Бастауыш мектеп мұғалімінің қабілеттері



бет1/12
Дата21.12.2022
өлшемі66,96 Kb.
#163795
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
педсессия


1. Бастауыш мектеп мұғалімінің қабілеттері
Бастауыш сынып мұғалімі – пән оқытушы ғана емес, ол – бағбан, баланың болашағына бағыт беруші, бала бойындағы қабілетінің көзін ашушы, қорғанышы деуге болады. Педагогикалық қабілеттер – балалармен іс алып бару
икемділігі, оларға болған мейірім – шапағат танытып, ләззат
алудан көрінетін тұлғалық қасиет – сапалар. Бастауыш сынып мұғалімінің негізгі қабілеттеріне кіреді
Ұйымдастырушылық. Мұғалiмнің оқушыларды оқу-
танымдық iстерге тарту, мiндеттердi бөлiстiру, қызмет жоспар-
лау, орындалғандарға қорытынды жасау және т.б.
Дидактикалық. Оқу материалдарын, көрнекi құралдарды,
техникалық оқу жабдықтарын, жинақтау және дайындау; оқу
мазмұнын түсiнiктi, анық, мәнерлi, нанымды және бiрiздi баян-
дау; оқушыларды өздерiнің танымдық қызығулары мен руха-
ни қажеттерiн дамытуға ынталандыру, олардың оқу-танымдық
белсендiлiгiн және т.б. арттырып бару.
Түсiнiм. Мұғалiмнің өз шәкiрттерiнің жан дүниесiне енiп,
олардың көңіл-күй кейiпiн шынайы бағалауға, психикалық
ерекшелiктерiн тани бiлуде көрiнетiн ептiлiктерi.
Қарым-қатынастық. Өз әрiптестерiмен, оқушылармен,
олардың ата-аналарымен, оқу орны жетекшiлерiмен жақын iс-
керлiк байланыстар түзуде көрiнетiн мұғалiм ептiлiктерi.
Ықпал таныту. Көңіл-күй, ерiк әсерлерi арқылы
оқушыны билеу.
Зерттеушiлiк. Педагогикалық жағдайлар мен үдерiс-
тердi шынайы танып, бағалау ептiлiктерiмен iске асырылатын
қабiлет.
Ғылыми-танымдық. Педагогика, психология, әдісте-
ме салаларындағы ғылыми жаңалықтарды игере бiлу
қабiлеттерiмен белгiленедi.


2. Бастауыш мектеп педагогикасының пәні мен міндеттері.
Бастауыш мектеп педагогикасы – арнайы ұйымдастырылған бастапқы тәрбие жөнiндегi ғылым. Оның басты мiндетi адам тәрбиесi жөнiндегi ғылыми бiлiмдердi жинақтау және жүйелестiру. Бастауыш мектеп педагогикасы адамдарды тәрбиелеу, бiлiм беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның негiзiнде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы
педагогикалық жолдары мен тәсiлдерiн көрсетiп отырады.


3. Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым.
Педагогика – тәрбиелеудің қатынастары туралы ғылым, тәрбиелеудің өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған. Педагогика атауының түптөркіні гректің «пайдос» – бала және
«аго» – жетектеу деген сөздерінен шыққан. «Пайдагогос» сөзін
тура мағынасында аударса, «бала жетектеуші» деген ұғымды
білдіреді. Жалпы педагогика пәні адамтану ғылымының ішіндегі жетекшілердің бірі
ретінде өте ертеден қалыптасқан ғылымдардың бірі. Сондықтан
педагогика ілімінің адам баласының саналы өмірімен ұштасып, оның көне
заманнан бастап орын алып келе жатқанын көруге болады. Адамзат
қоғамының дамуына байланысты ғылым-білімнің дамуы, тәрбиенің
шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің
қажеттілігі туды. Жинақталған ғылыми мәліметтерді пайдаланып,
педагогика адам тәрбиесі туралы мәселелерді жан-жақты түсіндірудің
ғылыми және әдіснамалық бағытын қарастырады. Қазіргі кезде
тәрбиенің ықпал ету факторлары кеңейе түсуде. Олай болса педагогика
тек балалар тәрбиесі туралы ғылым ғана емес, қоғамның дамуымен қатар
білім беру, өркениетті мәдениет, тұлғаның кәсіби даму мәселелерін
зерттейтін кешенді ғылым. Педагогиканың ғылыми танымдық мәселесі – тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін
анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет