Оқыту принциптері: Принцип латынша негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Оқыту процесінің бірнеше принциптері бар.
Оқыту принциптері.
Оқыту принциптері
Мазмұны
Оқыту процесінің мақсаттылық принципі
Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейді. Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты.
Оқытудың ғылымилық принципі
Бұл принцип табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Ғылымилық принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда есепке алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады.
Оқытудың түсініктілік принципі
Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Түсініктілік принципінен оқыту ережелері туады.
Жеңілден қиынға көшу
Оқушыларды таным іс-әрекетіне бірте-бірте үйрету, яғни нақты фактілерден жалпы қорытындыға көшу ұғымынан туады.
Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу
Оқу материалын түсіндіргенде бірден күрделіні емес, алдымен қарапайымнан бастайды.
Белгіліден белгісізге көшу
Оқушылардың өткен сабақтан алған біліміне сәйкес жаңа сабақ материалдарын меңгеруін, яғни өткен сабақ үстінде алған білімді терең түсініп, игеруі.
Оқытудың жүйелілік және бірізділік принципі
Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді.
Оқытудың саналылық пен белсенділік принципі
Саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен байланысын тереңдету, оқылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне түсіну болады.
Оқытудың көрнекілік принципі
Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский.
Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әртүрлі көрнекіліктерді қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді.
Көрнекіліктің түрлері:
Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады.
Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, сәулет, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері, т.б.
Символдық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады.
Экранды-динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары.
Дыбысты техникалық көрнекілікке грампластинкалар, магнитофондар, радиоқабылдағыштар, бейнемагнитофондар, диктофондар, т.б.
Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.
Педагогикалық процестің бағыттылық принципі
Бұл принцип жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесімдігіне ықпал жасайды.
Теория мен тәжірибенің байланысы
Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді. Оқытудың өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысының жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және политехникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Оқушылар білімінің беріктігі принципі
Бұл принциптің заңдылығы: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрлерін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді.
Оқытудың ынталандыру принципі
Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.
Оқытудың ізгілендіру принципі
Бұл оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.
Оқытудың мәселелік принципі
Бұл принцип оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Білімді дайын бермей, оқушылардан ізденуді, дербестікті, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған.
Оқытудың интеграциялау принципі
Интеграция – әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады.
Педагогикалық принциптің басты идеясы – оқыту және тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңылқтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Принциптер кезекпен емес, жүйелі, кешенді қолданылады. Олар бір-бірімен байланысты. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді мөлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады. Оқытудың ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз – құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, заталмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізілді. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.