«Жаратылыстану» 2-сынып «Табиғат ресурстары» бөлімінде берілген мазмұнға талдау жасау.
Сабақ мақсаттары: Табиғат ресурстары туралы түсінік
Табиғат ресурстарын ажырату
Табиғат ресурстарынан алынантын заттарды орынды пайдалануға үйренуге
Табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсінеді.
Табиғи ресурстардың түрлері мен көздерін анықтайды.
Табиғи ресурстардың адам үшін маңыздылығын анықтайды
Табиғи ресурстар мен адам қолымен жасалған ресурстарды топтастырады
Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен сабақ барысында орындалатын өзіндік жұмыстардың түрлері, маңызы.
Бастауыш сыныптардағы жаратылыстану сабақтарындағы өзіндік жұмыстар
Өзіндік жұмыс оқушылардың білімін тексеру үшін өте ыңғайлы және оны жүргізу және тексеру кезінде аз уақыт алады.
Бастауыш сынып мұғалімі сыныпта ауызша сұрау және жазбаша жұмыстарды бағалау арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін күнделікті бақылайды. Оқушылардың білімін бақылау білім сапасын бағалаудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Сабақтардағы өзіндік жұмыстар оқушылардың оқу материалын меңгеруін бақылау әдістемесін дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Бағдарламаны жан-жақты зерттеуге, білімді кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға ықпал ететін маңызды білім беру және дамыту мәні бар. Әр түрлі білім салалары бойынша жақсы құрастырылған тәуелсіз жұмыстар мен тесттер кез-келген оқу процесінің қажетті бөлігіне айналады.
Олар оқушылардың білімі мен дағдыларын объективті бағалауға мүмкіндік береді және мұғалімге бағдарламалық талаптарға сәйкес оқу материалын меңгеру деңгейін анықтауға көмектеседі. Өзіндік жұмысты өткізу жолдары:
1.өзіндік жұмыс мақсатының болуы;
2.нақты тапсырманың болуы;
3.өзіндік жұмыстың нәтижесін тексеру формаларын айқындау;
4.тапсырма алған әр оқушы жұмысты міндетті түрде орындау міндеттілігі;
Өзіндік жұмыстың мақсаты оқушының міндетті түрде қабылдау керектігіне меңзейді және өз күшімен сол мақсатқа қол жеткізу біліктілігінің болуын көрсетеді.
Білім алушылармен жүргізілетін өз бетінше жұмыс теория практикамен, оқытуды өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Білім алушылармен жүргізілетін өзбетінше жұмыс білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға әсер етіп, жүйеге келтіріліп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттырады. Білім алушылармен жүргізілетін өзбетінше жұмыс балалардың логикалық ой-өрісін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Білім алушылармен жаратылыстану сабағында оқып үйренетін, машықтанатын және тексеретін өзбетінші жұмыс түрлерін ұйымдастыруда олардың шығармашылық іскерліктері дамиды. Білім алушыларды өздігінше жұмыс істеуге үйретудің нәтижелі болуы мұғалімнің сол пәнді қолданатын әдіс тәсіліне, ұсынылатын материалдардың мазмұнына, балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, материалды оның ой-өрісін дамытарлық дәрежеде іріктеп жасалады.
Тест тапсырмалары мен өзіндік жұмыстардың құндылығы әр оқушыға әр тақырып бойынша білім алуға қойылатын міндетті талаптардың көлемін нақты көрсетуге, өткен тақырыптардағы жетістіктерін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Бастауыш сыныптарда дүиетану пәнін оқу кезінде тесттер құрастырылады. Тест орындап болған кезде білім алушыларды тексеру үшін бір – бірімен алмасып тексеруді ұйымдастыруға болады. Қателерін таба отырып, қателікпен жұмыс жасау балаға алған білімді толықтыра түсуге мүмкіндік береді. жаратылыстану сабағында балаға күнделікті өмірде кездесетін тақырыпқа зерттеу жүргізу бере отырып, бала өз ізденісін, тақырыпты ашуға деген құштарлығын, зерттеу нысыандарын таба білуін жетілдіруге болады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
1. мұғалімнің нақты тапсырмалары, нұсқаулар беруінде;
2.жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын нақтылануы;
3.мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің көрінісі;
4.олардың жұмысты өз еркімен және өз қалауымен істеу, мотивтер т.б.
Өзіндік жұмыстар мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы – осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі көзі болып табылады.
Оқушылардың дербестілігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп екі топқа бөлуге болады.
Оқушының өзіндік әрекетін нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер жетіледі:
өз бетінше ойлану бөліктері мен ізденімпаздығы айқын көрінеді
оқуға деген қабілетінің жақсы жаққа артуы
берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және жаңа білімді игеру жолдарын түсіне білуі
Басқа оқушылардың түсіндіргендеріне сыни көз қараспен қарау, өз ойының дербестігі
Білім алушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеуі, бақылауы, жаттығуы, эксперимент жүргізуі іскерлік дағдыларын қалыптастырады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғары формасына шығармашылық жұмыстарды жатқызуға болады. Шығармашылық жұмыстар – оқушының өздігінен шығарма, баяндама, өлең шығару, көрнекі құралдар жасауы т.б.
Білім алушының өзіндік жұмыс оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.