Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері


ІІ. 3. Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижелері



бет4/4
Дата19.07.2017
өлшемі1,03 Mb.
#21308
1   2   3   4

ІІ. 3. Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижелері

Бастауыш сынып - оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуының басты баспалдағы. Сондықтан ойлау қабілетін дамытуда матемтика сабағының алатын орны ерекше, өйткені математика сабағының әрбір жұмысы ой-белсенділігін қажет етеді. Оқушылардың оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту - мұғалімнің міндеті. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, психологиясын, даярлығын ескере отырып, олардың логикалық ойлауын дамыту мақсатында математика сабағында көптеген жұмыстар жүргізуге болады. Қай пәннен болсын тиянақты білім ?беру үшін баланы қызықтыра отырып сөйлеу керек.



Өзім сабақ берген сыныптарда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілетін, мінез-құлқын, ой-өрісін ескере отырып, сабақ барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлемін. Олар әртурлі логикалық ойын есептер сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, қызықты есептер, эзіл есептер. Әрі ондай жұмыстарда үнемі көрнекіліктерді қолданып отырамын. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудағы негізгі пән - математика.

Математика оқулығындагы логикалық есептерді шығаруда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянады, әрі тапсырманы орындағанда ойланып, сараптап жауап беруге ұмтылады. Мысалы, 3 сыныпта мынадай логикалық есептерді қарастырдық:

5 оқушы 5 жұмыртқаны 5 минутта пісірді. 10 оқушы 10 жұмыртқаны неше минутта пісіреді? - оқушы ойланбастан 10 минутта деп жауап берді. Мақұл деймін. Ал сонда 100 оқушы 100 жұмыртқаны қанша уақытта пісіреді? сасып қалған олар ойланыңқырап тұрып, кешірерсіз, адам және жұмыртқа саны қанша болса да бәрібір пісу уақыты 5 минут екен - дейді.

4-сынып.

Ересек адам жүрегі 1 минутта 5 литр қан айналдырса, 1 сағатта неше литр қан айналдырады? 1 тәулікте ше? Оқушылар алдымен сағатты және тәулікті минутқа айналдыру керек екенін тапты. Демек, 1 мин - 5л



1 тәул - ? Ітәул = 24сағ = 1440сағ.

Жауабы: 1 сағ-ЗООл

1 тәул - 7200л қан.

Оқушыларды математика пәнінің қыр-сырына тәрбиелеу математика ғылымын меңгерудің сабақтастығына, үлгірім нәтижесіне оң ыкпал жасайлы Математиканы оқыту сабақтастығының қалыптасуына ыкпал ететін тәсілдердің бірі - есептің мазмұнды болуы, Есеп мазмұны оқушының математика пәніне қызығушылығын тудырады, оның есептеу барысындағы қиындықты жеңу, ойлау эстетикалық ләззатқа бөлену, қол жеткен табысына қуану сезіміне ықпал етеді. Сондықтан есептің мазмұны қызғылықты болуына айрықша көңіл бөлу керек. Есептердің мазмұны, текстік құрылым, күрделі ойға жетелеумен қатар баланы көңіл-күй, әсерге де бөлеуге тиісті.



Әдетте терең талғамы жоқ материал оқушыны шатастырып, сол материалды игеруін қиындатады. Есеп құрылымын ұтқырлықпен ұсына білу оқушының ойлау қабілетін ұштаудың негізі болып саналады. Ал ұсынылатын есепті іріктеу әдістемелік тұтас жүйеге біріктіру оқушыны жаңа ғылыми танымдарга жетелейді, өз бетінше ізденісін ұштайды. Оқушыларға сандар мен есептеулерге байланысты жаттығулардан басқа логикалық жаттығуларды да шығарған жөн екендігіне назар аударып, өз сабақтарымда пайдаландым.

3-сынып.


Сабақтың тақырыбы: Математикалық логика.

Сабақтың мақсаты: /. Білімділік. Оқушыларды сабақта өтілетін логикалық тапсырмалармен таныстыру.

2. Дамытушылыц. Анализ жасап, логикалық ойын қорытындылай білуге дағдыландыру. Практикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік. Ынтымақшылықка, еңбексүйгіштікке, қызғаныштан аулақ болуга тәрбиелеу.

Сабақтың түрі. Дамытушылық.

Сабақтың көрнекілігі: тактаға ілінетін суреттер. кеспелер
Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Оқушыларға тапсырма бойынша қажетті заттар таратылып беріледі.


әр оқушы көрнекі құралдарын алып, шығармашылық, логикалық, ізденіс жұмыстарын орындауға тиіс. Сабақ барысында оқушылардың сөйлеу шеберлігі мен математикалық түсініктері кеңейеді. Бұл жерде уақытты орынды пайдаланып, есте сақтау қабілетін дамыту көзделеді.

Математикалық ойын. «Ойнайық та ойлайық».

Ойынның мақсаты: Фигураның нүктесі, нүктенін ориы, олардың орналасу қалпы арқылы кеңістік ұғымын қалыптастырып, түс туралы түсініктерін кеңейту. Құрал-жабдықтары: үш геометриялық фигураны біріктіріп салған карточкалар, тұсті қарындаштар.





Ойынның мазмұны 1-тапсырма. Қызыл қарындашпен үш фигураның ішіне орналасатындай етіп бір нүкте белгілеңдер.
2-тапсырма. Көк қарындашпен үшбұрыштан тыс шаршының ішіне орналасатындай нүкте белгілеңдер. 3-тапсырма. Сарғыш қарындашпен шаршыдан тыс үшбұрыш пен сопақшаның ішіне орналасатын нүкте белгілеңдер. 4-тапсырма. Жай қарындашпен сопақшадан тыс, тек шаршының ішіне орналасатындай етіп бір нүкте белгілеңдер. 5-тапсырмз. ЖаЛ қарындашпен шаршы мен үшбұрыштан тыс сопакшаның ішіне орналасатындай нүкте белгілеңдер. Тапсырманың дұрыстығын сынып бойынша тексеріп, қорытындылау.

Логикалық тапсырма. а) Қосындысы 13 шығатындай етіп, бір таңбалы тақ сандарды орналастыр.

ә) Қосындысы Пшығатындай етіп, бір таңбалы жұп сандарды орналастыр.



Қызықты есеп. Аулада жүрген қозылар мен үйректердің аяқтарының саны - алтау сегіз. Аулада неше үйрек, неше козы бар болуы мүмкін.

Жауабы: 1 қозы 1 үйрек

1 қозы 2 үйрек.

Анализдеп-синтездеу жұмысына арналған жаттыгу.

1 2 3 4 5

6 7 8 9 10

11 12 13 14 15

16 17 18 19 20

21 22 23 24 25

55 60 65 70 75

І-бағанда орналасқан сандардың 55-ке тең. Келесі бағандардағы сандардың қосындысын қалай тез тауып алуга болады?

Шешуі: Бағандардағы сандардың әрқайсысы алдыңғы бағандардағы | сандардың қосындысынан 5-ке артық. Ендеше 55+5=60; 60+5=65; 65+5=70; 70+5=75.

Ойлау қабілетін дамытуга арналған сөзж.үмбак.

Тігінен: 1. Ұзындықтың өлшем бірлігі. 2. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі. 3. Уақыттың өлшем бірлігі. Көлденеңінен: 1. Массаның өлшем бірлігі.

Қорытынды.

Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында: "Бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мэдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала" - деп қарау міндеті анықталған. Бұл міндет негізгі мақсаты - балаларғга білім беру екендігі қазіргі кезде бір жақты, жеткіліксіз деп есептеледі. Себебі, мектеп оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді. Демек оқушыларға есеп шығарудың әр алуан әдістерін үйрету мұғалімнің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі.

Есеп шығару барысында, анализ синтезді қолдану мүның одан әрі байытып, өрістету немесе оған қатысты дербес жағдайларды тұжырымдау, сөйтіп оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруда, математикалық ойлау дербсстігіп дамытуда айрықша роль атқарады.

Есеп шығару математиканы оқытудың ажырамас бөлігі, себебі есеп шығару математикалық ұғымдарды қалыптастырып байытуға оқушылардың математикалық ойлауын өрістетуге, білімдерін практикада қолдануга, табандылық, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашады."

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.


  1. Қ.Қожабаев Математиканы оқыту әдістері. Алматы «Санат», 1998.

  2. Ә.Бидосов. Математиканы оқыту методикасы. Алматы «Мектеп», 1989.

  3. А.М.Бантова және т.б. Бастауыш кластарда математиканы оқыту
    методикасы. Алматы «Мектеп», 1978.

  4. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы, 1964.

  5. Қ.Жарықбаев. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  6. М.Байшуақова. Оқушыны ойлауға үйрету. /Бастауыш мектеп 2004 №8.

  7. А.Н.Абдрахманова және т.б. Қазак халық педагогикасындағы
    идеяларды сыныптан тыс жұмыстарда қолдану. Шымкент-2002.

  8. Әбілқасымова, Көбесов, Кенеш. Математиканы оқытудың теориясы
    мен әдістемесі. Оқу құралы. Алматы «Білім», 1998.

  9. Н.В.Мельник. Развитие логического мышления при изучении
    математики./Начальная шқола. 1997, №5 186.

10. О.Мұсабеков. Логикалық ойлау тәсілдерін қалыптастыпу. /Бастауымі

мектеп№7-8. 1996.

11. М.С.Дауметова. Логикалық сұрақ-тапсырмалар. /Бастауыш мектеп. №6

200І, 206.

12. С.Демеусінова. Оқушылардың ойлау қабілетін логикалық есептер

арқылы дамыту. /ИФМ 2000, №3 236.

13. Ә.Кенеш. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру. /ИФМ 1999, №2 96.

14. Р.Кәріпбаева. Ойлау қабілетін дамыту. /Бастауыш мектеп 1986, №3

186.

15. Т.В.Никулина. Оқушылардың ойлау қабілетінің даму ерекшеліктері туралы. Бастауыш мектеп 1986, №5 36.

16. Р.Абдуллаева. Ойлай білуге уйрету. /Бастауыш мектеп 1990, №4 186.

17. К.Есжанова. Ақыл-ойды дамытуға арналған есептер. /Бастауыш мектеп

1984, №9 166.

18. А.Иманқұл. Ойлау туралы ойлау. Алматы 1998.

19. А.Женепова. Қызықты есептер. /Бастауыш мектеп 1998, №1 406.



20. К.С. Алиева, Л.Т.Искакова, М.Ө.Мұсабеков. «Математикадан
бақылау жұмыстары» Шымкент 2004.

21. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құ рманалина, Ж.Т.Қайыңбаев,
22.
К.Ө.Ергешова «Математика» Алматы Атамүра 2002.

23. Л.Г.Петерсон «Математика» 2 класс 1-бөлім.

24. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан — 2030. Барлық Қазақстанның өсіп
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-уақыттың артуы. Ел
президентінің Қазакстан халқына жолдауы. Егемен
Қазақстан 11 қазан, 1997 ж.

25. Қазақстан республикасының заңы—Алматы; литература 2000


-96 6.

26. Жарықбаев «Психология»

27. Ө.Мүсабеков «Оқушылардың зерттеушілік қызметі»


Шымкент 2003 ж.

28. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, Ж.Т.Қайыңбаев,
К.Ө.Ергешова. «Математика оқыту әдістемесі Алматі
Атамұра 1998 ж.

29. М.Тәттібекова "Математикалық логика" 2001 N 3 216.



30. А.Жакипова "Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту"
ИФМ 1997 N3 76.

31. А.Ергешова "Бастауыш сынып балаларымен жұмыс түрі"
Қазақстан мектебі 2002 N8 616.

32. А.В. Петровский "Педагогикалық және жас ерекшелігі
психологиясы" Алматы Мектеп 1987ж.

33. Ахметжанова "Оқушылардьщ қызығушылығын арттыру


жолдары" Бастауыш мектеп 2004 N1 30-6.

34. Қоқымбаева "Проблемалы оқыту оқушының ойлау қабілетін


дамытудың тиімді жолы" Бастауыш мектеп 2004 N6. 38-6.

35. Физулдаева "Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері"
Бастауыш мектеп 2004 N12. 23-6.

36. П.Сағымбекова "Бастауыш мектепте математикадан сабақ
беруге дайындау" Бастауыш мектеп 2004 N11 12-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет