Шарттары: • Жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу; • Түсінікті етіп оқыту; • Танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану; • Талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану; • Аналогияны жиі қолдану; • Бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау; • Оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру; • Оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену; • Оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларға сабақ бергізу; • Белгілі мәліметтерді белгісіздермен байланыстыру; • Ең бастысы сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар; • Оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту; • Әрбәр ережеге мысал келтіру; • Негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу; • Тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз; • Сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту; • Оқушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету; • Әрбәр ережеге мысал келтіру; • Негізгіні түсіндіруге назар аудару; • Оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу; • «Неге?» деген сұрақты көп қойып, оқушыны дамыту; • Дәйекті дәлелдермен оқыту; • Дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану; • Оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту; • Білім – сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту; • Баланы өз бетімен ойлауға, жұмыс жасауға үйрету; • Түрлі мәселелерді талдау арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру; • Оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау; • Зат құбылыстарды оқушыларға бақылатып, оларды өз бетімен меңгерулеріне жағдай жасау; • Дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану. Мәселелік принцип – оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселе сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермеу, оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип – оқушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. Өйткені ойлаудың басталауы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік сұрау немесе міндеттен басталады. Интеграциялау принципі – жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция – әртүрлі пәндерге негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді.Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің/тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен эстетика, т.б./ өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рөлі ерекше. Біз принциптерді және оларды жүзеге асыру щарттарын қарастырдық. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану керек. Оларды кезекпен қолдануға болмайды. Мұғалімнің алдымен бір принцип талабын, содан кейін басқасын орындаймын деуіне болмайды. Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың ішінде негізгілері және көмекшілері жоқ. Барлық принциптері бір-бірімен байланысты. Оларға бағыт беріп отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету жолдарын көрсетеді. Білімді ізгілендіру баланың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен күшпен салыстырады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді мөлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады деп сеніммен айтуға болады. Оқыту әдістері: