Бастауыш мектепте бейнелеу өнерді оқытудың теориясы мен технологиясы



бет58/98
Дата12.09.2020
өлшемі1,01 Mb.
#63663
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98
Жұмыстың құралдары: бастауыш мектеп бейнелеу пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты; 3 сыныпқа арналған бейнелеу пәнінің оқу бағдарламасы, 3 сыныптың оқу - әдістемелік құралдары, оқу - әдістемелік құжаттарды жасаудың нормативі , күнтізбелік – тақырыптық жоспардың үлгісі, қосымша оқулық құралдары.
Жұмысты орындауға нұсқау.
3 сыныптың кескіндеме оқу материал бөлімінің мазмұнымен тапсырма №1 толық таныса қажетті дидактикалық талаптарға, күнтізбелік – тақырыптық жоспар үлгісіне негізделе, оның кестедегі құрылымын бағанаға бөліп анықтау. Оның құрылымын үлгі кестеден де байқауға болады. Орындаушы өзінің біліктілігіне сәйкес өзгерістер енгізуге мүмкіндігі бар. Күнтізбелік жоспарда негізінен бөлімнің тақырыптық мазмұны, жалпы сағат көлемі, әр сабақтың тақырыбына бөлінген нақты уақытты айқындау, тақырыптың қысқаша оқу материалының мазмұны, оның мақсаттары анықталуы тиіс. Оқыту мазмұнының екі бөлімін анық көрсету орынды.

Әрбір тақырыптық оқу мазмұнын анықтағаннан кейін, сабаққа қолданылатын оқытудың формаларын, нақты тақырыптық сабақтардың функцияларын, әдістерін, құралдарын, тапсырмалардың түрлері жазылады. Күнтізбелік жоспардың соңғы бағаналарында сабаққа пайдаланатын оқулық құралдарының аттары мен авторлары, үй тапсырмасы да көрсетіледі.

Күнтізбелік -тақырыптық жоспардың жобасы жасалынғаннан кейін, оқытушыдан тәжірибеге жіберілуі үшін студент рұқсат алады. Ол үшін орындаушы жасалынған жобаның құрылымы мен мазмұнына теориялық негіздеме жасап, жетекшімен дұрыстығын дәлелдейді. Бұл кезеңнен кейін студент жобаны мектеп тәжірибесінде сынап қолайлығы мен тиімділігі туралы қанағаттырарлық пікірді мұғалімнен алып, оқытушыға төмендегі құжаттарды есеп бере тапсыруы тиіс:


  • күнтізбелік – тақырыптық жоспарды құрудың теориялық негіздемесі;

  • күнтізбелік – тақырыптық жоспардың жобасы.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет