Оқыту үдерісінің маңызы. Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнының ғылыми негіздері



бет1/3
Дата05.12.2022
өлшемі211,32 Kb.
#161328
  1   2   3
Байланысты:
Педагогика- 12 слайд

Оқыту үдерісінің маңызы. Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнының ғылыми негіздері

  • Жоспары:
  • 1. Дидактика – оқыту және білім беру теориясы. Педагогика тарихындағы дидактикалық теориялардың дамуы. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы.
  • 2. Дидактиканың негізгі категориялары.
  • 3. Оқыту принциптері.
  • 4.Білім мазмұны” ұғымы. Білім мазмұны – тұтас педагогикалық үдерістің компоненті. Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: базистік оқу жоспары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер

Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұны, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады.
Бұл ұғымды ғылыми – айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1751 – 1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің “Ұлы дидактика” еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойынша “дидактика нені оқыту және қалай оқыту керек” деген сұрақтарға жауап береді.
Ян Амос Коменский (1592-1670) – дидактиканың негізін салушы ұлы педагог. Оның негізгі еңбектері: «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі», «Әлемді суреттеп бейнелеу», «Жақсы ұйымдастырылған мектептің зандары», «Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» т.б.
«Табиғатка сәйкестілік принципі» окудағы схоластика мен догматизмге карсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау мен догматизмге қарама-карсы болып, окытудың бала табиғатына, оның мүмкіншіліктеріне сәйкес болуын талап етгі.
Джон Локк (1632-1704) - буржуазиялык отбасында өскен, 1658 жы­лы Оксфорд университетін бітірісімен, соңда сабақ берді, кейіннен жаратылыстанумен әуестенді, медицинаны зерттеді. Ол: «Оқытудың максаты — білім, ал білімнің мақсаты — тәжірибе немесе басқаларға білім беру», — деді. Локк практикалық мәні жок, құрғак, схоластикалык білімдерге қарсы болды.
Бірақ Локк бұл мәселеде үнемі буржуазия табы перзетінінің ғана мүдделерін көздеумен болды, сондықтан оған берілетін оның практикалык істерін дұрыс құра білуге, айналасын коршаған өмірден дұрыс бағыт алуға, өздігінше ойлауға, кез келген қиын жағдайлардан дұрыс жол табу мақсатында болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет