Бастауыш білім беру деңгейінің «Тіл және әдебиет» білім саласы бойынша



бет1/6
Дата20.06.2018
өлшемі150,26 Kb.
#44081
  1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ



Бастауыш білім беру деңгейінің

«Тіл және әдебиет» білім саласы бойынша

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(1– 4-сыныптар)

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.

Ы.Алтынсарин атындағы

ұлттық білім академиясы, 2013



«Сауат ашу» пәнінен оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Сауат ашу кезеңі қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады. Бұл мақсат оқу және жазу сабақтарында ауызша және жазбаша сөйлеудің үйлесімділік ұстанымын ескере отырып оның үш кезеңінің (әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі және әліппеден кейінгі кезең) негізгі міндеттерін шешу арқылы қамтамасыз етіледі:

1) әлiппеге дейiнгi кезеңнің міндеттері: балалардың өмірінде жаңа пайда болған жетекші әрекет – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен қызығушылығын тәрбиелеу, баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, оқуға және жазуға дайындау, сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуге үйрету;

2) әлiппе кезеңiнің міндеттері: қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру, әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру, оқу дағдысы мен жазу икемділігін қалыптастыру;

3) әлiппеден кейiнгi кезеңнің міндеттері: оқу (сөзді, сөйлемді саналы, дұрыс және түсініп оқу) және жазу (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) дағдыларын жетілдіру, тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру, оқылған мәтіннің мазмұнын талдауға үйрету, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту, қарым-қатынастың әртүрлі жағдайында ана тілін еркін қолдануға бейімдеу.

3. Пәннің мазмұнын меңгеру үшін аптасына 7 сағаттан оқытылады (барлығы – 231 сағат). Жалпы сағат саны кезеңдер бойынша төмендегіше бөлінеді:

1) әлiппеге дейiнгi кезең – 14 сағат;

2) әлiппе кезеңi – 98 сағат;

3) әлiппеден кейiнгi кезең – 119 сағат.

4. Пәнді оқыту процесінде пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.

5. Дүниетану пәнімен:

«адам-табиғат-қоғам» туралы білімдерін толықтыру, табиғат құбылыстарымен адам, өсімдік, жан-жануарлар арасындағы байланыс пен тәуелділікті таныстыра отырып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, топсеруен кезінде, табиғатты бақылау барысында алған білімдерін, бақылағандарын оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша жазбаша тілін дамыту мақсатында пайдалану.

6. Музыка пәнімен:

ертегі, аңыздар оқу барысында мазмұнына сәйкес музыкалық шығармалар тыңдау, оқушылардың тілін жаттықтыру, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету мақсатында балалар әндерін тыңдату.

7. Бейнелеу өнері пәнімен:

суретшілердің шығармалары арқылы оқушылардың сөз байлығын арттыру, тілін дамыту; сурет бойынша өз сезімдерін, ой-пікірлерін білдіруге үйрету, сурет салғызу, бояту жұмыстары арқылы қаламды, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету, қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту, эстетикалық тәрбие беру.

8. Еңбекке баулу пәнімен:

еңбек тақырыбына байланысты шығармалар оқу барысында оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, ермексазбен, табиғи материалдармен жұмыс жасау, қағаздарды қию, өрнектер салу, безендіру арқылы қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту.

9. Дене шынықтыру пәнімен:

партада дұрыс отыру; дене бітімінің дұрыс дамуы үшін жаттығулар жасау; сабақта сергіту сәтін өткізу.



2. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
10. Әліппеге дейінгі кезең (14 сағат):

1) тыңдалым. Ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушіні немесе мұғалімді (сыныптастарын) аяғына дейін зейін қоя тыңдай білу. Тыңдау барысында ақпаратты дұрыс қабылдау, ондағы негізгі ойды түсіну, тиісті жауап қайтару;

2) айтылым. Сөйлеу кезінде сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айту. Сөздердің мағынасын дұрыс түсініп, орынды қолдану. Тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса білу, сөйлеу барысында айтатын ойының мақсатына және жағдаятқа сәйкес тілдік құралдарды тиімді таңдау. Оқу міндетіне (суреттеу, баяндау, пікір айту) сәйкес монологтік (ауызша) сөйлеуді меңгеру, өзі жайында, ата-анасы, үй-іші жайлы, достары туралы айтып бере алу. Мектептегі және күнделікті өмірдегі түрлі жағдаяттарға сәйкес сөйлеу мәдениеті (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау) нормалары мен орфоэпиялық нормалар туралы түсінік қалыптастыру. Дауыс ырғағын дұрыс қою. Айтылуы ұқсас л – р, н – ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру: жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар жаттату;

3) оқылым. Сөйлеу, сөйлем және сөз туралы алғашқы түсінік. Сөйлеудің сөйлемнен, сөйлемнің сөздерден, сөздің буындардан құралатындығын графикалық сызба арқылы ұғындыру және оқу. Графикалық сызбалар бойынша сөйлемдер құрастырып оқу;

4) буын туралы алғашқы түсінік. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын, буын түрлерін анықтау. Графикалық сызбалар түріндегі буындардан сөз құрап оқу;

5) дыбыс және әріп туралы алғашқы түсінік. Буынның дыбыстардан (әріптерден) құралатындығын графикалық сызба арқылы ұғындыру. Дыбыстардың дауысты және дауыссыз түрлері болатыны: ауыз қуысында ауаның кедергісіз, еркін шығуынан жасалатын дыбыстардың дауысты деп аталатыны немесе ауыз қуысындағы сөйлеу мүшелерінің қатысуымен жасалатын дыбыстардың дауыссыз деп аталатыны туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Дыбыс шығаруда сөйлеу мүшелерінің әрекеті, дыбыстардың артикуляциясы: дыбыстау кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату. Дауысты дыбыстардың буын жасай алатыны (буындағы дауысты дыбысты ұзағырақ созу);

6) буындық-дыбыстық талдау: сөзді буынға бөлу, буын санын, буын түрін анықтау, сөздегі дыбыс санын, оның дауысты немесе дауыссыз екенін ажырату;

7) жазылым. Жазу жұмысына дайындық жаттығулары: үзік сызықтарды бастыра отырып, түрлі фигуралар, өрнектер, сызықтар (көлбеу, тік, ирек, үзік) салу, үзбей, байланыстыра жазуға дағдыландыру. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау (дұрыс отыру, парта бетіне дәптерді дұрыс орналастыру, қаламды дұрыс ұстау ережесі);

8) тіл дамыту. Сөздік қорын байыту: суреттер бойынша кім? не? кімдер? нелер? қандай? қай? не істеді? қайтті? не үшін қажет? т.б. сұрақтарға жауап ала отырып, заттардың атын атату, сапалық қасиеттерін, қимыл, іс-әрекетін, атқаратын қызметін, т.с.с. айтқызу, сөздердің мағынасын түсіндіру, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрату, ертегі айтқызу. Тақпақтар, санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар жаттату.

11. Әліппе кезеңі (98 сағат):

1) дыбыс. Әріп. Әріп – дыбыстың таңбасы. Бас әріп және кіші әріп. Қазақ әліпбиіндегі барлық дыбыстармен және әріптермен жеке-жеке таныстыру;

2) дыбыстар мен олардың таңбалары төмендегідей ретпен өтіледі: 1-кезеңде а, н, л, р, о, т, й, у, ш, с, м, ы дыбыстары меңгертіледі. 2-кезеңде і, ң, и, д, е, қ, ұ, ғ, к, ү, г, ө, з, ә, ж, п, б дыбыстары оқытылады. 3-кезеңде сөйлеу тілінде сирек кездесетін х, һ, щ, я, ю дыбыстары мен орыс тілінен енген сөздерде қолданылатын в, э, ё, ц, ф, ч дыбыстары меңгертіледі. 4-кезеңде орыс тіліндегі ь, ъ белгілерімен таныстырылады;

3) дыбыс пен әріпті ажырату. Дыбыстың айтылу ерекшелігі. Дыбыс шығаруда сөйлеу мүшелерінің әрекеті, дыбыстардың артикуляциясы. Дыбыстардың дауысты және дауыссыз түрлері; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату: ауыз қуысында ауаның кедергісіз, еркін шығуынан жасалатын дыбыстардың дауысты деп аталатыны немесе ауыз қуысындағы сөйлеу мүшелерінің қатысуымен жасалатын дыбыстардың дауыссыз деп аталатыны. Дауысты дыбыстардың буын жасай алатыны. Дыбыстық талдау;

4) буын. Дыбыстардан буын құрау. Буындардан сөз құрау. Сөзді буынға бөлу. Дыбыстық-буындық талдау;

5) сөз және сөйлем. Сөздің мағынасы (сөздік жұмысы). Сөздерден сөйлем құрауү Сөйлемдерден шағын әңгіме (мәтін) құрау. Сөйлемнің соңына тыныс белгісі (нүкте, леп, сұрақ белгілері) қойылатыны, тыныс белгісі сөйлемнің аяқталғанын білдіретіні, келесі сөйлемнің бас әріптен басталатыны туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;

6) оқу. Дауыстап оқу. Буындап оқудан біртіндеп сөзді тұтас, үзбей оқуға көшу. Сөздердің мағынасын есте ұстай отырып сөйлемді дұрыс әрі түсініп оқуға дағдыландыру. Сөйлемдегі айтылатын ойдың сипатына қарай дауыс ырғағын келтіріп, мәнерлеп оқуға машықтандыру. Біртіндеп оқу жылдамдығын арттыру; іштей оқу (алғашқы «көзбен оқу» дағдысын қалыптастыру). Оқу барысында көру арқылы сөзді тұтас қабылдау қабілетін қалыптастырып, «көру аймағын» ұлғайту. Көлемі жағынан шағын мәтінді түсініп оқу және түсінгенін айта білу, сұраққа толық, нақты жауап беру, мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді таба білуге дағдыландыру;

7) жазу. Жазуға қойылатын талаптарды меңгерту (денені дұрыс ұстау, дұрыс отыру, дәптерді дұрыс орналастыру, қаламды дұрыс ұстау), саусақтардың ұсақ бұлшық еттерін дамыту; дәптер бетін дұрыс бағдарлау: жұмыс жолы мен үлкен жолды ажырату, жоларалық кеңістікті сақтау, жолдың жоғарғы және төменгі сызығынан шықпау, әріптерді жұмыс жолына дұрыс орналастыру, т.с.с.; әріп элементтерін жазу. Жекелеген элементтерді жазып үйренуден біртіндеп оларды қосып, әріп жазуға, әріпті келесі әріппен дұрыс байланыстырып, сөзді толық жазып болғанша қолды дәптерден алмай, үздіксіз әрі ырғақты жазуға, сөздердің ара жігін сақтауға машықтандыру; әріптердің баспа және жазба түрлерін ажырату. Бас әріптер мен кіші әріптердің жазылуын меңгерту; жазба және баспа түрде берілген сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді дұрыс көшіріп жазуға дағдыландыру. Жазу барысында сөздерді іштей буынға бөліп айтып отырып жазуға машықтандыру; есту арқылы, яғни мұғалімнің айтуымен сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу. Жазғанын өздігінен тексеру; көркем жазуға, таза, қатесіз, сауатты жазуға дағдыландыру; графикалық құралдардың қызметін түсіндіру: сөздердің арасына орын қалдыру, жаңа жолдан немесе азат жолдан (абзацтан) бастау, сөздің жолға сыймаған бөлігін сызықша белгісін қоя отырып буын жігімен жаңа жолға көшіру, тасымалдау;

8) тіл дамыту. Қазақ тіліндегі дыбыстарды, оның ішінде айтылуы ұқсас л – р, н – ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру. Орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Оқушылардың сөздік қорын байыту және белсендіру. Сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түсін, дәмін, көлемін, санын, қимыл-әрекетін, орнын, т.с.с.) беретінін жаттығулар арқылы ұғындыра отырып, оларды орынды қолдануға үйрету. Сөйлеу барысында ойын нақты, толық жеткізу үшін қажетті сөзді дұрыс табуға, қажет жағдайда мәндес сөздермен, қарама-қарсы мағыналық сөздермен (термин енгізілмейді) жылдам ауыстыра алуға, жазылуы бірдей сөздердің (омонимдер мен көп мағыналы сөздер) мағынасын ажырата алуға, сөздердің мағыналық реңктерін түйсіне білуге, оларды басқа сөздермен грамматикалық дұрыс байланыстыруға дағдыландыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Суреттер бойынша сөйлемдер құрастырып, одан әңгіме құрауға үйрету. Оқылған әңгіме, ертегі, т.б. мәтіндер бойынша түсінгенін айтып беруге дағдыландыру. Дайын үлгі бойынша өз көргенін, бақылағанын әңгімелеуге жаттықтыру. Сұраққа толық жауап беруге үйрету. Жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақтар жаттату және оларды өздігінен құрастыруға үйрету.

12. Әліппеден кейінгі кезең (119 сағат):

1) оқу. Шағын көлемді тілі жеңіл көркем шығармалар (Отан, туған тіл, туған жер, табиғат, отбасы, еңбек, т.с.с. туралы) оқу. Әдеби жанрлар (өлеңдер, әңгімелер, ертегілер; жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, мақал-мәтелдер, т.б.) туралы алғашқы түсініктер қалыптастыру. Оқылған шығармалардағы көркем, бейнелі сөздерді сезіну, түйсіну, мәтінді талдау (мұғалімнің көмегімен) біліктілігін қалыптастыру. Шығарманы толық қабылдау қабілетін дамыту; оқу түрлерін (дауыстап оқу, іштей оқу, түсініп оқу, дұрыс оқу, шапшаң оқу, теріп оқу, мәнерлеп оқу) меңгерту. Оқудың сөздерді тұтас оқу, бірнеше буынды сөздерді буындап оқу тәсілдерін меңгерту. Өлеңдерді, ертегілерді, әңгімелерді дауыс ырғағын, нақышын келтіре отырып оқуға машықтандыру; оқуға ұсынылатын шығармалар (үлгі тақырыптар): Сәлем – сөздің анасы», «Талаптыға нұр жауар», «Адам болам десеңіз», «Шаңырақ шуағы», «Менің Отаным – Қазақ елі», «Табиғат тынысы», «Халық ауыз әдебиеті үлгілері»;

2) жазу: сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу дағдысын жетілдіру. Шағын мәтіндерді дұрыс көшіріп жазуға дағдыландыру; есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтап сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу: дыбыстық және буындық құрылымы әркелкі сөздердегі дыбыстардың ретін анықтай алу; жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты әрі жылдам жазуға дағдыландыру; сөзді тасымалдап жаза білу;

3) тіл дамыту. Сөздік қорын жаңа сөздермен байыту және ол сөздердің мағынасын түсініп, грамматикалық тұлғада жүйелі байланыстырып, орынды қолдана білу, оларды қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра білу дағдыларын жетілдіру; сөйлеудің диалогтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту, әңгімелесу барысында өз ой-пікірін білдіру, пікірін дәлелдеу, сұрақ қою біліктілігін қалыптастыру; сөйлеудің монологтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту. Белгілі бір тақырыпқа байланысты (айтатын ойының мақсатына қарай) өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша жеткізе білуге дағдыландыру; суреттер топтамасы, тірек сөздер, дайын үлгі, жоспар (сұраққа жауап жазу) бойынша, сондай-ақ оқығаны, көргені, бақылағаны жайында шағын әңгімелер (мәтін) құрастыру (бастапқы кезде ауызша, бірте-бірте жазбаша); мәтінге ат қою; мазмұндаманың (дайын үлгі бойынша, сұрақтарға жауап жазу, еркін мазмұндау түріндегі) негізгі түрлерімен таныстыру; сөйлеу мәдениетін (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту) меңгерту.

4) грамматика, емле: дыбыс және әріп. Қазақ тіліндегі дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін жалпылау және пысықтау; қазақ әліпбиін: әріптердің дұрыс аталуын және олардың әліпбидегі орнын (ретін) білу. Дыбыс және әріпті ажырату; дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер туралы білімдерін пысықтау және дамыту. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажырату, айтылу ерекшеліктерін білу; жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен әріптер, олардың емлесі: айтылу ерекшеліктерін салыстыру, оларды бір-бірінен ажырату, сөз ішіндегі орнын тапқызу; жуан дауыстылардың жуан буындарда, жіңішке дауыстылардың жіңішке буындарда жазылатыны туралы ұғым беру; а, ә дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі», «О, ө дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі. Ұ, ү дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі, ұ, ү әріптері бар сөздерді дұрыс жазу. Ы, і дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі. Қосарлы дауыстылар. И, ё, я, ю дыбыстары мен әріптері және емлелері. Қосарлы дауыстылар кездесетін сөздерді дұрыс жазуға жаттықтыру; буын. Буын (анықтамасын білу). Тасымал (анықтамасын білу). Сөзді тасымалдауға болмайтын жағдайлар; сөз. Сөз туралы білімдерін пысықтау, дамыту. Сөз және оның қызметі. Кім? не? сұрағына жауап беретін сөздер. Кім? кімдер? сұрақтары адамдарға қатысты сөздерге қойылатыны. Не? нелер? сұрақтары заттарға, жан-жануарларға қатысты сөздерге қойылатыны. Кім? сұрағы бір адамға, кімдер? сұрағы бірнеше адамға қатысты қойылатыны. Не? сұрағы бір затқа, нелер? сұрағы көп затқа қойылатыны; бас әріппен жазылатын сөздер. Адамның аты-жөні, фамилиясының бас әріппен жазылатыны. Қаланың, ауылдың, өзеннің, көлдің, көшенің аттарының бас әріппен жазылатыны. Жан-жануарларға арнайы қойылған аттардың бас әріппен жазылатыны. Аспан денелерінің аттары бас әріппен жазылатыны; не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер. Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер; сөз және сөйлем. Сөйлем және сөйлемнің сөздерден құралатыны туралы білімдерін пысықтау және дамыту. Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатыны. Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілер.

13. Жыл бойы өткенді қайталау;



3. 1-сынып оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
14. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

    1. тілдің (ауызша және жазбаша сөйлеудің) негізгі бірліктері туралы қарапайым ұғымдарды:сөйлеу – сөйлем – сөз – буын – дыбыс – әріп туралы қарапайым түсінікті;

    2. қазақ әліпбиіндегі барлық дыбыстар мен әріптерді;

    3. орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстар мен әріптерді;

    4. дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жуан дауысты, жіңішке дауысты) ажыратуды;

    5. әріптерді (баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті) ажыратуды;

    6. бас әріптен басталып жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, қала, ауыл, өзен, көл, көше аттары, жан-жануарларға қойылатын атаулар);

    7. тасымалды және тасымалдауға болмайтын жағдайларды;

    8. сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатынын;

    9. сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерді;

    10. сөйлемнің, сөздің, буынның, дауысты, дауыссыз дыбыстардың графикалық белгіленуін;

    11. а және ә; о және ө; ұ және ү; ы және і дыбыстары мен әріптерін және олардың емлесін; қосарлы дауыстылар (и, ё, я, ю) кездесетін сөздерді дұрыс жазуды.

15. Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша. Тыңдалым және айтылым бойынша меңгеруі қажет:

1) сөзді, сөйлемді, мәтінді тыңдауды, сөздің мағынасын, сөйлем мен мәтіннің мазмұнын түсінуді;

2) сөздегі дыбысты дұрыс есту және айыруды, оларды дұрыс айтуды;

3) сұрақты мән беріп тыңдауды және оған тиісті жауап қайтаруды;

4) естігенін немесе оқығанын түсінуді және оны мазмұндап айтып беруді;

5) қарым-қатынас барысында сыпайы сөздерді (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау) қолдануды;

6) мәтін бойынша сұрақ қоюды және оларға жауап беруді;

7) оқылған мәтіннің мазмұнына талдау жүргізуді;

8) әңгімелесуге, диалогқа, дидактикалық ойындарға қатысуды;

9) 1-2 шумақ (4 жолдан тұратын) шағын өлеңді, жұмбақ, жаңылтпаштарды жатқа айтуды.

16. Оқылым бойынша:


    1. дауыстап және іштей оқуды;

    2. сөздерді буындап оқуды, жыл соңына қарай тұтас сөзбен оқуды;

    3. сөздерді бір қалыпты және ұғына отырып оқуды (оқу жылының аяғында минутына 30-40 сөзден тұратын мәтінді);

    4. дауыс кідірісін және оқу қарқынын сақтай отырып сөйлемдерді (мәтінді) мәнерлеп оқуды;

    5. оқу жылдамдығын жыл соңына қарай арттырып, шапшаң әрі түсініп оқуды;

    6. мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап табуды, мазмұнын айтуды; тақырып бойынша үш-бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастыруды.

17. Жазылым бойынша:

    1. дыбыстарды әріптермен дұрыс белгілеуді;

    2. қазақ әліпбиінің барлық әріптерін (баспа және жазба, бас әріптер мен кіші әріптер) каллиграфия нормасына сәйкес жазуды, оларды сөз ішінде бір-бірімен дұрыс байланыстыруды;

    3. жазба және баспа түрде берілген мәтіндерді (10-15 белгіден артық емес), сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), сөздерді (10 сөзден артық емес) дұрыс көшіріп жазуды;

    4. жазу барысында сөйлемді дұрыс рәсімдеуді (сөйлемді бас әріппен жазу және соңында сәйкес тыныс белгісін қою);

    5. сөздерді (5-6 сөз) және сөйлемдерді (2-3 сөйлем) есту арқылы жазуды;

    6. жазу барысында кейбір орфография ережесін (сөздерді тасымалдау; адамның аты, фамилиясы, қала, ауыл, өзен, көл, көше аттары, жан-жануарларға қойылатын атауларды бас әріппен жазу) қолдануды.

18. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

    1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін (елтаңба, ту, гимн) құрметтеуінен, мемлекеттік гимнді білуінен;

    2. туған елге деген сүйіспеншілігінен, туған жердің табиғатын сақтауға және қорғауға деген ұмтылысынан;

3) өз ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуінен;

4) салауатты өмір салтын ұстануынан;

5) еңбек пен оқуға деген жауапкершілікті сезінуінен;

6) қарым-қатынас барысында мәдениет сақтауынан, үлкен адамдарды құрметтеп, кішілерге қамқорлық танытуынан көрінеді.

19. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:



    1. дыбыстық және әріптік жүйе, дыбыстың түрлері (дауысты: жуан, жіңішке, дауыссыз); буын, сөз, сөйлем; буыннан сөз, сөзден сөйлем құралатыны; сөздердің белгілі бір мағынасы болатыны және белгілі бір қызмет атқаратыны (заттың атын, іс-қимылын, түр-түсін, дәмін, иісін т.б. сипаттарын білдіретіні); сөйлемнің бас әріптен басталып, соңына тыныс белгісі (? ! .) қойылатыны; бас әріппен жазылатын сөздер; тасымал, т.б. жайында алған қарапайым түсініктерін оқу және жазу барысында дұрыс пайдалана білуінен және сөздерге қарапайым дыбыстық-буындық талдау жасауынан, сөйлеуден тілдік бірліктерді айырып көрсете алуынан;

    2. оқу үдерісінде алған түрлі ақпараттарды дұрыс қабылдауынан және дұрыс түсінуінен, қажетті жағдайда есіне түсіріп, орынды қолдана алуынан;

    3. шапшаң, түсініп және мәнерлеп оқу дағдысынан;

    4. дұрыс, қатесіз, сауатты әрі көркем жаза алуынан;

    5. ауызша және жазбаша тілінің дамуынан, ойын нақты, түсінікті, толық, жүйелі жеткізе алуынан;

    6. шығармашылық жұмыстарға қызығушылығынан, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау әдістерін қолдана білуінен көрініс табуы қажет.



«Қазақ тілі» пәнінен оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Қазақ тілі – бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.



3. Пәнді оқытудың жалпы мақсаты – тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.

4. Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдылары жетілдіру, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.



5. Басты міндеттері:

  1. оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру;

  2. тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиелеу;

  3. ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;

  4. тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) қалыптастыру және дамыту;

  5. алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;

  6. оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сыни ойлауын жетілдіру.

6. Бастауыш білім беру деңгейіндегі оқу бағдарламасында материалдар жүйелi-концентрлi ұстанымға негiзделiп, мазмұны жағынан кешендi сипатта берілді. Бағдарламаның мұндай құрылымы тiлдi оқытудың коммуникативтiк-iс-әрекеттiк бағытын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi тiлдiк бiлiмнiң сапалы меңгертілуін қамтамасыз етеді. Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзiндiк мақсатқа бағыттылығы арқылы оқушының тiлдiк iс-әрекеттерге ауызекi және жазба тiлдегi толыққанды дайындығын қамтамасыз етедi.

7. «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы мынадай бөлімдерден тұрады: «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз құрамы», «Сөз таптары».

8. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 2 – 4-сыныптар барлығы 136 сағатты құрайды (аптасына 4 сағаттан).

9. 2–4-сыныптарда тіл пәнін оқыту барысында пәнаралық байланысты үнемі ескеріп отыру керек. Тіл пәнінің басқа пәндермен байланысы туралы айтқанда, ең алдымен, тақырыптық байланыстарға назар аударған жөн. Тақырыптық байланыстың негізіне пәндер, құбылыстар, фактілер туралы оқытудың міндеттері мен шарттарына байланысты әр түрлі жағдайларда қарастырылатын жалпы түсініктер мен ұғымдар алынады (барлық сыныпта да осылай және олар сыныбы өскен сайын біртіндеп күрделене түседі). Қазақ тілін оқыту барысында мынадай пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.

10. Әдебиеттік оқу пәнімен:



  1. қазақ тілі сабақтарында мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты пайдалануда;

  2. ақын-жазушылардың суреттерін көрсету, олар туралы мәлімет беруде;

  3. мәтінді мәнерлеп оқу мен өлең жаттауда;

  4. мәтіннің авторы туралы мәліметтер, не оның мазмұнын жалғастыруды қажет ететін тапсырмалар арқылы оқу сабағындағы материалдарды еске түсіруде;

  5. тәрбиелік мәні бар көркем шығармаларды және балалардың жас ерекшілігіне лайық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалануда.

11. Математика пәнімен:

  1. сан атауларын пайдалануда;

  2. жұмбақ-есептерді пайдалануда;

  3. сөз мағыналарын түсіндіру барысында өлшемдік ұғымдарды пайдалануда;

  4. заттарды пішініне, өлшеміне қарай салыстыруда.

12. Дүниетану пәнімен:

  1. қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың атауларын таныстыру, олар жайында түсінік беруде;

  2. жаттығу мәтіндері арқылы жануарлар, өсімдіктер, т.б. туралы түсініктерін кеңейтуде;

  3. табиғат құбылыстарымен таныстыруда;

  4. туған ел, Отан туралы жаттығуларды орындатуда;

  5. қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы ұғымдардың кеңейтілуінде, оларға сипаттама беруде;

  6. еліміздің мәдениеті, ғылымы, шаруашылығы туралы түсінік беруде.

13. Музыка пәнімен:

  1. өлең мәтіндері арқылы музыкалық қабілетін дамытуда;

  2. музыка шығармаларының негізінде байланыстыра сөйлеуді дамытуда.

14. Бейнелеу өнері пәнімен:

  1. жаттығу мазмұнына байланысты сурет салғызуда;

  2. әр алуан суреттерді, портреттерді пайдалануда;

  3. белгілі суретшілер туралы мағлұмат беруде;

  4. сюжетті сурет бойынша мазмұндама (ауызша, жазбаша түрде) жазуда.

15. Дене шынықтыру пәнімен:

  1. сергіту жаттығуларын орындаған кезде дене қимылдарын пайдалануда;

  2. оқыту барысында «дене шынықтыру минутын», қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыруда.

16. Еңбекке баулу пәнімен:

  1. қол саусақтарының нәзік бұлшық еттерін дамытуда;

  2. шығармашылық ой-қиялы арқылы сөйлей білу қабілетін дамытуда.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет