіз бәсекелестерден сатып алуды қалайтындармен жұмыс істей баста-
саңыз, клиенттердің басқалардың өнімдерін не үшін таңдағанын түсінуіңіз қажет. 
Кейбір критерийлерді зерттеп, оларды реттеу қиын. Мысалы, компанияның гео-


57
графиялық орналасуы немесе тауардың ерекшелігі, дегенмен қызмет деңгейі мен 
жылдамдығы, қосымша қызмет көрсету, баға-сапа қатынасы сияқты нәрселерді са-
лыстырмалы түрде жылдам өзгертіп, жақсартуыңызға болады.
Қазіргі таңда шағын бизнес жұмыс істейтін нарықта монополист бар екенін 
елестету қиын. Шағын бизнес күрделі бәсекелестік жағдайында, жылдам шешім 
қабылдау, технологиялар, клиенттік бағдарламалар, қызмет көрсетуді жетілдіру 
жағдайында дамиды. Сондықтан нарыққа шығып, ақша жоғалтпай, айырмашылықты 
көрмей тұрып, тұтынушы сізді байқамай да қалуы мүмкін. Сондықтан өзіңіздің 
бірегейлігіңіз туралы айтып беріңіз. Неліктен сіздің өнімдеріңіз өзге ұқсас өнім-
дерден артық екенін айтып беріңіз. Сіздің өнімдеріңіз немесе қызметтеріңіз өзіне 
тән бірегей ерекшеліктерге ие болатын болса, сонда сізге нарыққа кіруге және 
клиенттерді тартуға әлдеқайда жеңіл болады. Мұндай айырмашылықтар ерекше 
сауда ұсынысы деп аталады (бұдан әрі – ЕСҰ).
Басқа өнімге қарағанда, сіздің өніміңіз неге және немен ерекшеленетінін көр-
сету қажет. Жеке ерекше сипаттарды көрсете отырып, нарыққа шығуға және кли-
енттерді тартуға оңай болады. 
ЕСҰ-ны қалай жасауға болады? 
Бастапқыда 2 сұраққа жауап беріңіз: 
1. Сіздің тауарыңыз/көрсететін қызметіңіз бәсекелестерге қарағанда несімен 
жақсы? 
2. Сіздің тауарыңыз/көрсететін қызметіңіз бәсекелестерге қарағанда неге 
жақсы? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет