Бастауыш мектеп жұмысына талдау. Ііі-тоқсан қорытындысы



бет1/4
Дата13.02.2020
өлшемі279,5 Kb.
#57983
  1   2   3   4
Байланысты:
Бастауыш буын жумыс талдау

Бастауыш мектеп жұмысына талдау. ІІІ-тоқсан қорытындысы.

Еліміздің егемендігі дербес даму жолын жетілдіру үшін қоғам өмірінің барлық салаларына өзгерістер тудырып жатқаны баршамызға мәлім. Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің басты мәселесі-мектеп оқушысының білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, білім мен тәрбиеге ерекше көңіл аудара отырып, сапалы білім беру жолында ұстаздар қауымының көп жұмыстар жүргізуі қажет. Жеке адамдарды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар түрлерін мектебімізде қолданып, баланы оқыта отырып,оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыруға әдістемелік бірлестік мұғалімдері жаңа технология түрлерімен жұмыс жүргізіп келеді.



Бастауыш мектеп қолданылатын жаңа технологиялар:

Бастауыш мектеп балаларды түсініп оқуға,жазуға, санауға, дұрыс және толыққанды сөйлеуге үйретуі тиіс; оқушыларға еңбекке деген жауапкершілігін,әсемдік талғамын қалыптастыру; әр оқу пәнінің әдіс-тәсілдерімен Отанға сүйіспеншілік,еліне, тіліне, рухани байлықтарына және табиғатқа, басқа елдерге сыйлы қарым-қатынастарын тәрбиелеу; кіші мектеп оқушыларының жан-жақты және үйлесімді дамуына мүмкіндік жасау; шығармашылық қабілеттерін ашу керек.Оқу жылына мақсат-міндеттер



қойылып,оның ІІІ-тоқсанда орындалуы бірлестік отырысында талқыланды. Бастауыш мектепте 4 даярлық сынып тәрбиешісі,3 ұзартылған күн тобы тәрбиешісі,14-бастауыш сынып мұғалімдері еңбек етеді.Оның ішінде:Жоғарғы санатты-4,бірінші санатты-5, екінші санатты-9, санаты жоқ жас мамандар-2

Жоғары білімді-19,орта арнаулы білімді- 2, 2010-2011 оқу жылында аттестациядан өтуші ұстаздар: 1 жоғарғы санатқа көтеруге,2 жоғарғы санатты бекітуші,1 бірінші санатты бекітуші,1 екінші санатқа көтеруге,1 екінші санатққа көтеруге ұсыныс беруші мұғалімдер іс-тәжірибесін көрсетуде.Аттестацияланушы мұғалімдердің жұмыстары талданылып,қорытынды мінездемелері комиссия мүшелерінің шешімі арқылы бекітілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет